Атажұрт

Ливан билігі жарылыстың себебін атады

Ливан билігі Бейрутта болған жарылыс аммоний нитратының үлкен партиясы портта ұзақ уақыт қауіпсіздік шараларынсыз сақталуы салдарынан болды деп жариялады.

Ливан астанасы Бейрутта екі жарылыс болып, 78 адам қаза тауып, 4 мыңнан астам адам жарақат алған, қаланың бірнеше ауданы толықтай қираған.

Жарылыс куәгерлері алдымен порттың үстінде түтін көрініп, содан кейін жойқын жарылыс болғанын, кейіннен қаланы саңырауқұлақ тәрізді бұлт басқанын әлеуметтік желіде жариялады. Жарылыс толқынынан порттан бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан ғимараттар да қираған.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, зардап шеккендердің саны әлі артуы мүмкін, өйткені адамдар ғимарат қирандыларының астында қалған. BBC тілшісі оқиға орнынан Бейрут портына қатты зақым келгенін және оның әлі жұмыс істемейтінін хабарлайды.

Жарылыстың күшті болғаны соншалық, ол Бейруттан 240 шақырым жерде орналасқан Жерорта теңізінің Кипр аралына да естілген. Ливан Қызыл Кресті Бейруттағы ауруханалардың адамға толып кеткенін хабарлады.

Ливан президенті Мишель Аун елде үш күнге созылатын аза тұту күнін жариялады. Сондай-ақ оқиғаның салдарын жою үшін 100 миллиард лира (66 миллионАҚШ доллары) бөлуге уәде берді. Бейрут апат аймағы деп жарияланды. Ал билік әскерді қауіпсіздік үшін пайдалану құқығын алды.

https://kaz.holanews.kz/
144 комментария

144 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары