Атажұрт

Трамп Ақ үйге оралды

Коронавирусқа шалдыққан АҚШ президенті Дональд Трамп Уолтер Рид Ұлттық әскери медициналық орталығынан Ақ үйге оралды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, президент резиденциясына оралғаннан кейін елде мұнай бағасы көтерілген.

Америкалық көшбасшы күзетпен бірге орталық ғимараттан бетперде киіп шықты. Журналистердің сұрақтарына жауап бермеген Ақ ш үй басшысы «Барлығына үлкен рақмет!», деп, тікұшақпен резиденциясына барды.

Көлік Ақ үйдің Оңтүстік көгалына қонды, онда президенттік баспасөз бассейнінің журналистері де жиналды. Журналистермен кездесуде ол өзін жақсы сезінетінін ешқандай қауіп жоқ екенін айтты.

Өткен аптада Дональд Трамп пен оның әйелі Меланиядан коронавирус анықталған. 2 қазан кешке Мемлекет басшысы Мэриленд штатындағы госпитальға жатқызылды. Президенттің екі бірдей іс-сапарда президентпен бірге жүрген Ақ үйде кеңесші Хоуп Хикстен де коронавирус анықталған еді.

Биыл қарашада Америкадағы ең ірі елдердің бірі саналатын елде президент сайлауы өтуі тиіс. Тіпті пандемия жағдайына байланысты Трамп сайлаудың уақытын шегеруді ұсынған. Дегенмен қоғамдық институттар мен саяси күштер бұған келіспей, заңда көрсетілген мерзімде өтеді деп жоспарланған.

“The Qazaq Times”

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары