Саясат

Қытай елшісі: Пандемия Қазақ-Қытай қатынасына әсер еткен жоқ, тағы 360 млн доллар инвестиция жасадық

«Коронавирус екі ел байланысына кері әсер еткен жоқ, керісінше, қарым-қатынас нығайып келеді», – дейді Қытай елшісі.

Биылғы жылы еліміздегі «Қорғас» арнайы экономикалық аймағы арқылы 4 мыңнан астам контейнерлік пойыз өтті. «Достық-Алашанькоу» халықаралық дәлізі арқылы да Қытай – Қазақстан – Еуропа бағытында осынша көлемде жүк тасымалданды. Көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғандағ 45 пайызға жоғары.

Қытай Халық Республикасының елшісі қазақстандық журналистерге берген сұхбатында көлік тасымалының артуы 2020 жылғы басты жетістіктердің бірі екенін айтты. «Коронавирус екі ел байланысына кері әсер еткен жоқ, керісінше, қарым-қатынас нығайып келеді», – дейді дипломат.

  • «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ МЕН ҮКІМЕТІ ҚЫТАЙ ҮШІН ЕҢ ҚИЫН СӘТТЕ ҚОЛДАН КЕЛГЕН КӨМЕГІН АЯМАДЫ. МОРАЛЬДІК ҚОЛДАУ МЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖҮК КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛҒАН АЛҒАШҚЫ АПТАЛАРДА ӨТЕ МАҢЫЗДЫ МӘНГЕ ИЕ БОЛДЫ. БҰЛ ДОСТЫҚ НИЕТТІ БІЗ ЕШҚАШАН ҰМЫТПАЙТЫН БОЛАМЫЗ», – ДЕЙДІ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ ЧЖАН СЯО.

Сонымен, қазір Қытайдың Қазақстан нарығына тікелей инвестициясы 80 пайызға, яғни 360 млн долларға ұлғайған. Екі елдің өзара тауар айналымы болса, 18 млрд доллардан асқан.

  • «БҰЛ – ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙІНГІ ЕКІ ЖЫЛДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ», – ДЕЙДІ ДИПЛОМАТ.

Бұған қоса, «Бір белдеу – бір жол» саяси бастамасы аясында ежелгі Жібек жолын цифрлық тұрғыда дамыту да жоспарланып қойған екен.

Дереккөзі:https://kznews.kz/

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары