Әлем ақпараты

Ердоған Трампқа алғыс білдірді

Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампқа Анкара мен Уашингтон арасындағы қарым-қатынасты ортақ мүдделер мен құндылықтар негізінде дамытуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Ердоған жолдаған хатта: «Сайлаудың ресми нәтижелері қандай болмасын, мен сізге ортақ мүдделер мен құндылықтар негізінде Түркия мен АҚШ арасындағы қатынастарды дамытуға негіз болғаныңыз үшін алғыс айтамын. Екі ел арасындағы тарихи қалыптасқан достық, әріптестік және одақтастық қатынастарының берік іргетасы негізінде одан әрі даму біздің ортақ мүдделерімізге сай келеді. Біз алдағы уақытта осы бағытта әрекет етуді жалғастырамыз», – делінген.

Бұған дейін Түркия президенті демократ Джозеф Байденді президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтаған болатын.

АҚШ-та президент сайлауы 3 қарашада өтті. Трамптың қарсыласы демократ Джозеф Байден 270-тен астам дауыс жинап, сайлаудағы жеңісін жариялады. Республикалық партия өкілдері мен Трамп Байденнің жеңгенін мойындамады және сайлаушылардың дауыстарын санауға қатысты соттарға жүгінуге ниет білдірді. Себебі олар «сайлауда заң бұзушылықтар болды және Байденнің жеңіске жетуі үшін сыртқы факторлар ықпал етті», – деп санайды.

“The Qazaq Times”

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары