Әлем ақпараты

АҚШ-та жаппай вакцинациялау басталады

Дональд Трамп АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинация келесі аптада басталатынын мәлімдеді. 

АҚШ президенті Дональд Трамп: «Вакцинаның дайын болуына аз ғана қалды. Басқа президенттің әкімшілігі бұған бес жыл уақыт жұмсар еді. Ал біз жаңа дәріні небәрі жеті айда әзірлеп шықтық. Енді келесі аптадан бастап жаппай вакцинациялау жұмысы басталады», – деп мәлімдеді.

Америкада соңғы тәулікте 214 мың жаңа дерек тіркелді. CNN телеарнасының мәліметінше, қауіпті індет небәрі бес күнде бір миллионнан астам адамға жұққан.

Бұған дейін әлемде екі вакцина клиникалық сынақтың соңғы үшінші фазасын аяқтаған. Қазір басқа он екпе сынақтың соңғы кезеңінен өткізіліп жатыр.

Сынақтан сәтті өтіп, коронавирусты емдеуде 90%-дан артық дәлдік көрсеткен вакциналар қатарында Pfizer, BioNTech фармацевтикалық компаниясы жасаған екпе және америкалық Мoderna екпесі бар. Америкалық Pfizer және оның германиялық серіктесі BioNTech компаниясы бірлесіп әзірлеген вакцинаның тиімділігі клиникалық сынақта 90%-дан астам оң нәтиже көрсеткен.

“The Qazaq Times”

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары