Марғулан Сейсембай өз Facebook парашасынан
Жеңіс!!
!Елсен Аеркен ісінде жеңіске жеттік.Бүгін осы істің маңызды сот отырысы болды. Сегізінші апелляциялық әкімшілік сот LES адвокаттар бірлестігі адвокаттарының Львов қаласы Лычаков аудандық сотының Елсен Аеркенді тұтқындау және елден қуып шығару шешіміне қарсы аппеляциялық шағымын толығымен қанағаттандырды. Қазір тікелей Елсенді қамаудан босату мәселелерімен айналысып жатырмыз.
Бұл хабарды істің басында жүргендерден алғандықтан, аппеляциялық сот шешімін әзірге жария ете алмаймын. Ертең жариялауға тырысамын.⠀
Дегенмен, достар, еркінсімейік, алда атқарар жұмыс көп!Естеріңізге сала кетейін, біз Елсенге Украина тарапынан қосымша қамқорлық алу ісін де қолға алдық.
P.S: Аппеляциялық сот шешімін қостым.

