Атажұрт

Шетілдік Елшілердің қатысуымен өткен конференция

18-желтоқсан күні Нұр-сұлтан қаласында Тіркелмеген нағыз “Атажұрт” еріктілері қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Әр қазақ менің жалғызым” атты пресс-конференция өткізілді.
Пресс-конференцияның ұйымдастырылу мақсаты қытайдан қашып Отаным деп келген қандастарымыз Әлімұлы Мұрагер мен Мұсақан Қастерге және Бақашар Мәлікке қол ұшын созу.

Пресс конференцияға Ұлыбритания және Нидерланд елшіліктері, Тіркелмеген нағыз “Атажұрт” қоғамдық бірлестігінің еріктілері қатысты. Пресс-конференция барысында Тәуелсіз бақылаушылар қозғалысының төрағасы Баекин Жанбура Ботаұлы, “Тәуелсіздік таңы – желтоқсан” қоғамдық бірлестігінің мүшесі Құрманғазы Айтмұрза, Тіркелмеген нағыз “Атажұрт” қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы бөлімінің төрағасы Айтқали Меллатхан, адвокат Ахатова Ләззат Кендебайқызы сөз сөйледі.

Қытай елінен зорлық көріп, өз қазағым Отаным деп келген қандастарымызға құшағымызды ашып, қол ұшын соза алмасақ елдігімізге сын емес пе!?
Сондықтан ҚХР-мен келісе отырып, қандастарымызға “босқын” мәртебесін беріп, туған жерімізде алып қалуымыз ұлт ретінде бізге парыз. Адвокат Ләззат ханым Егер қандастарымызды ҚХР қайтарған жағдайда, ҚХР конституциялық заңы 321 тармағы бойынша мемлекеттік құпияны ашқан адам өлім жазасына кесілетіндігі анық жазылған. Ал қандастарымыз шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қазақстанға келіп ҚХР-дағы лагерьлер және ондағы қазақ этностарының саяси құрбанға айналып жатқандығын жария еткендігі үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін,- екендігін басып айтты.

Конференцияға Сыртқы істер министрлігінен, Ішкі істер министрлігінен, Құқық қорғау органдарының өкілі ретінде қызметкерлер шақырылған болатын. Алайда СІМ Тіркелмеген нағыз “Атажұрт” қоғамдық бірлестігінің хатын жауапсыз қалдырды және пресс конференцияға ешқандай өкілі қатысқан жоқ.
ІІМ Тіркелмеген нағыз “Атажұрт” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырылған іс шараға шақыру мақсатында жіберілген хатына төмендегідей жауап жіберілген. -“Тіркелмеген нағыз “Атажұрт” қоғамдық бірлестігінен келген қандастарымызға “Босқын” мәртебесін беру туралы өтінішін қарастыратындығын, сонымен қатар, қазіргі уақытта көрсетілген шетелдік адамдар ҚР ҚК 392-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деген күдік бойынша Шығыс Қазақстан облысының ҚАЖД мекемесінде ұсталуда. Істі ҚР ҰҚК-нің шекара қызметі тергеуде. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі өкілінің баспасөз мәслихатына қатысуы мүмкін емес.
ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы М. Қабденов.” Дегенмен, жіберілген хатта М. Қабденовтың жазғандығын растайтын жеке қолы қойылмаған және ІІМ мекемесін растайтын мөрі қойылмаған. Тіркелмеген нағыз “Атажұрт” қоғамдық бірлестігі қолсыз, мөрсіз жіберілген жауап хатқа қанағаттанбады.

“Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ, сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ”,- демекші, барша қазақ болып жұмыла көтерсек, бұл мәселені де оңынан шешерміз деген үмітпен, әрекетке берекет деп, белсене ат салысудамыз.

Тәжібаева Ұлпан

Пресс-конференцияның толық мазмұны

1 280 комментариев

1 280 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары