Әлем ақпараты

БҰҰ Ресейді Қырымнан кетуге шақыратын резолюцияны қабылдады. Қазақстан қалыс қалды

7 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейді “Қырымды оккупациялауды” тоқтатуға, Украина шығысына қару-жарақ жеткізуді тез арада доғаруға шақыратын резолюция қабылдады.

Рекомендациялық сипаты бар резолюцияда “Ресейдің Қырымнан әскерін тезірек әкетіп, Украина аумағын басып алуды тоқтатуы тиісті” айтылған және “Украина шығысына соңғы үлгідегі қару-жарақ, ұшақ, зымыран, оқ-дәрі мен әскер жеткізуді доғаруға кеңес берген.

Бас ассамблеяның дүйсенбідегі отырысында резолюцияны 63 ел қолдап, 17 ел қарсы дауыс берген, 62 ел қалыс қалған. Қалыс қалғандар арасында Қазақстан да бар.

Бас ассамблея былтыр да Қырым аннексиясына байланысты бірқатар резолюциялар қабылдаған. Бір жыл бұрын Қырымда адам құқығын қорғау туралы құжат мақұлданды.

2014 жылы Мәскеу Украинаға тиесілі Қырым түбегін жаулап алған. Ресей сонымен бірге Украина шығысындағы сепаратистерге дем беріп, қолдау көрсетіп келеді. Украина шығысындағы қақтығыс кезінде 13 200-ден астам адам қаза тапқан.

www.azattyq.org

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары