Әлем ақпараты

Қытай Тайвань маңында соғыс жаттығуларын күшейтті

Бейжің соңғы апталарда Тайвань айналасындағы әскери жаттығулардың саны мен қарқынын арттырды. Бұл туралы Әл-Жазира телеарнасы хабарлады. “Қытай тарапы Тайвань мен Вашингтонның саяси теңіз аймақтарында қауіпті жаттығулар жасауда” деп жазады Әл-Жазира. Телеарнаның ақпаратынша, Бейжің қайтадан сайланған Тайвань президенті Цай Инг-Венге деген өшпенділігін осылай білдіргенге ұқсайды. Қытай Тайваньның аумақтық суларында және әуе кеңістігінде ұзақ уақыт әскери жаттығулар өткізген. Осы айда Қытай Халық-Азаттық армиясының әуе күштері 36 сағаттық төзімділік жаттығуын жасаған. “Өткен аптада Қытайдың Liaoning авиа тасымалдаушы кемесі мен бес әскери кемесі Тайваньға Мияко бұғазы арқылы жүзіп жетті” деп хабарлайды Тайвань БАҚ-тары. Наурызда Қытай Халық-Азаттық армиясының әуе күштерінің алғашқы түнгі миссиясы туралы хабарламалар болған.

Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығындағы Қытай энергетикалық жобасының директоры Бонни Глазер жаттығулардың “өте агрессивті” болғанын айтты. – Бұл жаттығулар Тайваньды қорқыту хабарламаларын жіберуге және Тайваньның әуе қорғанысын сынауға арналған. Олар Тайпей әскери ұшақтарының қаншалықты жақсы ұшып жатқанын білу үшін істеліп отыр, –дейді ол. Наурыз айында Қытай әуе күштерінің түнгі миссиясы Тайвань бұғазы арқылы Қытай мен Тайвань территориясының ресми емес теңіз шекарасын кесіп өткен.

“Қамшы” сілтейді

 https://qamshy.kz/article/56625-qytay-tayvan-manhynda-soghys-dgattyghularyn-kusheytti
© qamshy.kz

45 комментариев

45 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары