Әлем ақпараты

ТРАМП «БОРАТ» ТУРАЛЫ

АҚШ президенті Дональд Трамп «Борат» псевдо-деректі фильмінде қазақстандық репортер Борат Сагдиевтің рөлін сомдайтын британдық актер Саша Барон Коэнді сынға алды. Бұл туралы USA Today порталы жазды. 

АҚШ президентінің айтуынша, осыдан 15 жыл бұрын британдық комик оны келеке қылмақ болған, алайда Трамп ол шоудың жалған дүниеге құрылғанын сезіп, әрі қарай түсірілім барысына қатысудан бас тартқан жалғыз кейіпкер болған. Боратты жексұрынға теңеген ол: «Жасанды ойнайтын жігіт, түк те күлкілі емес», – деді.

Өз кезегінде британдық актер тегін жарнама жасап бергені үшін АҚШ президентіне алғысын білдірді: «Мен де сені күлкілі деп санамаймын. Десек те, әлем саған күле қарайды. Мен нәсілшілдікке негізделген әзілдерді ойнау үшін үнемі кейіпкер іздеп жүремін, ал саған 20 қаңтардан кейін жұмыс іздеуге тура келеді», – деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары