Саясат

Дипломатиялық дағдарыс алдындағы аңдысу: Бейжің Уашингтонға ескерту жасады

АҚШ Әділет департаментінің қытайлық әскери мамандарды қудалауына байланысты Бейжің билігі Уашингтонға ескерту жасаған. Қытай шенеуніктері түрлі арналар арқылы Қытайдағы америкалықтардың да тұтқындалуы мүмкін екенін ескерткен. Бұндай мәліметті екі күн бұрын АҚШ-тағы ықпалды басылым The Wall Street Journal басылымы жариялаған.

Биыл жазда АҚШ Әділет департаменті америкалық универститеттерге ғылыми зерттеуге барған қытайлық мамандар өздерінің Қытай Халық-азаттық армиясындағы шендерін жасырды деп айыптағап, қамауға ала бастаған болатын.

Аты-жөні аталмаған, бірақ сенімді мәліметке ие деген дерек көздің берген ақпаратына қарағанда, Қытай шенеуніктері жасаған ескерту мәтіні өте қарапайым. Онда “АҚШ соттары қытайлық әскери мамандарды қудалауын тоқтатпаса, Қытайдағы америкалықтар да Қытай “заңын бұзуы мүмкін” екені” айтылады. Аталған басылым хабарында, Қытай тарабынан жасалған ескертуде қытайлық зерттеушілердің тұтқындалуы және Хьюстондағы Қытай консулдығын жабылуы туралы айтылған.

Қытайда шетелдік азаматтардың ұсталуы тосын нәрсе саналмайды. Көп жағдайда Қытай тарабы шетелдік азаматтарды “дипломатиялық кек алу мақсатында” да ұстайды. Америкалық сарапшылар Қытайдың бұл әрекетін “кепілдік дипломатиясы” деп атады. Соңғы бірнеше жылда Қытайда бірқатар америкалық, канадалық және австралиялық азаматтар ұсталды немесе кетуіне рұқсат берілмеді.

Дегенмен, АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл мәселе бойынша Wall Street Journal басылымына жауап беруден бас тартқан. Соның өзінде департаменттің баспасөз өкілі Қытайдағы АҚШ азаматтарына “коммерциялық даулар, соттар шығарған бұйрықтар, қылмыстық және азаматтық мәселелер бойынша үкіметтің тергеуі әкелуі мүмкін екенін” ескерткен.

Бұдан бір ай бұрын АҚШ Мем.департаменті саяхаттау туралы құлақтандыруда азаматтарын ерекше себеп болмаса Қытайға барудан барынша бас тартуға шақырған. Мұндағы келтірілген себептердің бірі – Қытай үкіметі шетелдік азаматтарды қамауға алып, оларды шетелдік үкіметтермен келіссөздер жүргізіп, оларды келісімшарт ретінде қолданады деген себеп көрсеткен.

Бұл жағдай екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың нашарлап, тіпті дипломатиялық қарым-қатынастың үзілуіне жақын тұрғанын көрсетеді.

“The Qazaq Times”

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары