Атажұрт

Трамп TikTok-қа қарсы жарлыққа қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп қытайлық TikTok және WeChat қосымшаларына қарсы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақ үй хабарлады.

Құжат 45 күннен кейін күшіне енетін болады. 

TikTok-ты басқаратын ByteDance компания иесімен келісім жасауға тыйым салатын жарлықта Трамп ұлттық қауіпсіздік мәселелерін алға тартқан. Жарлықта TikTok-тың Қытай коммунистік партиясының мүддесі үшін жалған ақпарат тарату кампанияларын жүргізетін құрал ретінде қолданылуы мүмкін екені жазылған.

Жарлықта аталмыш қосымша ұлттық қауіпсіздікке «қауіп төндіретін» құрал ретінде сипатталған. Cонымен қатар, онда АҚШ-тың TikTok иесіне нақты шара қолдану қажеттігі жазылған. 

Ал осыған ұқсас екінші жарлықта Трамп WeChat мессенжерін қолданушылар туралы көп мәліметті автоматты түрде жинақтады деп айыптайды. Бұл дерек қоры Қытай коммунистік партиясына америкалықтардың жеке деректері мен меншік құқығымен қорғалған мәліметтерге қол жеткізуіне мүмкіндік беруі ықтимал. 

3 тамыз күні Трамп 15 қыркүйекке дейін америкалық компания TikTok-ты сатып алуы тиіс, әйтпесе әлеуметтік желі АҚШ аумағында жұмыс істетуін тоқтатады деп мәлімдеді.

Қазір америкалық Microsoft компаниясы желіні сатып алу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.

Айта кетсек, осы оқиғаға байланысты TikTok-тің аналогы ретінде Instagram Reels қосымшасы жақында ғана іске қосылды. Жоба жақында бірқатар елдерде, соның ішінде АҚШ-та іске қосылды. Бұл қызмет Бразилия, Франция және Германия пайдаланушыларына қол жетімді. Қосымша сізге 15 секундтық бейнелер жасауға, ойнату жылдамдығын реттеуге, жеке музыканы қосуға немесе қол жетімді тректер каталогынан аудио таңдауға мүмкіндік береді.

holanews

1 Пікір

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары