Джо Байден президенттік сайлауда жеңіске жетті. Оған 273 сайлаушылар дауыс берген, деп хабарлайды CNN.
Джозеф Байден сайлауда АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампты басып озды. Ол 273 дауыс жинады. Демек Байден 2021 жылы 20 қаңтарда АҚШ-тың 46-шы президенті атанады.
Екі үміткер Дональд Трамп пен Джо Байден арасындағы бәсеке өте тартысты өтті, соңғы минуттарға дейін кімнің жеңіске жететінін болжап айту мүмкін болмады.
Джо Байденнің саясатта үлкен тәжірибесі бар: ол өмірінің 35 жылын АҚШ Сенатында өткізген, содан соң сегіз жыл АҚШ вице-президенті лауазымын иеленді. Бұл қызметке ол Барак Обаманың командасымен келген болатын.
Оның бағдарламасы түгел дерлік Трамптың ұсынған бағдарламасына қарама-қайшы құрылған. Ол бес миллион жұмыс орнын құрып, ірі корпорацияларға салықты көбейтпек. Сондай-ақ, ол Дональд Трамп енгізген иммиграциялық тыйымды жоюды жоспарлайды.

