Саясат

Қытай Тайуанға қарсы шабуыл дайындығын күшейтуде

ҚХР құрылғандығының 70 жылдығына орай Dongfeng-17 бірінші рет жұрт алдына шығарылған болатын. Фото: VOA

Қазір Қытайдың Халық-азаттық армиясы Тайуанға шабуыл жасаудың дайындық күйінде тұр. Бұл шабуыл бола ма, болмай ма өз алдына, дегенмен Қытай қарулы күштері Тайуанған жақын теңіз жағалауларында зымыран базасын жаңартылып, түрлендіріліп, ең озық баллистикалық зымырандар орналастыруда. 

Қытайдың коммунистік партиясы сатып алған South China Morning Post басылымы кеше Халық-азаттық армиясының Тайуанға жақын оңтүстік-шығыс жағалауларға дыбыстан жылдам ұшатын Dongfeng-17 зымырандары орнатыла бастағанын жазды. Бұған дейін ондаған жылдар бойы теңіз жағалауларына Dongfeng-11 және Dongfeng-15 зымырандары қойылып келген еді.

Dongfeng-17 зымыранының соққы дәлдігі жоғары және максималды қашықтығы 2500 шақырымға жетеді, Былтыр 1 қазанда Қытай Коммунистік партиясының 70 жылдығына арналған әскери парадта таныстырылған болатын.

Спутинктен түсірілген суреттер және кейібр басымдардың қолға келтірген мәліметтері бойынша, Қытайдың Тайуан аралына жақын Фужиян және Гуаңдұң (Гуандунь) провинцияларындағы зымыран күштері соңғы жылда кеңейтілген. Бұл провинциядағы әскери базаларда орналастырылған бұрынғы Dongfeng-11 және Dongfeng-15 зымырандары Тайуан бұғазынан өтіп, аралдың батыс жағалауындағы стратегиялы маңызды нүктелерге шабуыл жасауға қабілетті болмаған.

Бұл әрекеттер Қытай Халық-азаттық армиясының Тайуанға қарсы шабуыл дайындығын күшейтіп жатқанын білдіреді. Дегенмен, Тайуанның стратегиялық зерттеу орталықтары ақапарат құралдарына берген жауабында, аталған жаңа зымыранның Тайуанға шабуыл жасауға қабілетті болғанымен, тіптіде алыс қашықтыққа жететін зымырандарын аралға жасалатын шабуылға пайдалана қоюы екіталай деген болжамдарын айтқан.

Тайуандық мамандардың пікірінше Қытай Халық-азаттық армиясы бұл зымырандарды АҚШ базалары мен Тайуанға көмек беруі мүмкін АҚШ кемелеріне дайындап отыр деген де болжамдарын алға тартқан. Былтыр ғана әскери мақсаттарда пайдалануға берілген Dongfeng-17 зымыранының саны 100-ге жетпейді деп болжануда.

Қытайдың Тайуанға жақын жағалауларға зымырандарын орналастыру арқылы сес көрсету әрекеті бұған дейін де болған еді. Тайуанның Демократиялық прогрессивті партиясының жетекшісі билікке келгенде де Қытай тарабы Фужиян және Жыжиян провинцияларына баллистикалық зымырандар орналастырып, Тайбей билігіне қоқанлоқы жасаған болатын.

“The Qazaq Times”

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары