Ел жаңалықтары

Қытайлардың Алматы ауежайына қонғаны елдің ашуын тудырды(видео)

Facebook желісінің Бадигүл Оспанбаева есімді қолданушысы Қытай азаматтары делінген бірнеше адамның Алматы әуежайына келген видеосын жариялады.

Кадр сыртында сөйлеп тұрған Бадигүл Оспанбава ұлты қытай жиырма үш Қытай азаматы Қазақстанға жұмыс істеу үшін шекарадан еш кедергісіз өтіп келгенін, ал Қытайда тұратын этникалық қазақтар Қазақстанға келе алмай отырғанын айтады. Видеода Қазақстанға кіре алмаған туыстарын тосып жүр деп бірнеше адам көрсетіледі.

Бұған дейін Қамшы порталы 6 желтоқсанда таңға жуық Алматы халықаралық әуежайына қонған бірнеше этникалық қазақты (Қытай азаматы) визасының, ПЦР тесттің теріс нәтижесі барына қарамастан ел аумағына кіргізбей, себебін түсіндірместен кері қайтарғанын хабарлаған. Олар Қытайдан тікелей әуе рейсі болмағандықтан, бірнеше елді басып, соңында Дубай арқылы Қазақстанға жеткен. Қамшы ақпарат порталының бастамасымен бұл іс оң шешімін тауып, қандастарымыз елге оралды. Артынша Қамшы порталының жетекшісі Біләл Қуаныш осыған ұқсас жағдайлардың тоқтамай тұрғанын айтып, президент Қасым-Жомарт Кемелұлына үндеу жолдаған.

Төменде көрсетілген видеолар Бадигүл Оспанбаева парақшасынан алынған.

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары