Әлем ақпараты

АҚШ тағы да Қытайға қарсы санкция салғалы отыр

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, қара тізімге 14 лауазымды тұлға қосылған. Арасында Қытай мен Гонконг парламентінің және Коммунистік партияның мүшелері бар. Осы санкциялардың аясында олардың активтері бұғатталмақ, деп хабарлайды 24.kz.

 Қаржылық жазалау шараларын қабылдауға өткен айда Гонконг парламентінен оппозициялық 4 депутаттың қуылуы себеп болған. Ресми Бейжіңнің қырына іліккен саясаткерлер – Гонконгтағы демократиялық қозғалыстың жақтаушылары. Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп әкімшілігі өткен айда ғана Қытай компанияларына берілетін американдық инвестицияға тыйым салған болатын. Ақ үйдің пікірі бойынша, көмек қаржыны Қытайдың қарулы күштеріне жұмыс істейтін компаниялар алады.

Алматы. NEGE.KZ

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары