Атажұрт

Қырғызстан Қытайдан тағы қарыз өтеуді жеңілдетуді сұрады

Қырғызстан сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев 2 желтоқсанда Қытайдың Қырғызстандағы елшісі Ду Дэвэньмен кездесу кезінде қарыз өтеу мәселесін тағы қозғаған.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр “коронавирус індеті макроэкономикалық жағдайға кері әсер етіп жатқан тұста сыртқы қарыз жүгін жеңілдету маңыздылығын” алға тартқан.

Осыған дейін Бішкек Пекиннен бірнеше рет қарыз өтеуді жеңілдетуді сұрағанмен келіссөз нәтижесі аса өнімді болмаған. Қытай 2020 жылғы төлемді алдағы төрт жылға бөліп төлеуге келіскенмен сол үшін Бішкекті қарыз көлемінің екі пайызын қосып төлеуге міндеттеген.

Қытай “Эксимбанк” арқылы Қырғызстанға несие берген және соңғы дерек бойынша, оның көлемі 1 млрд 775 млн долларды (сыртқы қарыздың шамамен 46 пайызы) құрайды.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу кезінде кәсіпкерлерді қолдау мәселесі де қозғалған. Қырғызстан сыртқы істер министрі Қырғызстанда жұмыс істеп жүрген қытай компаниялары мен кәсіпорындар және қытай азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шара қолданатынын айтқан.

Өткен айда қырғыз парламентінің депутаты Марлен Маматалиев Қытайдан қарыз алуға заң бойынша тыйым салуды ұсынған. Оның сөзіне қарағанда, Қытайдан алған қарыз көлемінің ұлғайғаны сондай, ел тәуелсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

www.azattyq.org

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары