Атажұрт

Шахановтарды маймылша ойнатып, арандату кімге керек?

Шахановтарды маймылша ойнатып, арандату кімге керек? Немесе досқа күлкі, дұшпанға таба болған ағаларыма хат

Қазір қытайдың жұмсақ саясатынының құрбаны болып, қытайлардың қолшоқпарына айналған адамдар жоқ емес. Ал олардың қырық құбылған айласы ағаларымызды да қақпанға түсіргенін көрдік.

Ашық хатта қытайдағы қазақ мәселесін сылтау етіп, іштегі ұсақ дау-дамайды қыжыртудан басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын. Атағы таудай ағаларымыздың осындай арзандап кеткеніне намысым келеді. Салауаты мен салмағына қарай айту керек еді.Соңғы кезде Қытайға қарсы өте тегеуірінді шығып жатқан Серікжан Біләшұлы, Өмірхан Алтын, Қыдырәлі Ораз бастаған азаматтардың ісін тоқтаттыру және оларды халыққа жаман етіп көрсету үшін жандарын салатын жасырын топтар пайда болды. Солар Алатаудай ағамыз Шахановты да іліп кетпті.

Себебі. Атажұрт еріктілері Әлемдік қауымдастықты Қытайдың адамдық құқық мәселесіндегі зұлымдықтарына қатысты дәлелдермен қамтып отырған әрі әлем халқын қытайдың әділетсіздігіне, генодцитке қарсы бірге қарсы тұруға үгіттеп отырған бірден бір белсенді, қуатты топ. Топтың алмас қылышы – Серікжан. Әрине Серікжанның кемшілігі жоқ періште емес. Қателігі де бар. Бірақ ерлігі де, іскерлігі де жетерлік.

Бірінші, Қытайшылдар Шахановты қалай пайдаланды?

“Қытайдағы қазақ мәселесін көтерген М. Шахонв бастаған азаматтардың ашық хатында:«Осы орайда әлеуметтік желіде жасырын атпен отыратын адамдар, дәйектелмеген ақпараттарды, әртүрлі өсек-аяңдарды өрістетіп, қытайдағы қазақ мәселесін шиленістіріп отқа май құюда. Олардың арасында қытайдың құпия мекемелеріне қызмет ететіндердің де бар екендігі күмәнсіз.

Бұдан еліміздің тыныштығын бүлдіріп, Қытайдағы қандастарымыздың жолын жабуды көздеп отырған арнайы күштердің бар екендігін түсінуге болады. (Бұл мәселемен құзырлы орындар айналысып, елімізде әрекет етіп отырған жат ниетті топтарға тосқауыл қоюға тиіс.) Кейінгі жылдары көші-қонға байланысты бой көрсете бастаған осындай айқай-ұйқайлар екі ел арасындағы саяси аxуалға да өз салқынын тигізгендігі күмәнсіз. Соған орай Қытайдағы қандастарымыз тағдыры бірден күрделеніп кетті» – деген. Сонда БҰҰ Құқытық комитеті, Еуропа Парламенті бастаған халықаралық ұйымдар «дәйектелмен» ақпараттарға неге сене қалды? Ал әр апта сайын келіп жатқан шетелдік журналистер мен отбасы ойрандалып қан жылаған жетім-жесірлер туралы неге айтылмаған?

Ашық хатта “Атажұртты” жаман етіп қосып жіберді. Бұл жерде Шахановты пайдаланып кеткен зымияндықтың иісі мүңік ете түседі. Яғни, Шахановтар да” Қытайдағы қазақтар мәселесін көтеруге қарсы” деген мағына шығып тұр. Одан да маңыздысы «ішкі дау-дамайды шешу керек» екен. Міне, Қытайдағы қазақ мәселесін айтқан болып, тонын айландырып жіберген.Шаханов әлемге атағы кеткен ұлы ақын, рух жаршысы. Сол алып тұлғаны Қытай зұлымдығын ашушыларға қарсы қою – Қытайшлдар үшін ең үлкен жеңіс. Ең алдымен Шахаонвты қолбалаша пайдаланған жымысқылықты ұйымдастырған немесе пайдаланған топты табу керек. Оны Құдияр Біләл бастаған ашық хатты дайындаған ағаларымыздың білетіні анық.

Екінші жымысқылық – Ашық хатта “қытайдан оралған оралмандар арасындағы түсінспестікті үлкен дау іретінде көрсетіп, оған «оралмандар жергілікті халықты да алаңдатып отыр» Деген ЕМЕУІРІН қосқан. «Ал мұндай дау-дамайдың мемлекетіміз жүргізіп отырған саясатына кері әсер етері күмәнсіз»” деп қазақтың арасына, ҚАНДАСТАР мен биліктің арасына СЫНА ҚАҒЫП ЖІБЕРІПТІ. Аға мен ініні, ағайын-бауырды бір-біріне қарсы айдап салып отыр.

Бұл да Қытайшылдардың үлкен жеңісі.

Үшінші, “Мұхтар Шаханов сынды ағаларымыздың аузынан “Қытайдағы қазақ мәселсін басқаша шешу керек немесе қытайдың ішкі ісіне араласқанша елді бүлдірген ата жұрттықтарға тоқтау салу керек” деген сарындағы сөзді айттыру арқылы “Қытайға қарсы шықпау керек” деген емеуірінді тықпалап жіберді.

Міне осылайша, Шаханов бастаған асыл ағаларымыз өздерінің қалай арандалып, ойыншық болып қалғанын білмей қалды.

Шын мнінде, саясат деген осы. Осындай зымияндықты көре тұра пендешілік жасап жалтақойлану азаматтыққа жат нәрсе.

Әрине, біздің атағы Алты Алашты ораған ағаларымыздың, әріптестеріміздің жағасынан алуға құқымыз жоқ. Намысымыз келетіні – зиялылармыздың біреудің маймылынша ойнап, арандалып қалуы болып отыр.

Бұл заман біреуге өкпелейтін, ренжитін заман емес. Жеке өкпе-назды ұлт мүддесіне қарсы қою және қарсы қойғызу кімге керек екенін көзқарақты оқырман түсіне жатар.Жеке өкпе-назды, ауыл арасындағы дау-дамайды принсипке көтеріп, үрлеп, айдап салу кімге керек? Кімге пайдалы? Әрине қазаққа емес.

Біз арандатып кеткен зымияндардың кім екенін білгіміз келеді?

Бұл сұмдықты көре тұрып түсінбеу, сезбеу – біздің саяси сауатымыздың әлі де жеткіліксіз екенін көрсетпей ме?

Сөздің қысқасы, көрінгеннің ойыншығы, көкпәрі, пайдаланып лақтырып тастайтын киімі секілді болып қалмау — азаматтық арымызға сын.

Әрі сөздің жүйесіне тоқтау да ерлік екенін аталарымыз айтып кеткен.Біз ағаларымызды ағалай аламыз егер азаматтығы арға біткен болса, арандатып кеткен сұрқиялардан сақтана алса.

Жастар жылында жастарға орын да бермей, жағасынан алып, берекеге шақырудың орнына біреулердің ойыншығына айналып кеткен ағаларымызға өкпеміз қара қазандай! “Қол сынса жең ішінде” деген аталарымыз. Досқа күлкі, дұшпанға таба болған ағаларым аман болсын!

Beisen Akhmetuli Bukarbay 

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары