Атажұрт

Бомбалаушы дрондардың үшінші буыны – Bayraktar Akıncı өмірге келді

Бомбалаушы дрондардың үшінші буыны – Bayraktar Akıncı өмірге келді.

Түркияның Bayraktar ТВ2 ден де қуатты дрондары эксплуатацияға беріліп жатыр. Түркия қорғаныс күштерінің мәлімдеуінше, бұл қуатты дрондар алдағы он жылдықтың ішінде ешқандай елдерге сатылымға шықпайды екен. Яғни мемлекеттік құпия ретінде ұстайды. Бұл дрондар АҚШ-тың соңғы модельдегі бомбалаушы истребительі F-35 – ті де алыс қашықтықтан жойып жіберуге қабілетті екен. Алдағы онжылдықтарда Түркияның 5-ші буынды бомбалаушы истребительдері TAI TF-X – те эксплуатацияға қосылады деп жоспарлап отыр. Түркия жаһандық геосаяси ойыншыға айналды. Bayraktar Akıncı өндірісінің дрондарының қанаты 20 м құрайды және 12,2 км биіктікте көздеген стратегиялық нысандарды жойып жібереді. Мұның қуаты қазіргі Bayraktar ТВ2 ден 3-4 есе қуатты әрі көлемі де ауқымды.

Түркияның ұлттық мемлекеттік қорғаныс күштері барынша күшейіп жатыр. Ердоғанның Түркі елдерінің әскери одағы идеясының жаны бар дүние екені расталып келеді. АҚШ пен Ресей тарапы енді қандай күй кешер екен…

Мынау фотодағы соңғы модельдегі Bayraktar Akıncı дрондары, төмендегі фото құшағына алып ұшатын бомбалары. Бұл Bayraktar ТВ2 ден 3-4 есе қуатты.

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары