Атажұрт

Трамп үкіметі Тайуанға қару-жарақ жеткізуге дайындалуда

Трамп үкіметі Тайуанға (Тайвань) қару-жарақ жеткізудің жолдарын қарастырып жатыр. Бұл үшін Конгреске ұсыныс тастап, Тайуанмен үш түрлі қару саудасын бекітіп беруді сұраған. Reuters агенттігі бұл туралы Конгресс мүшелері арасынан бес бірдей дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ықпалды ақпарат агенттігінің бұл мәселеге назар аударуына негіз бар. АҚШ пен Қытай қайшылығы асқынған тұста, АҚШ пен Тайуан ортасындағы қару-жарақ айналымы маңызды ойын жүрістері деуге болады.

Заңдылық бойынша, АҚШ-тан шетелге саудаланатын қару-жарақты Мемлекеттік департамент жоспарлайды, ал оны бекіту Сенаттың Халықаралық қатынастар комитеті мен Өкілдер палатасының Халықаралық қатынастар комитетінің құзырында. АҚШ-тың экспортты мақұлдау процесіне қарудың жеті негізгі жүйесі кірді.

Ал, Ақ үйдің Конгрестен мақұлдық сұрап отырған үш түрдегі әскери жарақтары мыналарды қамтиды: Lockheed Martin шығарған «Жоғары қозғалтқышты зымыран ұшыру жүйесі» (HIMARS) деп аталатын көлікке қондырылған зымыран тасығыштардың конфлекті; Boeing компаниясы шығарған және әуе кемесінен нақты уақыт режимінде жердегі станцияға суреттер мен деректерді жібере алатын F-16 жойғыш ұшағының сыртқы индукциялық қабығы «SLAM-ER» деп аталатын «әуе-жер» зымыраны. Бұған қоса ірі ұшқышсыз ұшу құрылғыларынан тартып, кемеге қарсы жақын қашықтыққа арналған зымырандар мен миналарға дейін.

АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл туралы ақпараттық сұрауларға берген жауабында, департамент саясаты бойынша Конгресс мақұлдамайынша қандай да бір қару-жарақ саудасы туралы растамайтынын және түсіндірмейтінін айтқан. Бірақ осының өзінен де бұл ақпараттың жалған емес екені байқалады.

Қытайдың Құрама Штаттардағы елшілігі бұл мәселеге үнсіз қала алмағаны белгілі болды. Қытай елшілігі АҚШ үкіметінің электронды поштасына хат жолдап, Тайуанға қару сатуды тоқтатуға шақырған. Сондай-ақ, Қытай елшілігі АҚШ Тайуанмен әскери байланыстарын тоқтатпаса, Қытай өзінің егемендігін қорғау шараларын қабылдауға бел буатынын ескерткен.

Қытай мен АҚШ ортасында Тайуан мәселесі аса нәзік тақырып болып келген. Екі елдің қазіргі қайшылығы тұсында бұл нәзік тақырыптың өзі түртпекке түсті. Биыл шілдеде Қытай Тайуанға қару-жарақ сатумен айналысқан АҚШ-тың қорғаныс бойынша мердігері Локхид Мартинге қарсы санкциялар жариялады. АҚШ-тың Тайуанға қару-жарақ сатуын Бейжің үнемі айыптайды. Бұл «Бір Қытай» қағидасын және Қытай-АҚШ ортасындағы үш негізгі пренципке қайшы деп сынайды.

Соған қарамастан АҚШ пен Тайуан арасындағы әскери-қорғаныс саласындағы ынтымақтастық күн өткен сайын дамып келеді. Тайуан бір ай бұрын Құрама Штаттармен ең жаңа әскери ұшақтарды сатып алу-сату туралы келісімге келген.

“The Qazaq Times”

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары