Әлем ақпараты

ДДҰ коронавирустың екінші толқыны жоқ екенін мәлімдеді

Коронавирустың түрлері мен формалары COVID-19 пандемиясының екінші толқыны жоқ екенін көрсетеді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік директоры Дорит Ницан мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Коронавирустың түрлері мен формалары пандемияның екінші толқыны жоқ екенін көрсетеді», — дейді Ницан «Пандемия-2020: қиындықтар, шешімдер, салдарлар» конференциясында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда (коронавируспен ауыратындар саны) өсіп келе жатқан елдер мен науқастар саны азайып келе жатқан мемлекеттер де бар.

«Біз бұл жағдайды күнде бақылап отырамыз, төмендеу (ауру жұқтырғандар саны) бар елдердегі жағдайды зерттейміз», — дейді ол.

Ницан «көптеген адам коронавирустың өте қауіпті ауру екенін түсінбейтінін» атап өтті. Себебі әлемдегі халықтың тек 5 пайызы ауыр халде екен.

«Бірақ бұл 5 пайыз қатты зардап шегеді. Олардың өміріне қауіп төніп тұр. Бұл жағдай олар үшін өте қиын», — дейді директор.

Жазира Пірімқұл holanews.kz

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары