Атажұрт

Қазақ шекарасынан тек қазақтар ғана кіре алмай жатыр

qamshy.kz ке сілтеме жасап хабарлаймыз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың

ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтың

“Отандастар” қорының президенті Нұртай Әбіқаевтың

Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековтың

Назарына

Бүгін Қамшы порталына қабырға қайыстырарлық ақпарат келіп түсті. 6 желтоқсанда таңға жуық Алматы халықаралық әуежайына қонған бірнеше этникалық қазақты (Қытай азаматы) визасының, ПЦР тесттің теріс нәтижесі барына қарамастан ел аумағына кіргізбей, себебін түсіндірместен кері қайтарған. Олар Қытайдан тікелей әуе рейсі болмағандықтан, бірнеше елді басып, соңында Дубай арқылы Қазақстанға жеткен. Аталған мәселеге назар аударуларыңыз үшін осы мақаланы жазып отырмыз.

Бірнеше елді басып өтіп, “армандаған отаныма оралдым ба” дегенде, өзіміздің шекара қызметінің мамандары құжаттың дұрыстығына қарамастан қандастарымызды табалдырықтан аттатпауы не сұмдық, не масқара?! Елім, жерім деп келген қазақтың тағдырына араша бола алмайтындай нендей күйге түстік? Елбасының, мемлекет басшысының “қазақ көші тоқтамауы керек” деген сөздерінің орындалуы қайда қалды? Шекара қызметкерлері үшін бұл сөздердің құны көк тиын болғаны ма? Өзге ұлттарды кемсітіп, қорлағанымыз емес, бірақ құжаттары дұрыс, шақыру хат болса да Қазақстан шекарасынан неге дәл қазақтар жіберілмейді де, өзге ұлттар жіберіледі.

Қытайдың қалың қазақ қоныс тепкен Шыңжаң өлкесінде қазіргі жағдай баршаға белгілі. Кері қайтарылған қандастарымызды Қытайда не күтіп тұрғаны да жұртшылыққа мәлім. Сондықтан осы мәселеге назар аударып, оның оң шешілуіне ықпал етулеріңізді сұраймыз. Құжаты түгел қазақты кері қайтарып, осы сорақылыққа жол берген тұлғалар анықталып, жауапқа тартылуы керек деп санаймыз.

Қамшы порталы ақпаратты растауға, кері қайтарылғандар туралы мәліметті тиісті органдарға ұсынуға дайын.

Күн жексенбі болғандықтан ресми орындар мен Алматы әуежайынан түсінік алу мүмкін болмады. Мәселеге байланысты жаңалықтар шығып жатса, алдағы уақытта хабарланады.

“Қамшы” сілтейді

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары