Атажұрт

СЕРІКЖАН және ҰЙҒЫРЛАР

Серікжан Біләшқа енді Ұйғырлар ақпараттық шабуыл жасай бастапты.
Серікжанның қай сөзі ұйғыр ағайындарға ұнамай қалды?
Бірінші:
Серікжан Біләшұлы Шығыс Түркістанда ежелдің ежелінен жасап келе жатқан ҚАЗАҚ дейтін халықтың бар екенін, осы қазақ халқының Қытай қызылдары тарапынан геноцидке ұшырап жатқанын әлемдік деңгейде көтерді. Бұл кейбіреулердің тар өрісті санасына сыймай қалды. Олар Батыс қауымына “ол жерде тек қана ұйғырлар жасап келеді”-деген теріс ұғымды тікелей не жанамалай сіңдіріп келе жатқантұғын.
Екінші:
Серікжан Біләш “Іле Қазақ Автономиялы обылысы” деген ұғымды қатты дәріптейді. Қазақтың ежелгі атақонысы Іле-Алтай-Тарбанатай, тәңір тауы, Еренқабырға, Жұңғария, Боғда, Хан Тәңірі, Баркөл, Мори, Ақсай деген қазақтың ежелгі тарихи жерлерін үнемі дәріптейді. Бұл да әлгілерге ұнамайды.
Қазақтардың ежелгі тарихи ата қонысының бүгінгі бір пұшпағында Қызыл Қытайдың өзі шарасыздан мойындаған осындай бір АВТОНОМИЯның бар екені БАТЫС ЖҰРТЫНА қайта-қайта үгіттелген соң, әлгі “Ұйғырстаншылдар” бұған қатты наразы болды.
Үшінші:
Серікжан Біләш “Жайылым арызы” деген арызды жинады. Қазақтардың қолындағы ұлан-ғайыр жайлау, қыстау, көктеу, күзеу, шаппалық жер, егістік жерлердің құжатын әлемдік қауымдастыққа дәлелдеді. Заңды жеке меншік жерлерін Қытай заңы бойынша 2047-2050 жылдарға дейін пайдалануға толық құқылы қазақтардың Қызылдар тарапынан қудалауға, бопсалауға, алдауға ұшырағанын әлем алдында ашып көрсетті. Демек, бұл шұрайлы жерлер тағы да қазақтікі. Бұл да әлгілерге ұнамайды.
Төртінші:
Қытай қылмысын ашушы Сайрагүл Сауытбай, Гүлзира Әуелхан, Тұрсынай Зияудын (Ұлты ұйғыр, күйеуі қазақ) секілді бір топ куәгерлердің бәрі НАҒЫЗ АТАЖҰРТ тарапынан құтқарылғандар еді. Бұл да олардың БАТЫС ЖҰРТЫНА “Шыңжаңда тек ұйғырлар жасайды” деген тіке не жанама үгітіне оң емес.
Төртінші:
Аталмыш “Шығыс Түркістан Босқын Үкіметінің” Вашингтонда тұратын ДІНИ ІСТЕР МИНСТІРІ Біләл Ибрахим Түркістанидың фейсбуктегі шулы жазбасы мен видеосына СЕРІКЖАННЫҢ аса жойқын тойтарыс бергені де әлгілерге ұнамайды. Біләл былай деп көйтіген болатын: “Шығыс Түркістан тек ұйғырлардікі, қазақтар Қазақстанына кетсін, біз ертең Балқаш көліне дейін қайтадан жаулап аламыз, Балқаш көлінің барлық тарапы біздікі…”-
Біләлдің осы сандырағын Серікжан нақтылы дәлелдермен терістеген еді. Сонан бастап олар Секеңді жау көреді. Біләл тіпті ҚҰЛЖА қаласында құрылған “ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫН тек қана ұйғырлар құрды”-деген еді. Серікжан оны тарихи жазба дәлелдер келтіре отырып быт-шыт қылды. Осы республиканың 30 мың әскерінің 27,000-ы қазақ болғанын Секең бәлелбай құжатпен дәлелдеп тастаған еді.
Ақиқатты айтамын деген Секең өзіне тағы да жау тапты. Серікжанның алдында ҚЫТАЙ ҚЫЗЫЛДАРЫ оқ боратса, артынан қызыл орыс тәрбиелеген Қызыл Қазақтың қызыл кгб-лері шырақ алып түсіп, соттан сотқа сүйреп әлек. Енді ол аз болғандай жағасына мыналар жармасты…

Айтпақшы, Секең “Алматы обылысындағы ҰЙҒЫР ауданының атын өзгертіңдер, бір ғана этносқа аудан атын беріп даралаудың заңдық, тарихи негізі жоқ, өзгертпесеңдер, Қазақстандағы барлық этносқа бір-бір аудан атын беріңдер”-деген еді. Осы сөзі де оларға ұнамайды. Анығында, Қазақ-ұйғыр арасына қағылған Сәбеттік Сына еді бұл жер атауы. Тату-тәтті екі бауырлас халықты әдейі араз-ашты қылып арандату үшін орыстар әдейі осы атауды қолданған. Секең соны меңзеп, екі халыұтың берекесін көздеп айтып еді бұл сөзді. Жылқышыбай Нұрсейітпен болған Бұл сұхбат мына арада:


Ал, Қазақстанда КГБ-ның қызыл жендеті, Қытайшыл Абзал Құспанның Серікжан Біләшқа жапқан мына жаласына назар аударыңыздар. Абзалдың айтуынша Серікжанды ұйғырлардың террористтік, экстремисттік, радикалдық ұйымдары қаржыландырады-мыш:

Бұл дау Серікжанның Гонконгтегі ағылшын және қытай тілінде қатар шығатын “Apple Daily” газетіне берген сұхбаты себеп болыпты:

Серікжанның ағылшынша сұхбаты:
https://hk.appledaily.com/news/20210307/D2MYOS46LVCMJB5OKVDDBFCS6M/
Серікжанның Apple Daily-ге қытайша сұхбаты:
https://hk.appledaily.com/china/20210306/MWQKNEPT5JE47IXPLU2K5MFU3Y/
Балқашқа дейін жаулап алуды аңсайтын аталмыш минстірдің езуін тілген Секеңнің атышулы қарымта соққысы:


Ұйғыр туралы Серікжанның лекциясы:


Жоғарыдағы видеоның соңында әлгі минстірдің сөзі бар.
Ұйғырстан, Шығыс Түркістан немесе Екінші Қазақ мемлекеті туралы лекция:

Серікжанның “ұйғыр қырғыны” деген лекциясы:

Ұйғырша дау:

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары