Атажұрт

Нағыз Атажұрт еріктілер басшысы Бекзат Мақсұтқанды тұтқындап кеткен.

Атажұрт басшысы Ербол Нағыз Атажұрт басшысы Бекзат пен осы ұйымның мүшелері менің қоғамдық ұйымымның Ютубтағы сайтын, видео түсіру құралдарын өзінше билік етіп иемденіп кетті, сондықтан оларға қылмыстық іс қозғау керек деп арыз жазған екен. Осы арыз бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалыпты!
Масқара ұят жағдай, баяғы кейбір қазағымның әрекеті, жерлестер болмашыға бірін-бірі құрту. Қайтеміз, қорғануға құқы бар куә ретінде 4 сағат отырып жауап бердік. Бекзат үйіне келді, мен апарып тастадым. Ертең басқа НағызАтажұрт мүшесін шақырады, оны да барып қорғаймын. Рахмет Ербол ініме, короновирустан тығылып үйде жатқан ағасын далаға шығарды, құдай сақтасын деп енді отырамыз тергеуде… Көп уайымдамаңдар, аққа құдай жақ, бұл қиындықтан да шығармыз.

Менің түсінгенім негізгі нысана- Серікжан інім, соны қалай да түрмеге тығу керек сияқты. Шамасы Си папамыздан бір пәрмен келген ау, көрерміз…
Адвокат Шынқуат Байжановтың фейсбуктегі “Atajurt Kazakh Human Rights”-қа жазған коментариінен алынды.

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары