Атажұрт

ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН ТАРИХЫ

ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚИЛЫ ТАҒДЫРЫ

(1944-жыл)

09.04.1944

«Құлжа азаттық ұйымы» құрылды. Әлихан Төре* төраға болды.

———————– 

Әлихан Төре (1885-1976) * Россияның Тоқмақ деген жерінде діндар отбасында дүниеге келген. Ұлты өзбек. Ілгерінді-кейінді Сауд Арабиясында, Бұхарада дін және дәрігерлік мамандығын оқыған. 1929- жылы Кеңес Одағынан Шығыс Түркістанға келіп қоныстанып, дін таратады, дәрігерлікті кәсіп етеді. 1937-жылы Шың Шысай жағынан тұтқынға алынып, түрмеге жабылады. 1941-жылы қамақтан босатылып, Құлжадағы ең үлкен Мешіт – Байтолла мешітіне имам болады. Шығыс Түркістан ұлт азаттық төңкерісі кезінде «Құлжа азаттық ұйымының, Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің төрағасы болады.

***

10.04.1944

АҚШ президенті Розвелт Жаң Жиешіге телеграмма жіберіп, оған фашистерге қарсы дүние жүзілік одақ жағдайын еске алып, Қытай-Совет Одағы елдерінің Шығыс Түркістандағы қатынасын бәсеңдету арқылы, қалқаралық күштің қайта  ұйымдасуында Кеңес Одағының қолдауына қол жеткізуге нәсихаттады.

***

1944-жыл, сәуір айының бас шені.

Алтай партизандар қосыны Шіңгіл ауданының Бұлғын өзені алабында құрылды. Сұлубай бас қолбасшы болды.

***

1944-жыл, сәуір айының бас шені.

Моңғұл Халық Республикасының басшысы Шойбалсын шегараны көзден кешіру деген атпен Шығыс Түркістанның Шіңгіл ауданына келіп, Оспан Исламұлын қабылдады. Оспан Исламұлының талабына сай, МХР бір топ әскери ақылшы жіберді және қару-жарақ, оқ-дәрі жеткізіп берді. 

***

12.04.1944

Кеңес Одағының Қытайда тұратын бас елшісі Пан Июшин Гомин үкіметі әкімшілік палатасының бастығы Сұнкіге таяудан бері Шығыс Түркістанда туылған үлкенді-кішілі бірқыдыру оқиғалар Қытайдың Кеңес Одағына қарсы тұру бейнесінің күн сайын асқынғандығын дәлелдеді деп көрсетті.

***

13.04.1944  

Алтай партизандар қосынының қоршауында қалған Гоминдаңның Шіңгіл ауданының әкімі Тау Байшуан аудан қалашығын тастап, қалған адамдарын ертіп, Шонжыға қашып кетті. 

***

1944-жыл, сәуір айының орта шені.

Қобық (Қазіргі Қобықсары моңғұл автономиялы ауданы) партизандар қосыны құрылды. Зұңғырып Шалқанұлы қолбасшы болып сайланды. Гоминдаң армиясының қоршап жоюына ұшырағандықтан, шегініп МХР-на барды.

***

25.04.1944

Кеңес Одағының Қытайда тұратын бас елшісі Паниюшин Кеңес Одағы үкіметінің бұйрығы бойынша Гомин үкіметінің сыртқы істер министрі Уаңшыжиемен кездесіп, Қытайда таяудан бері туылған Кеңес Одағына қарсы тұру нысайына назар аударатындығын білдірді. Шың Шысайдың Шығыс Түркістандағы Кеңес Одағына қарсы әрекеттерін айырықша ауызға алды. Уаң Шыжие мынаны білдірді: Шығыс Түркістанның жағдайы ерекше, Шың Шысайда 20 000 адамдық армия болғандықтан, көз алда оны шешу қиынға түседі.

***

1944-жыл, мамыр айының басы.

«Алтай қазақ ұлтының коркейю комитеті» Оспан Исламұлының басқаруында Күртіде жиналыс ашып, Ләтіп Мүстафаұлы* қатарлыларды толықтырып сайлауды және өз басқаруындағы өңірден салық жинауды ұйғарды.

***

1944-жыл, мамыр айы.

Дубек Шалғынбаев**, Балқаш Әлғазыұлы қатарлы қазақ жас зиялылары Кеңес Одағының Шәуешекте тұратын Консульханасының көмегінде Шәуешек ауданының қаласында қазақ жастарын негіз еткен күрескер ұйым құрып, Шың Шысайға, Гоминдаң үстемдігіне қарсы әрекет жасады.

***

1944-жыл, маусым айының басы.

Дәлелхан Сүгірбаев, Темірхан Әріпбайұлы***, Хасен қатарлы Кеңес Одағының он үш ақылшысы («Ақ үй» ақылшылары) МХР арқылы Шіңгіл ауданының Бұлғын өзені өңіріндегі Алтай партизандары атретінің казармасына келіп, Алта партизандар қосынының басшылық жұмысына араласа бастады.

—————————-

Ләтіп Мүстафаұлы* (1899-1986) ШТ-ның Көктоғай ауданының адамы. Ұлты қазақ. Оспан Исламұлының сенімді серігі әрі қолғанаты. Шыңдаң өлкелік бірлескен үкіметі құрылғаннан кейін Алтай аймағы уәлиінің орынбасары, жаңа Қытай үкіметі құрылғаннан кейін ШҰАР Саяси-мәсілихат кеңесінің жорасы болған.

Дубек Шалғынбаев (1920-1947)** ШТ-ның Шағантоғай ауданының адамы. Ұлты қазақ. Жоғары жіктен шыққан. Шыңжаң университетин тауысқан. ШТ ұлт-азаттық ьөңкерісі басталғаннан кеін Тарбағатай уәли мекемесінің органы – «Халық ауазы» газетінің бас редакторы болған. 

Темірхан Әріпбайұлы*** Кеңес Одағының әскери ақылшысы.т ұлты қазақ. 1945-жыл Алтай аймағы уәлиінің орынбасары болған.1945-жылы желтоқсан айында еліне қайтып кеткен.

***

1944-жыл, маусым айының 8-16 күндері.

Қасымхан Сымайылов қатарлылар Шәуешек арқылы шегарадан өтіп, Кеңес Одағының Бақты қыстағына барып, Абыла Рамазановтың орналастыруы бойынша, «Шегара саудасын жасау» деген атпен Кеңес Одағында «Еміл штабын» құрды. 15-күні «Еміл штабы» Тарбағатай аймағындағы әйгілі қайраткерлерге және «Күрескер үш группаның» басшыларына хат жазып, оларды Тарбағатайдағы Гоминдаң үстемдігіне қарсы тұруға жұмылдырды әрі «Күрескер үш группаның» бірлесуін талап етті.

***

10.06.1944

Сталин АҚШ-тың Кеңес Одағында тұратын бас елшісі Гариманды қабылдаған кезінде, Қытай үкіметінің Шың Шысайды Шыңжаңдағы мәнсабынан қалдыруы – Кеңес-Қытай қатынасын жақсартуда келелі маңыз алатынын аңғартты.

***

18-24.06.1944

АҚШ президентінің орынбасары Хенри Уаллес Кеңес Одағынан Шыңжаң арқылы Шұңшиңге барып, Жияңжиешіге Сталиннің Шыңжаңдағы «Алтай дүрбелеңі» Кеңес Одағымен қатысты дегенді теріске шығарғанын, Шың Шысай Шыңжаңнан ауыстырып әкетілсе, «Алтай дүрбелеңі» өздігінен тынышталады деп қарайтынын айтты. әрі Кеңес Одағы мен Қытайдың көршілік қатынасын жақсартуды үміт етті.

***

1944-жыл, маусым айының орта шені.

МХР-ның әскери ақылшысы Қаби МХР-ның әскери қызметкерлерінен 50 неше адамнан және Алтай қазақ малшыларының осы елдің шегарасынан қашып өткен 100 неше адамынан ұйымдасқан партизандар қосынын бастап, МХР-нан Буыршын ауданына қайтып келді.

***

1944-жыл, маусым айының орта шені.

«Алтай қазақ ұлтын көркейту комитеті» жиналыс ашып, Шыңшысайдың, Гоминдаңның үстемдігіне қарсы күресті тұтас Алтай аймағында етек алдыруды ұйғарды. Қуанышбайды құралды 400 адаммен «Бауырластарға хатты» және Дәлелхан Сүгірбаевтың туыстарына, ру басыларына жазған хатын беріп, МХР арқылы Сарсүмбеге (қазіргі Алтай қаласы) және Буырылтоғай ауданының солтүстік таулы өңіріндегі жайлауларға; Қабиды құралды 80 адаммен Қаба ауданының тауларындағы жайлауларға; Жылқайдарды Құралды 250 адаммен Жеменей ауданына үгіт айту, аттанысқа келтіру қызметін істеуге жіберді.

***

20.06.1944.

Қуанышбайдың құралды атреті негізінде ұйымдастырылған Буырылтоғай партизандар қосыны құрылды.

***

1944-жыл, маусым айының орта шені.

Қабйдың құралды атреті негізінде ұйымдастырылған Қаба партизандар қосыны құрылды.

***

04.07.1944.

МХР-ның көмегінде Зұңғырып Шалқан 150 адамдық Қобық партизандар қосынын бастап, Қобық ауданына қайтып келді. Партизандық қимылдарын жалғатырды.

***

06.07.1944.

Шың Шысай уақыттық 3-дивизияның бастығы Таңжышуанға Үліңгір әкімшілік мекемесінен екі полк әскери күшті Сарсүмбеге қорғаныс құруға жіберу жөнінде бұйрық түсірді.

***

08.07.1944.

Жылқайдар құралды атреті негізінде ұйымдастырылған Жеменей партизандар қосыны құрылды. Рамазан Бөлімұлы*, Молла Ислам Сымайылов басшы болып силанды.

***

1944-жыл, шілде айының бас шені.

Жеменей, Қобықсары аудандарындағы қазақ, моңғұл рубасылары; Жеменей партизан қосындарының басшылары Жеменей ауданы мен Қобықсары ауданының шегарасындағы Сауыр тауының Қарағайты жайлауында жиналыс өткізіп, Кеңес Одағының ақылшылары Әріпбай, Құрмаштардың көмегінде, Қобықсары қалашығына шабуыл жасау қимылын ақылдасып, орналастырды.

***

1944-жыл, шілде айының соңғы шені.

Мылтық тапсырудан бас тартқандығы себепті Гоминдаңның Нылқы аудандық сақшы мекемесі жағынан қолға алынған қазақ малшылары Әкпар* мен Сейіт** түрмеден шыққаннан кейін, Гоминдаңның аудандық үкіметінің зорагерлігіне құралды күшпен қарсы тұруға бекиді. Тамыз айының басында Кеңес одағынан қару-жарақ әкелуге барғанда Патих Мұсілимов*** қатарлылармен кездесіп, құралды күрес жасауды бірге ақылдасып, белгілейді. Олар атқа мылтық, оқ-дәрі айырбастап алып, арт-артынан қайтып келеді.

————————–

Әкпар Есбосынұлы (1911-1944)* ШТ-ның Нылқы ауданының адамы. Ұлты қазақ. Малшы. Нылқы көтерілісінің негізгі басшыларының бірі. Нылқы қалашығын алу шайқасында маңызды рол атқарған. Осы соғыста оқ тиіп жараланып, артынан қайтыс болған. 

Сейіт Көрпебайұлы (1911 ?-1944)** ШТ-ның Нылқы ауданының адамы. Ұлты қазақ. Малшы. Әкпардың немере інісі. Нылқы көтерілісінің басшыларының бірі. Нылқы қалашығын және Құлжа қаласын алу шайқасында маңызды рол атқарған. Құлжа қаласына шабуыл кезінде оқ тиіп, ауыр жараланған., артынан қайтыс болған. 

Патих Мұсілимов (1900-1980)*** Кеңес Одағының азаматы. Ұлты татар. Нылқы құралды көтерілісіне басшылық еткен. 1944 жылдан 1951-жылға дейін Нылқы ауданының әкімі болған. 1955-жылы еліне қайтқан.

***

1944-жыл, шілде айының соңғы шені.

Тарбағатайдағы Рыпов партизандар қосыны Сауыр тауында Жеменей партизандар қосынымен қосылып, Жеменей партизандар қосынынан мылтық, оқ-дәрі және тұрмысқа қажет бұйымдар жағынан көмек алды.

***

1944-жыл, шілде айы.

Ысқақбек Мононов Кеңес Одағы әскери ақылшыларының көмегінде Кеңес одағына еріксіз қашып өткен бір топ ұсақ ұл бұқарасын жиып, әскери жаттығу жасады. Осы тұста Нұражы құралды қосын бастап, Кеңес одағынан Тасқорған ауданына келіп, шағын көлемді құралды күрес жүргізіп, Гоминдаң армиясы мен сақшыларына үзбей соқтығып отырды.

***

5-8 .07,1944

Қаба партизандар қосыны Қаба ауданының қалашығына шабуыл жасады. Шабуыл төрт тәулікке жалғасты. 8-күні Гоминдаңның көмекке жіберген әскерлері жетіп келеді де, паризандан амалсыздан қоршауды бұзып шығып, Кеңес Одағы мен МХР шегарасынан жол алып, Шіңгіл өңіріндегі Алтай партизанар қосынына барып қосылды.

***

14.08.1944

Фатих Мұсілимов, Әкпар, Сейіт, Абдолла Қайнам қатарлылар Нылқы ауданының Ластай таулы өңірінде паризандар қосынын құрды және Жалынқолға, Жартоғанға, Көкебайға адам жіберіп, сол жердегі жұртшылықты Партизандар қосынына қатынасуға үндеді.

***

17.08.1944

Патих Мұсілимов қатарлылар ораза айт намазынан пайдалана отырып, құралды көтеріліс жасау жұмысын мешітте отырып ақылдасты. Біреулер Гоминдаңның Нылқы аудандық сақшы мекемесіне барып құпиялықты ашкрелеп қойды да, аудандық сақшы мекемесі дереу қарулы шақшы жіберіп, тосын тінту жүргізді. Паризан қосыны басшылары хабар алысымен Ластай партизандарын бастап торуылдап соққы берді. Сол маңдағы жұртшылық та шайқасқа өздігінен қатынасты. Сақшылардан бірталайын атып өлтіріп, біраз мылтық олжа түсірді. Міне, бұл әйгілі «Нылқы бүлігінің» басталуы еді.

***

20.08.1944

Ластай партизандар қосыны тұңғыш шайқасының жеңісіне қол жеткізген соң, атағы шықты да, сол маңдағы жұртшылық оған топ-тобымен келіп қатынасты. Паризандар қосына алғашқы реттеуін жүргізіп,  үш үлкен атретке бөлінді. Адам саны 200, мылтық саны 60 тан асты. Патих Мұсілимов қолбасшы болды.

***

1944-жыл, тамыз айының орта шені.

Өлкелік үкімет «Нылқы көтерілісінің» хабарын естіген соң, Өлкелік сақшы істер басқармасы бастығының орынбасары Лию Биңдыны Құлжаға барып, Іленің уақыттық уәлиі міндетін өтеп, Іле аймағының амандығын күшейтуге жіберді. 

***

29.08.1944

Гомин үкіметі мынадай бұйрық жариялады:

Шыңжаң өлкелік үкіметтің жорасы әрі төрағасы өтініш етіп, адал ниетін білдірді. Шың Шысай міндетінен қалдырылсын! 

Шыңжаң Шегара қорғаныс бақауыл мекемесі таратылсын!

Шыңжаңда тұратын әскери бөлім түгел Әскери істер комитетіне төте қарайды. Бақауыл мекемесінің қызметтерін Шыңжаң Амандықты қорғау штабы өткізіп алсын!

Егін-мал шаруашылығы министрлігінің министрі Шынхұңле өзге міндетке қойылатындықтан, қазіргі міндетінен қалдырылуы тиіс. Шыңшсай Егін-орман шаруашылығы министрлігінің министрлігіне ерекше тағайындалсын!

Ужұңшин Шыңжаң өлкелік үкіметтің төрағалығына тағайындалсын!  Ужұңшин міндетін тапсырып алудан бұрын Жушаулияң әзірше уақыттық төрағалық міндетті өтей тұрсын!

***

02.09.1944

Шың Шысай 8-соғыс районы қолбасшысының орынбасары атымен мынадай бұйрық жариялады:

Іле аймағының жағдайы орнықсыз. Болғандықтан Атты әскерлер 1- дивизиясының командирі Сұйиңшүн үкімет қызметімен өлкеде болған кезде, запс 7-дивизия командирінің орынбасары Дудыфуды Іле аймағында тұратын барлық армия мен амандық қорғау бөлімдеріне біртұтас қолбасшылық етуге жіберу ұйғарылды. Сол кезде гоминдаңның Іледегі жалпы әскери күші мөлшермен 2500 адам еді.

***

02.09.1944

Жу Шаулияң айропланмен Үрімжіге ұшып келіп, Шыңжаңның әскери әкімшілік істерін басқаруға кірісіп кетті.

***

03.09.1944

Дудыфуды Үрімжіден айрпланмен Құлжаға барды.

***

05.09.1944

Жушаулияң Кеңес Одағының Үрімжіде тұратын бас Консуль Пушкинмен кездесіп, билік жүргізуде көршілер мейірімді, дос болу бағытын ұстанатындығын білдірді.

***

07.09.1944

Ластай партизандар қосыны көп адам шығарып, Нылқы ауданының жер-жерінде үгіт қимылдарын жүргізіп, үгіт қағазын көп мөлшерде таратты. Іле аймақтық Сақшы мекемесінің бастығы Гаууи бұдан хабар тапқан соң, аймақтық сақшы мекемесі бастығының орынбасары Жаужұңмиң мен кеңесші Лиубиңиді бір рота әскери күшпен оларды жаныштауға жіберді.

***

10.09.1944

Алтай партизандар қосыны Нұрғожайды* құралды 500 адаммен Сарсүмбе, Буыршын аудандарында қимыл жасауға жіберді.

———————–

Нұрғожай (1912-1987)*- ШТ-ның Көктоғай ауданының адамы. Ұлты қазақ. Малшы. Алтай паризандар қосынының жауаптыларының бірі болған. Кеін Түркияға қоныс аударған.

***

11.09.1944

Шыңшысай айропланмен Шыңжаңнан аттанып, Шұңшинге барды.

***

20-23.09.1944

Ластай паризандар қосыны Жаужұңмиң бастаған 300 жей әскер мен сақшылардың Ластайды үш жағынан қоршап жоюын сәтсіздікке ұшыратты.

***

22.09.1944

Алтай партизандар қосыны Торғайтыда (Қазақ бейіті) гоминдаң армиясының Шонжыдан Алтайға жіберген әскеи бұйымдар тиелген 45 автомобиль мен 100 түйе тасымсал қосынына тұтқиыл шабуыл жасап, 80 дей адамын жойды. Оқ-дәрі тиелген екі автомобильін күйретті.

***

23.09.1944

Жушаулияңның Құлжаға көмекке жіберген 7-дивизия, 19-полкінің 1-батолионы Құлжаға жетіп барды.

***

23.09.1944

Ысқақбек Мононов Тасқорған партизандар қосынын бастап, Кеңес Одағы шегарасынан өтіп келіп, Ұлықшат ауданын алып, ілгерлей отырып Қашқарды алмақшы еді.

Бұл хабарды біліп қалған гоминдаң билеушілері Ұлықшат ауданындағы қорғанысты күшейткендіктен, Ысқақбек қосынын шегіндіріп әкетті. Алдымен Тасқорған ауданына шабуыл жасап, одан соң Қашқарға жорық жасау жаңа жобасын жасады.

Дәл осы кезде Нылқы ауданының Ластайында қарулы көтеріліс бұрқ ете түскенін естіген Ысқақбек, Нұражыларғ Тасқорған партизандар қосынына басшылық етіп, Тасқорған ауданына шабуыл жасауға бұйрық берді. Өзі бірқыдыру құралды күшпен Кеңес Одағы шегарасы арқылы Ілеге аттанды.

***

1944-жыл, қыркүйек айы.

Рыпов партизандар қосыны Сауыр тауынан қайтып, Тарбағатай өңіріне келді. Паризандық қимылдарын одан ары жалғастырды.

***

04.10.1944

Ужұңшин айропланмен Үрімжіге келіп, Шыңжаң өлкелік үкіметтің төрағасы болды.

***

05-07.10.1944

5-қазан күні Ластай партизандар қосыны Әкбар; Патих, Хамит, Мұсілімовтврды құралды 500 ден астам адаммен Нылқы ауданы қалашығына шабуыл жасауға жіберді. Жол бойы оларға жұртшылықтан мыңдай адам қосылды. 6-күні таңсәріде Сейіт 1-үлкен атретті, Қайнам 2-үлкен атретті, Иван Шатов 3-үлкен атретті бастап, шығыс, оңтүстік, батыс – үш бағыттан аудан қалашығына сұрапыл шабуыл жасады. Қалашықттағы ұсақ ұлт бұқарасы оларға жабал сәйкесті. Паризандар қосыны бір күн, бір түн қиян-кескі шақас жасап, 7-күні түстің алдында аудан қалашығын түгел басып алды. Қалашықты қорғап тұрған әскерлер мен сақшылардан 30 дай адамды жойды. Жерлік мәнсаптылардан, әскелер мен сақшылардан 140 тан астам адамды тұтқындады. 3 пулимот, 66 мылтық олжа түсірді. Түрмедегі Әбілқайыр Төре*, Нүсіпхан Көнбаев**, қатарлы жүзден астам адамды босатты.

Партизандар қосыны қалашықты алғаннан кейін, сыбан руынан шыққан Оспанды Нылқы ауданының уақыттық жауаптысы етіп тағайындады. Гоминдаң билеушілерінің партизандар қосынын қоршап жоюына көмектескен Қанатбек, аудан әкімі Ло Шишың, аудандық сақшы мекемесінің бастығы Фың Уйжүн және аймақтық сақшы мекемесінің орынбасары Жау Жұңмиң қатарлыларды атты. Сонымен бір уақытта, Жың ауданының Ашалы асуы мен Құлжа ауданынан Нылқы ауданына баратын әскери бекініс Мазарға жеке-жеке қорғаныс әскери бөлімдері жіберілді.

————————

Әбілқайыр Төре (1890-1970)*- ШТ-ның Нылқы ауданының адамы. Ұлты қазақ. Төре тұқымы. ШТР Үкіметінің жорасы, Мал шаруашылық мекемесінің бастығы, ШТР-ның келіссөз уәкілі, Іле аймағы уәли мекемесінің орынбасары болған.

Нүсіпхан Көнбаев (1898-1986)**- ШТ-ның Нылқы ауданының адамы. Ұлты қазақ. ШТР Ұлттық армия атты әскерлер полькінің командирі болған.

***

06.10.1944

У Жұңшин меңгерме, басқарма жауаптыларын шақырып, мәжіліс ашты. Жер-жердегі қарулы көтеріліске бағыттап «тазалау мен көңіл аулауды қатар қолдану» бағытын белгіледі. әскери жақтан Жушаулияң жаныштауға жауапты болды. Үкімет жақтан аймақ, аудандарда «өзін қорғау қосыны» құрылып, тығыз сайкесетін болды. «Көңіл аулау» жағында Шыңшысай қамаған әр ұлт қайраткерлерінен 270-тей адамда түрмеден деру босатуды «кейін тағы да бірнеше жүз адамды іркес-тіркес босатуды) ұйғарды. Түрмеге қамалған әр ұлт әйгілі қайраткерлерінен, айталық, Әлен жуанжаң, Гуаң лу, Бұаһан Шаһидилермен өздері бет көрісті немесе атап босаттырды. Кейбіреулерін үлкен мәнсапқа қойды. Бір бөліміне жол қаражатын беріп, үйлеріне дейін жеткізіп салды. Сөйтіп, жұртты өзіне қаратпақ болды.

***

09.10.1944

Ластай партизандар қосыны Нылқы қалашығында екінші рет реттеу жүргізді. 

Бірінші үлкен атреттегілер негізінен қазақтардан құрам тапты. Бастығы Әкбар, орынбасары Сейіт болды. 

Екінші үлкен артетті ұйғырлардан жасақтап, Қайнамды жауапты етті.

Үшінші үлкен атретті гүйхуалар (орыстар) құрады. Жетекшілікке Иван Шатов бекітілді.

Жалпы әскери қуаты 800 дей адам болып, осыдан бастап «Нылқы партизандар қосыны» деп аталды. Оның ықпалы Құлжа, Текес, Күнес, Тоғызтарау аудандарына тез тарады.

***

09.10.1944

 Дудыфу Іледен айропланмен Үрімжіге келіп, Жушаулияңға мәлімет берді, одан әскери күшті молайтуды талап етті.

***

12-16.10.1944

12-қазан күні Жушаулияң запас 7-дивизия 19-полкінің командирі Пыңжұниеге 2-батолион мен бір миномет ротасын бастап Ілеге көмекке баруды, сондай-ақ Іле аймағында (Жың, Бұратала, Арасан аудандарынан сырт) тұратын гоминдаң армиясы мен амандық қорғау бөлімдеріне біртұтас қолбасшылық етуді, Пыңжұниеге әскери бөлімді бастап 16-күні Құлжаға жетіп баруды бұйырды.

***

18-19.10.1944

18-күні Жушаулияң орналастыруын өзгертіп, запас 7-дивизияның штаб бастығы Саурылиңды Іле аймағын орнықтыратын уақыттық уақыттық қолбасы етіп, осы аймақта тұратын армия мен амандық қорғау бөлімдеріне біртұтас қолбасшылық етуге жіберді.

Саурылиң 19-күні айропланмен Құлжаға барды. Ол Нылқы партизандар қосыны мен гоминдаң әскери бөлімдерінің мазардағы «тіресу» жағдайына негізделе отырып, Іледегі қазіргі әскери күшті Мазардан шығысқа қарай «тазалау жүргізуге» орналастыруды ұйғарды. Сонымен бір уақытта Күшарда тұратын армияның атты әскер 4-полкін Мұзарт асуын асып, оңтүстіктен солтүстікке қарай «тазалау жорығын жасауды», запас 7-дивизия 21-полкін Жың ауданының ашалы асуынан Құлжаға баратын жлды тосуды бұйырды.

***

1944-жыл, қазан айының орта шені.

Сүйдің ауданының (қазіргі Қорғас ауданы) Кеңсай жол қорғау орнының бастығы Фатей Иванович Лескин, Кеңсай өңірінде партизандар қосынын құруға кірісті.

***

1944-жыл, қазан айының орта шені.

Жеменей, Қобық, Қаба, Буырылтоғай партизан қосындары қызыл адырда мәжіліс ашып, «Азаттық ұйымы» мен партизандар қосынының бірлескен қолбасшылық штабын құрды.

***

21.10.1944

Өлкелік үкіметтің жорасы, қосымша Халық істер меңгермесінің бастығы Дыңшияңхай бастаған Гуаңлу, Узал Сарачүн қатарлылардан ұйымдастырылған «Құлжа хал сұрау үйірмесі» Құлжаға барып, Әкімбек Қожа қатарлы беделді қайраткерлерден және Кеңес Одағының Құлжада тұратын консулханасындағылардан хал сұрап, әңгіме мәжілісін өткізді. «Нылқы оқиғасы Шыңшысайдан қалған жарақат» деп өтірік айтты. әрі қылмыстылар босатылады, өлгендердің сүйегі беріледі, тәркіленген мүліктер қайтарылады деп уәде берді. Осылайша жерлік халықтың қарсылығын баспақшы болды.

***

21-23.10.1944

Нылқы партизандары жіберген бөлімше партизандар атреті Жың аудандық сақшы мекемесінің қорғауындағы Ашалы асуын алды. 23-күні үдіре тартып, Жың қалашығынан 15км аралықтағы жерлерге дейін барды.

***

26.10.1944

У Жұңшин Жаң Жиешиге телеграмма жолдап, Кеңес Одағында оқыған, орыс тіліне жеттік, Қытайдың Кеңес Одағы елшіханасының қызметкері Лию Зырыңды Шыңжаңға тезірек жіберіп, АҚШ-та оқыған сыртқы істер министрлігінің Шыңжаң өлкесіндегі сыртқы істер арнаулы өкілі У Зышияңның орнына қоюды талап етті.

 ***

28.10.1944

Ужыңшие Іле, Алтай, Тарбағатай, аймақтарының уәлилеріне телеграмма жолдап, былай деді:

«Кеңес Одағы мен Шыңжаң шегаралас, байланысымыз қою, етене көршілерміз. Орталықтың жер-жердегі елшіханалардың қызметкерлеріне және мұһажырларға әдеп-иба көрсету, бірер іс болса өзара селбесу, тату-тәтті мереймен көршілік қарым-қатынас жасау керек деген нұсқауы бар. Мұны жер-жердегі мәнсаптылар терең түсіну керек!»

***

29.10.1944

Запас 7-дивизия 21-полкі Манас ауданынан Жың ауданына барып, Дахиянзы мен Ашалы асуына орналасты.

***

1944-жыл, қазан айының соңғы шені.

Гоминдаң Күнес басқару мекемесінің бастығы Ло Жихұй Нылқы партизандарының Нылқы қалашығын басып алған хабарын естіп, қалашықты тастап, армия мен үкімет адамдарын бастап, Қарашаріге қашып кетті. Мыңбасы Жәйірбек Бестөбеде (қазіргі Күнес ауданының қалашығы тұрған жер) қолбасшылық штаб құрып, билікті өткізіп алды.

***

1944-жыл, қазан айының соңғы.

Құлжада құралды көтеріліс жасау шарт-жағдайының пысып-жетілгеніне қарай отырып, «Құлжа азаттық ұйымы» Әбдікерім Аббасовты Кеңес Одағынан көмек сұрауға жіберді.

***

1944-жыл, қазан айы

«Алтай төңкерістік уақыттық үкіметі» Шіңгіл ауданының Бұлғын деген жерінде құрылды. Оспан Ісламұлы үкіметтің басшысы; Дәлелхан Сүгірбаев үкімет басшысының орынбасары, қосымша әскери істер қолбасшысы; Ләтіп Мұстапаұлы, Рамазан Бөлімұлы, Молла Іслам Смайлов қатарлы он кісі жора болды. Сонымен бірге, Алтай партизандар қосыны ретке салынып, 9 үлкен атретке бөлінді.

***

02.11.1944

Нылқы партизандар қосыны гоминдаң армиясының бір батолиондық әскери күшінің қоршауында қалып, Нылқы қалашығын амалсыз тастап, Ластайға шегінді.

***

03.11.1944

Нылқы партизандар қосыны Жалынқолда Ластайға шабуыл жасап келген запас 7-дивизия 19-полк 2-батолионының бір ротасымен сегіз сағат қиян-кескі шайқас жүргізіп, гоминдаң армиясын ойсырата шығындатып шегіндірді. Партизан қосынының басшысы Әкбар ауыр жараланып, 10-күні құрбан болды.

***

04.11.1944

«Құлжа азаттық ұйымы» Кеңес Одағының Құлжада тұратын армияның негізгі әскери күшінің Нылқы ауданы өңіріне жөткеліп келген, қаланы қорғап тұрған мың бес жүзден көбірек әскер, сақшылар Іле аймақтық сақшы мекемесі, Айранбақ айродромы, Гүюаңмияу қолбасшылық штабы, сауда-өнеркәсіп серіктігі қатарлы жерлерге бытырай қоныстанған жағдайдан пайдаланып, бір жағынан қала ішінде бұқараны астыртын аттанысқа келтіру, ұйымдастыру және құралдандыру істерін істеді. Сонымен бір уақытта іш пен сырт бірлесіп, Құлжаны бір жолда алу үшін Нылқы ауданындағы Ластайға адам жіберіп, Нылқы партизандар атретін Құлжаға дереу шабуылға өтуді талап қылды.

***

04.11.1944

Любиңды, Гаууилар Жалынқол шайқасында ойсырай жеңілгендіктен, Үрімжіге шұғыл телеграмма жолдап, көмек сұрады. 

Телеграммада былай деді: «Бүлікшілердің» күші-күннен күнге күшейіп барады. Мың бес жүзден көбірек адамы, үш жүзден астам мылтығы бар. Барлығы атты әскер. Нылқы ауданына барған автомоблдер қайтқанда түгел жаралы әскер алып қайтты. Құлжа ауданының Пәнжім, Желиүз және Сүйдің ауданының Лаусаугу деген жерінде түгел жасырын ұйымдар қимыл жасайды. Іленің аудандарындағы ханзу қызметкерлер мен ханзу бұқара Құлжаға келіп алды. Құлжа қауіп астында қалды. Көмекке әскер біберуді өтінеміз.

***

05.11.1944

Құлжа көшелерінде «Халықты езіп отырған үкіметті жояйық!», «Мұсылмандар бірлесіп, қытайларды қуып шығайық!», «Дұңбилықтар* Шыңжаңнан шығып кетсін!», «Төңкеріс жеңісі жасасын!» деген мазмұндағы ұрандар мен үгіт қағаздары байқалды. Іле аймақтық сақшы мекемесі Шыңжаң өлкелік армияүкімет билеушілеріне шұғыл телеграмма жолдап: «Құлда дүрбелеңі бұрқ ете түскелі тұр, дұрбелең жасауға әзірленген қару-жарақ қалаға тасылып жатыр» деді.

——————–

Дұңбилықтар*- «18-қыркүйек» оқиғасынан кейін, шегініп Кеңес Одағына барған, Шығыс солтүстік Жапон шапқыншыларына қарсы Жаужүректер қосынындағылар. 1933-1934 –жылдары Кеңес Одағының Сибериясы арқылы топ-тобымен Шығыс Түркістанға келді. Олар Іле, Тарбағатай, Үрімжі қатарлы жерлерге орналастырылды. 

***

05.11.1944

Нылқы партизандар қосыны Мазарға шабуылға өтуді жоспарлап жатқанда, «Құлжа азаттық ұйымының» ұқтыруын тапсырып алып, бұрынғы жоспарын өзгертті. Ластайға шабуыл жасап келе қалған гоминданң әскери бөлімдеріне тосқауылдап соққы беру үшін, Мазар асуына азырақ құралды күш қалдырғаннан сырт, негізгі күшті үш жолға бөліп, гоминдаң армиясының базасынан айналып өтіп, тау жолымен Құлжаға төте тартты.

***

06.11.1944

Таң сәріде Нылқы партизандар қосынының 2-үлкен атреті Құлжа қаласының маңындағы белгіленген жерге келіп жетті. Бірақ, 1-, 3-үлкен атреттер межелі жерге дер кезінде жетіп үлгірмегендіктен, 2-үлкен атрет жеке-дара Құлжа 3-райондық сақшы мекемесіне шабуыл жасап, гоминдаң армиясының 128-дивизиясының бір батолиондық әскери күшінің 3 айрпланының қорғауында жасаған қайтарма шабуылына ұшырап, амалсыз Тұрпанюзге шегініп, 1-, 3-үлкен атреттермен қосылып, сол күні түнде Үшдарбазаға жетіп, бұйрық күтті.

***

06.11.1944

Фатей Иванович Лескин партизандар қосынын бастап, Лусагу сақшы бөлімшесіне тұтқиыл шабуыл жасап, район бастығы, сақшы бастығы, сақшылары бар ондаған адамды атып өлтіріп, Лусагуды басып алды. 53 мылтық олжа түсірді. Хабар таралысымен, партизандар қосынына қатынасуға келген адамдар толастамай, бірдемде жүз адамға жетіп, Могтнов, Лексиндер  бастаған партизандар қосыны ұйымдастырылды. Сол күні Абдікерім Аббасов Кеңес Одағының командирі Петр Романович Александровпен бірге құралды қосын бастап, Кеңес Одағынан Қорғас арқылы Құлжаға жасырын кіріп, «Құлжа азаттық ұйымымен» қосылып, әскери қолбасшылық штаб құрды. Бұған Александров жауапты болды. Мүшелері Рахымжан Сабырхажиев, Аббасов, Варсатови Михайловия Мажаров, Қасымжан Қамбарилар болды. әскери қолбасшылық штабы 7-қараша күні қала бойынша көтеріліс жасап, Нылқы партизандар қосынының Құлжаға шабуыл жасауына сәйкесуді ұйғарды.

***

07-10.11.1944

7-қараша күні таң сәріде Нылқы партизандар қосыны Құлжа қаласына шабуыл жасады. Қаладағы ұсақ ұлт бұқарасы оған жабал үн қосты. Бірнеше күнге созылған қиян-кескі шайқаста ілгерінді-кейінді Алтышар көшесі, Сұлтан көпірі, Сайбойы қатарлы жерлерді басып алды. сайбойы көпірін меңгеруге алды. қыздар орта мектебінің ғимаратын иелеп, Уәли мекемесіне және Аймақтық сақшы мекемесіне, Сауда өнеркәсіп серіктігіне баратын маңызды жолдарды өрт күшімен ұстады. Лю Биңдыны атып өлтірді. Сау Рылиң бір жақтан 19-полктің 1-баталионына уәли мекемесі, аймақтық сақшы мекемесі, сауда-өнеркәсіп серіктігі қатарлы орындарды берік қорғауға шұғыл бұйрық түсірді. Енді бір жақтан Нылқы ауданындағы 19-полктің 2-баталионын көмекке шұғыл жөткеді. Сонымен бірге, Жың ауданында, Ашалы асуында тұратын 21-полкке Құлжаға келіңдер деп шұғыл телеграмма жолдады.

9-қараша күні Жушаулияң, У Жұңшиндер мынадай ұйғарым жасады: 1). Запас 7-дивизияның командирі Ли Юшияң Құлжаға әскери істерді басқаруға жіберіледі. 2). Дыңшияңхай Құлжаға хал сұрауға жіберіледі. 3). Зо Шупиң Іле аймағының әкімшілік бақылау уәлилігіне тағайындалып, Дыңшияңхаймен бірге барып, міндет алады. 4). Сыртқы істер министрлігінің Шыңжаң өлкесінде тұратын сыртқы істер ерекше уәкілдер мекемесінің уәкілі 10- қараша күні  Зо Шупиң, Лиюшияң, Дыңшияңхайлармен бірге айрпыланға отырып, Құлжаға барып, Кеңес Одағымен арадағы депломатиялық істерге селбеседі.

Осы күні запас 7-дивизияның 21- полк командирі Жияң Шуаншуан бұйрық бойынша көмекші әскери бөлімді бастап, ұрыс жүргізеді. Запас 7-дивизия, 19- полкінің 2-батолионы Нылқы қалашығын тастап, Құлжаға көмекке барды. Бұлар Айранбақ өңірінде партизандар атретінің тосқауылына ұшырап, қалаға кіре алмады.

***

10.11.1944

Лусагу партизандар атреті Кеңсайды құрсаулап, Үрімжі-Іле тас жолын тосып тастады.

***

10.11.1944

Кеште Саурылияң Жушаулияңға телеграмма жолдап, «Құлжа оқиғасы» ақуалын мәлімдеді, әрі мынадай шешу әдістерін айтты: 1). Әскери бөлім күшін үздіксіз молайту керек. Мемлекеттен әл кеткенше шайқаспай болмайды. 2). Депломатиялық тәсілмен ымыраға келу, оны достық көмек деп атаса болады. Бірақ, Кеңестік Россияның әскер жіберуіне жол бермеу. 3). Қаладағы «Бандылар» түгелдей орыстар мен татарлар. Олар концульхананы база етіп отыр. Қару-жарақтарв түгелдей Кеңес Одағында жасалған. Бірден-бір жол жоғарыдағы екінші әдіс қана.

***

10.11.1944

Құлжа жағдайы шұғыл өзгеріп, айрпланның ұшып-қонуына сенім болмағандықтан, Зошупиң, Лиюшияң, Дыңшияңхайлар Құлжаға бару жоспарын өзгертіп, Лишаулияң мынадай жаңа ұйғарым жасады: 1). Лиюшияң бір батолионын Құлжаға көмекке жіберсін. Сонымен бірге, Дахиянзыдағы 21-полктің бір батоллионы көне Артайға (екінші бекет) барып орналасып, Үрімжі-Іле тас жолындағы қатынастың үзілмеуін қамтамасыз етутелеграмма арқылы бұйырылсын! 2). Іле аймағы бойынша әскери түс жариялансын! Сыртқы істер ерекше уәкілдер мекемесі Кеңес Одағының Құлжада тұратын концульханасына нота тапсырып, күтпеген істердің туылып қалуынан сақтану үшін олардан Құлжа маңындағы Кеңес мұғажырларын Елшілікке жинап алуын өтінсін! 3). Дөрбілжіннен бір батолион жаяу әскер Шихуға, Қобықтағы атты әскер полкі Дөрбілжінге жіберілсін!

***

10-12.11.1944

10-қараша күні таң алдында Нылқы партизандар қосыны Әскери қолбасшылық штабымен бірге Құлжа қаласындағы гоминдаң қарауылшы армиясына жаппай шабуылға өтті. Партизандар қосыны екі бағытқа бөлініп, қарауылшы армияның штабына аймақтық сақшы мекемесіне және сауда-өнеркәсіп серіктігіне түйінді шабуыл жасады. Сейіт бастаған атрет бұқараның сәйкесуінде екі сағат қиян-кескі шайқас жасап, қарауылшы армия штабын басып алды. сейіт ауыр жараланғандықтан, партизан қосынын Манапхан басқарды. 12-қараша күні Құлжа аудандық үкіметін, аудандық сақшы мекемесін және уәли мекемесін алды. Сонымен бір уақытта, Қайнам бастаған екінші бағыттағы атрет бұқараның дем беруінде аймақтық сақшы мекемесі мен сауда-өнеркәсіп серіктігін өздеріне қаратты. Гоминдаң армиясының бір батолиондық әскери күші жойылды. Екі қойманы қорғайтын гоминдаң әскери бөліміндегі ұсақ ұлт әскерлерінен 400-ден астам адам көтеріліс жасады. Сонымен Құлжа қаласы районы түгелдей партизандар қолына өтті.

Сау Рылияң қарауылшы әскерлердің қалған-құтқанын, командирлер мен әскерлердің бала-шағаларынан, Нылқы ауданынан көмекке келген мәнсаптылардан, ханзу бұқарасынан жиыны 8 мыңнан көбірек адамды бастап, қала маңындағы айродром және Айранбақ, Гұйяң бұтқаналарының биігін иелеп, көмек келуін күтті. Тек, Гу үй ғана бұйрық беріп, аймақтық сақшы мекемесінің ауласындағы түрмеде жатқан бірқыдыру ұсақ ұлт бұқарасын қырғындағаннан кейін, аз адамды ертіп, Іле өзенінен өтіп, Сұмыл ауданына қашып барды. 

***

1944-жыл, қараша айының бас шені.

  Абдірейім, Баудіндер Сүйдүң ауданының Ланган өңірінде жасырын қимыл жасады әрі Лаусагу партизандар атретімен байланыс орнатты. Осыдан соң Құлжа жақ Мұқпыл төре бастаған 20 неше адамды жіберді. Сонымен Сүйдүң партизандар қосыны құрылды.

***

11.11.1944

Жушаулияң, У Жұңшин екеуі Жияңжиешіге телеграмма жолдап, былай деді:

Қазіргі жағдайда Кеңес одағымен депломатиялық қатынасты біржолата ретке салу әдісін қолданбасақ, «Іле оқиғасы» сияқты оқиғалар толастамайды. Шыңжаң алдағы жерде мүшкіл халге кіріптар болады. Олар тағы мынадай ұсыныс қойды: Орталық үкімет Вашингтон жақтың Кеңес Одағы үкіметімен сөйлесіп, Қытай мен Кеңес шегарасының бұрынғыдай тыныш болуына мүмкіндік жасауы; Кеңес Одағы елшілігімен шындап кеңесу үшін, жайшылықта Кеңес Одағымен байланысы тәуір адамдарды дереу Шыңжаңға жіберуі керек. Сөз соңында әскер, экономикалық жақтардан Шыңжаңның күшін толықтауды да талап етті.

***

12.11.1944

«Құлжа азаттық ұйымы» ұйғыр, қазақ, қырғыз клубында жиналыс ашып, «Шығыс Түркістан Республикасы уақыттық үкіметі» құрылғандығын жариялады. 

Мемлекет туы ортасына сары Ай, жұлдыз орнатылған жасыл ту болады деп белгіледі.

Әлихан Төре, Әкімбек Қожа, Әбдіроп Мақсұм, Рахымжан Сабыр Қажиев, Мұқаметжан Мақсұм, Әбдікерім Аббасов, Қабип Бернашев, Әнуар Мұсабаев, Павел Паблович Москалев, Әбілқайыр Төре, Бука Амбал, Ғайни Иолдаш, Салжанбай Бабажан, Әбліміт Әли Халпе, Петр Романович Александров, Қайнам қатарлы 16 адам сайланып, Уақыттық үкімет комитеті ұйымдастырылды. 

Әлихан Төре үкімет төрағалығына, Әкімбек Қожа үкімет төрағасының орынбасарлығына, Әбдіроп Мақсұм Үкіметтің бас хатшылығына сайланды. 

Жиналыс Уақыттық үкіметке қарасты құрлымдарды құруға және Уақыттық үкіметтің орган газетін шығаруға кірісуді; әскери қолбасшылық штабын Уақыттық үкімет партизандар қосыны бас штабына өзгертіп, Александровты бас қолбасшы етіп тағайындап, жер-жерде соғыста жүрген барлық құралы күшке біртұтас басшылық етуді ұйғарды.

***

12.11.1944

ШТР Уақыттық үкіметі комитеті №1 қаулы мақұлдады. Басты мазмұндары мынадай: 

1). Бұрынғы Қытай үкіметінің мал-мүлкін Уақыттық үкіметтің бекітуінсіз жұмсауға болмайды. 

2). Жер-жердегі партизандар қосынының киім-кешегін, Уақыттық үкімет бекіткеннен кейін, бас штаб жауапты болып таратады. 

3). Қабип Бернашев жауапты болып Оқу-ағарту меңгермесін; Әнуар Мұсабаевке Қазына меңгермесін;  Әбілқайыр Төреге Мал шаруашылық меңгермесін; Салжанбай Бабажан жапаты болып егін, Орман, су шаруашылық мекемесін құруды ұйғарды. Әбліміт Әли Халпеге дінни әйгілі қайраткерлерден ұйымдасқан Дінни істер меңгермесін жасақтау тапсырылды. Жоғары сот мекемесін құруға  Мұқаметжан Мақсұм бекітілді.

4). Тасымал, үй, сауда, мал шаруашылық өнімдер салығы жаңа әдістер бойынша алынады. Ал, басқа салықтар ескі үкіметтің белгілемесімен атқарылады. 5). Бұрынғы Қытай үкіметі таркілеген жекелердің үйлері мен кәсіпкерлердің сауда бұйымдары өз иелеріне қайтарылады.

***

12-15.11.1944

12-қараша күні Лусаугу партизандар атреті Петей Иваннович бастаған құралды бөлімді жаңа Артай, Талқының кезеңі, Сыминтузы қатарлы жерлерге шабуыл жасауға жіберді. Гоминдаң әскери бөлімдері 13-қараша күні Сыминтузыны, 14-қараша күні Талқының кезеңін қайтарып алды. Лескин бөлімі амалсыздан жаңа Артайға шегінді. 15-қарашада Гоминдаң әскери бөлімдері жаңа Артайға шабуыл жасап, жеңілді. Броновик автомоблдері қүйретілді. Сөйтіп Сыминтузыға шегінді.

***

13.11.1944

Ужұңшин Гаубоюды Алтайдың уәлилігіне тағайындады. Оған өлкелік сақшы бастығының орынбасары Сау Тиянжумен бірге Алтайға барып, Алтай партизандарын «елдесуге» шақыру жөнінде бұйрық берді.

***

13.11.1944

Саурылияң Жужаулияңға телеграмма жолдап, Құлжа қала районының қолдан кеткенін, әскери бөлімдердің Айранбақ, Айродром, Гүюаңмияуға шегінгенін мәлімдеді. Дереу әуеден азық-түлік, оқ-дәрі, дәрі-дәрмек жеткізіп беруді; тез арада үлкен мәнсаптылар, көмекші әскери бөлім жіберуді талап етті.

***

14.11.1944

Шығыс Түркістан уақыттық үкіметі Талғат Мұсабаев, Гуаңлу, Любиңилерді Тоғызтарау ауданына барып, сол арадағы гоминдаңның армия, үкімет қызметкерлерін тізе бүгуге насихаттауға жіберді.

***

14.11.1944

Жияңжиешы Ужұңшинге телеграмма жолдап, Люзырұңды сыртқы істер министрлігінің Шыңжаңда тұратын сыртқы істер уәкілі етіп тағайындауға қосылатындығын білдірді.

***

14.11.1944

Гоминаң 29-құрамасының бас қолбасшысы, қосымша жаңа 2-армияның командирі Ли Тиежүн Құмылдан айрпланмен Үрімжіге келіп, Іленің «Бандыларды тазалау» жұмысын басқарды.

***

14.11.1944

Жу Шаулияң Үрімжіде шұғыл әскери істер мәжілісін ашып, бес бағытқа бөлініп Құлжаға көмекке баруды, Құлжаның солтүстік қала маңындағы үш орында бекініп жатқан гоминдаң әскери бөлімдерімен тізе қоса отырып, Құлжаны қайтарып алуды ұйғарды. Оған мынадай жоспар жасады: 

Бірінші бағытқа – Жаңа 45-дивизиядағы полк командирі Хууынсы әскери бөлімдерді бастап, Іле-Үрімжі тас жолын бойлап, Сыминтузығы армиямен қосылып, Сүйдіңге жорық жасау. Ары қарай Сүйдіңдегі армиямен бірге Құлжаға басып кіру міндеттелді.

Екінші бағыт – Күшейтілген атты әскер баталионы Ашалы асуына барып, ол араны қорғап тұрған әскери бөліммен бірге Құлжаға солтүстіктен шабуылдау тапсырылды.

Үшінші бағыт – Күшейтілген екі атты әскер ротасы Қарашаріден аттанып, Нарат асуынан асып, Тоғызтарауды басып өтіп, Құлжаға шығыс оңтүстіктен кіреді.

Төртінші бағыт – Күшейтілген бір атты әскер баталионы Ақсудан шығып, Мұзар асуы арқылы Мұңғұлкүрені алып, Құлжаға оңтүстіктен соқы береді.

Бесінші бағыт – күшейтілген бір баталион Арасан ауданынан шығып, Ақсу асуы арқылы Дашигуға барып, Қорғас қалашығында тұратын әскери бөліммен бірігіп, Құлжаға батыс солтүстіктен шабуылңа өтеді.

 ***

15.11.1944

Жу Шаулияң запас 7-дивизияның командирі Лиюишияңға запас 7-дивизия штабын және төте қарасты әскери бөлімді, жаңа 45-дивизияның 3-полкін (бір батолион кем) бастап, оған соғыс автомобил атреті мен екі зеңбірек қосып алып, Үрімжіден машинамен Жыңға барып, онан соң екіге бөлініп, жаяу жүріп, Дахиянзы, Ашалы асуы арқылы Құлжаға көмекке баруды ұйғарды.

***

16.11.1944

Ысқақбек Мононов және Кеңес Одағының командирі Александр (атын Ескендір деп өзгертті), Иван Григорвич Палиновтар татар, қырғыз, қазақ ұлттарын негіз еткен бір баталион атты әскерді бастап, Кеңес Одағынан Құлжаға келіп, Айранбақты қоршауға алу шайқасына қатынасты.

***

16.11.1944

8-соғыс районының қолбасы өзіне қарасты әуе армия бас пункитіне Жың ауданында айрдром салып, жаяу әскерге сәйкесіп, Ілеге көмектесіп соғыс жүргізу жөнінде бұйрық түсірді.

***

16-18.11.1944

16-қарашада Мұңғұлкүре ауданындағы Гоминдаңның армиясы мен үкімет қызметкерлері аудан қалашығын тастап, оңтүстік Шыңжаңға қашты. Бұрынғы ойрат мұғұл батолионының бастығы Ошыр Набын бұдан хабар алған соң, бір жақтан адам жіберіп, Құлжамен байланыс жасады. Енді бір жақтан жүздеп құралды адам ұйымдастырып, 18-қараша күні Шаты маңында торуылдап соққы берді. Мұңғұлкүре ауданының әкімі қатарлыларды атып өлтірді. Олардан ондаған адам қашып құтылғаннан сырт, қалғандары түгел тізе бүкті. Өздігінен ұйымдасқан бұл қарулы қосын жеңіске жеткеннен кейін, Мұңғұлкүре партизандар қосыны болып ұйымдасып, ілгерінді-кейінді  Мұзарт асуын қорғап жатқан гоминдаң армиясының екі батолионының Мұңғұлкүре ауданына жасаған үш реткі шабуылын ойрандады. Гоминдаң армиясының оңтүстік Шыңжаңнан Мұңғұлкүре ауданы арқылы Құлжаға көмектесетін жолын кесіп тастады.

***

17.11.1944

ШТР Уақыттық үкіметінің орган газеті «Азат Шығыс Түркістан газеті» мекемесі құрылды. Мекеме бастығы Қабип Бернашов болды. Газет сол күні Құлжада ұйғырша, қазақша, орысша, қытайша (қытай тіліндегісі «Ерікті Шығыс Түркістан» деген атпен) төрт тілде ресіми басылып таратылды.

***

17.11.1944

Шыңжаң өлкелік үкіметтің 71-реткі жоралар мәжілісі жер-жерде көтерілген құралды күреске әскери, саяси жақтан қатар кірісу бағытын қолданып, құралды күшпен жаныштаумен бірге, «көңіл аулау комиссиясын» құрып, шығыс, батыс, Іле, Алтай, Тарбағатай, Қарашарі – алты бағыттағы үлкен топ ұйымдастырып, «көңіл аулау» қимылын жүргізуді ұйғарды. 

Сол кезде Іле аймағының көп бөлегі азат болғандықтан, ол жаққа баратын «көіл аулау тобы» Жың, Бұратала, Арасан өңірінде ғана қимыл жасады. 

***

17.11.1944

ШТР Уақыттық үкіметінің Оқу-ағарту меңгермесі құрылды. Бастығы Қабип Бернашов, орынбасары Сайпиден Әзези болды.

***

20.11.1944

ШТР Уақыттық үкіметі құлақтандыру шығарып, былай деп көрсетті: «Қоғамда тонаушылық, ұрлық, алдамкөстік, өсек-аяң құбылыстары үнемі туылып отырғандықтан, Уақыттық үкімет әр ұлттың беделді адамдарынан ерекше Әскери сот құрып, халықтың қалыпты тұрмысына зиян салған барлық делоларды қарауға және бұзақыларды жазалауға жауапты болады».

***

20.11.1944

ШТР Уақыттық үкіметі партизандар қосыны бас штабы Ердеге бір партизандар атретін бастап Құлжадан шығып, Шиңшұихызы арқылы Бұратала ауданына баруды ұйғарды. Онда гоминдаң үстемдігіне қарсы үгіт қимылын жүргізуді; жерлік халықты партизандар қосынына қатынасуға, қосын күшін молайтуға көмектесуге шақыруды тапсырды. 

***

1944-жыл, қараша айының орта шені.

Патих Мүсілімов, Мәнсұр Ломийовты Кәрім Ажымен бірге Сүйдің, Шиңшұихызы, Лусаугу, Мушұйтайзы өңірлеріндегі хұйзу (дүңген) ұлты жиі қоныстанған қыстақтарға барып, үгіт жүргізіп, аттанықа келтіріп, 50-ден аса адамы бар хұйзу партизандар атретін ұйымдастыруға жіберді.

***

1944-жыл, қараша айының орта шені.

ШТР Уақыттық үкіметі партизандар қосыны бас штабы Лусаугуден бөлімше штаб құруды, әрі Құлжадан бір паризандар үлкен атретін шығарып, оны Лусаугу партизандар атретімен, Сүйдің партизандар атретімен, хұйзу (Дүңген) партизандар атретімен қосып, төрт үлкен атрет етіп құруды ұйғарды. Бір үлкен атретке 400-ден адам беріліп, Қорғас қалашығы, Сүйдің қалашығы, Күре қатарлы жерлердегі гоминдаң қарауылшы армиясын жеке-жеке қоршап жою тапсырылды.

***

1944-жыл, қараша айының орта шені. 

ШТР Уақыттық үкіметі шешім шығарып, Құлда аудандық үкіметті құрып, оны басқаруға Типахұнды қойды. 

***

1944-жыл, қараша айының орта шені.

Мұңғұлкүре ауданын партизандар қосыны меңгеруіне алған хабар Текес ауданына таралған соң, ондағы жерлік малшылар өз еріктерімен жабал үн қосты. Гоминдаңның Текес ауданындағы әкімі Сау Яңсу әскерлер мен үкімет қызметкерлерін бастап, қалашықты тастап, Тоғызтарау ауданына қашып барды.

***

1944-жыл, қараша айының орта шені.

Гоминдаңның Сұмыл ауданындағы әскери, әкімшілік күштері Сұмыл қалашығын (қазіргі Алтынбұлақ қалашығы)  иелеп жатқандықтан, ШТР Уақыттық үкіметі Лунюгуда (Шапшал сібе автономиялы ауданының қалашығы) Сұмыл аудандық үкіметін құруды ұйғарды. Басқаруға Шаң дышанды тағайындады.

***

1944-жыл, қараша айының орта шені. 

ШТР Уақыттық үкіметі шешім шығарып, Нылқы аудандық үкіметті құрып, оны басқаруға Патих  Мүсілімовты қойды. 

***

19-20.11.1944

19-қараша күні Могітнов Лусаугу паризандар атретіндегі 400-ден астам адамды бастап, Қорғас қалашығын қоршауға алды. 20-қараша күні таңсәріде қалашыққа шабуылға өтіп, төрт саған қиян-кескі шайқас жүргізді. Қарауылшы әскердің 300-дей адамын бір-ақ жойып, аудан қалашығын басып алды. іле-шала үш бағытқа бөлініп, бірінші бағыттағылар Кеңсайды қорғап жатқан партизандар атретіне көмекке барды. Екінші бағыттағылар Құлжаға барып, Айродромды қоршауға алу шайқасына қатынасты. Соңғы бағыттағыларды Могітнов бастап, Сүйдің қалашығын қоршап шабуылдау соғысына қосылды.

***

22.11.1944

ШТР Уақыттық үкіметі шешім шығарып, Текес аудандық үкіметті құрып, оны басқаруға Тоққожаны тағайындады.

***

22.11.1944

Жушаулияң жаңа 45-дивизияның командирі ШиеиФыңға Тұрпан ауданындағы (Тұрпан қаласындағы) екі полкті бастап Жың ауданына барып, Құлжаға көмекке баруды күтіп тұруға бұйырды.

***

22.11.1944

Қорғас қалашығын партизандар қосыны басып алғанын, Құлжа айродромы партизандардың қат-қабат қоршауында қалғанын естігеннен кейін, Жушаулияң Дудыфуды Құлжаға қоса жіберіп, Құлжадағы қарауылшы әскерлерге қолбасшылықты күшейтуді белгіледі.  Жушаулияңның оған тапсырған міндеті – қоршаудағы әскери бөлімдерді қайта реттеп, Айранбақты, Айродромды, Гүюаңмияуды мықты қорғап, көмекші әскерлер барғаннан кейін, Құлжа қаласы районын қайтарып алу еді. әрі әуе арқылы әскери бұйымдарды үзбей жеткізіп тұруға уәде берді. 

Дудыфу жан-жағынан қоршауда қалған Құлжа  айродромына сол күні жетіп барды.

***

23.11.1944

Дудыфу Айродромда әскери істер мәжілісін ашып, өзі қолбасшы, Саурылиң орынбасары болған бірлескен қолбасшылық штаб құрды. Лишиға бір батолион әскери күшті басқарып, Құлжа айродромын; Пыңжүниеге үш батолион әсер күшпен Айранбақты; Жиаңшуанчуанға бір батолион, бір рота әскери қосынмен Гүюаңмияуды берік қорғауды бұйырды.

***

24.11.1944

Әлихан Төре Кеңестік Қазақстан Республикасы үкіметіне хат жазып, көмекке қару-жарақ, оқ-дәрі шешім етуді талап етті. Хатта оның бодауына ШТР Уақыттық үкіметі халықтың жылуға атаған нәрселерін немесе мал беріледі делінген.

***

25.11.1944

Жяңжиеші Ужұңшин ме Жушаулияңға хат жазып, әскери істерді орналастыруда мынадай нұсқаулар берді:

1). Құлжа төңірегіндегі әскери күшті топтай отырып,  белсене шабуыл жасап, Құлжаны және басқа жерлерді кешіктірмей алу керек. Алуға шама жетпесе, тіресудің ұзақ уақыттық жоспарын жасау тиіс. Өзге бір мемлекет араласса, одан олаңдамау керек. 

2). Құлжаға жіберілген әскери бөлімдерден басқа әскери күштерді бұрынғы жоба бойынша орналастырып, Үрімжіден Юимінге дейінгі шығыс үлкен жолдың қорғанысын күшейту; оңтүстік Шыңжаң мен солтүстік Шыңжаңдағы маңызды жерлерді берік қорғап, «бандықық дерттің» басқа жерлерге таралуынан қатаң сақтану керек.

3). Кеңес Одағымен депломатиялық істерді сол жердің өзінде істеу, жылт еткен үміт бола қалса, экономикалық істестік жағында мүмкіндігінше жол беру арқылы територия мен иелік ұқықты қорғап қалу керек.

4). Шыңжаңның жер-жерін барлық саяси және әскери тәсілдермен берік игеру керек. Үрімжінің маңындағы бекіністі, өте-мөте бұрынғы айырплан римонттау заводты мен айыродромды қорғау жұмысына тез кірісу керек!

***

26.11.1944

Талғат Мұсабаев, Гуаңлу және Любиңилер Тоғызтарау ауданына барғанда, Тоғызтарау ауданының әкімі Шижүн, Тоғызтарау ауданына қашып барған Текес ауданының әкімі Сауяңсулар осы екі ауданның әскерлері мен үкімет қызметкерлерімен қалашықты тастап, шығысқа қашты.

***

27.11.1944 

ШТР Уақыттық үкіметі шешім шығарып, Мұғұлкүре аудандық үкіметті құрып, оны басқаруға Сайдолла Мақсұмды тағайындады.

***

1944-жыл, қараша айының аяқ шені. 

ШТР Уақыттық үкіметінің ұсынысы бойынша, Владимир Козлов және  Владимир Стефанович бастаған Кеңес Одағының екі ақылшылар үйірмесі Құлжаға келді.

***

1944-жыл, қараша айының аяқ шені. 

Гаууи мен Сұмыл ауданының әкімі Дұңжияншю Сұмыл ауданындағы Гоминдаң әскерлері мен үкімет қызметкерлерімен бірге аудан қалашығын тастап, Іле өзенінен өтіп, Сүйдің ауданының Күре жамбылына қашып барды.

***

1944-жыл, қараша айының аяқ шені. 

ШТР Уақыттық үкіметі шешім шығарып, Күнес аудандық үкіметті құрып, оны басқаруға Жәйірбекті тағайындады.

***

1944-жыл, қараша айының аяқ шені.

Жушаулияң жұрт көңілін орнықтыру, қауыпты жағдайдан құтылу, Үрімжіні сақтап қалу үшін 29-құрмамның әскери күшін батысқа бір-ақ көшіру жөнінде бұйрық берді. Нақтылы орналастыуы мынадай:

1). Жаңа 2-корпустың штабын Үрімжіден батысқа – Шихуға көшіру, 29-құраманың штабын Құмылдан батысқа – Үрімжіге жөткеу, 42-Корпустың штабын Жюшуаннан батысқа – Құмылға апару.

2). Ууиды қорғап тұрған уақыттық 56-дивизияның полкін Шыңжаңға әкеліп, Үрімжіге көмекті күшейту.

***

29.11.1944 

Люишияң әскери бөлімді бастап, Жың ауданына келді. Кеңсайдан Іле өзені аңғарына жорық жасап, Құлжаға кіру жөнінде әскери істер соғыс жоспарын жасады. Іле уәлиі Зошупиң онымен бірге келіп, Іле аймақтық уәли мекемесін Жың ауданында құрып, «Көңіл аулау» қызметін істеді.

***

1944-жыл, қараша айының соңы.

Құлжа айродромын қоршап тұрған партизандар қосыны айродромның сымсыз радио стансиянсасын басып алып, айродромды минамотпен атқылады. Осыдан бастап гоминдаң айропланы ұшып-қона алмай қалды да, әуе тасымалын әуеден керек-жарақ тастауға өзгертті. Алайда партизандар қоршауды барған сайын тарайтып, аспанды оқпен торлап отырғандықтан, биіктен тасталған заттың оннан сегіз-тоғыз бөлегі партизандар базасына түсіп отырды.

***

1944-жыл, қараша айы.

ШТР Уақыттық үкіметінің Ішкі істер меңгермесі құрылды. Бастығы Әбдікерім Аббасов болды.

***

1944-жыл, қараша айы.

ШТР Уақыттық үкіметі шешім шығарып, Қорғас аудандық үкіметті құрып, оны басқаруға Мәмет Ажыны тағайындады.

***

01-15.12.1944 

1-желтоқсан күні Люишияң «Кеңсайдан Іле өзені аңғарына жорық жасап, Құлжаға кіру» соғыс жоспарын атқаруға кірісті. Сәнтайдан жіберген әскери бөлімдер жаңа Артайға шабуыл жасағанда жеңіліске ұшырады.

3-желтоқсан күні Люишияң запас 7-дивизия командирінің орынбасары Хушыңяңды, Жаңа 45-дивизия 3-полкінің командирі Хууынсыны Сыминтузға барып, алдыңғы шеп қолбасшылық орнын құруға жіберді.

4-желтоқсан күні Люишияң Сыминтузға өзі барып, соғысты бақылады.

6- желтоқсан күні Жаңа Артайға тағы шабуыл жасады. Екі жақ төрт күн сұрапыл соғыс жүргізді. Партизандар қосыны қайсарлықпен тосқауылдап соққы берді.

9-желтоқсан күні Жаужүректер атретін ұйымдастырып, екі айропланның қорғауында Жаңа Артайды екпіндете соққыласа да, өнімі болмады. Алай-дүлей қарлы боран соғып, температура отыз градусқа төмендегендіктен, оның үстіне әскери бөлім ауыр шығындалғандықтан, амалсыз шегініп, Сыминтузға қайтып келді.

15-желтоқсан күні запас 7-дивизияалдыңғы шеп қолбасшылық орны Дахиянзыға шегінді. Сонымен, «Кеңсайдан Іле өзені аңғарына жорық жасап, Құлжаға кіру жөніндегі жасалған» жарым айлық әскери істер соғыс жоспары жеңіліспен тынды.

***

03-25.12.1944

3-желтоқсан күні Могннов партизандар үлкен атреті, Мәнсұр Ломийонов партизандар үлкен атреті Сүйдің қалашығына шабуыл жасады. Ондағы гоминдаң әскери бөлімдері қатты қарсыласқандықтан, ұрыс ұзаққа созылды. 

25-желтоқсан күні ұсыныс бойынша келген Кеңес Одағы құрлыс әскерлер бөлімінің селбесуінде, қорғанды қопарғыш дәрімен талқандап, бүкіл қалашықты алды. гоминдаң армиясының 50 ротасын жойды. Аудан әкімі мен орынбасарын тұтқындады. Қалашықтағы қытай бұқарасынан көп адам өлді және жараланды.

Паризандар атреті Сүйдің қалашығын алғаннан кейін екі бағытқа бөлінді. Бірінші бағыттағылар Артайға барып, қорғаныс қуатын күшейтті. Екінші бағыттағылары Күре жамбылын қоршау шайқасына қатынасты.

***

04.12.1944 

 ШТР Уақыттық үкіметі хабарландыру шығарып, бұқараның қолындағы Шыңжаң өлкесінің қағаз ақшасы мен фаби ақшаны Уақыттық үкімет танитындығын және қорғайтындығын, ақша құнының өзгермейтіндігін; ақшаны құнсыздандырып, бағаны қымбаттатушылардың бұқараның экономикалық мүддесіне зиян жеткізді деп қаралып, жазаланатындығын жариялады.

***

1944-жыл, желтоқсан айының басы. 

Әбілмит Хажиев Шәуешектегі «Азаттық үшін күрес» ұйымының біріспыра мүшелерін бастап Кеңес Одағына барды. Абыла Рамазановтың көмектесуінде, Тарбағатай аймағындағы жасырын қимылға басшылық ету үшін Қарабаста қолбасшылық штаб құрды.

***

1944-жыл, желтоқсан айының басы. 

Хыжың ауданының Байынбұлақ сахарасындағы мұңғұл Шияңзыды Нылқы ауданына келіп, Патих Мұсилімовқа жағдайдан мәлімет берді. Ол қайтарында бірқыдыру қару-жарақ, оқ-дәрі алып барып, Байынбұлақ партизандар қосынын құрды. Сөйтіп, гоминдаң әскери бөлімдерінің Қарашәріден Ілеге көмекке келетін жолын кесіп тастады.

***

07.12.1944 

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоғары сөт мекемесі құрылып, Мұқаметжан Мақсұм сот бастығыболды. 

***

12.12.1944 

Дудыфу Жушаулияңға телграмма арқылы, «бірнеше күннен бері партизандар қосыны минамотпен, ауыр-жеңіл пилимоттармен Айранбақ, Айродром, Гүюаңмияу бекіністерін толассыз атқылауда. Күніне мыңнан астам мина жарады. Бекіністер, үйлер негізінен күйреді. Әскери бөлімдердің оқ-дәрі, азық-түлігі таусылуға айналды. Ат-көлікті сойып жей бастадық» – деп мәлімдеді.

***

15.12.1944 

Дәлелхан Сүгірбаев Алтай партизандар қосынының мүшелері мен әр ұлт бұқарасы қатынасқан жиналыста Іле аймағындағы гоминдаң кертартпа үстемдігіне қарсы құралды күрестің жеңіске жеткендігін хабарлады.

***

18-20.12.1944

Ерде паризандар атреті ШТР Уақыттық үкіметінің партизандар қосыны бас штабы жіберген Қайнам бастаған құралды бөліммен бірігіп, Арасан қалашығын қоршауға алды. қалашықтағы ұсақ ұлт бұқарасының сәйкесуінде, екі күн шайқасып, 20-желтоқсан күні аудан қалашығын алды. Бука Амбаны Арасан ауданына уақытша жауапты етіп тағайындады. Бұл жолға соғыста жау армиясынан 70-тей адам жойылды. Арасан ауданының әкімі Уаңбиңшияң қолға түсті.

***

20.12.1944 

Люзырұң Кеңес Одағынан Үрімжіге келіп, Гоминдаң үкіметі Сыртқы істер министрлігінің Шыңжаң өлкесінде тұратын сыртқы істер ерекше уәкілі болды.

***

26-30.12.1944

26-желтоқсан күні Лиюишияң Жушаулияңның Құлжаға көмек беру жөніндегі жаңа жобасы бойынша, соғыстық орналастыруын өзгертті. Құлжаға көмек беру соғысында Жың ауданының оңтүстігіндегі Ашалы асуын бұзып өтіп, Ілеге басып кіруді түйін етті.

28-желтоқсан күні үш роталық әскери күшті Ашалы асуы мен Дахиянзыдан Құсемшекке қарай шабуыл жасауға жіберді. Олар бес күнге созылған қиян-кескі соғыс арқылы Құсемшекті басып алды. Ашалы асуының солтүстігіндегі асуға шегінген партизандар қосынының қайсарлықпен тосқауылдап соққы беруіне тап болып, гоминдаң әскери бөлімдерінің Құлжаға көмекке бару қарқыны баяулады.

***

26-31.12.1944

ШТР Уақыттық үкіметінің партизандар қосыны бас штабы Ысқақбек Мононовқа Сүйдің қалашығын алуға қатынасқан партизандардың бір бөлігін бастап, 26-желтоқсан күні бір айдан астам қоршауда қалған Күреге төте кіруді бұйырды.

29-желтоқсан күні Ысқақбек Мононов Күре жамбылындағы әскерлерге тізе бүгу бұйрығын түсірді. Ондағы әскерлердің оқ-дәрі, азық-түлігі азайып, салындысы суға кеткендіктен, Іле аймақтық сақшы мекемесінің бастығы Гаууи, жаралы әскерлерді сауықтыру орталығының бастығы Гоиңхұй, Гүре саудагерлер қоғамының бастығы Гаушинулар қарауылшы әскерлердің уәкілі болып, жамбылдан шығып, партизандар қосынымен келіссөз өткізді. Екі жақ ақылдасып, мыналарды белгіледі:

1). Ендігары қарулы қақтығыс жасалмайды.

2). Құрал-жарақты тықпай, бүлдірмей, жоғалтып жібермей, жиып алып, партизандар қосынына тапсырады.

3). Екі жақ уәдесіне опа қылады. Бұқараның өмірі мен мал- мүлкінің амандығына кепілдік етіледі. 

4). Шынзылияң бастаған мәнсаптылардың бас амандығы сақталады. Тұтқынға алынбайды. Сұраққа тартылмайды.

5). Гоминдаң командирлері мен әскерлерінің талабы бойынша орналастыру жасалады.

6). Жоғарыдағы тармақтарға қайшылық жасап, тоңмойындықпен қарсыласқандар қатаң жазаланады. 

Келіссөз уәкілдері жамбылға қайтып барғаннан кейін, амандықты қорғау әскери 4-полкінің командирі Шынзылияң және 1-ротадағы әскерлер тізе бүгуден бас тартты. 

31- желтоқсан күні партизандар қосыны сұрапыл шабуыл жасап, амандықты қорғау атты 4-полкіне төте қарасты бөлімдер, 2 атты әскер ротасы   және сақшылардан құралған жүздеген адам жойылды. Гаууи мен Шынзылияң өздеріне-өздері қолжұмсап өлді. Күре жамбылы алынды. 

Сұмыл ауданының әкімі Дұңжианшю қатарлылар Сұмыл ауданына қашып бара жатқан жолында ШТР Уақыттық үкіметі жіберген партизандар қосыны жағынан түгелдей тұтқынға түсті.

***

28-30.12.1944 

Лиюишияң Хушыңяңды Бұраталаға барып, Бұратала, Арасан жақтардағы соғысқа біртұтас қолбасшылық етуге жіберді. Хушыңяң 30- желтоқсан күні Бұраталаға барған соң, сол арадағы әскери күшті дереу Бұратала қалашығының маңызды жерлерін қорғауға орналастырды. Сонымен бірге, Лиюишияңнан біреуі Бұраталаны қорғайтын, біреуі Арасан ауданына шабуыл жасайтын екі батолион әскери күш жіберуді талап қылды.

***

31.12.1944 

Таңғы сағат сегізде Жушаулияң Үрімжіден айрпланмен Құлжаға әуе кеңістігіне келіп, Жияңжиешы атынан Дудыфуды және барлық командирлер мен әскерлерді жігерлендірді. Жүз бумадай оқ-дәрі, азық-түлік тастап берді.

Дудыфу өлсек те міндетті орындаймыз деді.

Партизандар қосыны айрпланды зеңбірекпен атып зақымдағандықтан, Жушаулияң масқара болып, Үрімжіге қайтып кетті.

***

31.12.1944 

Ужұңшин Тарбағатай аймағының уәлиі болып баратын Пыңрұңды шақырып алып, оған өз қолымен жазылған төрт парша хат берді. Оларды Тарбағатай аймағын қорғап тұрған гоминдаң әскери бөлімдерінің жауаптыларына беруді тапсырды. Хатта олардан әскеи сақтықты күшейтіп, Тарбағатай аймағын қорғауды талап еткен.

***

1944-жыл, желтоқсан айы.

Әлихан Төре талай реткі бұқаралық жиналыста сөз сөйлеп, «Шыңжаң Қытай териториясының айырылмас бір бөлегі» дейтін көзқарасты сандырақ деп, «Біздің Отанымыз – Шығыс Түркістан» дегенді дәріптеді.

***

1944-жыл, желтоқсан айы.

ШТР Уақыттық үкіметінің Үгіт бөлімі құрылып, бастығы Әбдікерім Аббасов болды.

***

1944-жыл, желтоқсан айы.

ШТР Уақыттық үкіметі ұйғыр, өзбек, қытай ұлттарының «Ұлттық мәдениетті ілгерлету» қоғамдарын және олардың мал-мүлкін өткізіп алуды ұйғарды. Аудандық оқу-ағарту мекемелері аудан дәрежелі «Ұлттық мәдениетті ілгерлету» қоғамдарын және олардың мал-мүлкін өткізіп алсын деп бұйрық түсірді. 

***

1944-жыл, желтоқсан айы.

Ең жоғары Дінни сот Құлжада құрылды. Зарыпқали Ажы сот бастығы болды. әр ауданда Дінни сот арт-артынан құрылды.

***

1944-жыл, желтоқсан айы.

ШТР Уақыттық үкіметі Кеңес Одағының әр саладағы мамандарынан бір тобын меңгермелерде ақылшы болуға ұсыныс етті. 

Олардан Мұқсын Уақыттық үкіметтің, Громинкин Қазына меңгермесінің, Әли Ішкі істер меңгермесінің, Сүлеймен Розиев Жоғары соттың, Абылаев (кейін Ғалым Құдайберді, Марсаевтер болды) Оқу-ағарту меңгермесінің, Жапар Дамолла Дін істер меңгермесінің, Омар Егін-орман-мал-су шаруашылығы меңгермесінің ақылшысы болды.

(1945-ЖЫЛ)

***

01.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметі Денсаулық сақтау меңгермесі құрылды. Қасымжан Қамбарбай оның бастығы болды.

***

01.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметі Ерекше әскери соты Күреге шабуыл жасап кіргеннен кейін, бейкүна қытай бұқарасынан бірталайын өлтірген Лафусаңды өлім жазасына үкім етті.

***

02-05.01.1945

2-қаңтар күні гоминдаңның шонжарлары Шаулизы мен Сұнкы Ужұңшин, Жушаулияңдарға бірлесіп телеграмма жолдап, Қытай-Кеңес Мәдениет қоғамының Шыңжаң бөлімшесін алдымен қалпына келтіруді Шыңжаңдағы жерлік билеушілердің Кеңес Одағымен жарасуының шарасы етуді ұсыныс етті. 

5-қаңтар күні бұл қоғамның Үрімжіде іс-қимылы қалпына келтірілді.

***

05.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің 4-реткі жоралар мәжілісі мынадай Үкімет қаулысын мақұлдады:

1). Шығыс Түркістан териториясынан Қытайдың дара билік үстемдігін түп-тамырымен жою.

2). Шығыс Түркістан териториясындағы әр ұлт халқының терезесі тең болу негізінде шынайы еркіндікке, дербестікке ие мемлект құру.

3). Шығыс Түркістанның экономикасын жан-жақты дамыту үшін, алдымен өнеркәсіпті; егін, мал шаруашылығын және жекелік сауданы дамыту. Сол арқылы халықтың тұрмыстық өресін жоғарлату.

4). Шығыс Түркістандағы халықтың басым көбі ислам дініне сенетіндіктен, осы дінді ерекше дәріптеу керек. Сонымен бірге, басқа дінге де еркіндік беру және оны қорғау. 

5). Мәдениет, оқу-ағарту және денсаулық сақтау істерін дамыту.

6). Дүние жүзіндегі демократиялы елдермен, өте-мөте Шығыс Түркістанға көрші Кеңес Одағымен қарым-қатынас орнату. Саяси, экономикалық жақтан Қытай үкіметімен байланысты да ілгерлету.

7). Шығыс Түркістанның бейбітшілігін қорғау үшін, әр ұлт халқының құдіретті әскери қосынын ұйымдастыру.

8). Банк, почта, телефон, телеграмма, орман және барлық жер асты байлықты мемлекет иелігіне алу.

9). Мемлекет қызметкерлері арасында өзімшілдік, төрешілдік, ұлтшылдық және жемқорлық сынды нашар стилдерді жою.

***

05.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметі Кеңес Одағымен сауда жасауды, мал және басқа да заттарды экспорт етуді, ішкі-сыртқы саудадан салық алуды ұйғарды. Қазына меңгермесі жауапты болып, салық алу көлемін, мөлшерін, әдісін белгілеуі керек деп тапсырды.

***

05.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметі Қазына меңгермесі ресіми жұмысқа кірісті. Меңгерме бастығы Әнуар Мұсабаев, орынбасарлары Патих Аллажар, Оспан Кеуіровтар болды.

Қазына меңгермесінің қармағында кеңсе; Қазына финанс мекемесі (Мемлекттік бәнке қамтылады); Әскери артқы шеп қамдау мекемесі; Салық істері бас мекемесі; Мемлекет мал-мүлкін санаққа алу, басқару мекемесі; Егін, орман, мал, су шаруашылығы мекемесі, Сауда-өнеркәсіп мекемесі, Почта-телеграф, қатынас-тасымал мекемесі қатарлы құрлымдар болады.

***

05.01.1945

Ужұңшин өлкелік үкімет жораларының 77-реткі мәжілісін ашып, Әленді Алтай аймағы уәлиінің орынбасары, Мұқашты Сарсүмбе ауданының уақыттық әкімі, Қатшаны Шіңгіл ауданының уақыттық әкімі, Көкенай Дабыны Жеменей ауданының әкімінің орынбасары, Бәди Мақашбай тәйжіні Қаба ауданы әкімінің орынбасары етіп тағайындап, Алтайдағы ұсақ ұлт бұқарасының құралды күресін ыдыратпақ болды.

***

06.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Қазына меңгермесі мынадай шешім шығарды:

1). Салық істер мекемесі 10-қаңтардан бастап, іске кіріссін! Аудандарда Салық істер мекемелері дереу құрылсын! Лайықты орындарда район дәрежелі Салық істер бөлімшелері құрылсын!

2). Жаңа салық ережелері жасалғанға дейін, бұрынғы Қытай үкіметінің салық алу әдісі бойынша салық алынсын!

3). Әр күнгі салық кірісі сол күні мемлекет банкіне тапсырылатын болсын!

***

07.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №5 қаулы қабылдап, ШТР Уақыттық үкіметінің Әскери істер меңгермесін құруды, Әскери істер меңгермесінің ұйымдастыру, әскери түзім жобаларын жасауды Петр Романович Александровқа тапсырды.

***

07.01.1945

 Ужұңшин мен Жушаулияң Жяңжиешіге телеграмма жолдап: «Шыңжаң Әскери істері қиын кезеңге жетті. Мұндағы жеңу-жеңілу – артқы шеп қамдауына және Кеңес Одағымен болатын депломатияға байланысты болып отыр» – деді.

Жяңжиеші дереу Гоминдаң үкіметі орталық Әскери істер комитеті артқы шеп қамдау бөлімінің бастығы Юифипыңға Батыс солтүстік тасжол мекемесінің бастығы Хыжыңуды, Қазына министрлігі Ақша мекемесінің бастығы Даймыңлиды, Шыңжаң өлкелік Қазына меңгермесінің жаңа тағайындалған бастығы Луиұюынды, 8-соғыс районы әскери пунктының бас бақылаушысы Банфуды бастап Шыңжаңға барып, астықпен қамдау, әскери керек-жарақ жөткеу, қатынас құралы қатарлы артқы шеп қамдау мәселелерін шешуге кірісуді тапсырды.

***

08.01.1945

1-реткі Құлжаға әскери көмек беру соғысында жеңіліске ұшырағаннан кейін, Жушаулияң Литиежүнді Үрімжіден Жыңға барып, Құлжаға көмектесу соғысына қолбасшылық етуге жіберді. Литиежүн сол күні Жыңға барысымен, Жаңа 45-дивизия 3-полкінің командирі Хууынсы, запас 7-дивизия 19-полкі командирінің орынбасары Фанюрын, 29-тасымал басқармасының бастығы Зыңшысұн, Әуе армия атретінің бастығы Шұйянмолардан ұйымдасқан Жаңа 2-армия алдыңғы шеп қолбасшылық орнын құрды. Ол арнаулы айропланмен Құлжа кеңістігіне барып, Жяңжиешының «Сталинграт ұрыхынан да асып түсетін рухпен соңына дейін берік тұрыңдар!» деген телеграмма бұйрығын Айродром қатарлы базаларда бекініп жатқан гоминдаң әскери бөлімдеріне жеткізді.

***

09.01.1945

Жушаулияңның Құлжаға көмек беру әскери жобасына сай, Литиежүн Дахиянзыда мынадай соғыс бұйрығын жариялады:

1). Жалпы беттік шабуыл осы айдың 11-күні басталады.

2). Шиеифың Дахиянзы маңына топталған әскери бөлімдерді бастап, Көгершін асуы арқылы Құлжаға жорық жасайды. Тағы бір бөлім Турасуға соғыс ашады.

3). Фанюрын әскери бөлімді бастап, Ашалы асуынан асып, Құлжаға бағыт алады.

4). Лиюишияң жауапты болып, Жыңның батысындағы жерлерді және тас жолды қорғайды. Сонда-ақ, Арасан, Бұратала аудандарында «аластау» жүргізеді. 

5). Хууынсы партизандар қосынының әскери күшін мұрындықтай түсу үшін жаңа Артайға шабуылдағансиды.

6). Жалпы шабуыл кезінде әуе армиясы құрлық әскерге сәйкесіп, әрбір айроплан күніне бірнеше рет ұшады.

***

09.01.1945

Ужұңшин Алтайдың уәлиі Гаубоюиді шақырып алып, оған Алтайды құлшына орнықтыруды, Алтай аймағында тұратын армия командирлеріне мемлекет қорғанысын нығайтып, отан териториясын қорғау жөнінде құлшыну керек екенін жеткізуді талап етті.

***

11.01.1945

АҚШ-тың Үрімжіде тұратын консулы Уаррит Ужұңшинге Алтайдың уәлиі амандаса барып, АҚШ-тың газет-журналдарында жариялап, бүкіл дүние жүзінің назарын аудару үшін «Құлжа оқиғасының» жағдайын егжей-тегжейлі білгісі келетінін білдірді.

***

11-16.01.1945

11-қаңтар күні Лиюишияң Ашалы асуындағы әскери күшін күшейтумен бірге, тағы бір батолион әскери күшін Бұраталаға орналасып, Арасанға жорық жасауға жіберді. 12-қаңтар және 16-қаңтар күндері ілгерінді-кейін Шияуиңпанды, Лаушаупаңды (жер аттары) басып алып, Қарабұхыда Ерден партизандар қосынумен тіресті.

***

11-19.01.1945

Гоминдаң армиясы Құлжаға әскери көмек берудің жаңа соғыс қимылын бастады.

Партизандардың әскери күшін айналдыра түсу үшін, алдымен Сыминтузы мен Сантайдағы әскери бөлімдер зеңбірекші бөлімдердің күндіз-түні атқылап сәйкесуінде жаңа Артайға жалған шабуыл жасады.

Ханюрын бастаған әскери бөлімдер Ашалы асуынан шығып, терістік қарлы асуға жорық жасап, 12-қаңтар күні терістік қарлы асуын басып алды. олар партизандар атретінің тосқауылдап соққы беруіне ұшырағандықтан, 18-күні оңтүстік қарлы асуды әрең басып алып, 19-қаңтар күні Мазар сайына кірді. Сонымен бір уақытта, Шиеифың бастаған әскери бөлім Көгершін асуына шабуыл жасап, 12-қаңтар асуды басып алды. 

16-қаңтар күні Турасудың оңтүстігін басып алды. 16-қаңтар күні Шиеифың бөлімдері Білікшінің маңына жетіп, Құлжа айродромына небары 20км қалды.

***

12.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №6 қаулы қабылдап, ШТР Уақыттық үкіметінің Әскери істер меңгермесін бекітті. Петр Романович Александровты меңгерме бастығы етіп тағайындады. 

Тұрақты армия құруды, әскери шен түзімін жолға қоюды да ұйғарды. әскери шен – жай әскер, орта командир, аға командир, жоғары дәрежелі командир деп төрт дәрежеге бөлінді. Пагон мен киім Кеңес Одағы армиясыныкіне ұқсатылды. Пагондар көк, қызыл, ақ түспен жиектеліп, атты, жаяу, зеңбірекші әскерлерді сол арқылы парықтайтын болды.

***

12.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Қазына меңгермесі №3 бұйрығын жариялап, Почта-телеграф, Қатынас-тасымал мекемелерінің тез арада Құлжа, Сүйдің, Қорғас, Нылқы, Тоғызтарау, Текес, Моңғұлкүре, Күнес, Сұмыл қалашықтарында қызмет өтеу құрлымын құрып, Құлжа мен аудандар арасындағы Телефон арқылы хабарласуды қалпына келтіруді ұйғарды. Сонымен бірге, телеграмма, жай хат, заказ хат, ақша перевод, бес келеге дейінгі посолканы почта арқылы жіберу кәсіптерін жолға қоюды белгіледі.

***

14-19.01.1945

14-қаңтар күні партизандар қосыны қақаған қатты суыққа қарамай, трактордың сыртын болатпен қаптап, ішіне плимот орнатып алып, Айранбақ қатарлы үш бекіністі күндіз-түні атқылап, ондағы гоминдаң армиясын гоминдаңның көмекші әскерлері келуден бұрын тып-типыл жойып жібермекші болды. 

17-қаңтардан бастап,  ШТР Уақыттық үкіметі бұқараны толассыз аттанысқа келтіріп, Ашалы асуы мен Пәнжім өңіріне жіберді. Олар партизандар қосынымен бірге Шиеифың бастаған көмекке келетін армияның негізгі күшін Білікші сайында қоршап алып, минометтен оқ жаудырды.

19-қаңтар күні Шиеифың бөлімдері жарымынан астамы шығындалғандықтан, шегінуге мәжбүр болды. Мазар сайына жорық жасаған батыс бөлімше әскери бөлім – Панюрын бөлімі соққыдан тоз-тоз болды. Партизандар қосыны оларды қуа соққылап, Турасуға дейін қуып барып, Көгершін асуынан асырып тастады. Гоминдаң армиясының Құлжаға көмек беру соғысы біржолата жеңіліске ұшырады.

Бұл жолы гоминдаң армиясынан бір мың үш жүздей адам өлді және жараланды. 160 шамалы описер қолға түсті. Партизандар қосыны 3 минмет, 20-дай ауыр-жеңіл пұлемет,, 700 дей мылтық олжа түсірді.

***

16.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №8 қаулы мақұлдап, мынадай ұйғарым жасады: 

1). Оқу-ағарту меңгермесіне қарасты мәдени мұралар басқармасын құрып, шегара ішіндегі мәдени мұралар мен ежелгі ескерткіштерді қорғауға жауаптандыру тиіс.

2). Бас ауырухана, Бас дәріхана, Денсаулық сақтау комитетін құру керек.

***

16.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі шешім жасап, Тоғызтарау аудандық үкіметті ұйымдастырып, құрды. Жанболат Солты әкім болып тағайындалды.

—————————-

Жанболат Солты* (1887-1952) ШТ Тоғызтарау ауданының адамы. Қазақ. Ірі мал иесі. Ұлттық жоғары жік адамы. Іле аймағы уәлиінің орынбасары болған. ШТ қолдан кеткеннен кейін, ұлт-азаттық көтеріліске қатынасқан. 1952-жылы атылған.

***

19.01.1945

Ужұңшин Жяңжиешіге мынадай ұсыныс қойды:

1). Орталық мүмкіндік жар берген көлем ішінде Шыңжаң өлкесіне қатынас-тасымал астық және қажетті бұйым жағынан көмек берсе.

2). Кеңес Одағымен сыртқы қатынасты белсене ретке салып, Қытай-Кеңес Одағының экономикалық істестігін орнатып, саяси жақтағы қаскөнемдікті бәсеңдетсе.

***

1945-жыл, қаңтар айның орта шені.

ШТР Уақыттық үкіметі Кеңес Одағынан бір топ әскери тәрбиешілерді ұсыныс етіп, Қорғаста командирлер курсын ашты. Курстың әр кезектік мерзімі үш ай болды. Жиыны үш кезек ашылды. Олар оқу бітіргеннен кейін, партизандар қосынына командирлікке бөлінді. Сонымен тұрақты Ұлттық армия құруға және құралды күрес өрістетуге таяныш әзірледі.

***

1945-жыл, қаңтар айның 20-нан ақпан айының 2-не дейін.

Партизандар атреті Кеңес Одағы әскери қызметкерлерінің селбесуінде Айранбақ, Айродром, Гұюаңмияудағы гоминдаң армиясының базасын зеңбірекпен атқылады.

28-қаңтар күні жаппай шабуылға өтті. Қиян-кескі шайқас арқылы түскі сағат үште Гұюаңмияуды алды. Жиаңшуанчуанды атып өлтірді. 

Сосын Айранбақ пен Айродромға сұрапыл шабуылға өтті. Түнгі сағат онда Айранбақты алды. пыңжүние қалдық бөлімдерін бастап, Айродромға қашып барды. 

Дудыфу Литиежүнге телеграмма жолдап, қоршауды бұзып шығуды бекітуін өтінді.

30-қаңтар күні, түстен кейін Литиежүн Жушаулияңға бекіттіріп, телеграмма арқылы Дудыфуға әскери бөлімді бастап қоршауды бұзып шығу бұйрығын берді.

Түнде Дудыфу қалдық бөлімдерінен мыңдай әскерді, ханзу бұқарасынан үш мыңдай адамды бастап, Айродром қоршауын бұзып шығып, қарлы боран, қақаған аязға қарамай, Жыңға қарай бет алды.

31-қаңтар күні, түсте олар Білікші сайына барғанда партизандар қосынының қоршауына түсіп, ақпан айының 1-не дейін шайқасты. Дудыфу өзін өзі өлтірді. Саурылияң, Пыңжүниелер ілгерінді-кейінді оққа ұшты. Тірі қалғандары түгелдей тұтқынға түсті.

Жалпы, Айранбақтағы шабуыл жасау, қорғану соғысы сексен неше күнге жалғасты. Соғыс бір күн толастамады. Партизандар қосыны жау армиясынан жиыны 1 мың 6 жүзден аса адамды жойды. 3 мың 7 жүздей адамды (көбі гоминдаң армиясының бала-шағалары мен ханзу бұқарасы) тұтқындады. 2 мың 1 жүздей мылтық, 6 миномет, 98 ауыр-жеңіл плимот, ұша алмайтын 54 айроплан, 16 автомобил және басқа әскери қерек-жарақ олжаға түсті. Сөйтіп, Құлжа жағы гоминдаңның әскери, әкімшілік күштерінен біржолата тазартылды.

***

21.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Қазына меңгермесі №5 бұйрық жариялап, мемлекет мал-мүлкін санаққа алуды; басқару мекемесі тізімдеген мемлекет тәуелділігіндегі ірі және шағын заводтарды, шеберханаларды, сауда дүкендерін Сауда-өнеркәсіп мекемесіне өткізіп беруді; Сауда-өнеркәсіп мекемесі жауапты болып, оны майға немесе жекелерге сатып беруді ұйғарды.

***

23.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Қазына меңгермесі №6 бұйрық жариялап, мынадай ұйғарым жасады:

1). Қазына-финанс мекемесі барлықтырысшаңдықтар арқылы ақша айналымын меңгеріп, зат бағасын орнықтырады.

2). Мемлекеттік бәнке аймақтардың орталық қаласында, аудан қалашықтарында бөлімшелерін құрады. Кәсіп көлемін аудан дәрежелі орындарға дейін кеңейтеді. 

3). Мемлекеттік бәнке қарыз берген барлық ақшаны қайтарып алады. Мекеме орындары мен жекелердің бәнкеден есеп ашуына жол беріледі және осімді аманат кәсібін жолға қояды.

***

23.01.1945

АҚШ-тың Үрімжіде тұратын консулы Уаррит Ужұңшинге амандаса барып, «Құлжа оқиғасының» жаңа ахуалдарын ұғысты.

***

25.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №12 қаулы мақұлдап, армияны қажетті нәрселермен қамдауды қамтамасыздандыру үшін жекелердің қолындағы автомобилдерді, жанармайды, жабдықтарды, матиралдарды алуды, алынған заттарға лайықты баға кесуді, жасырып қалушыларды әскери заң бойынша жазалауды ұйғарды.

***

25.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі мемлекеттік Бақылау комитетін құруды, Ғайни Иолдашты төрағалыққа, Уақаш Ажыны оның орынбасарлығына тағайындауды ұйғарды.

***

27.01.1945

Осы айдың орта шенінде гоминдаңның көмекке келген әскери бөлімдері Құлжаның солтүстік маңына шабуыл жасап кірген қатерлі шақта, ШТР Уақыттық үкіметі Әскери істер меңгермесінің бастығы Петр Романович Александров олжаға түскен бұйымдар тиелген автомобилмен Кеңес Одағына қашып кетпекші болды.

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №13 қаулы мақұлдап, Петр Романович Александровты  Әскери істер меңгермесінің бастығы міндетінен алып тастауды ұйғарды.

***

28.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №15 қаулы мақұлдап, Ұлттық мәдениетті ілгерлету қоғамы жинаған 1944-жылдық «ұшыр» мен «зекетті» түгелдей әскери қаражат етуді ұйғарды.

***

30.01.1945

Ужұңшин Құлжадан айрылғаннан кейін «Құлжа оқиғасын» қалай шешу жөнінде мынадай көзқарастар ортаға қойды:

Егер Қытай мен Кеңес Одағы ортасындағы қарым-қатынас оңалса, оқиғаны жартылай әскери, жартылай саяси жолмен шешуге болады. Ал, Қытай мен Кеңес Одағы арасындағы депломатиялық қатынас оңалмаса немесе Кеңес Одағы көріністе елемегенсіп, астыртын желіктіре беретін болса, онда бүкіл Шыңжаң жағдайы былығады. Орталық армия Іледе жеңілген соң, армиямыздың Кеңес Одағы мен әрқайсы ұлттар алдындағы беделі барынша түсті.

***

1945-жыл, қаңтар айының аяқ шені.

Оспан Ісламұлы ШТР Уақыттық үкіметімен байланыс жасамақ болып, 12 кісілік уәкілдер үйірмесін Ілеге жіберді. Олар Шиху маңына жеткенде гоминдаң армиясы мен сақшыларының тосқауылына ұшырап, амалсыздан қайта қайтып кетті.

***

1945-жыл, қаңтар айының аяқ шені.

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі Рахымжан Сабырхажиевті Әскери істер меңгермесінің бастығы етіп тағайындады.

***

1945-жыл, қаңтар айының соңы.

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі Петр Романович Александровты партизандар қосынының бас қолбасшысы міндетінен қалдырып, оның орнына Иван Григориевич Палиновты қоюды ұйғарды.

***

1945-жыл, қаңтар айы.

ШТР Уақыттық үкіметі Құлжада аудандардан уәкіл шақырып, жиналыс ашты. Уақыттық үкіметтің құрлымдарын қайта реттеді. Сондай-ақ, Кеңес Одағы ақылшысының ұсынысына сай, Үкіметтің билік жүргізу программасын жасады:

1). Ханзуларға қаратылған зұлымдық саясаттың түп тамырына балта шабу.

2). Үкіметті демократиялық әкімшілік тұлға етіп құру.

3). Армия халыққа тән болу.

4). Ұлттардың терезесін тең ұстау.

5). Дінге құрмет ету.

6). Әр дәрежелі мәнсаптыларды халық сайлау.

7). Кеңес Одағымен достасу саясатын атқару.

8). Оқу-ағартуды дамыту.

9). Ұйғыр жазуын үкіметтің ортақ қолданатын жазуы ету.

 ***

1945-жыл, қаңтар айы.

ШТР Уақыттық үкіметі Шыңжаң өлкесінің ақшасын, фабиды жол беруден сырт, өз алдына қағаз ақша яғыни Қазына меңгермесіне қарасты «Мемлекет бәнкесінің мерзімді щегін» (100, 300, 500, 1000 юандық) таратуын, оны көбінесе Іле аймағында, онан соң Тарбағатай, Алтай аймақтарында айналымға салуды ұйғарды.

***

1945-жыл, қаңтар айы.

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі шешім жасап, Сүйдің аудандық үкіметті ұйымдастырып, құрды. Абыла Ажы әкім болып тағайындалды.

***

1945-жыл, қаңтар айы.

ШТР Уақыттық үкіметі гоминдаң әскери бөлімдерінің оңтүстік Шыңжаңнан жолға шығып, Текес ауданын басып өтіп, Ілеге көмекке келуін тосу үшін Калинов бастаған бастаған құралды бөлімді Текес ауданына жіберді. Ол Моңғұлкүре партизандар қосынына басшылық ететін болды.

***

03.02.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №19 қаулы қабылдап, әскерлік міндет өтеу заңындағы белгілемеге сай, 20 дан 22 жасқа дейінгі азаматтардың әскерге барып, үш жыл әскери міндет өтеу керектігін бекітті. Сонымен бірге, қазіргі жағдайға байланысты, 23 тен 45 жасқа дейінгі азаматтарды да әскерге алу керек деп шешті. Командирлерге де, әскерлерге де тұрар орын, киім-кешек, азық-түлік беруден сырт, жерлік үкімет олдардың да отбасындағыларға жан санына қарай көмек беруді ұйғарды. 

***

04-11.02.1945

АҚШ, Англия, Кеңес Одағы басшылары – Розвелт, Щерщилл, Сталиндер Ялта мәжілісін ашып, құпия келісімге қол қойды.

***

06.02.1945

Ужұңшин оңтүстік Шыңжаңның жағдайын орнықтыру үшін, өлкелік үкіметтің жорасы, қосымша құрлыс меңгермесінің бастығы Юилиңюн бастаған «Оңтүстік Шыңжаң үгіт-нәсихат үйірмесін» оңтүстік Шыңжаңның жер-жеріне жіберуді және Хотан, Қашқар секілді жерлерде қамауда жатқан адамдарды ыңғайға қарай босатуды ұйғарды. Сонымен бірге, Үрімжі түрмесінен босатылған оңтүстік Шыңжаңның беделді кісілерін үйірмемен бірге ала кетуді тапсырды.

***

07.02.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Қазына меңгермесі №13 бұйрық жариялап, Егін, орман, мал, су шаруашылығы мекемесіне ауыл шаруашылығындағы халық саны мен егістік жер көлемін тезірек тізімге алуды тапсырды. Ауыл шаруашылығына көмектесуге, су құрлысын жөндеуге, мал нәсілін жақсартуға, жайылымды құнарландыруға, жер-жерде мал дәрігерлік пункттерін құруға, ағашты жоспар бойынша кесуге, ағаш матиралдарымен қамдауды қамтамасыздандыруға жауапты болуды бұйырды.

***

08.02.1945

Жияңжиешы Жушаулияңға телефон беріп, «Шыңжаңның қазіргі ауқымына қарағанда, Шиңхайдағы екі атты әскер дивизиясын Шыңжаңға көшіру орынды»- деді.

***

10.02.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №21 қаулы қабылдап, әскери керек-жарақпен қамдау мәселесін шешу үшін, аудандардан 1300 әскери ат алуды ұйғарды.

***

12.02.1945

Әлихан Төре гоминдаң үкіметінің Шиңхайдан атты әскер 5-корпусин Шыңжаңға жөткемекші болып отырған хабарын естіп, Шиңхай өлкелік үкіметтің төрағасы Мабуфаңға былай деп хат жазды:

«Сіз бізден шалғай тұрсаңыз да, Сіздің көмек беруіңізді үміт етеміз. Өйткені, біздің дініміз бір… Біз үкіметті қолымызға алған соң, мен Сізді ислам дінінің көсемі етіп көрсетемін».

***

13.02.1945

Фатей Юаневич Лескин бастаған партизандар қосыны орағытып өтіп, Сантай мен Утайдың аралығына барып, келесі күні Сантайдағы гоминдаң қарауылшы әскерлеріне шабуыл жасады. Осы кезде ШТР Уақыттық үкіметі жіберген атты әскерлер де Талқы асуындағы гоминдаңның қарауылшы әскерлеріне сұрапыл шабуыл жасады. 15-ақпан күні талқы асуын алды.

***

14.02.1945

Тасқорған партизандар қосынының жауаптысы Нұражы жергілікті қайраткерлерді, партизандарды шақырып жиын ашып, халқаралық жағдайды баяндады. ШТР Уақыттық үкіметінің күрес жүргізу жөніндегі үндеу хатын оқып берді. Соңында тәжірибе-сабақтарды қортындылай келіп, Оңтүстік Шыңжаңда қарулы күрес жүргізуге әзірленуді ұйғарды.

***

15.02.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі қаулы қабылдап, мыналарды ұйғарды:

1). Шаруаларға 1000 ат және 15000 пұт тұқымдық бидай қарыз беріліп, егіншілік өндірісі қалпына келтіріледі.

2). Сүзек ауыруы таралып отырғандықтан, Денсаулық сақтау меңгермесі ерекше комиссия құруы керек. Арнаулы қаражат ажыратып, аудан әкімдері мен болыстар, зәңгілер* көмусіз қалған өліктерді, мал жемтіктерін жинатып дизенпексиялатуы, көмдіруі тиіс. Құлжа ауданындағы жұғымды ауырулардың емханасының қаражатын молайту, және 50 төсек қосылсын.

3). Ең жоғарғы сот мекемесінде өлім жазасына кесуден сырт, үкім ету ұқығы болады. өлім жазасына үкім ету ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі бекіткеннен кейін барып атқарылады. Аудандарда аудандық сот біртіндеп құрылады.

————————–

Болыс, зәңгі* – қазақ руларының төмен дәрежелі ұйымының басшы атауы. ШТР Уақыттық үкіметі құрылғаннан кейін бұл түзімді қалпына келтіріп, оған ауданнан төменгі ұйымдарды басқартты.

***

18.02.1945

Сұмыл ауданында сібе ұлты бұқарасы ШТР Уақыттық үкіметінің үндеуіне үн қосып, 150 неше адамдық Сібе партизандар қосынын ұйымдастырды. Оған Бабанту Нара жауапты болды.

***

18-20.02.1945

18-ақпан күні Жушаулияң Патей Иванович Лескин партизандар қосынымен қиян-кескі соғысып жатқан Сантай әскери бөлімдеріне Жыңға шегіну бұйрығын берді. Олар көмектесу үшін келген Сантай әскери бөлімдеріне Жыңға шегіну бұйрығын берді. Олар көмектесу үшін Сантайдың шығысындағы Луансанзыге келген гоминдаң әскери бөлімін де сол күні түнде Дахиянзыға шегіндірді. Партизандар қосыны Сантайды басып алды. Осы кезде Хушыңяң Бұраталадағы әскери бөлімге Жыңға шегіну бұйрығын түсірді. Бұратала ауданының әкімі Шүйсұңтау мекеме қызметкерлері мен ханзу бұқарасынан бір бөлігін бастап, 20-ақпан күні түнде Шыңға шегінді.

***

19.02.1945

Жияңжешы Құлжаға әскери көмек беру соғыс қимылының жеңіліске ұшырағаны жөнінде Жушаулияңға: «Литиежүн, Лиюишияң, Шиеифың міндетінен алынып, өз кіналарын қызмет көрсету арқылы жууға қалдырылсын!» деп телеграмма берді. 

***

19.02.1945

Ужұңшин Жаңшиешыға телеграмма беріп, былай деді: бекіністерді Шыңжаңда қазір бар қатынас құралы, азық-түлік, қару-жарақ, әскерлермен қорғау мүмкін емес. Жыңның батысындағы тау асулары қолдан кетсе, Жыңды қорғай алмаймыз. Бүкіл Шыңжаң аласапыран болады. Шығыс солтүстік Қытайдағы жағдай қайталанама деп қорқам. Дипломатиялық жақта ұтымды шара қолданғанда ғана қазіргі жағдайды оңауға болады.

***

20.02.1945

Жеменей партизандар қосыны Жеменей қалашығын басып алып, Жеменей аудандық Уақыттық үкіметті құрды. Рамазан Бөлімұлы Уақыттық үкіметтің жауаптысы болды. Партизандар қосыны реттеу жүргізіп, әр бірі жүз адамнан тұратын алты атрет құрды.

***

20.02.1945

Литиедүн мен Зошупиң Ужұңшинге телеграмма жолдап, әскери бөлімдер Жыңның батысындағы тау асуларынан шегініп болды. Енді күшті шоғырландырып, Жыңды берік қорғаймыз деді.

***

21.02.1945

Ерде партизандар қосыны Бұратала қалашығына кірді. Улайыңды Бұратала ауданының уақыттық жауаптысы болуға ұйғарды.

***

24.02.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №24 қаулы қабылдап, бұқараның үйіне баса көктеп кіріп, тонаушылық, басқыншылық істеген қылмысты әрекеттерге қатаң соққы беруді, қылмыскерлерді өлім жазасына дейін кесуді ұйғарды.

***

24.02.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №25 қаулы мақұлдап, «Азаттық» жоғары дәрежелі орденін жобалауды ұйғарды және орденді берудің шарттары, әдісі, сондай-ақ орден алғандардың игіліктенетін нәпақасы мен құқығы жөнінде нақты белгілемелер жасады. 

***

24.02.1945

46-дивизияның командирі, қосымша Шонжының қолбасшысы Ручиң бұйрық бойынша Көктоғай аудан қалашығындағы, Қаратүңкідегі, Үліңгір әкімшілік мекемесіндегі гоминдаңның әскери бөлімдерін және орган қызметкерлерін Шонжыға шегіндіріп әкетті. 

20-наурыз күні Артай, Дабусұн қатарлы жерлердегі гоминдаң әскери бөлімдерін де шонжыға шегіндіріп әкетті. Жоғарыдағы жерлер Алтай партизандар қосынының қолына өтті.

***

27.02.1945

ШТР Уақыттық үкіметі Бұратала аудандық үкіметті ұйымдастырып құруы ұйғарды. Әшім Оспанды басқаруға тағайындады.

***

1945-жыл, ақпан айы.

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі Зұнын Тиіповты Бақылау комитеті меңгерушісінің орынбасары етіп тағайындады. 

***

03.03.1945

ШТР Уақыттық үкіметі шешім шығарып, Арасан аудандық үкіметті ұйымдастырып құруы ұйғарды. Бука Амбаны басқарушы етіп тағайындады.

***

05.03.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №29 қаулы мақұлдап, Оқу-ағарту комитетінен оқытушылар курсын ашуды; әскери, әкімшілік органдарға барып қызмет істеп жатқан оқытушылардың мекеме бастығы болғандарынан басқаларының бәрін мектепке қайта оралтуды; оқытушылық қызметтен қол үзіп, саудамен шұғылданып кеткендерді, егер оқытушылыққа қайтып келмесе, соғыс кезінде мемлекеттің бұйрығына бойсұнудан бас тартқандарды басқарған секілді басқаруды ұйғарды.

***

06.03.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі Ұлттық армия құруды; Партизандар қосыны бас штабын Ұлттық армия бас қолбасшылық штабына өзгертуді; Ұлттық армия бас қолбасшылық штабына қарасты артқы шеп бөлімі, саяси бөлім, әскери сот мекемесі, әскери прокуратора, барлау басқармасы, соғыс басқармасы, кадрлар басқармасы, шаруашылық басқармасы сияқты құрлымдарды құруды ұйғарды.

***

09.03.1945

Ужұңшин Шыңжаңдағы әскери қаражат жөнінде Гомин үкіметіне телеграмма берді. Оның басты мазмұндары мыналар:

1). Өткен жылы өлке әскери қаражат үшін мемлекет ақшасынан 4 миллиярд юан ақша қажет еді. Орталық үкімет тек 600 миллион юан ақаша, 600 миллиондық зат қана берді.

2). Өткен жылы қараша айында өлке орталықтан Шыңжаңға келген жаңа әскери бөлімдердің қыстық киім-кешегі үшін Шыңжаң ақшасынан 20 миллион юаннан астам ақша берді. Мұны әсери әкімшілік бөлім төлеуге тиіс.

3). Үстегі жылы өлкенің әскери қаражаты Шыңжаң ақшасымен есептегенде бір миллиярд, 310 миллион юан болады. Мұның 70%-ті орталық әскери бөлімдер, 30%-ті жергілікті әскери бөлімдер қаражаты.

***

1945-жыл, наурыз айының бас шені.

ШТР Уақыттық үкіметі почта істерін қалпына келтіру үшін бұрынғы гоин үкіметінің «Жұңхуа» маркасына, перевод қағазына және гүл басылған салық белетіне таңба басып, почта маркасы және гүлді салық белеті ретінде қолдануды ұйғарды.

***

12.03.1945

Гаубоюи, Әлен жуанжаң (жуанжаң – мәнсап аты) Ужұңшинге телеграмма беріп, Алтай партизандар қосынындағы Манатпен* Буырылтоғайда өткізген кеңестің табысты болғанын, Матнат қол астындағы адамдарымен, жүздей мылтығымен үкіметке бағынатын болғанын қабарлады. өлкелік үкімет Манатты дереу Буырылтоғай аудандық амандық қорғау атретінің бастығы етіп тағайындады. 

————————–

Манат* (1919-1951) – ШТР Буырылтоғай ауданының адамы. Қазақ. Малшы. ШТ Ұлт-азаттық күресі басталғаннан кейін Алтай партизандар қосыны жауаптыларының бірі болған.

***

13.03.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №33 қаулы мақұлдап, мынадай ұйғарым жасады:

1). Уақаш қажы Мерсанов  ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралығына толықтылылсын.

2). Қайтыс болған Қабип Бернашевтың орнына Оқу-ағарту меңгермесінің бастығы Сайпидін Әзези болсын.

3). Үсен Насыров ШТР Уақыттық үкіметінің орган гәзеті мекемесінің бастықтығына тағайындалсын.

4). Рахымжан Сабыр Хажиев Ішкі істер меңгермесінің бастығы міндетінен қалдырылып, оның орнына Зұнын Тиіпов тағайындалсын.

5). Рахымжан Сабыр Хажиев Ішкі істер меңгермесінің бастығы (?), Павел Паблович Масколов, Нәбижан Юсіп меңгерме бастығының орынбасарлығына тағайындалсын. 

6). Қазына меңгермесіне қарасты Егін, орман, мал, су шаруашылық мекемесі бөлініп шығып, Жер-су меңгермесі болып құрылсын. Салжанбай Бабажан меңгерме бастығы, Һелалдин Азези мен Мамет Нияз меңгерме бастығының орынбасары болсын!

***

15.03.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Почта-телеграф, Қатынас-тасымал мекемесі құлақтандыру шығарып, сол күннен бастап, Құлжа мен Сүйдің, Қорғас, Сұмыл, Текес, Мұңғылкүре, Тоғызтарау, Нылқы, Күнес аудандары арасында Почта кәсібі қалпына келді; жоғарыдағы аудандарға жолданатын почталық хат, сәлемдемелерге осы мекеменің почта маркасы жапсырылады деді. 

***

18.03.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №36 қаулы мақұлдап, банктен алған қарызын 16-сәуірден бұрын қайтармағандардан банк өсімін алудан сырт, өсімнің 16%-тен 75%-ке дейінгі мөлшерде қосып айып салуды; 20-сәуірге дейін қайтармағандардан банк өсімін ұстап қалудан сырт, толық өсімге дұрыстап айып салуды; қарызды сонда да қайтармағандардан 21-сәуірден бастап өсім мен айып пұлды ұстап қалғаннан сырт, оларға әкімшілік жаза қолдануды ұйғарды.

***

20.03.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №37 қаулы мақұлдап, мынаны ұйғарды:

1). Қасымжан Қамбар Денсаулық сақтау меңгермесінің бастығы міндетінен қалдырылып, оның орнына Мақалден Ахмет қойылсын. 

2). Зұнын Тиіпов әскери бөлімге қызметке ауысқандықтан, Мемлекеттік бақылау комитеті меңгермесінің орынбасарлығынан қалдырылсын.

 ***

26.03.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Дін істері мекемесі дінбасыларға ашық хат жариялап, оларға шариғат айту арқылы халықты төңкерісті қолдауға, төңкеріске көмек беруге жұмылдыруды тапсырды.

***

28.03.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Қазына меңгермесі №70 бұйрық жариялап, «Дін істері мекемесінің бұйрығына сай, ислам дінінің қағидасы бойынша банктер жекелердің қойған ақшасына өсім беруді тоқтатады» –деді.

***

1945-жыл, наурыз айының соңы.

Рыбов партизандар қосыны Тарбағатайдан Ілеге барды.

***

1945-жыл, наурыз айының соңы.

Уақыттық 58-дивизияның командирі Иешың осы дивизияның 3-полкін бастап, Ууйден Үрімжіге келді. Ол Үрімжінің қорғаныс қолбасшысы болып тағайындалды.

***

1945-жыл, наурыз айының соңы.

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі Иван Григорвич Палиновты Ұлттық армияның бас қолбасшысы, Зұнын Тиыповты Бас қолбасшының орынбасары, Варшанофы Михаилович Мұралыпты штаб бастығы, Раслов Пахырден Қожаны Атртқы шеп бөлімнің меңгерушісі, Әбдікерім Аббасовты Саяси бөлімнің меңгерушісі, Қайнамды Әскери істер сот мекемесінің бастығы, Әбдіғопыр Сабыражыны Әскери прократораның прокроры, Разиев Дамолланы Ұлттық армия нінни істерінің жауаптысы етіп тағайындады.

***

1945-жыл, наурыз айының соңы.

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі Зұнын Тиыповты Әскери істер меңгермесінің бастығы міндетінен қалдыруды, оның орнына Ақыметжан Қасымиды қоюды ұйғарды.

***

1945-жыл, наурыз айы.

ШТР Уақыттық үкіметі Саудагерлер бірлестігін құруды ұйғарды. Жер-жерге барып, зат сатып алатын, сататын саудагерлердің Саудагерлер бірлестігінен куәлік алуын және олардың салық заңына бағынуын белгіледі.

***

1945-жыл, наурыз айы.

Оңтүстік Шыңжаңдағы бұрынғы торғауыт руының ханзадасы Мансұкжаптың әйелі Ужыңбин 300-ден астам жасағы бар моңғұлдардың өзін қорғау қосынына Кішіжұлдыз, Құлыстай сияқты жерлерге барып, малшылардың Байынбұлақ партизандар қосыны тұрған Үлкенжұлдызға баруына тиым салу жөнінде бұйрық берді. Сөйтіп, Байынбұлақ партизандар қосынын «Қоршап жоймақшы» болды.

***

1945-жыл, наурыз айыны.

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі Сәбит Дамолланы Оқу-ағарту меңгермесі бастығының орынбасарлығына тағайындады.

***

01.04.1945

Жушаулияң Жаңфыңиды Шихуға шарлаушы, Гошинды оның орынбасары етіп тағайындады. Олар Шиху мен Майтауды шарлап қайтқан соң, Жушаулияңға мынадай бес түрлі ұсыныс қойды:

1). Шиху айродромының қасындағы Кеңес Одағы радио стансиясын бізге өткізіп берсін. Өйтпесе, оның көзін жою керек.

2). Майтаудағы мұнайшыларды бала-шағасымен Юимин мұнай кеніне көшіру керек.

3). Шихудан Үрімжіге дейінгі жол бойындағы аудандарға қашып келген бұқараны жақсы орналастыру керек.

4). Шепейзы мен Ганжияхуға әскер және сақшы қою керек.

5). Партизандар қосынының Іле, Алтай, Тарбағатай бағыттарынан Шихуға шабуыл жасауынан сақтану керек.

***

02.04.1945

 ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №38 қаулы мақұлдап, мынаны ұйғарды: 

Қытай жетім балаларына арнап Балалар үйін салынады. Оның қаражатын Қазына меңгермесі босатады. Басқару қызметіне Оқу-ағарту меңгермесі жауапты болады.

***

02.04.1945

 ШТР Уақыттық үкіметінің Жоралар мәжілісі №39 қаулы мақұлдап, мынаны ұйғарды:

Халық атаған ақша мен малды және басқақа заттарды, мұсылмандар берген ұшыр-зекетті Дін істері меңгермесінің бастығы Әбілімит Әли һалпе бастаған «Ұшыр-зекет жинау» комиссиясы жиып алсын және басқарсын!

Қазына меңгермесі бұрынғы Қытай үкіметі үстемдік еткен мезгілде жекелердің банктен алған қарызын анықтасын. Қарыз алғандар 28 күн ішінде қарызды қайтаратын болсын. Осы уақыт ішінде қайтармағандарға күніне қарай айып салынсын. Ақшасы барлар ақшасын, ақшасы жоқтар қолда бар мүлкін тапсырсын.

Жер-су меңгермесі шаруалардың көктемгі егісі үшін тұқымға 16 мың бұт жүгері, 4 мың бұт күріш берсін.

Қазына меңгермесі Жер-су меңгермесіне арық-тоғандарды жөндеуге арнаулы қаржы берсін.

Мемлекет иелігіндегі жеміс бақшаларын мекемелерге майға берсін.

***

02.04.1945

Кеңес Одағы үкіметі Қытайдағы бас елшісі Панюшинді қайтарып әкетіп, орнына Федровты тағайындады. Федров жаңа қызметіне бара жатқан жолында 17-сәуір күні Үрімжіге келіп, Кеңес Одағының осындағы бас консұлханасына барып, қызмет тексерді және берген доклатын тыңдады.

***

03.04.1945

Ужұңшин  Шыңжаң өлкелік үкіметке бағыну ісін кеңесу үшін Үрімжіге келген Алтай партизандар қосынының екі үлкен қосын бастығы Сүлеймен* мен Нұрғожайдың уәкілдерін қабылдады.

———————-

Сүлеймен (1900-1960)* – ШТ Көктоғай ауданының адамы. Ұлты қазақ. Малшы. 1960-жылы түрмеде өлген.

***

04.04.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Оқу-ағарту меңгермесі хабарландыру шығарып, әр ұлт бауырластардың өздері асырап алған ханзу жетім балаларын жаңа ашылған жетімдер үйіне әкеліп тапсыруын талап етті.

***

08.04.1945

ШТР Уақыттық үкіметі Құлжа қаласында Ұлттық армияның құрылу салтын өткізді. Әлихан Төре бастаған Үкімет басшылары мен он мыңдаған бұқара жиналысқа қатынасты. 

Әлихан Төре панисламизим, пантүркизим, ұлттық тәуелсіздік жөнінде жалынды сөз сөйледі. Әскери бөлімдерге ислам діні нысанын білдіретін Ай-Жұлдызды геріпті«Шығыс Түркістанның дербестігі жолында алға!» деген ұран жазылған армия туын және құран сүрелері жазылған мұсылманның ақ туын берді.

Басытапқы кезде Ұлттық армияның құрамында жер-жердегі партизандар қосынынан реттелген Іле жаяу әсер 2-полкі, Тәлім-тәрбие 4-полкі, Текес 1-, 2- атты әскер полкі, Сүйдің 1-жаяу әскер полкі, Кеңсай 2-атты әскер покі, Тоғызтарау атты әскер полкі, Хұйзу (дүенген) дербес атты әскер баталионы,  Моңғұл дербес атты әскер баталионы, Миномет баталионы, Қорғаушылар баталионы, Сібе дербес атты әрскер ротасы болып, онда жиыны 15 мыңдай адам болды.

әр полкте полк командирі, оның әскери істер орынбасары, саяси істер орынбасары, дінни істер орынбасары және штап бастығы болды. Бір бастықтық түзім жолға қойылды.

***

09-13.04.1945

 Байынбұлақ партизандар қосыны Құлыстайда Моңғұлдың өзін қорғау атретін қоршап алды. атрет бастығының орынбасары Баюишың жөпелдемге келгенде көтеріліс жасап, атретті күйретіп тынды. Байынбұлақ партизандар қосыны бұл араны иелеп, жаудың 220 адамын тұтқындады. 200 мылтық, 30 мың тал оқ олжа түсірді.

***

10.04.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Қазына меңгермесі №81 бұйрық жариялап, Салық мекемесіне жайылым салығын алуды ұйғарды. Қойға (ісек) 3000, серкешке 1800, сиыр, жылқы, қашырға 15000, түйеге 22500, есекке 7500 юан баға кесіліп, соған сай, қой-ешкіден 5%, жылқы-сиырдан 3%, түйе мен есектен де 3% салық алу белгіленді.

***

13.04.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Қазына меңгермесі №81 бұйрық жариялап, ШТР Уақыттық үкіметінің қаулысына сай, Почта-телеграф, қатынас-тасымал мекемесін Почта- телеграф мекемесі және Қатынас-тасымал мекемесі етіп бөлуді ұйғарды.

Почта- телеграф мекемесі 15-сәкірден бастап Ішкі істер меңгермесіне, Қатынас-тасымал мекемесі Қазына меңгермесіне қарайтын болды.

***

13.04.1945

Жияңжұңго Жияңжиешының өз қолымен жазған хатын алып, Үрімжіге келді. Шыңжаңда орын алып отырған мәселелер жөнінде Ужұңшинмен кеңесіп, оған Шыңжаңды ұсақ ұлт қайраткерлерін пайдалану арқылы басқару, оларды өлкелік үкімет төрағасының орынбасары, меңгермелер мен мекемелердің бастығы етіп тағайындау жөнінде ұсыныс берді. Ол Үрімжідегі кезінде Кеңес Одағының осындағы консулының жауаптысымен кездесіп, Кеңес Одағы мен Шыңжаңның қарым-қатынасы жөнінде пікір ауыстырды.

***

14.04.1945

Ұлттық армияның бас қолбасшылық штабы Жыңға шабуылға өту үшін әскери күшін реттеп орналастырды. Төте қарасты Атты әскер батольионын, Қорғаушылар батольионын, жаңа құрылған 1-запас полкін, Іле 2-запас полкін, Нылқы атты әскер полкін – жиыны бес мың 500 әскери күшті Ілені қорғауға қалдырды. Іле 2-жаяу әскер полкін, Миномет батолионын, Хұйзу дербес атты әскер батолионын, Сібе дербес атты әскер ротасын Дахиянзыны шабуылмен алуға; Текес 1-атты әскер полкін Ашалы асуына барып орналасуға, Іле 4-жаяу әскерлер болкін Сытай мен Утайға орналастыруға бұйырды.

 ***

18.04.1945

 ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі «Аудандық сот мекемесінің ұйымдық құрлым ережесі мен іс жүргізу принисиптерін» жариялады. 

Онда мыналар белгіленген:

1). Аудандық сот мекемесі тікелей Ең жоғары сот меңгермесінің басшылығында болады. Басқыншылық (қыз зорлау), саяси,

Жендеттік қылмыстардан және көп мөлшерде пара алу, ауыр дәрежеде бүлдірк әрекеттерінен тыс, өз өңірінде туған делоларды қарайды.

2). Көп орында, көп мәрте қылмыс өткізген қылмыстыны қайсы ауданда өткізген қылмысы ең ауыр болса, сол аудандағы сот мекемесі тергейді. 

***

1945-жыл, сәуір айының орта шені.

Жу Шауляң әскери орналастыруды ретке салып, Жың, Шиху аудандарын қорғаныс түйіні етті. Жаңа 2-армияның штабын Үрімжіден көшіп Шиху аудан қалашығына түсуді, Шиху ауданында тұратын  жаңа 45-дивизяның 1-полкін жыңға барып қорғаныс жасауды, 1-атты әскер дивизясының штабын Шихуда тұра беруді, бірақ, оның 1-полкін Шепейзы, Ганжиаху, Бесқұдыққа барып қорғаныс жасауды бұйырды. Запас 7-дивизия штабын көне Шихуаға көшірді, уақыттық 2-дивизяның 2-полкін Майтау, Күрті, Шигшорға бөліп орналастырды, Шие Фыңды жаңа 2-корпустың командирлығына тағайындап, оған Шихуда тұрып, жоғарыдағы әскери бөлімдерге қолбасшылық етуді тапсырды.

   Жаңа 45-дивизяның штабын Жың ауданының қалашығына көшіру бұйрығын беріп, Го Шиңды жаңа 45-дивизяның командирі етіп тағайындап, оған 45-дивизяның Жың аудан қалашығында, Бажяхуда тұратын 1-полкі мен 3-полкіне, Жыңның оңтүстігіндегі тауда тұрған запас 7-дивизяның 21-полкіне, 191-диузяның 571-полкіне қолбасшылық етуді тапсырды.

***

24.04-11.06.1945

ҚКП-ның 7-құрылтайы Ян-Анда ашылды. Мауэ Зұдың 24-сәуір күні құрылтайда жасаған «бірлескен үкімет туралы» атты саяси баяндамасында гоминдаңНЫҢ Шығыс Түркістандағы ұсақ ұлттарды қарулы күшпен жаныштағанын қатаң айыптады. Ол былай деп атап көрсетті: «Гоминдаң халыққа қарсы тобы Жуңгода көп ұлттың өмір сүріп отырғанын мойындамай, ханзудан басқа ұсақ ұлттарды ру деп атап отыр. Олар Шиң патшалығы үкіметі мен солтүстік милитаристер үкіметінің кертартпа саясатына бүкілдей мұрагерлік етіп, ұсақ ұлттарды езіп қанады, олардың істемегені қалмады. 1943 жылы Ихыжу аймағындағы моңғол халқын қырғындау оқиғасы, 1944 жылдан қазірге дейін Шинжяңдағы ұсақ ұлттарды қарулы күшпен жаныштау оқиғасы (Шинжяңдағы үш аймақ төңкерісі айтылып отыр-ситатқа алушы) және соңғы жылдар Гансудағы Хуизуларды қырғындау оқиғасы осының айғағы. Мұның өзі зор ханзушылдық негіздегі қате ұлттық идея мен қате ұлттық саясат»*. Мұның өзі Шинжяңдағы ұсақ ұлт халқының төңкерістік күресіне ЖКП-ның қамқорлық жасағанын және қолдағанын көрсетеді.

***

25.04.1945

Го Ши Жыңға барған соң мынадай үш түрлі шара қолданды: 

1) Жың ауданының әкімі Ян Шоушянға мекеме қызметкерлері мен халық бұқарасын бастап, Шихаудан Жыңға қайтып келіп әскери бөлімдердің Жың қалашығын қорғауына қолғабыс. 

2) Барлық потайларды екі метірден артық қалыңдату, қорған сыртынан үш метір кеңдікте ор қазып, оған су толтыру. 

3) Лю Лунян полкіне ұлттық армия тұрған Юңжиху көлін тартып алып, ұлттық армияны ол арадан шегінуге мәжбүрлеу.

***

27.04.1945

Гоминдаңның Майтаудағы 125 адамдық бір ұлттық атты әскер ротасы рота командирі Сопахұн Сауыров бастап көтерліс жасап, ізіне түскен гоминдаң әскери бөлімдерінен құтылып, Бұраталадағы ұлттық армия бөлімдерімен қосылды.

***

28.04.1945

 Ұлттық армияның Іле жаяу әскер полкі қатарлы әскери бөлімдері Жың ауданындағы Дахянзыны басып алды.

***

30.04.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі қаулы мақұлдап, Рақымжан Сабырқажиевке полковник, Паул Паулович Масколов, Нәбижан Юсуп, Ахметжан Хасми үшеуіне капитан шенін берді.

***

01.05.1945

Кеңес одағының қызыл армиясы Германияның астанасы Берлинді алды, 9 күні Сталин Германияға қарсы соғыстың жеңіспен аяқталғанын жариялады.

***

01.05.1945

ШТР-ның орган газеті – «Азат шығыс Түркістан газеті» «Тар өрісті ұлтшылдықпен мансап құмарлық біздің жауымыз» деген тақырыпта мақала жариялады.

***

03.05.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №49 қаулы мақұлдап, адалдық медалын беруді ұйғарды. Сонымен бірге, оны берудің шарты, әдісі және бұл медалды алғандардың игіліктенетін нәпәқасы мен құқығы жөнінде нақты орналастыру жасады.

***

07.05.1945

  Дубек Шалғынбаев Шағантоғай ауданына барып партизандар қонысын құруға Балқаш Әлімғазы мен Жағда Бабалықовты жіберді. Кейін келе, Шағантоғай партизандары көбейіп 500 адамға жетті.

***

1945-жыл, мамыр айының бас шені.

Қалибек* қатарлылар Сауан ауданының оңтістік тауында қазақ малшыларын негіз еткен, жүздей адамдық партизан қосынын ұйымдастырды.

————————-

Қалибек – Қалибек Райымбекұлы. ШТР Шағантоғай ауданының адамы. Қазақ. Партизандар қосынының бастығы, Сауан ауданының әкімі болған. 1985-жылы қараша айында Түркияда қайтыс болды.

***

13.05.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі «Қылмысты істер арыз-шағым заңының уақыттық белгілемесін» жариялады. 11 тармақтан құралған бұл белгілемеде азаматтардың құқығы мен міндеті, қылмысты істер арыз-шағымының тәртібі, әдісі, үкім кесу, атқару және үкім нәтижесін бір жайлы ету жақтарында егжей-тегжейлі белгілемелер жасалды. Сонымен бірге, саяси қылмыс, ұрлық қылмысы, қызметін атқармау қылмысы, басқыншылық қылмысы сияқтылардың мән-мағынасы, қылмыстың ауыр-жеңілдігі, жаза мөлшерінің ауыр жеңілдігі, үкім шығару әдісі және үкімді атқару әдісі жөнінде де жан-жақтылы белгілемелер жасалды.  

***

14.05.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі аудан әкімдеріне, болыстарға, зәңгілерге, елубасыларға, онбасыларға және барлық азаматтарға «Үндеу хат» жариялап: «Аудандардың, раиондардың, ауылдардың, қыстақтардың әкімшілік өңірге айырылуы бұрынғысынша болады, әр дәрежелі үкіметтер бұрынғы қарастылық көлемі бойынша салық алу және қызмет құқықтарын жүргізу керек» деп көрсетті.

***

15.05.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі мынаны ұйғарды: Қатынас-тасымал мекемесі Қазына меңгермесінен бөлініп, дербес шығады. Ол үкімет органдарының, бұқаралық ұйымдардың, әскери бөлімдердің жүктерін тасиды. Өйтпесе, Қазына меңгермесі тасымал қаражатын бермейді.

***

28.05.1945

Сталин АҚШ-тың призденті Труменнің ерекше елшісі Хойкинскіде Жуңго-Ялта құпия келісімінің шарттарын қанағаттандырса, Кеңес армиясы Шығыс Солтүстік Жуңгоға барып, Жапониямен соғысады деді. Ол және Жяң Жиешы басшылығындағы Жуңгоның тұтастығын бар күшпен қолдайды, Кеңес одағы мейлі Шинжяң немесе басқа жер болсын, Жуңгодан жер дәметпейді деген емеурін білдірді.

***

1945-жыл, мамыр айының соңы.

  Ұлттық армияның бас қолбасшылық штабы Қазыхан Манасбаев бастаған 70 неше адамды Нылқының басындағы Барлы асуын асырып, Сауан ауданына жіберді. Алты айда Сауанға тағы екі жүзден астам құралды адам жіберді. Олар Еренқабырғада Қалибек партизандарымен бірлесіп соғысады.

***

1945-жыл, мамыр айы 

ШТР Уақыттық үкіметі аудандардағы ханзу бұқарасы аудандық сақшы мекемесіне жиналсын деп бұйрық түсірді. Шығыс бес аудандағы жиналған мыңнан астам ханзу бұқарасын Сұмыл ауданына көшірді, батыс төрт аудандағы екі мыңнан астам ханзу бұхарасын Күреге көшірді.

***

1945-жыл, маусым айының басы. 

Ұлттық армияның бас қолбасшылық штабы Совет одағы әскери ақылшыларының көмегінде, оңтүстік, солтүстік, орта линияда соғыс жүргізу жоспарын жасады. 

Солтүстік линияда соғыс жүргізу Кеңсай 3-атты әскер полкіне жүктелді. Оның міндеті Шиху мен Тарбағатай, Алтай аралығына кіріп, осы екі аймақтың Шиху мен байланысын үзіп, Тарбағатай, Алтай аймақтарын азат ету. 

Орта линияда соғыс жүргізу Іле 2-жаяу әскер полкіне, Текес 1-атты әскер полкіне, Іле 4-запас полкіне, Хуизу дербес атты әскер баталионына, миномет баталионына, Сібе дербес атты әскер ротасына жүктелді. Негізгі шабуыл нысанасы – Жың. Бұдан басқа Сүйдің 1-жаяу әскер полкі, Зеңбірекшілер ротасы Шихуаға шабуыл жасайтын, одан Үрімжіні бетке алатын болды. 

Оңтүстік линия бойынша соғыс жүргізу Сопахун Сауыров бастаған Атты партизан атретіне тапсырылды. Олар Оңтүстік Шинжяңға жорық жасап, партизандық соғысты өрістетеді. Гоминдаң оңтүстік Шинжяңдағы әскери бөлімдерін жылжытпай айналдыру үшін тасқорғанға барып, сол арадағы партизан қосынына көмектесуге бір звот әскери күш жіберді.

***

1945-жыл, маусым айының басы. 

Бурылтоғай ауданындағы гоминдаңның әскерлері мен үкімет қызметкерлері партизандардың тықсыруымен аудан қалашығын тастап, Буыршын ауданына көшіп кетті.

***

06.06.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі «Экономикалық делоларды қараудың уақыттық ережесін» жариялап, мыналарды белгіледі: 

1) Елеулі экономикалық делоларды сот мекемесі қарайды. 

2) Үй, мал-мүлік бөлу, мұрагерлік ету, өтініп беруге саятын экономикалық делоларды діни сот қарайды.

3) Әдеттегі экономикалық делоларды жерлік саудагерлер қоғамы тексеріп, шешім етеді.

***

07.06.1945

Тасқорған партизандар қосыны Карманшаларды (Тсқорған ауданының адамы. Ұлты тәжік) жеке-жеке Тасқорған ауданының Девтер, Тағарма, Субаш, Болыңкөл сияқты жерлеріне астыртын барып, барлау жүргізіп, гоминдаң әскери бөлімдерінің сол жердегі орналасу ахуалын, қару-жарағын анықтауға және сол жердегі халыққа Іле көтерлісінің жеңісі мен ШТР Уақыттық үкіметінің құрылғанын үгіттеуге жіберді.

***

09.06.1945

Лю Зыруң Кеңес Одағының үрімжідегі уақыттық бас консольы Иеусейевке Кеңес Одағының «Құлжадағы полкті» тыныштандыруда достық, селбестік позитсяда болуы жайында талап қойды. Иеусейев бұл іс туралы Москвадан нұсқау сұрайтындығын білдірді.

***

09.06.1945

Ұлттық армияның бас штабы Рапих Байшурын, Тұрсын бастаған партизандар қосынына Ашалы асуы арқылы Жыңға баруды, Жың мен Шиху арасындағы байланысты үзіп тастауды бұйырды. Партизан атреті 16-күні жетіп, Шгуыр көпірін өртеп, Жың мен Шиху арасындағы тас жолды бұзып, телефон сымын үзіп тастады.

***

09.06.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі «Тексеру мен соттаудың жалпы принціпін» бекітті. Жалпы принцип тексеру, соттау болып, 32 тармаққа бөлінген. Тексерудің, соттаудың тәртібін атқару әдісін, құқық көлемін егжей-тегжейлі белгілеген.

***

15.06.1945

  У Жуңшин Шұңшиңде Жяң Жиешімен кезігіп, Шынжаң ахуалын доклат берді. Жяң Жыжуңды армия мен үкімет қызметін біртұтас басқаруға тезірек жіберуді ұсыныс етті.

***

16.06.1945

Тоқты Әлімовтың жетекшілігінде Тарбағатай аймағының Майлы партизандар қосыны құрылып, оған Нұрсапа Сейітжанов пен Қали Қизамеденұлы жауапты болды.

 ***

19.06.1945

  ШТР Уақыттық үкіметі әскер алу бұйрығын шығарып, Іленің аудандарынан 500 әскер алуды ұйғарды.

***

19.06.1945

Гоминдаң үкіметі әкімшілік кеңесінің уақыттық бастығы және сыртқы істер министрлігінің министірі Суңзы-Уын Шұңшиңде Шынжаңда өмір сүріп отырған мәселелер жөнінде У Шуңшинмен кеңес өткізді. Телеграмма беріп Лю Зыруңды Шұңшиңге шақыртып алып, Москваға бірге баруды ұйғарды.

***

1945-жыл, маусым айының орта шені. 

Дәлелхан Сүгірбаев 1200-ден астам қолы бар партизандар қосынын бастап Сарсүмбе қалашығына үш жақтан шабуылға өтті. Шайқас жеті тәулікке жалғасып, қалашықты ала алмай шегінді. 

***

25.06.1945

Дәлелхан Сүгірбаев Алтай партизандар атретін бастап Сарсүмбе қалашығына тағы шабуыл жасамақшы болғанда, екі үлкен атреттің бастығы Нұрқожай мен Сүлеймен жөпелдемеде жалт беріп, Сарсүмбідегі қарауылшы әскерлерге тізе бүгіп кеткендіктен, олар амалсыз Шіңгіл ауданына шегінді.  

***

27.06.1945

  Ұлттық армияның бес штабы Насыров мырза (Кеңес Одағының ақылшысы, ұйғыр) мен Асылхан (Әлихан төренің баласы) бастаған атты партизандар атретіне миномет және ауыр-жеңіл автомат беріп, Күнес арқылы Жұлдызға барып, Оңтүстік Шинжяңға баратын маңызды жол Телмат асуына сұрапыл шабуыл жасауға жіберді. Гоминдаңның Күшар ауданының әкімі Жаң Хануй уақыттық түс жариялады және Жу Шаулияң мен У Жуңшинге шұғыл телегармма беріп, көмектесуді өтінді.

***

28.06.1945

Жу Шауляң өлкелік амандық қорғау қолбасшылық штабының уақыттық штаб бастығы, 11-атты әскер дивизясының командирі Шияң Шяужұңды Күшарға барып қолбасшылық етуге, Ло Канфынды өлкелік амандық қорғау штабының уақыттық штаб бастығы болуға бұйырды.

***

29.06.1945

АҚШ-тың Үрімжідегі консольы Уаррит У Жуңшинге амандаса барып, Іленің жуықтан бергі ахуалын ұғысты және АҚШ призденті Троуменнің ерекше елшісі Хойкинскидің Москваға барғанын, «Құлжа оқиғасының» ендігәрі ұлғаймайтынынан үміт барлығын айтты.

***

30.06.1945

Сұң Зыуын, Шяң Жиңго, Лию Зыруңдар Москваға барып, Сталин қатарлы Кеңес Одағының басшыларымен Ялта құпия келісімі жөнінде кеңес өткізді.

***

1945-жыл, маусым айы 

Тасқорған партизандар қосыны Карманша, Мәмет Айса қатарлыларды шекарадан өтіп Кеңес Одағынан көмек әкелуге жіберді, Кеңес Одағындағы қатысты жақтың адамдары Тасқорған партизандар қосынын қолдайтын және көмек беретін емеурін білдірді.

***

01.07.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №49 қаулы мақұлдап, Әділбек Юсұпбековты Үш аймақ үкіметі бақылау комитеті меңгерушісінің орынбасары, Уақаш Ажы Мерсановты қазына меңгермесінің бастығы етіп тағайындады.

***

01.07.1945

Майлы партизандар қосыны мен Ебнұр партизандар атреті бірігіп, Қызылтуда мәжіліс ашып, Ебнұр-Майлы партизандар қосынының құрылғанын жариялады. Қосын бастығы Тоқты Әлімов, орынбасарлары Нұрсапа Сейітжанов, Қали Қизамеденұлы болды.

***

05.07.1945

Еміл штабы Ұлттық армиясының бас штабына хат жазып, Тарбағатайды азат ету пысып-жетті деп есептеп, дереу әскери бөлім жіберуді өтінді. Көп өтпей, Иван Григоривч Палинов бастаған бөлімдер Іледен аттанып Тарбағатайға бет алды. Алдыңғы бөлім Моңғол дербес атты әскер баталионы Ұзынбұлаққа барып, Ебінұр-Майлы партизандар қосынымен қосылып, Ұлттық армия бас штабының Тарбағатайды азат ету жөніндегі бұйрығын жариялады және нақты әскери орналастыру жасады.

***

05.07.1945

Жяң Жиеші Шұңшиңде мәжіліс ашып, Жуңго-Совет Москва кеңесінің қатысты істерін арнаулы ақылдасты. Мәжілісте Кеңес Одағы үкіметі Жуңгоның Шығыс Солтүстік Жуңго мен Шынжаңдағы територия және әкімшілік иелік құқығына кепілдік ете алса, сондай-ақ ҚКП мен «Шынжаңдағы бүлікке» ендігәрі әрқандай көмек бермейтін болса, Жуңго Совет одағының сыртқы Моңғолия (Моңғол Халық республикасы) жөніндегі талабын ойланып көреді деп белгіледі.

***

05.07.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі Мұхаметжан Мақсұм бастаған уәкілдер үйірмесін ұлттық армия бөлімдерімен бірге Тарбағатай мен Алтайға жорыққа аттандыруды ұйғарды. Қызмет үйірмесінің міндеттері мыналар: 

1). Ұлттық армия бөлімдерінің қолына өткен жерлерде әр дәрежелі өкіметтер құру. Сол жерлердің қоғамдық тәртібін сақтау. 

2). Ұлттық армия бөлімдерінің адамдарын толықтап отыру және азық-түлікпен қамдау. 

3). Алынған жерлердің мал-мүлкіне және әскери бөлімдердің олжаға түсірген қару-жарақ, оқ-дәрі олжасына ие болу. 

***

05.07.1945

Гоминдаң армиясының Оңтүстік Шынжаңдағы әскери күшін бұлжытпай ұстап тұрып, орта линиядағы соғыстың сәтті жүргізілуіне кепілдік ету үшін, ШТР Уақыттық үкімет комитеті мен Ұлттық армияның бас штабы мыналарды ұйғарды: 

1). Сопахун Сауыров атрет бастығы, Әбдікерім Аббасов саяси комиссар, Разиев Дамолла діни істерге жауапты болған атты партизандар атретін ұйымдастырып, Оңтүстік Шынжаңдағы Ақсуға жіберіп, партизандық соғысты етек алдыру. 

2). Кеңес Одағының әскери қызметкері Ескендір (өз аты Иван Иванович Иванов) мен Зәкір төрені (өз аты Сақбол) атты партизандар атретінің әскери ақылшысы етіп тағайындау. 

3). Құрбанжан Атты партизандар атретінің артқы шеп қамдауына жауапты. 

4). Қасымжан Қамбар Үкімет қызмет үйірмесін бастап олармен бірге барады.

***

1945-жыл, шілде айының басы.

Жеменей партизандар қосынының бір бөлімі Гоминдаңның Шағанобадағы әскери бөлімін талқандап, Гоминдаң әскери бөлімдерінің Тарбағатайдан Алтайға көмек беретін жолын кесіп тастады.

***

07.07.1945

Жяң Жиеші Москвада Кеңес Одағымен келіссөз өткізіп жатқан Суң Зыунге арт-артынан екі рет телеграмма жолдап, «соғыстан кейінгі сыртқы моңғолдың тәуелсіздігіне жол беруге» болады. Бірақ, Кеңес Одағы жақ Шығыс Солтүстік Жуңгоның иелік құқығы мен әкімшілігінің бүтіндігін; ҚКП мен Шынжаңдағы бүлікті ендігәрі мүлде қолдамаудың керектігін мойындау қажет деп нұсқау берді.

***

09.07.1945

Суң Зыуын Жаң Жиешінің нұсқауына негіздес, Сталинге Кеңес Одағы үкіметі Жуңгоға көмектесіп Шынжаңдағы бүлікті тыныштандыруға көмек берсе, Жұңго үкіметі сыртқы моңғол мәселесінде жол береді деді. Сталин мейлі Ян-Ан болсын, Шынжаң болсын бәрі де комитет бастығы Жаң Жиешінің нұсқауына бағынады, Кеңес Одағы Шынжаң мен Ян-Анды комитет бастығы Жяң Жиешінің басшылық көлемінде деп қарап келеді. Кеңес Одағы Гомин үкіметін қолдайды, Жұңго үкіметінің талабы бойынша мәлімдеме жариялауға да болады деп емеурін білдірді. Суң Зыуынның Кеңес Одағынан Шынжаңға қару-жарақ тасуға тиым салу жөніндегі талабына да мақұл болды.

***

09.07.1945

  ШТР уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №61 қаулы мақұлдап, Тұрдахұн Махмұтты Жер-су меңгермесі бастығының орынбасары етіп тағайындады.

***

09.07.1945

  ШТР уақыттық үкіметі Бұратала ауданында №2373 нұсқау беріп, былай деді: 

Соғыс мезгілінде шығынды азайту қажет. Аудандық сот мекемесін құрмауды ұйғардық. Арыз-шағым, үкім шығару жұмыстарын діни сот тексеріп шешім етеді. Сотқа қатысты істерді аудан әкімі тікелей басқарады.

***

12.07.1945

Женисов (Кеңес Одағының адамы. Ұлты орыс) Сауан ауданындағы Шяугуай деген жерде орыс, қазақ егінші-малшыларынан жүзден артық қол жиып, партизандар қосынын құрды. Қосынды бастап көтерліс жасап, шілденің 14-күні Шяугуай сақшы бөлімшесін басып алып, 20-ға жуық мылтық олжалады.

***

16.07.1945

Ұлттық армияның бас штабы топтаған атты әскер бөлімдері іркес-тіркес  Юңжихуға барып орналасты. Дахянзыға тоқталған жаяу әскер бөлімдері де он автомобилге отырып Сашанзіге орналасты және Сашанзыде бекініс жасады. Шілденің 22 күні Юңжиху мен Байжяхудағы Гоминдаң әскери бөлімдері ұшағының сәйкесуінде Сашанзуға шабуыл жасап, қайтарма соққыға ұшырады. Сашанзыдағы Ұлттық армия шілденің 25- күнінен 31-күніне дейін жүзден астам зеңбірек, ауыр-жеңіл минометпен гоминдаңның Сашанзыдағы әскери бөліміне сұрапыл оқ жаудырды. Екі жақтан да шығын ауыр болды. Екі жақ тіресу күйіне өтті.

***

17.07.1945

Жаң Жиеші Жу Шауляң мен У Жуңшинге 10 ай ішінде Ілені қайтарып алуға әзірлену жөнінде бұйрық берді. Жу Шауляң мен У Жуңшин егер осы реткі Суң Зыуын мен Сталиннің кеңесі нәтижелі болса, Жуңго мен Кеңес Одағының сыртқы қарым-қатынасы жақсарса, Шынжаң оқиғасы жөнінде Жуңго мен Кеңес Одағы өз ара түсініссе, онда қазан айында Ілені саяси жолмен «қайтарып алуға» болады деп есептеді.

***

18.07.1945

Алтай партизандар қосынының жіберген қарулы қолының Баркөл өңіріндегі ықпалы күннен-күнге зорайды. Ли Тиежун Үрімжіден Құмылға барып, жаныштау істерін басқарды. Ол «бандыларды тазалау» мен маңызды бекіністерді қорғауға қатар мән берді. Ол алдымен Баркөлдің оңтүстігіндегі тауларда жүрген партизандарды тазалап, малшыларды алаңсыз етуге әскери бөлім жіберді. Сонымен бірге, Баркөлдегі әскери бөлімдер мен жерлік өзін қорғау бөлімдеріне Сагужын, Шикоумынзы, Суңшу тәрізді өңірлерін берік қорғап, партизан қосынының батысқа кетер жолын тосып тастау жөнінде телеграмма арқылы бұйрық берді. Онан соң, Құмылдан жаңа 2-корпустың атты әскер полкін жөткеп, солтүстік таудағы «бандыларды тазалауға» жіберді. Жу Шауляңға телеграмма беріп, 12-корпусқа төте қарасты атты әскер полкін, құрылыс баталионын Құмылға қорғаныс жасауға жөткеуді өтінді.

***

18-23.07.1945

Шілде айының 18-күні Сопахұн Сауыров бастаған атты партизандар қосыны Құлжадан аттанып, 19- шілдеде Текес қалашығына келді. 23-шілде күні Текес қалашығынан аттанып, Оңтүстік Шынжаңдағы Ақсуға шеру тартты.

***

18-23.07.1945

Шілденің 18- күні, Ерде бастаған Моңғол дербес атты әскер баталионы мен Ебнұр-Майлы партизандар қосыны Тарбағатай мен Шиху аралығындағы ұрымтал жер Ұтыны басып алды. 23-шілде күні олар үш бағытқа бөлініп, Тоқты Әлімов партизандардың бір бөлігін бастап, малшыларды Жайыр тауына қайта көшірді; Ерде бастаған моңғол атты әскер баталионы Тартасқа шабуыл жасады. Нұрсапа, Қали партизандарының бір бөлегі Жамантыға шабуыл жасады.

***

21.07.1945

Сауандағы Гоминдаң әскери бөлімдері Шяугуайды негізгі түйін етті. 

***

24.07.1945

 ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №69 қаулы мақұлдап, шы, жың, ағаш, шың, ли, му сияқты өлшем бірлігін күшінен қалдыруды, оның орнына метр, килограмм сияқты өлшем бірлігін қолдануды, мұны бақылап, атқаруға Қазына меңгермесі жауапты болуды ұйғарды.

***

     24-27.07.1945 

Шілденің 24-күні Фатей Иванович Ілескин бастаған Кеңсай 3-атты әскер полкі Жамантыға барғаннан кейін, Ебнұр-Майлы партизандар қосынының бір бөлегі көлденеңге баруға, қалған бөлегін дереу Тиірмен (қазіргі Толы қалашығы), Дөрбілжін, Шәуешекке дейін жорық жасауға бұйырды. 

Шілденің 25-күні Фатей Юанович Лескин бастаған Кеңсай 3-атты әскер полкі мен Ебнұр-Майлы партизандар қосыныны оңтүстік жағынан Дөрбілжіңге келе жатқан Гоминдаң әскери бөлімін Тиірменде қоршап алып, қиян-кескі соғыс арқылы жойып, Қарапұшықты басып алды. 

Шілденің 26-күні Қарапұшықтың оңтүстігінен бір километр жерде Дөрбілжіңнен көмекке келе жатқан Гоминдаң әскери бөліміне торуылдап соққы берді. Сол күні түстен кейін Шихуадан көмекке келе жатқан Гоминдаң әскери бөлімі көлденеңге келгенде Ебнұр-Майлы партизандар қосынынының соққысына ұшырап шегініп, Ұты өңіріне кетті. 

Шілденің 27-күні Кеңсай 3-атты әскер полкі мен Ебнұр-Майлы партизандар қосыныны гоминдаңның көмекке келген осы әскери бөлімін жойды.

***

24.07.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №70 қаулы мақұлдап,  өздеріне қарасты аудандардағы аудандық үкіметтің атын аудандық үкімет деп, ал «басқарушы» дегенді аудан әкімі деп алуды ерекше ұйғарды.

***

26.07.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі марка бажысын алуды және 100 млн. Юан ақша басып таратуды; кедей өңірдегі шаруалармен малшылар жылдық кірісінің 10% ғана салық тапсыруды қаулы етті.

***

27.07.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі бұрынғы Қытай үкіметі таратқан Фабиға және Шынжаңның ақшасына ШТР Уақыттық үкіметінің таңбасын басып істеуді, таңба басылымдарының құнын төмендетуді белгіледі.

***

28.07.1945

Ұлттық армия мен партизандар атретінен үш мыңнан астам адам Фатей Иванович Лескиннің қолбасшылығында Дөрбілжін аудан қалашығын бір жолда басып алды. Жаудың екі жүздей адамын жойып, 67 автомобиль олжаға түсірді. Гоминдаң армиясының қалдық бөлімі солтүстікке қарай қашты. Дөрбілжің ауданының әкімі Жяу Найшың тізе бүкті. 

***

29.07.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №71 қаулы мақұлдап,  мыналарды ұйғарды:

1). Петр Романович Александыров ШТР Уақыттық үкіметінің жоралылығынан қалдырылсын. 

2). Иван Григоривч Павлинов, Ысқақбек Монотов ШТР Уақыттық үкіметінің жоралылығына толықтырылсын.

***

29.07.1945

ҚКП орталық комитетінің Ян-Анда шығатын орган газеті – «Азаттық газеті»«Шынжаңдағы ұсақ ұлттар гоминдаңның зорекерлік үстемдігіне қарсы шықты» деген тақырыпта хабар басып, мынаны атап көрсетті: Шынжаңдағы ұсақ ұлттар гоминдаңның зорекерлік үстемдігіне қарсы тұрған оқиға өткен жылы наурыз айында басталғаннан тартып қазірге дейін толастамады. Гоминдаң билеушілері неше он мың адамдық қомақты армия жіберіп жаныштауға көмектессе де, Шынжаңдағы ұсақ ұлт қарсыласушыларының қосыны күн сайын ұлғайып келеді. Өткен жылы қараша айында, Шыңжаңның оңтүстігіндегі маңызды қалашық – Құлжаны бір жолда басып алды. Іле – шала, Іле және Тарбағатай аймақтарын іркес-тіркес меңгеруіне алды. Кезекте, қарсылық көрсетушілердің күші Үрімжіні бетке ала дамып келеді. 

***

29-31.07.1945

Шілде айының 29-күні, Ұлттық армияның алдыңғы бөлімдері Шәуешектің оңтүстік қала маңы өңіріне барып, бұрынғы гоминдаң Дөрбілжін ауданының әкімі Жияу Найшың қатарлыларды қалаға барып тізе бүгуге насихаттауға жіберді. Тарбағатайдың уәлиі Шиң Руң тізе бүгуге насихаттау уәкілдерін қабылдап болғаннан кейін, Тарбағатайдағы армияның және үкімет органдарының бастықтарын шақырып, шұғыл жиын ашып, пікір бірлігіне келе алмады. Онан соң Кеңес Одағының Тарбағатайдағы консулханасына кісі жіберіп, Кеңес Одағына өту жөнінде тілдесті. Кеңес жақ командирлері мен әскерлер қару-жарағын тапсырып, Кеңес шегарасына өтуге болады деді. Шілденің 30-күні, Ұлттық армия Шәуешекті қоршап алды. Сол күні түнде, Шиң Руң үкімет мансаптыларынан, қаладағы әскерлер мен ханзу бұқарасынан жиыны бір мың төрт жүздей адамды бастап, Кеңес Одағына қашып өтті. 31 күні Шәуешек қаласы азат болды.

      Осыған дейін ұлттық армия Тартас, Дөрбілжін, Шәуешек қатарлы жерлердегі шайқаста Гоминдаң армиясының мыңнан артық адамын жойып, қыруар қару-жарақ, 67 автомобиль және басқа заттарды олжаға түсірді. 

***

30.07.1945

Жағда Бабалықов Шағантоғай партизандар қосынын бастап, Шағантоғай қалашығына шабуыл жасады. Шағантоғай ауданындағы  гоминдаңның әскер басшылары мен аудан қалашығының шығыс солтүстігіндегі 15 километр жерде қиян-кескі соғыс жүргізді. Шілденің 31-күні түнде, аудандағы армия, үкімет мансаптылары және ханзу бұқарасы Шәушекке қарай қашты. Олар жол-жөнекей Ұлттық армияның Шәуешекті  басып алғанын естіп, Шихуаға, Сауанға бет алды. Жол бойы партизандар қосынының қудалай, торуылдай соққы беруіне ұшырап, тек Шағантоғай ауданының әкімі Ню Хуанжың қатарлы 12 адам ғана Сауан қалашығына (қазіргі көне Сауан) қашып бара алды.

***

30.07.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №75 қаулы мақұлдап, аудандарда қазына бөлім құруды ұйғарды. 

***

31.07.1945

У Жушиң, Жу Шауляң телеграмма арқылы Жаң Жиешіден Дөрбілжіңнің қолдан кетуі тұтас солтүстік Шинжияң жағдайына ықпал жасады. Бізде төтеп берерлік амал қалмады. Шинжяңды басқаруға тезірек армия мен үкіметтің үлкен мансаптыларын жіберсеңіз деп өтінді.

***

1945-жыл, шілде айының соңы.

Ұлттық армияның бас штабы Құлжадағы Баяндайда командирлер мектебін ашты. Кеңес Одағының тәрбиешілерін ұсыныс етіп, Ұлттық армияның звот, рота, баталион дәрежелі командирлерін кезекпен тәрбиеледі. Әр кезекте ұш жүзден аса оқушы оқыды. Мектепте, көбінесе, шабуыл, қорғаныс тактикалары, әдеттегі қаруларды қолдану, түнгі соғыс, қолбасшылық тактикасы сияқты сабақтар өтілді.

***

01.08.1945

Ұлттық армияның бас қолбасшысы Иван Григоривч Павлинов, бас қолбасшының орынбасары Зунон Типов Шәуешекке барып, уақыттық әскери штаб құрып, пошта-телеграф мекемесі мен қоғам қауіпсіздігі мекемесін әскери басқаруға алу бұйрығын берді. 

***

01.08.1945

Абла Рамазанов Қарабас пен Еміл штабтары тарихи борышын өтеп болды, бүгіннен бастап тарайды, мен Кеңес Одағы ақылшыларын бастап Шәуешекке барып қызмет істеймін деп жариялады.

***

01-03.08.1945

Ұлттық армияның бас штабы Юңжиху соғысының ұзаққа созылған жағдайын өзгерту үшін, Ысқақбек Мононовты Жың алдыңғы шебіне барып қолбасшылық етуге арнаулы жіберді және көмекке әскери бөлімдер жөткеді. Жың алдыңғы шебіне ілгерінді-кейін Іле 2-жаяу әскер полкі, Текес 1-атты әскер полкі, Іле запас 4-полкі, Хұйзу дербес атты әскер баталионы, Сібе дербес атты әскер ротасы жөткелді. Адам саны жиыны төрт мыңнан асты. Ысқақбек Мононов басым әскери күшті шоғырландырып, Юңжихуға шабуыл жасай отырып, тағы бір бөлім әскери күшімен Бажяхудағы армияны қоршауға алды. 

***

01.08.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №78 қаулы мақұлдап, 1945 – 1946 жылғы оқу жылында тек бастауыш мектеп пен орталау мектепті (7 жылдық) ашуды, толық ортаны уақытша тоқтата тұруды ұйғарды. 

***

01.08.1945

Жеменей партизандары мен Қобық партизандары қобық қалашығын қоршауға алды. 

***

02-03.08.1945

Сопахұн Сауыров атрет бастығы, Әбдікерім Аббасов саяси комиссар болған атты партизандар қосыны Текестен Оңтүстік Шинжяңға жорық жасап, ұзақ жол басып, Тян-Шань тауынан асып барып, Оңтүстік Шинжяңдағы Бай ауданының Хийңшан қатарлы жерлерін қолма-қол басып алды.   

***

02-24.08.1945

Тамыздың 3-күні У Жушин өлкелік үкіметтің 103-реткі жоралар мәжілісін ашып, өлкелік халық істер меңгермесі бастығының орынбасары Қасым, өлкелік насихат айту –көңіл аулау комиссиясы меңгерушісінің орынбасары Жау Шянфың бастаған топты «насихат айту –көңіл аулауға» жіберді. Жолшыбай Манас ауданының батыс тауындағы партизандар қосынына барып «насихат айтуға» ұйғарды. Қасым, Жау Жянфыңдар Сауан ауданына барып, 20 күндей «тасихат айту –көңіл аулау» әрекетін жүргізіп, Үрімжіге қайтып келді. 

Тамыздың 24-күні У Жушинге мынадай ұсыныс қойды: 

1). Манас ауданының шығысындағы тауларға барып «насихат айту –көңіл аулауға» адам жібер. 

2). Сауан ауданындағы Сандаухызыға мол әскер қою. 

3). Батыс таудағы Қалибек партизандар қосынын қоршап жоюға әскери бөлім жіберу. 

4) Сауан мен Манастағы әскери күшті тезірек толықтау. 

***

04.08.1945

Тарбағатай уәли мекемесінің орган газеті «Халық ауазы» баспадан шықты. Газет мекемесінің бастығы Әбдіқадыр Зонын* болды. 

***

04.08.1945

Ұлттық армияның бас штабы 3-топтағы екі жүздей қарулы қолды Сауан ауданының оңтүстік таулы өңірінде қимыл жасап жатқан Қалибектің партизандар қосынына көмекке жіберді. Осы кезде Қалибектің партизандары көбейіп мыңдай адамға жетті.

***

04.08.1945

Жаң Жиеші У Жушинге «территорияны қорғауға жер-жердегі әскери, әкімшілік мансаптылардың бәрі де борышты. Міндетін өтемей өз бетімен шегінген мансаптыны сол жерде атып тастау керек» деп телеграмма арқылы бұйрық берді. 

***

04-06.08.1945

Әлихан төре Кеңес Одағының ақылшысы Мұқсынмен бірге Шәуешекке барды. Тамыздың 6-күні, ШТР Уақыттық үкіметі комитетінің көшпелі мәжілісін басқарып ашып, Тарбағатай аймағы «Шығыс Түркістан республикасының» айырылмас бір бөлегі деп белгіледі. Басыбай Шолақұлы Напиын* Тарбағатай аймағының уәлиі, Қасымахұн Сымайылов, Мансұр Розиев екеуі Тарбағатай аймағы уәлиінің орынбасары болды. Әбілімит Қажиевті бас хатшы етіп тағайындады. Тарбағатай аймағының мекеме, басқармаларының басшыларын да тағайындады.

***

05.08.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №16 бұйрық шығарып, әскер алу комиссясын құрды. Сондай-ақ, үкімет органдарындағы штаттан артық адамдарды әскерге қатынасуға жұмылдырды. Бір үйдегі екі қызметкердің біреуі сөзсіз әскерге қатынасады деді.

***

05.08.1945

Ұлттық армия Дөрбілжін мен Шәуешекті іркес-тіркес азат еткендіктен, Шынжаңның армия үкімет билеушілері Алтай, Шиху, Жың сияқты жерлерде соғысу керек пе, әлде ол жерлерден шегіну керек пе деген пікір жөнінде бір байламға келе алмады. Жу Шауляң осы жөнінде Жяң Жиешіге телегармма жіберді, Жяң Жиеші дереу жауап жіберіп, Жыңды да, Алтайды да берік қорғаңдар, шегінуге болмайды деп бұйрық түсірді.

***

05-07.08.1945

Тамыздың 5-күні, Алтай партизандар қосыны Сарсүмбе ауданын тағы да қоршауға алды. У Жуңшин мен Жу Шауляң саяси қажеті үшін, арнаулы ұшақ жіберіп Әлен Жүнуаңды, Жанымханды, Нұрқожайды, Сүлейменді Үрімжіге алдырып алды. Тамызджың 6-күні, У Жуңшин мен Жу Шауляң Алтай аймағын қорғау әдісін шұғыл ақылдасып, орталықтан Шинжяңға әуе тасымалын күшейтуді өтінуден сырт, Оспан Исламұлын дереу шырғалауды, Дөрбілжіңді ұшақпен бомбылауды, Сауанды берік қорғауды, Манастың батыс тауындағы Қалибек партизандар қосынының қимылын тежеуді белгіледі. Тамыздың 7-күні, У Жуңшин Гау Боюйге телеграмма беріп: «Алтай солтүстік Шынжаңның қақпасы және тұтас жағдайдың тұтқасы. Әскери істерге селбесіп тірек болып, үмітті ақтауыңызды сұраймын»-деді.

***

1945-жыл, тамыз айының басы.

Ұлттық армияның бас штабы Оңтүстік Шынжаңдағы Тасқорған төңкерісін қолдау және оны жебеу үшін, Құрбанов бастаған үш жүзден астам адамдық қарулы бөлімді Іледен Кеңес Одағы арқылы Тасқорғанға жіберді. 

***

06.08.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің Қазына меңгермесі мен Жер-су меңгермесі бірлесіп мынадай қаулы алды: 

1). Іленің аудандарындағы ханзу бұқара Сұмбыл ауданы мен Күреге жиналғандықтан. 

2). Іленің аудандарындағы  бұрынғы ханзу бұқараларының жеріндегі астығын орып жинауға жер-су мекемесі жауапты болады және бақылап отырады. 

3). Аудандық үкіметтер аудандық қазына бөлімі, аудандық жер-су бөлімі бұрынғы ханзу бұқарасының жеріндегі көктатты, жеміс ағаштарын бағалап сатып, қалған жерді жекелерге көтермеге берсе болады.

***

07.08.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №17 бұйрық шығарып, Жұлдыз районын ерекше бір аудан етіп құруды бекітті. Тиып Ахунды осы районға барып, Жұлдыз аудандық үкімет құруға жіберді, Шяң Зыдыны аудан әкімі етіп тағайындауды ұйғарды.

***

07.08.1945

Тарбағатай аймақтық банк құрылды. Абдолла Хамит банк бастығы болып тағайындалды. Олар ақша айналымы мен ақша қарыз беру кәсібін істеді. Кейін келе Дөрбілжін мен Шихуада бөлімше банктері құрылды.

***

07-16.08.1945

Тамыздың 7-күні, Дәлелхан Сүгірбаев Алтай партизандарынан мыңдай адамды бастап келіп, Сарсүмбе қалашығына үшінші рет шабуыл жасады. Моңғол Халық республикасынан елу шақты әскери адам келіп, 10-тамыз күні түстен кейіннен бастап, 11-тамыз күніне дейін бір сөтке минометпен атқылады. Сарсүмбідегі гоминдаң армиясы қатты шығындалды. Партизандар Сарсүмбенің сыртындағы маңызды жерлерді иелеп алды. Гау Боюи мен Уаң Лиюндер Жу Шауляң мен У Жушиндерге шұғыл телеграмма беріп: «Сарсүмбе қауіп астында қалды. Азық-түлік, оқ-дәрі таусылды. Тез көмек беріңдер. Ұшақ, ұшақ, ұшақ!»-деді. Тамыздың 16- күні, гоминдаңның көмекке келетін әскери бөлімдерінің бір бөлімі жетіп келді, Моңғол Халық республикасының әскери адамдары шегініп кетті. Дәлелхан Сүгірбаев Ұлттық армияның жорық жасап Қобыққа келгенін естіп, Алтай партизандар қосынын қаладан 15-20 километр шегіндіріп барып тынықтырды. Қосынға  реттеу жүргізіп, Ұлттық армияның келуін күтті.

***

08.08.1945

Сопахұн Сауыров, Әбдікерім Аббасов бастаған атты партизандар атреті Бай қалашығына үш жақтан шабуыл жасады. Төрт сағат қиян-кескі соғыс жүргізіп, аудан қалашығын алды. Бай аудандық төңкерістік үкіметін құрып, Оспан Сейітті әкім етіп тағайындады.

***

10.08.1945

Ұлттық армияның бас штабы Шәуешекте дербес атты әскер лүйін құрды. Оған Ебінұр-Еміл партизандар қосынынан өзгертіліп құрылған Тарбағатай  6-атты әскер полкі, Кеңсай 3 – атты әскер полкі, Дөрбілжін 4-атты әскер полкі қарады. Лүй командирі Фатей Иванович Ілескин болды. 

Дербес атты әскер лүйі құрылған соң, екі бағытқа бөлінді. Бір бағыттағы Тарбағатай 6-атты әскер полкі мен Моңғол дербес атты әскер баталионы оңтүстікке бет алып, Шихуды алу соғысына қатысты. Енді бір бағыттағы Кеңсай 3-атты әскер полкі мен Дөрбілжін 4- атты әскер полкі солтүстікке бет алып, Қобыққа шабуыл жасады.

***

1945-жыл, тамыз айының бас шені.

Гоминдаңның Ақсудағы 5-атты әскер полкінің командирі қосымша Ақсу, Уынсу, Үштұрпан қорғанысының қолбасшысы Жау Ханши Шынжаңның армия, үкімет билеушілерінің Оңтүстік Шынжаң мен Солтүстік Шынжаңның маңызды қатынас көмекейі – Ақсудың амандығын шынайы қамтамасыздандыру жөнінде бұйрығын дәйектілендіру үшін, Ақсу аймағының уәлиі, қосымша амандық қорғау қолбасшысы Жияу Гын; толықтау полкінің командирі Лай Гуогуаң, аймақтық сақшы мекемесінің бастығы У Шаубиндерді шақырып, әскери орналастыруға қатысты істерді ақылдасты. Мынадай қаулы алды: 

1). Мығым әскери күшпен Мұзарт асуын қорғау. 

2). Үштұрпан ауданындағы шекара қарауыл атретін Ақсу қаласына көшіріп, қала қорғанысын күшейту. 

3). Толықтау полкіндегі ұлттық ротаның командирлері мен әскерлерін таратып жіберу. 

4). Қаладағы қайратты жастардан әскер алып, қаланы қорғауға қатынастыру. 

5). Сақшы мекемесі қала амандығын қорғауға жауапты болу. 

6). Қала қорғанының төңірегіндегі құрлыстарды бұзып, потай салдыру.

***

01-21.08.1945

Дербес атты әскерлер Лүйінің алты жүздей адамдық Кеңес Одағының әскери ақылшысы Дөскеновтың бастауында, тамыздың 11-күні Қобыққа жетіп барды. Тамыздың 14-күні Жеменей, Қобық партизандарымен бірге Қобық қалашығына шабуыл жасап, 11-атты әскер дивизясының 31- полкі мен өзін қорғау атретінің қатты қарсылығына ұшырады. 

Ұлттық армия неше күн шабуыл жасап, қалашықты ала алмады. Тамыздың 17-күні ауыр миномет келіп, жаяу әскерлер мен атты әскерлердің сәйкесуінде, арт-артынан үш рет көлемді шабуыл жасап, жаудың тең жарымынан астамын жойды. Тамыздың 21-күні түнде, 31-полктің командирі Шуе Тифаң қалдық бөлімдерді бастап қоршауды бұзып, Сауанға қашты. Дербес атты әскерлер лүйі Қобық ауданы қалашығын алды. Сонымен ұлттық армияның Алтай аймағына жорық жасауына шарт-жағдай жасалды әрі орта лениядағы соғысқа пәрменді көмек берді.

***

13.08.1945

Тамыз айының басынан тартып 13-күніне дейін, Тарбағатай уәли мекемесі ілгерінді-кейін Шәуешек, Шағантоғай, Дөрбілжін аудандық үкіметтерін құрды. Омерахұнды Шәуешек ауданының әкімі, Қалдыбай Қанапияұлын Шағантоғай ауданының әкімі, Назарбек Тұрысбекұлын Дөрбілжін ауданының әкімі етіп тағайындады.

***

13.08.1945

Гоминдаң үкіметі сыртқы істер министрі Уаң Шыжие мен Кеңес Одағы үкіметі Сыртқы істер министрлігінің министірі Молотов екі ел үкіметі атынан Москвада «Жуго-Совет достық одақтық шартына» және оның қосымша келісімдеріне қол қойды. Осы шарттың қосымша құжатында Гомин үкіметі сыртқы моңғолияның тәуелсіздігін мойындады. Кеңес Одағы үкіметі мынаны білдірді: «Шынжаңда жуырда туылған өзгерістер жөнінде Кеңес өкіметі достық, одақтастық шартының 5-тармағында айтылғандай, өзінің Жуңгоның ішкі ісіне килігу ниеті жоқ».

***

15.08.1945

Жапония шартсыз тізе бүгетінін ресми жариялады, Жуңго халқының Жапон басқыншыларына қарсы соғысы соңғы жеңіске жетті.

***

15.08.1945

Тасқорған партизандар қосыны төрт бағытқа бөлініп, ілгерінді-кейін Бұлыңкөл, Субаш, Тағармаларды және Тасқорған қалашығын алды.

***

15-19.08.1945

Бай ауданы қалашығын алған атты партизандар қосыны Ақсу мен Күшарға әзірше шабуыл жасамай, Ілеге асатын маңызды асу – Мұзарт асуын алуды ұйғарды. Тамыздың 15- күні, атты партизандар қосыны Бай ауданынан жолға шығып, Мұзарт асуын алуға аттанды. Сонымен бір уақытта, Ясын бастаған бір бөлім қарулы бөлімді Бай қалашығын қорғауға қалдырды. Бір бөлім қарулы бөлімді Тұзауатқа жіберіп, Ақсуда тұратын армияның мұзарт асуындағы армияға көмекке баруын тосуды бұйырды. Бірнеше күн айқасып Мұзартты ала алмады. Осы кезде, атты партизандар қосыны Бай қалашығындағы Гоминдаңның Күшардан көмекке келген армиясын басып алуды ұйғарды. Тамыздың 19-күні атты партизандар қосыны Мұзарт асуын алып, жаудың жүздей адамын тұтқындап, 170 мылтық, 18 ауыр-жеңіл автомат, 5 зеңбірек, 210 ат олжа түсірді. Іле мен Ақсу аралығындағы жолды ашты.

***

17.08.1945

Тасқорған партизандар қосыны Тасқорған қалашығында бұқаралық жиналыс ашып, Тасқорған уәли мекемесі құрылғанын, Әбдікерімхан Мақсұмның құрметті басшы, Ақжолбектің уәли болғанын, Қожахымет уәлидің орынбасары, Шәмшиденнің бас хатшы болғанын; Тағармада төңкерістік армияның бас штабы құрылғанын, Ысқақбек Мононов құрметті бас қолбасшы, Карманша бас қолбасшы, Мәмет Айса бас қолбасшының орынбасары болғанын жариялады. Сондай-ақ ілгерінді-кейін төрт полк құрылды.

***

18.08.1945

  ШТР Ууақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №81қаулы мақұлдап, Іле өзенінде су тасымалын жолға қою үшін6 мемілекет банкіндегі кебек алтынды жұмсауды ұйғарды.

***

18.08.1945

  ШТР Ууақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №82 қаулы мақұлдап, Іле аймағы бойынша суармалы егістік жер 47 мың 167 гектар. 1945 жылы 50 млн 308 мың 456 килограм астық қамбаға түседі. Мұнан 12%  салақ үшін 6 млн 492 мың 704 килограм астық алуды ұйғарды. 

Аудандардағы қазына қызметіне жауапты орынбасар әкім салық жинау міндетін орындауға жауапты болады деп тапсырылды.

***

19-25.08.1945

Сопахұн Сауыров бастаған атты партизандар атреті қорғанда реттеу жүргізіп, өзіне қарасты үш атты әскер ротасы мен бір автомат ротасын құрды және рота, взвод, адделения бастықтарын да қайта жаңалады.

***

20.08.1945

  ШТР Ууақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №83 қаулы мақұлдап, Қазына меңгермесінің 100 млн юан қағаз ақша бастыруын ұйғарды.

***

20.08.1945

Тарбағатай уәли мекемесінің орган газеті «Халық ауазының» моңғолша нұсқасы жарық көрді. 

***

1945-жыл, тамыз айының орта шені

Кеңес Одағының ақылшылар үйірмесі Тасқорғанға келді. Олардың арасындағы Ғұламхан төре бас ақылшы, Қалыхан Тасқорған төңкерістік армиясының әскери ақылшысы болды.

***

22.08.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №84 қаулы мақұлдап,  Жабықбай ақалақшыны* ШТР Уақыттық үкіметі комитетінің жоралығына толықтыруды ұйғарды.

————————-

Жабықбай ақалақшы (1874-1958) – Құлжа ауданынан. Ұлттық жоғары жіктегі қайраткер. ШТР Уақыттық үкіметінің жорасы болған. 

***

22.08.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №85 қаулы мақұлдап, 300 млн юан жеңіс зайомын таратуды, оны 100 юандық, 200 юандық, 500 юандық, 10 мың юандық етіп шығаруды ұйғарды. Бұдан Іленің аудандарына 150 млн-дық, Тарбағатай аймағына 100 млн-юандық, Алтай аймағына 50 млн-юандық зайом бөлуді бекітті.

***

23.08.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі  «Қылмысты істер заңы уақыттық белгілемесін» жариялады. Бұл белгілеме 101 тармақтан құралған болып, қылмысты істер делосын қарау тәртібі, әдісі, соттау сияқтылар жөнінде егжей-тегжейлі белгілемелер жасады.

***

24.08.1945

Жяң Жиеші мемлекет қорғанысы ең жоғары комитеті мен гоминдаң орталық комитеті тұрақты комитетінің уақыттық бірлескен мәжілісінде, Жынжаңдағы ұлттық мәселені қамтыған ел ішіндегі ұлттық мәселені қалай шешу жөнінде мынадай емеурін білдірді: «Қазір халықарадағы ұлт мұраты мәселесі шешілді, енді ел ішіндегі ұлт мұраты мәселесін шешуге тиіспіз. Мұндағы саясатымыз ел ішіндегі ұлттардың автономия алуына көмектесу, шекара өңірде жасайтын ұлттардың автономия алуға қабілеті болған кезде, оларға автономия берілуі тиіс».

***

25.08.1945

Ақсу аймағына шабуыл жасаған атты партизандар атретіндегі Кеңестік әскери ақылшы Ескендір мен Зәкір төре Қорғаннан аттанып, Мұзарт асуын асып, Ілеге барып, жағдайды мәлімдеуге, әскери күшті молайтуды талап етуге кетті.

***

25.08.1945

У Жұңшин 8-соғыс районы қолбасшысының орынбасары Го Шишяуға телеграмма беріп: «Шынжаңда Құлжа оқиғасы туылғаннан кейін, орталықтан толықтап беруге тиісті бұйымдар неше айдан бері тасылмады. Қазір азық-түлік, киім-кешек, оқ-дәрі және қатынас-тасымал ісі насырға шапты. Сыртқы қарым-қатынас жақсарғанмен, әуе тасымалын күшейтпейінше, ұзақ аралықты бомбылаушы ұшақ немесе басқа ұтымды іс жүзіндік әдістер болмайынша, қолдан кеткен жерді қайтарып алу, тәртіпті қалпына келтіру қиын»-деді.

***

25.08.1945

Алтай партизандар қосынының қоршауында қалған, Қаба ауданы қалашығындағы Гоминдаң армиясы амалсыз қалашықты тастап, Сарсүмбеге шегінді.

***

25.08.1945

Жаң Жиеші Гомин үкіметі Орталық әскери істер комитеті саяси бөлімінің бастығы Жаң Жұжыңды шақырып алып, оған «оқиғаны» зерттеп шешу жөнінде бұйрық берді. Оған берілген міндет – «Рухты серпілтіп, жұрт көңілін орнықтыру, мәселені шешуде пайдалану үшін, бұл жолғы “оқиғаның” нақты ахуалын тексеріп, доклат жазу»-еді.

***

28.08.1945

Мауэ Зыдұң, Жоу Ынлай, Уаң Рофилер ҚКП орталық комитеті атынан Гоминдаңмен бейбітшілік келіссөзін өткізу үшін, Ян-Аннан ұшаққа отырып, Шұңшиңге барды. Жапон басқыншыларына қарсы соғыс жеңіске жеткеннен кейінгі мемлекет құру жоспарын ақылдасқан кезде, Мауэ Зыдұң ҚКП-ның Шынжаңдағы әр ұлт халқының өзін «азаттыққа» (Тырнақша алған дайындаушы) шығару күресіне тілектес, жақтас екенін тағы бір рет қайталай білдіріп, Гоминдаңның ұлттық кемсіту, ұлттық езгі саясатынан безіп, Шынжаң мәселесін бейбіт жолмен шешуін талап етті.

***

25.08.1945

Сопахұн Сауыров бастаған атты партизандар атреті қорғаннан аттанып, Ақсуды алуға беттеді.

***

28-29.08.1945

Тарбағатай 6-атты әскер полкі мен моңғол дербес атты әскер баталионынан мөлшері мыңнан аса адам Шихудың батыс терістігінде 50 километрдей жердегі Шепейзыны қоршауға алды. Сондай-ақ бір баталион шығарып Шепейзы мен Шиху арасындағы қатынасты үзіп тастады.

***

30.08.1945

Қыркүйектің 11- күні ұлттық армияның бас штабы Оңтүстік Шинжяңдағы шабуыл күшін күшейту үшін, Насыров мырза мен Асылхан бастаған екі атты әскер ротасын тағы жіберді. Олар Іледен аттанып Телмет асуын асып, Бай қалашығын қайта басып алды. Бір бөлім әскери күшті Бай қалашығын қорғауға қалдырғаннан сырт, қалғандары Тян-Шань тауының оңтүстігін бөктерлеп, батысқа жорық жасады. Олар қыркүйектің 11-күні атты партизандар атретіне барып қосылды.

***

31.08.1945

Тасқорған төңкерістік армиясы Тасқорған ауданынан Яркен, Иыңсар, Қашқарға баратын маңызды жол – Тойынболыңкөлді басып алған соң, үш бағытқа бөлінді. Жамалдын бастаған бір бөлімі Тойынболыңкөлдің терістігіндегі Қашқарға бет алды. Ғопұр Қасым қатарлылар бастаған бір бөлімі Тойынболыңкөлдің шығыс терістігіндегі Иыңсарға шеру тартты. Шаркер бастаған әскери бөлім  Тойынболыңкөлден шығысқа беттеп, Яркен, Қағлық сияқты жерлерге шабуыл жасамақ болды. 

***

31.08.1945

Түстен кейін сағат төртте, Гомин үкіметі Орталық істер комитетінің әскери бұйрық бөлімі, әскери тәлім-тәрбие бөлімі, артқы шеп бөлімі Шынжаңдағы «бандыларды тазалау» мәселесі жөнінде Нанжиңде бірлескен әскери жиынды ашты. Мәжілісте мыналар ұйғарылды: 

1). «Бандыларды тазалау» кемелді жоспар программасын жасап, оны атқару өлшемі ету керек. 

2). Салмақты қамдау және сыртқы істер жағына қою керек. 

3). Ланжоуға он мың жаңа әскер жинап, Хышиға немесе Құмылға апарып жаттықтыру керек. Оны қалай істеуді қолбасшы Жу Шауляңның өзі белгілесін.  

4). Әуе армиясын молайту ісі жөнінде бастықтың шешім жасауын сұрау керек. 

5) Ілеге қарсы шабуыл жасауды қоя тұру керек. 

6). Шынжаңға 12D және K7D әскери бөлімін жіберіп, оны Шынжаң өлкесіндегі әскери қосынды ретке салғаннан кейінгі әскери қосын рет номерінің орнына қою керек. 

7). Бұрынғы Шынжаң өлкесіндегі әскери бөлімдерден 6 жаяу әскер дивизясы мен 4 атты әскер дивизясын өңірлерді өлшем ете отырып, 8 дивизия етіп құру; оны Күшар, Сарсүмбе, Жетіқұдық*, Жың, Қашқар, Шонжы, Тұрпан, Қарашар өңіріне орналастыру керек.

8). Азық-түлік пен оқ-дәріні Шынжаңға жеткізуді әуеден тастап беруге істетілетін парашотты әскери бұйрық бөлімі 1-меңгермесінің 3-басқармасы әзірлеп беруі керек.

***

1945-жыл, тамыз айының соңғы шені.

Кеңес Одағының сыртқы істер министірлігі Жуңгоның Кеңес Одағы бас елшісі Бо Быңшаңға мынадай нота тапсырды: «Шілде айының 31-күні, Жуңголықтардан 1400 адам Шынжаңдағы Шәуешектен Кеңес Одағының жеріне қашып өтті, Кеңес Одағы оларды үйлесімді паналатты. Қазір астық тапшы болғандықтан олар уақытша бір қолхозға апарлыды әрі оларды Жуңгоға қайтармақшымыз. Жуңго жақтың адам жіберіп алып кетуін сұраймыз».

***

01.09.1945

Атты партизандар атреті Уынсу аудан қалашығын алды. Бұқаралық жиналыс ашып, Уынсу аудандық төңкерістік өкімет құрылғанын, Шәріп Қари Ажыны әкім етіп тағайындағанын жариялады. Жерлік халықты белсене аттанысқа келтіріп, Гоминдаңның кертартпа үстемдігін аударып тастауға үндеді. Жиналыстан кейін әр ұлт бұқарасы әскерге қатынасуға жаппай тізімделді.

***

02.09.1945

Әлихан төре Кеңес Одағының Құлжада тұратын консольына хат жазып, Кеңес өкіметінен Текес, Моңғолкүре аудандарындағы малшылардың ұрланған малын Кеңес шекарасында албаты сатып алушыларды қатаң жазалауды, мұндай істердің қайталай беруіне тиым салуды талап етті.

***

02.09.1945

Иван Григоривч Палинов қолбасшылығындағы Тарбағатай 6-атты әскер полкі, моңғол дербес атты баталионы, Сүйдің 1-жаяу әскер полкі, 3 тау зеңбірегі, 8 миномет, екі соғыс ұшағының сәйкесуінде, Шихудың маңындағы маңызды бекініс Шепейзыны алды. Гоминдаң армиясы қашып Шихуаға барды.

 ***

03.09.1945

Ұлттық армияның дербес атты әскер лүйінің негізгі бөлігі Жеменей партизандарымен бірлесіп соғыс жүргізіп, Буыршын қалашығын алды. Онда тұратын уақыттық дивизяның бір бөлімі мен үш жүзден аса адамы бар өзін қорғау бөлімі тізе бүкті. Ұлттық армияның дербес атты әскерлер лүйі Сарсүмбіге жорыққа аттанды.

***

03.09.1945

Ысқақбек Мононов қолбасшылығындағы ұлттық армияның бір бөлегі Жың қалашығының маңындағы маңызды бекініс Юңжихуды алды.

***

04.09.1945

 ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №9 қаулы мақұлдап, мыналарды ұйғарды: 

1). Салық жасырғандардың, шекарадан заңсыз өтіп, зат ұрлап сатқан саудагерлердің барлық заттары тәркіленуі тиіс. Олар заң бойынша қолға алынады және жазаланады. 

2). Қатаң шара қолданып, шекарадан жасырын өткендерді ұстау және қатаң жазалау керек. 

3). Шекарадан заңсыз өтіп, салық жасырып сауда істегендерді өкіметке әшкерелегендерге қолға түскен нәрсенің 25%-ы силыққа беріледі. 

4). Жоғарыдағы белгілемелерді атқаруға Ішкі істер меңгермесі жауапты болады.

***

04-08.09.1945

Қыркүйектің 4-күні, Ұлттық армияның бас қолбасшысы Иван Григоривч Палинов Кеңес әскерлерінің көмегінде, Шиху қалашығын алу соғысын қозғады. Сүйдің 1-жаяу әскер полкі, Тарбағатай 6-атты әскер полкі, Моңғол дербес атты әскер баталионы негізгі шабуылға өтетін болды. Қорғаушылар баталионы запас қосын болды. Шабуыл батыс солтүстік пен шығыс солтүстіктен басталды. Қиян-кескі соғыс арқылы қыркүйктің 5- күні Шихудағы армияның бірінші қорғаныс шебі талқандалды. Шихудағы армия қасарыса қарсылық көрсеткендіктен, Ұлттық армияның шығыны ауыр болды. Қыркүйектің 7-күні Палинов негізгі күшті шоғырландыра отырып, тағы шабуылға өтті. Кеңес Одағының үш соғыс ұшағы, бронвик автомобилі, зеңбірекші әскерлері сәйкесіп соғыс жүргізіп, жаудың 2-қорғаныс шебін талқандады. Қыркүйектің 8-күні алаң-елеңде жаудың 3-қорғаныс шебі талқандалып, Шиху қалашығы алынды. 

Шие Ийфың қалдық бөлімдерін бастап, шығысқа қарай зытып берді. Ұлттық армия бір жақтан негізгі күшті өкшелей соғуға жіберіп, ілгерінді-кейін Күйтін, Шиху аэродромы, Майтау қатарлы жерлерді басып алып, Анжыхайға қарай ілгеріледі. 

Енді бір жақтан Моңғол дербес атты әскер баталионы мен Тарбағатай 6-атты әскер полкінің бір бөлегін Жың жақтағы соғысқа сәйкесіп, Шихудың батысынан 40 км шалғай орынға барып қорғаныс жасап, Жыңдағы жау армиясының шығысқа қашу жолын тосуды бұйырды. 

Шиху шайқасында гоминдаң армиясынан жиыны тоғыз жүзден астам адам оққа ұшты. Мыңнан астам адам тұтқын болды. Қыруар қару-жарақ, оқ-дәрі олжа түсті.

***

05-08.09.1945

Қыркүйектің 5-күні, Ысқақбек Мононов Кеңес әскерінің көмегінде Іле 2-жаяу әскер полкін, Текес 4-атты әскер полкін, Іле запас 4-полкін, хұйзу дербес атты әскер баталионын – жиыны төрт мыңдай адамды бастап, Жың қалашығын алу шайқасын бастады. Қыркүйектің 7-күні қиян-кескі соғыс арқылы алдымен сыртқы бекініс Бажяхуды алып, онан жеңісті шабуыл жасай отырып, Жың қалашығын алды. Қыркүйектің 8-күні Го Ши әскерлерін бастап, қалашықты тастап, қоршауды бұзып, шығысқа қашты. Ол жол-жөнекей ұлттық армияның өкшелей соққылауына, тосқауылына тап болып, Сауан ауданындағы Сандаухызының маңында қолға түсті. Жың шайқасында, Ұлттық армия Гоминдаң армиясының мыңнан аса адамын жойып, қыруар қару-жарақ, оқ-дәрі олжаға түсірді. Сонымен Іле аймағы толығымен азат болды.

***

05-09.09.1945

Қыркүйектің 5-күні, Ұлттық армияның дербес атты әскер лүйінің бір бөлегі жорық жасап Сарсүмбеден 18 км Шалғайдағы Шеміршекке жетіп барып, Сарсүмбені қоршап жатқан Дәлелхан Сүгірбаев бастаған Алтай партизандар қосынымен қосылды. Қыркүйектің 6-күні, Сарсүмбені қоршауға алды және қалашыққа адам жіберіп, жауды тізе бүгуге насихаттады. Уаң Лиюн, Гау Боюилер тізе бүгуден бас тартып, армиясын және ханзу бұқараларынан үш мыңдай адамды бастап, қаланы тастап, солтүстікке қарай қашып, шекарадан сыртқы Моңғолияға өтіп кетпекші болды. Ұлттық армия мен Алтай партизандар атреті Қыркүйектің 6-күні түнде Сарсүмбе қалашығына кірді. Сарсүмбеден қашқан армияға жан жолмен барып өкшелей соққы беруге дереу әскери бөлім аттандырды. Қыркүйектің 7-күні Сарсүмбенен қашып шыққан армия қоршауда қалып, келіссөз өткізу арқылы Қыркүйектің 9-күні Гау Боюи мен Уан Лиюин әскерін тастап қаруын тапсырып, тізе бүкті. Тек Алтай аймақтық сақшы мекемесінің бастығы Ли Мыңбай, 33-полктің командирі Дай Куий азырақ әскер мен бұқараны бастап қашып кетті. Ұлттық армия мен Алтай партизандар атреті Гау Боюи мен Уан Лиюин бастаған 150 дей командирді, мыңнан астам әскерді тұтқындады. 48 ауыр-жеңіл пулемет, мыңнан астам мылтық,  үш жүз мың тал оқ және басқа қыруар әскери қару-жарақ қолға түсірді. Сөйтіп Алтай аймағы тұтас азат етілді.

***

06.09.1945

Кеңес Одағы үкіметі Жуңго үкіметіне Шынжаң өлкелік үкіметіне әр ұлттан қатынастырылса, тыңшылық жұмыстарын жұмсартса, Шынжаң мәселесін шешуге болады дегенді білдірді.

***

07.09.1945

Жаң Жиеші Шу Шауляң мен У Жұңшинге телеграмма арқылы былай деп нұсқау берді: «Шынжаңдағы әскери істер мен сыртқы қарым-қатынас жөнінде орталықтың өз жоспары бар. Сіздер қазіргі қатерлі жағдайда ұстамдылық көрсетіп, қызметтеріңізді жайшылықтағыдай істей беріңіздер. Дегбірден айырылып, дүрлігуге болмайды. Өте-мөте әскери бөлімдер тұрған жерлерде табандылық көрсетсін, өз бетімен кетуіне болмайды».

***

07-14.09.1945

Қыркүйектің 7-күні, атты партизандар атреті Ақсу қалашығын қоршауға алды. Келесі күні қалашыққа шабуыл жасады. Ақсудағы жау армиясы жанын сала қарсыласты және қалашықтағы Лұтполла Мүтәліп* бастаған «Ұшқын одағының» негізгі 28 мүшесін қырып тастады. Қыркүйектің 12-күні Ақсудағы жау армиясы қаладан шығып қайтарма соққыға өтті. Атты партизандар атреті соғысқа әзірліксіз кірісіп ауыр шығын тартты. Қыркүйектің 14-күні Ақсудағы жау армиясы қаладан тағы шығып атты партизандар атретіне қирата соққы берді. Атты партизандар атреті амалсыз шегінді. Ақсудағы жау армиясы осы орайда Уынсу қалашығын тартып алды. Атты партизандар атреті Қорған өңіріне уақытша шегініс жасады.

***

08.09.1945

  ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №94 қаулы мақұлдап, өнер-кәсіп, сауда дамыту серіктігін құрды. Оған Қазына меңгермесі басшылық ететін болды. Асейдолла Мәзімбаевті директор етіп тағайындады. Айналым қаржысын қазына меңгермесі, өнер-кәсіп, сауда дамыту серіктігінің кредит қаржысын мемлекеттік банк жауапты болып шешетін болды.

***

07.09.1945

Ұлттық армияның бас штабы Моңғол дербес атты әскер баталионын кеңейтіп,  Моңғол дербес атты әскер полкі етіп құрды. 

***

07.09.1945

Тарбағатай уәли мекемесі Қобық аудандық үкіметін құрды, Шұңшиң ламаны әкім етіп тағайындады.

***

09.09.1945

Жяң Жиеші Жу Шауляң мен У Жұңшинге телеграмма арқылы былай деп нұсқау берді: «Го Шиңшяуды Үрімжіге барып, әскери істерге қолбасшылық етуге нақты жауапты болуды ұйғардық. Сондай-ақ әр дәрежелі армия, үкімет мансаптыларына бұйрықсыз шегінгендердің кім болуына қарамай, соғыстан қашу қылмысы деп есептеліп, өлім жазасына кесілетіндігі жайында жалпы бұйрық жариялауыңызды үміт етемін».

***

09.09.1945

8-соғыс районы қолбасшысының орынбасары қосымша штаб бастығы Го Шиңшяу Үрімжіге келіп, Жу Шауляң мен У Жұңшинге көмектесіп төмендегідей әскери орналастыруын жасады: 

1). Соғысқа қолбасшылық ету істерін басқаруға қолайлы болуы үшін, 8-соғыс районы штабының Шынжаңда әскери әкімшілік меңгермесін құру.

2). 5-атты әскер корпусының Машиңшиң бөлімін және Шүй Рушың дивизясын алдыңғы шептегі әлі толықтанбаған әскери бөлімдермен қоса Манас өзені жақта шоғырлы іске қосу. Одан соң Солтүстік Шынжаңды қайтарып алуға кірісу. 

3). Үрімжіден Манасқа, Үрімжіден Құмылға, Үрімжіден Қарашарге дейінгі жол қатынасының бөгетсіз болуын қорғау. 

4). «Үрімжіні берік қорғау», яғни 46 дивизяны Шығыс Шынжаңнан Үрімжіге әкелу, Үрімжі қаласындағы сақшыларды, орталық әскери мектеп 9-бөлімше мектебінің, орталық сақшы командирлер мектебінің 3-бөлімше мектебінің, Шынжаң тәлім-тәрбие полкінің қызметші-оқушыларын Үрімжіні қорғаушылар қатарына өткізу. Үрімжі, Фукаң, Санжы, Құтыби – осы төрт орында өзін қорғау үлкен атретін құру. Үрімжі қаласындағы барлық армия мен халыққа күн-түн демей қала бекінісін жасау жөнінде бұйрық беру. Үрімжідегі соғысқа қатыссыз органдарды, артық өкімет қызметкерлерін және тұрғындарды түгелдей оңтүстіктегі Қарашарға көшіру.

***

10.09.1945

Жияң Жиешінің бұйрығы бойынша, Шиңхайдан Шынжаңға көмекке көшірілген 5-атты әскер корпусының алды Құмылға әкеліп, автомобилге отырып жолға шықты. 

***

1945-жыл, қыркүйек айының бас шені.

Шиеифың қалдық қонысын бастап Манасқа шегініп келген соң, Манас көпірін өртеуге, Манас өзенінің шығыс жағынан акоп қазып, бекініс жасауға бұйрық берді. Шын Гуңфуды Манас қалашығының қорғаныс қолбасшысы етіп тағайындады.

***

1945-жыл, қыркүйек айының бас шені.

Ұлттық армия жорық жасап манас өзенінің батыс жағасына келді. Үрімжіге 150 км ғана қалды. Гоминдаңның осы кезде Үрімжідегі әскери күші алты батальон ғана болатын. Жу Шауляң сегіз сағат ішінде Жаң Жиешіге үш рет жедел телеграмма жіберіп, шұғыл көмек сұрап, мыналарды айтты: «Қолда жұмсарлық әскер тапшы, сыртқы жақтан келер көмек жоқ, … Үрімжі қауіп астында қалды. Мен міндетімді адал атқарып, ақтық деміме дейін алысып, партия мен мемлекет алдындағы борышымды ақтаймын. . . Сіздің тезірек ақыл көрсетуіңізді сұраймын т.б»

***

1945-жыл, қыркүйек айының бас шені.

  Гожишяу бүкіл Шынжаңның қорғаныс істері жөнінде тағы мынадай орналастыру жасады: 

1). Шиңхай 5-атты әскер корпусының бірінші лектегі полкі Үрімжіге келгендіктен, 46-дивизия қыркүйектің 12-күні Манасқа баруға, Манас қалашығында алдыңғы шеп қолбасшылық штабын құру жөнінде бұйрық берді. 

Шүй Рушың ең жоғарғы қолбасшылыққа тағайындалып, Манас өзені бірінші қорғаныс шебі болды. Шие Ийфыңға жаңа 2-корпус штабын Манас қалашығынан Құтыби қалашығына көшіріп, екінші қорғаныс шебін құру жөнінде бұйрық берді. 

2). 5-атты әскер корпусы уақыттық 3-дивизия қорғап тұрған жерге бару, уақыттық 3-дивизия Қарашарға барып қорғаныс жасау жөнінде бұйрық берді. 

Баркөл, Аратүрік өңірлеріндегі қорғаныс жұмысын 45-дивизяға міндеттеп, 42-корпустың командирі Иаң Дыляңның қолбасшылығын қабылдауды тапсырды. 

Бұдан тыс, 45-двизияның бір бөлімін Жетіқұдық өңірін қорғауға жіберді. Оған Шүй Да қолбасшылық етеді деді. 

***

11.09.1945

У Жұңшин Лю Зырұңға Кеңес Одағының Үрімжідегі уақыттық бас консольы Иефсейевпен жеке өз атынан кездесіп, оның Шынжаң өлкесіндегі қазіргі «дүрбелең» жөнінде жарастырушы болғысы келетін-келмейтіндігін білуді бұйырды. Иефсейев ол жөнінде нақты шара болса ғана Москваға мәлімдейтіндігін айтты.

***

13.09.1945

Жаң Жыжұң Гоминдаң орталық атқару комитетінің тұрақты мүшесі Масғұт, Дың Уыний (саяси бөлім 1-меңгермесінің бастығы), заң шығару жорасы Айса*, Уаң Зыңшян, Гоминдаң орталық атқару комитетінің кандидат мүшесі Мұхамет Имийын, «Үш мұрат жастар одағы» орталығы хатшылар басқармасының бастығы Лю Мығшұн, саяси бөлімнің хатшысы Дұң Шыгаң қатарлыларды бастап, ұшақпен Үрімжіге келді. Сол күні кеште, Жу Шауляң, У Жуңшин, Го Шишяу, Ли Тиежун, Ма Шыңшян, Лю Зырұңдармен Шынжаңның әскери, саяси, сыртқы істер, қамдау мәселелері жөнінде егжей-тегжейлі ақылдасты. Қазіргі жағдайдан қарағанда, мәселені әскери жолмен шешуден болмашы да үміт жоқ, саяси жолмен шешудегі ең жақсы қарастырушы Кеңес Одағы деп есептеп, Лю Зыруңға Кеңес Одағының Үрімжідегі уақыттық бас консолы Иевсейевпен кездеседі бұйырды.

***

14.09.1945

Жаң Жыжұң Шынжаң өлкесінде тұратын сыртқы істер ерекше уәкілі Лю Зыруңның серік болуында Иевсейевпен кездесіп, «Құлжа оқиғасы» жөнінде одан пікір сұрады. Иевсейев «Бұл Шынжаң өлкесінің ішкі саясаты, Жұңго-Кеңес Одағының Мәскеу шартында Совет одағы Шынжаң өлкесінің ішкі ісіне араласпайды деп ресми мәлімдеме жариялады. Сондықтан Кеңес Одағы Шинжяңнан жер дәметпейді. Ал өз ойымша, қазір ең жақсысы мәселені бейбіт жолмен шешкен жөн»-деді. Жаң Жыжуң Иевсейевтен екі жақтың уәкіл жіберіп ресми кеңесуіне тиімділік жасау үшін, бейбіт жолмен шешу жолындағы кедергілерді аластауға, алдымен Құлжа жаққа әскери әрекетті дереу тоқтаттыруға көмектесе алатын-алмайтындығын сұрай келіп, «Өйтпегенде, әскери әрекет ұлғайды болды, бейбіт жолмен шешудің орайы ендігәрі болмайды»-деді. Иевсейев жеке өз басының көмектесуге әбден пейілді екенін, бірақ ең дұрысы Жуңго үкіметі Кеңес Одағы үкіметіне айтса өнімі тезірек болар ма екен дегенді білдіреді.

    Жаң Жыжуң бұл жөнінде сол күні Жяң Жиешіге телеграмма беріп: «қазір жағдай төтенше ауыр. Құлжа армиясы ілгерілеуін орта жолда тоқтатпаса, Үрімжіні қорғап қалуға өзге ерекше сенім қалмады»-деді. Ол Кеңес Одағын жарастыруға шақыруды ұсыныс етті.

***

14.09.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі қаулы мақұлдап, аудандарда әскери істер бөлімі құрылды. Оған әскери істер меңгермесі төте басшылық етеді деп ұйғарды. Сондай-ақ әскерге алынатындарға қатысты мәселелер жөнінде нақты белгілеме шығарып, 18 жастан 45 жасқа дейінгі ер азаматтар әскери міндет өтейді деді.

***

14.09.1945

Гомин үкіметі партия, үкімет, армия біріккен мәжілісін ашып, Шынжаң мәселесін ақылдасты. Бай Шуңши мәжілісте былай деп көрсетті: «Қазір ШТР Ұлттық армиясы армиясы Шихуды алып, Үрімжіні тықсырып келеді. Оңтүстік Шынжаңда Тасқорған, Бай ауданы қолдан кетті. Солтүстік Шынжаңда Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарын ШТР Ұлттық армиясы армиясы басып алды. Гансуға келетін жолдағы Жетіқұдықта ШТР Ұлттық армиясы армиясы байқалды. Үрімжі қолдан кетпегенімен, ауашаланып қалды. Бүкіл Шынжаң қауіп астында тұр. Бұл ойланарлық жағдай! Жуңго-Кеңес достық одақтастық шартының сиясы кеппей жатып, жағдайдың осыншама нашарлауы ойға келмеген жайыт.

***

14.09.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі мынаны ұйғарды: 

1). Шиху ауданы Тарбағатай аймағына қарайды, Насырден әкім етіп тағайындалды. Жың ауданы ШТР Уақыттық үкіметіне тікелей қарайды. Бұл ауданда адам аз болғандықтан, аудан құруға дайындық көру комиссясы оған уақытша жауапты болады. 

2). Шиху, Жың аудандарында жалпының меншігіндегі жерлер мен иесіз жерлерге кірістің үштен екі бөлегін тапсыру алғы шартымен жекелер егін салуға шабыттандырылады. 

3). Майтау мұнай кені өнеркәсіп – сауда даму серіктігіне тапсырылады. Майтау мұнай кенін басқару басқармасы құрылды. Оған Әділбек Жүсіпбеков басшы етіп тағайындады.

***

14.09.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №97 қаулы мақұлдап, мыналарды белгіледі: Бұрынғы Жуңго үкіметінің қағаз ақшасына таңба басу жұмысы қазан айының 1-күніне дейін ұзартылды. Қазан айының 1-күніне дейін таңба басылмаған қағаз ақшаның құны өзгермейді. Таңба басуға жұмысын мемлекеттік банктер мен аудандағы бөлімше банктер жауапты болады.

***

16.09.1945

Жаң Жұжың сапарластарымен бірге Үрімжіден ұшақпен Шұңшиңге қайтып барып, Жаң Жиешіге Шынжаңның жағдайын доклат етті.     

***

16-27.09.1945

Иыңсарға жорық жасаған 1-бағыттағы Тасқорған төңкерістік армиясы Ақдала асуын, келесі күні Иыңсар қалашығының солтүстігінен 30 км-дей шалғайдағы Иыгызярды шабуылмен алып, жаудың жиыны үш жүзддей адамын жойды. Қыркүйектің 19-күні, жеңіспен ілгерілеп, Иыңсар ауданының қала маңына дейін барып, атты әскер 1-дивизясы 2-полкіне қарасты үш ротаның тосқауылдап соққы беруіне тап болып, тау арасына шегініп кетті. Қашқарға шабуыл жасаған 2-бағыттағы Тасқорған төңкерістік армиясы үдіре тартып қашқар көнешар қалашығының солтүстігінен 50км келетін Тасбалыққа дейін барды.  Көнешар ауданында тұрған жау армиясының қорғанысы берік болғандықтан, оның үстіне Иыңсардағы соғыс қиындап бара жатқандықтан, Тасбалықтан Иыңсарға шеру тартты. Осы кезде Құрбанов бастаған үш жүзден аса қарулы қол олармен қосылып, Иыңсар қалашығына тарады. Алайда, Гоминдаңның көмекші қосыны жетіп келгендіктен, 2-бағыттағы Тасқорған төңкерістік армиясы Тойынболдыңкөлге шегінуге мәжбүр болды. Яркенге шабуыл жасаған 3-бағыттағы Тасқорған төңкерістік армиясы қыркүйектің 27-күні Яркен ауданының Қосырап өңірін алған соң, күші әлсізрек болғандықтан осы арада бекініс жасап тұрып қалуға мәжбүр болды. 

***

17.09.1945

Кеңес Одағының Қытайда тұратын бас елшісі Петров Кеңес Одағы үкіметінің бұйрығы бойынша Гоминдаң үкіметі сыртқы істер министрлігіне мыналарды хабарлады: Өздерін Шинжяң көтерлісінің халық уәкіліміз деп атаған ондаған Мұсылман Кеңес Одағының Құлжадағы консулханасына Кеңес Одағы аралақта жүруші болып, Қытай жақпен арадағы қақтығысты тоқтатуға дәнекер болса деген үмітте екендігін білдіреді және көтерліс жасаған халықтың Қытайдан бөлініп кету ниеті жоқ екенін, олардың мақсаты ШТР-да мұсылмандар көп санды ұстайтын жерлерде автономия алу екенін айтты. Петров мынаны білдірді: Кеңес Одағы үкіметі Кеңес Одағының ШТР-мен шекаралас райондарының тыныштығына және тәртібіне көңіл бөле отырып, Қытай үкіметі мақұл көрсе, Кеңес Одағының Құлжада тұратын консулын жіберіп, ШТР-да туылған жағдайды оңау үшін Қытай үкіметіне мүмкіндігінше көмектесуді қарастыру ісін тапсырмақ. 

    Сыртқы істер минисртлігі Жяң Жиешіге мәләмдеп тұсқау алғаннан кейін, мынандай жауап қайтарды: «ШТР-дағы Хұймиын(Ислам дініне сенетін ұсақ ұлттар) оқиғасы жөнінде Кеңес Одағы үкіметінің үкіметімізге көмек беруді қалайтындығына үлкен алғыс айтамыз. Кеңес Одағының Құлжадағы консулының оқиға тудырушыларға Үрімжіге уәкіл жіберіп, министр Жаң Жұңмен кездесіп, оқиғаны бейбіт жолмен шешу әдістерін ақылдасуды айтуын сұраймыз».

    ***

17.09.1945

Алтай аймағындағы аудандардың әкімдері мен моңғол-қазақ ру басылары мәжілісі Сарсүмбеде ашылды. Мәжілісте Алтай аймағының бұдан былайғы мынадай міндеттері белгіленді: Халық тұрмысын жақсартуға құлшыну, соғыс бүлдірген шаруашылықты қалпына келтіру, халықты тыныштандыру, қалың халықты ынтымақтастырып, үкімет пен армияны белсене қорғап, кертартпашылардың бүлік тудыру, бүлдіру әрекеттеріне батыл қарсы тұрып, қоғам тәртібін қорғау.

***

18.09.1945

Сауан ауданындағы Гоминдаң әскерлері, үкімет қызметкерлері, ханзу бұқарасы қалашықты тастап, Манасқа қашып барды. Сәбит бастаған көне Сауан партизандар қосыны, Денисов бастаған Шяугай партизандар қосыны Сауан қалашығына кірді. Сонымен Тарбағатай аймағы тұтас азат болды.

***

19.09.1945

Тасқорған төңкерістік армиясы Иыңсар қалашығын қоршауға алып, Қашқар қауіп астында қалғандықтан, У Жұңшин Ли Зырұңды Иевсейевпен кездесуге жіберді. Гоминдаң орталық үкіметі Құлжа жақпен бейбітшілік келіссөзін өткізуге әзірлік көріп жатқан кезде, тұтас келіссөзге ықпал тигізбеу үшін, Кеңес Одағы Оңтүстік Шинжяң жақтағы ауқымның ендігәрі ұлғаймауына мүмкіндік тудыруын үміт етті. Иевсейев бұл істі дереу Мәскеуге жеткізетіндігін білдірді.

***

20.09.1945

Ұлттық армияның бас штабы Алтай партизандар атретін «Алтай қазақ атты әскер дербес полкі» етіп өзгертті. Дәлелхан Сүгірбаев полк командирі болды.

***

1945-жыл, қыркүйек айының орта шені.

Гомин үкіметінің сыртқы істер минстірі Уаң Жие Англияның Лондон қаласында Кеңес Одағының сыртқы істер министірі Молотовпен «ШТР-ғы Құлжа оқиғасы» ауқымының күн сайын ұлғайып бара жатқындығы жөнінде кеңесті. Молотов бұл істің уақыттық іс екендігін, ұзамай тынышталатынын білдірді. 

***

1945-жыл, қыркүйек айының орта шені.

  Ұлттық армияның бас штабы Досков Бәмілік бастаған Кеңес әскери ақылшылары үйірмесін және екі моңғол атты әскер ротасын Іледен шығып, Мұзарт асуын асып қорғанға барып, атты партизандар атретіне қосылуға жіберіп, Ақсуға екі рет шабуыл жасады.

***

22-23.09.1945

Қорған өңіріне шегінген атты партизандар атреті Мұзарт асуынан асып көмекке келген әскери бөліммен бірге Уынсу қалашығын екінші рет басып алды. 23-қыркүйек күні Ақсу қаласын тағы қоршауға алды. 

***

23.09.1945

Әлихан төре Кеңес ақылшысы Мұқсынмен бірге Сарсүмбеде ШТР уақыттық үкімет комитетінің көшпелі мәжілісін ашып, мыналарды ұйғарды: 

1).  Алтай аймағы «Шығыс Түркістан республикасының» құрамдас бөлігі.

2). Алтай аймағын және оның қол астындағы басқарма, мекемелерді құрып, Оспан Исламұлын Алтайдың уәлиі, Әріпбай, Шәмши Мәмиевті* уәлидің орынбасарлары, Кеңес ақылшыларын маңызды басқармалар мен мекемелердің орынбасарлары етіп тағайындады. 

3).  Оспан Исламұлын, Дәлелхан Сүгірбаевті, Зәкихан Әленұлын* ШТР Уақыттық үкіметтің жоралығына толықтырды.

————————-

Шәмши Мәмиевті `(1903-1950)* – ШТР Сарсүмбе ауданынан. Қазақ. Ұлттық жоғары жіктегі қайраткер. ШТР Кезінде Алтай уәлиінің орынбасары болған.

Зәкихан Әленұлын (1922-1968)* – ШТР Жеменей ауданынан. Қазақ. Атақты Әлен ханның баласы. ШТР Уақыттық үкіметіні жорасы болған.

***

23.09.1945

ШТР уақыттық үкіметі Сарсүмбе, Буыршын, Қаба, Жеменей, Бурылтоғай, Көктоғай, Шіңгіл аудандарының аудандық үкіметін құруды ұйғарды. Молла Ислам Сымайыловты Сарсүмбе ауданының әкімі, Әбілмажын Өміртайұлын Буыршын ауданының әкімі, Көкенай Дабы тайжыны Қаба ауданының әкімі, Назиханды Бурылтоғай ауданының әкімі, Қалман Ақытұлын Көктоғай ауданының әкімі, Нәзірді Шіңгіл ауданының әкімі етіп тағайындады.

***

23.09.1945

 ШТР уақыттық үкімет» Мемлекет банкінің бөлімше банкін құруды ұйғарды. Тайғали банк бастығы болып тағайындалды.

***

26.09.1945

Тарбағатай уәли мекемесі 16-реткі мәжілісін ашып, мынаны белгіледі: Халықтың зайом сатып алуына қолайлылық жасау үшін, Тарбағатай аймақтық банк 20 млн юандық Тарбағатай қағаз ақшасын басып шығарды. Ол 2000 юандық, 500 юандық, 200 юандық болып, тек Тарбағатай аймағы көлемінде ғана жұмсалды. Бұл ақшаны жерлік бұқара «шек» деп атады. 

***

28.09.1945

Тарбағатай уәли мекемесі Сауан аудандық үкіметін құрды. Сәбит аудан әкімі етіп тағайындалды. 

***

30.09.1945

У Жұңшин бұйрық түсіріп, Құтыби ауданының Фаңсауху деген жерінде Сауан ауданының әкімі Жаң Шуанжинге қосымша Манас, Сауан, Шиху ауданындағы халық бұқарасының өзін қорғау полкіне уақыттық қолбасшы бола тұруды тапсырды.

    ***

1945-жыл, қыркүйек айының аяқ шені

Алтай уәли мекемесінің орган газеті – «ерікті Алтай» жарық көрді. Мекеме бастығы Мұқаш Жәкеұлы* болды.

——————–

Мұқаш Жәкеұлы (1903- –)* – ШТР Жеменей ауданынан. Қазақ. Зиялы.

***

1945-жыл, қыркүйек айы.

 ШТР уақыттық үкіметі Сүйдің аудандық үкіметке Күреге көшпей Лусаугуде отырып қалған 57 түтін ханзу бұқарасының малын, дүние-мүлкін тәркілеуге болмайды деп нұсқау жазды.

***

1945-жыл, қыркүйек айы.

Ұлттық армияның бас штабы Шыхызыда орта линия штабын құрды. Иван Григоривч Палинов қосымша орта линия қолбасшысы, Дәуітов саяси комиссар болды. Оған қарасты 1-жаяу әскер лүйі (лүй командирі Моготнов, саяси комиссар Марғұп Ысқақов) Манас өзені бойында, 2-жаяу әскер лүйі (лүй командирі Бидәйов, саяси комиссары Моллахұн) Манас өзені бойында, дербес миномет баталионы (баталион командирі Зарков, саяси комиссар Атпалис) Манас өзені бойында, Тарбағатай 6-атты әскер полкі (полк командирі Юсуп Мұхаметжан, саяси комиссар Абдолла Жұма) Шыхызыда, Тоғызтарауда 5-атты әскер полкі (полк командирі Нүсіпхан Көнбайұлы, саяси комиссар Сәрсенбек Әбішев) Шауканда тұрды. Жалпы әскери қуаты он мың адамнан асты.

***

1945-жыл, қыркүйек айы.

  Ұлттық армияның бас штабы оңтүстік линия штабын Моңғолкүреде құрды. Ысқақбек Мононов оңтүстік линияның қолбасшысы болды. Оған қарайтын 1-атты әскер лүйі (лүй командирі Ысқақбек Мононов, саяис комиссар Мыңжылқиев) Моңғолкүреде, 2-атты әскер лүйі (лүй командирі Нұрбаев, саяси комиссар Өмірзақов) мұзарт асуында, 3-атты әскр полкі (полк командирі Байшорин, саяси комиссары Рапих)Шатыда, 12-атты әскер полкі (полк командирі Сыдық ажы) Моңғолкүреде тұрды.

***

02.10.1945

  ШТР уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №99 қаулы мақұлдап, бұрынғы Қытай үкіметінің таңба басылмаған ақшасын үш аймақ көлемінде жұмсалуына қатаң тиым салуды, оны қазан айының 3-күнінен 18 күніне дейін Мемлекет банкінің жиып алып, ақша құнының 90%-ын ғана ауыстырып беруді, қазан айының 3-күнінен бұрын таңба басылған ақшаның өз құны бойынша жұмсалуын ұйғарды. Тарбағатай, Алтай аймақтарының ақшаға таңба басу қызметтерін қарашаның 1-күнінен бұрын сөзсіз орындап болуды, уақытында орындамағандарға жаза қолдануды тапсырды. 

***

02.10.1945

  ШТР уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №100 қаулы мақұлдап, Гоминдаң үкіметіне «Шығыс Түркістанның» дербестігі мәселесін соғыссыз тәсілмен яғни, келіссөз тәсілімен шешуді ұйғарды. Егер Гоминдаң үкіметі бұған мақұл болса, ШТР уақыттық үкіметі Рақымжан Сабырқажиев, Әлілқайыр төре, Ақметжан Қасымиды келіссөз уәкілі етіп, Үрімжіге жіберіп, Гоминдаң үкіметін бейбітшілік келіссөзін өткізуді ұсыныс етті.

***

03.10.1945

Иевсейев уағда бойынша Лю Зырұңмен кездесіп, Мәскеуден жауап телеграмма келгенін, Шығыс Түркістан жақ келіссөз уәкілдерін жіберетін болғанын, Шығыс Түркістан жақ келіссөз уәкілдерінің Үрімжіге бару уақытын, жолын белгілеу керек екенін білдірді.

***

03.10.1945

Алтай аймақтық уәли мекемесі ұсақ саудагерлердің сауда жасауына жол беру, саудагерлердің сауда ісіне әр қандай адамның килігуіне және оны шектеуіне қатаң тиым салу жөнінде жалпы құлақтандыру шығарды.

***

03.10.1945

Тарбағатай аймақтық ойын-сауық үйірмесі құрылды. Басшысы Әбитжан болды. Оған қарасты театршілер, музыканттар болды. Әртістерден қазақ бөлімшесі, татар бөлімшесі, орыс бөлімшесі құрылды. Музыканттардан қазақ, татар, орыс бірлескен бөлімшесі құрылды.

***

1945-жыл, қазан айының басы.

Ұлттық армияның орта линия штабы атты әскерлер күшінің жеткіліксіздігіне қарай отырып, тағы дербес атты әскер лүйін (лүй командирі Фатей Иванович Лескин, саяси комиссары Мұратқали) Сауанға жөткелді. Оған қарайтын Дөрбілжін 4-атты әскер полкі (полк командирі Айтуған, саяси комиссары Денисов) Манас өзені бойында, Хұйзу 10-атты әскер полкі (полк командирі Мансұр Ломиев)Шыхызыда, моңғол 8-атты әскер полкі (полк командирі Ерде) Сауанда, 4-жаяу жаяу әскер полкі, полк командирі Хайымбек қожа саяси комиссар Қалиев Әнжихайда, хабарласу ротасы Шыхызыда, Дөрбілжін амандық қорғау ротасы Дөрбілжінде тұрды. Жалпы адам саны жеті мыңнан асты.

***

06.10.1945

Атты партизандар атретінің жарым ай қоршауында жатқан Ақсу әскери бөлімдері Жяң Жиешінің «шепті берік сақтап, көмекке жіберген қосынды күтіңдер»деген қатаң бұйрығы бойынша және мол силықтың желіктіруімен қоршап алған атты партизандар атретіне сұрапыл қайтарма шабуыл жасады. Атты партизандар атретінің шығыны ауырлап, Ақсуға шабуыл жасамай-ақ қоршап тұруға мәжбүр болды.

***

07.10.1945

Шинжяң өлкелік өкімет жаңа 2-корпус командирінің орынбасары Шүй Рушыңды, өлкелік насихат айту, көңіл аулау комиссясы, насихат айту, көңіл аулау басқармасының бастығы Жұң Дыйхуаның серік болуында Манасқа барып, ШТР келіссөз уәкілдерін қарсы алуды ұйғарды.

***

08.10.1945

  ШТР уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №102 қаулы мақұлдап, Оспан Қабыловтың қызметтен босау өтінішін бекітті. Оны қазына меңгермесі бастығының орынбасарлығы міндетінен қалдырды.

***

10.10.1945

Иевсейев Шинжяң өлкелік үкіметіне Шығыс Түрістан келіссөз уәкілдері 12-қазан күні Манас арқылы Үрімжіге келетін болды деп ұқтырды.

***

10.10.1945

ҚКП мен Гоминдаң жақтың кеңес естелігіне, яғни «10 қаңтар келісіміне» Шұңшиңде қол қойды. Гоминдаң мен ҚКП «ортақ құлшыныс жасап, бейбітшілікті, демократияны, ынтымақты, бірлікті негіз ету», «ішкі соғыстан батыл сақтанып, дербес, еркін, бай, құдіретті жаңа Жуңго құру қажет». Ол үшін, саясиды, демократяландыруды босату, автономяны белсенді жолға қою, халықтың барлық демократиялық елде болатын демократиялық, бостандық құқығының болуын мойындау керек деген бір келкі танымға келді.

***

10.10.1945

Жяң Жиеші радиода сөз сөйлеп, Шығыс Түрістан мәселесін бейбіт жолмен шешуді қалайтындығын білдірді. 

***

10.10.1945

  ШТР уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №103 қаулы мақұлдап, Ақматжан Қасмиды ШТР уақыттық үкіметінің жоралығына толықтырып сайлады.

***

10-11.10.1945

Шығыс Түркістан жақ ұлттық армиясының бас штабы Ақсуда қоршап жатқан атты партизандар атретіне телеграмма арқылы екі рет бұйрық беріп, былай деді: Уақыттық үкімет Гоминдаң өкіметімен бейбітшілік келіссөзін өткізе бастады. Атты партизандар атреті соғысты дереу тоқтатып, артқа он км шегініп бұйрық күтсін. Кеңес Одағының әскери қызметкерлері Құлжаға қайтып келсін және Кеңес қару-жарақтары алдымен қайтарылып әкелінсін.

***

12.10.1945

Шығыс Түркістан жақтың келіссөз уәкілдері Рақымжан Сабырхажиев, Әбілхайыр төре, Ахметжан Қасми Үрімжіге барды. Сондай-ақ Кеңес Одағының Үрімжідегі бас елшілігіне барып, Иевсейевке амандасты.

***

12.10.1945

Десков Бәмілік Кеңес әскери ақылшылар үйірмесін бастап, Ақсудан жоға шығып, Ілеге қайтып келді.

***

14.10.1945

Жаң Жыжуң орталық үкіметтің уәкілі болып, Ляң Хансу (Гоминдаң орталық атқару комитетінің тұрақты мүшесі, мемлекет қорғанысы комитеті бас хатшысының орынбасары), Дың Уыний, Фың Жаушян (Гоминдаң орталық атқару комитетінің мүшесі, Гоминдаң орталық ұйымдастыру бөлімі бастығының орынбасары) Жаң Жиңиуй, Уаң Зыңшан, Лю Мыңшун, Шүй У (Шанши өлкелік құрлыс меңгермесінің бастығы) қатарлыларды бастап ұшақпен Үрімжіге келіп, Шығыс Түркістан жақпен бейбітшілік келіссөз өткізуге кірісті. Шығыс Түркістан жақтың келіссөз уәкілдері Рақымжан Сабырхажиев, Әбілхайыр төре, Ахметжан Қасми әуежайға шығып оларды қарсы алды.

***

14.10.1945

ШТР уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №106 қаулы мақұлдап, 1945 жылғы діни салық – «ұшыр», «зекетті» түгелдей оқу-ағарту ісіне жұмсауды ұйғарды.

***

14.10.1945

  ШТР уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі Ысқақбек Мононовқа генерал лейтенант шенін берді.

***

14.10.1945

Ақсу қалашығын қоршап тұрған атты партизандар атреті бұйрық бойынша шегіне бастады. Сонымен бірге Бай ауданын қорғап жатқан Мохидын қожаға әскерін бастап шегінуді ұқтыруға адам жіберді. Ақсудағы жау армиясы шегінген атты партизандар атретіне өкшелей соққы беріп, Уынсу қалашығын қайта басып алды. Атты партизандар атреті шегініп Қорған өңіріне барды. Бай ауданындағы Мохидын Қожа бөлімі шегініп бара жатып Күшардағы Гоминдаң 4-атты әскер полкімен қиян-кескі соғыс жүргізді. Одан соң Телемат асуынан асып, шегініп Текеске келді.

***

14.10.1945

ШТР уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №108 қаулы мақұлдап, мыналарды ұйғарды:

1). Оқу жасындағы балаларға, қалада орталау мектеп міндетті оқуы, ауыл-қыстақтарда бастауыш мектеп міндетті оқуы жолға қойылады. 

2). Оқыту қаражаты алынбайды. Мәдениет, оқу-ағарту шебіндегі жұмысшы-қызметкерлер дүкеннен кесімді бағамен қамдайтын тұтыну бұйымдарын айлық еңбекақы мөлшеріне сындырып сатып алады.

3). Жекелік сауда істеп жүрген оқушыларды қайтарып әкелу қажет. Әскери орын қызметкерлері арасындағы бұрын оқытушылықпен шұғылданғандардың оқу-ағарту меңгермесі талап еткендері түгелдей оқытушылық қызметіне қайтарылады.

***

14.10.1945

ШТР уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №110 қаулы мақұлдап, қараша айының 7-күнін төңкерісті атап өту күні етіп белгіледі.

***

14.10.1945

ШТР уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №111 қаулы мақұлдап, Майтау мұнай кенін әскери басқаруға алуды ұйғарды.

***

15-16.10.1945

Шығыс Түркістан келіссөз уәкілдері өздерін «Шығыс Түркістан Республикасының» уәкілдеріміз. Орталық үкімет уәкілдерімен тең орында тұруға тиіспіз деп, Жаң Жыжуңмен екі ел келіссөз уәкілдер куәлігін ауыстыранындығын, өйтпегенде келіссөз өткізбей Ілеге қайтып кететіндігін білдірді. Бұл хабарды естігеннен кейін, Жаң Жыжуң дереу Иевсейевпен кездесіп, оның Шығыс Түркістан келіссөз уәкілдеріне бұл салауаттан кешуді айтуын өтінді. Иевсейевтың арада жүруі арқылы, Шығыс Түркістан келіссөз уәкілдері әзірше «Халық уәкілі» деген атпен келіссөзге қатынасуға мақұл болды.

***

17.10.1945

Шығыс Түркістан республикасының келіссөз уәкілдері Рахымжан Сабырхажиев қатарлы үш адам Лю Зыруңның серік болуында жаңа ғимаратқа барып, Жаң Жыжуңмен кездесті. Дың Уыний, Фың Шаушян, Уаң Зыңшян, Шүй Улар кездесуде бірге болды. Жаң Жыжуң алдымен туыстардың татулығы мен отбасының береке-бірлігін қалпына келтіруді негізгі мақсат етіп сөз сөйледі. Онан соң, Кеңес Одағы үкіметінің Қытай үкіметіне Шығыс Түркістан  келіссөз уәкілдерін Іледегі көтерлісші халықтың уәкілі етіп таныстырған жағдайды түсіндіре келіп, соңында Рахымжан Сабырхажиев қатарлы үш уәкілден мәселені бейбіт жолмен шешудегі пікірлерін сұрады. 

Рахымжан Сабырхажиев қатарлы үшеуі «Шығыс Түркістан Республикамызды» Кеңес Одағы үкіметі әлі тани қоймағандықтан олар бізді Іледегі көтерлісші халықтың уәкілі деп таныстырып отыр дегенді айта келіп, алдымен бейбіт жолмен шешу жөніндегі орталықтың нақты пікірі мен жобасынан хабар табуды үміт етеміз деді.

***

18.10.1945

Жаң Жыжуң, Дың Уыний, Фың Шаушян, Уаң Зыңшян, Шүй У, Жу Шауляң қатарлыларды шақырып алып жиын ашып, «Орталық Шинжяңдағы ішнара уақиғаны шешу жөніндегі ұсыныс жобасының» нұсқасын жасады. Сондай-ақ, Лю Зыруңның мұны орыс тіліне аударып шығып, Кеңес Одағының Үрімжідегі бас елшілігіне апарып пікір алуын бұйырды. 

***

19.10.1945

Жаң Жыжуң «Орталық Шинжяңдағы шінара уақиғаны шешу жөніндегі ұсыныс жобасын» телеграмма арқылы Жяң Жиешіге жеткізді. «Ұсыныс жобаның» толығы төмендегідей:

1). Шинжяң халқының саяси, экономика, мәдениет жақта тең дамуын сүйемелдеу, оларды ішкі өлкедегі халықтармен тең мәмілеге кенелту;

2). Ұлттардың діни сенімдерін құрметтеу, әрбір діннің ғибадатханасын, мешітін, шіркеуін қорғау;

3). Ұлттардың дәстүрлі мәдениетін, салтын, әдетін, тілін, жазуын құрметтеу;

4). Әр ұлт халқының бас амандығын, мал-мүлкін, сөз, әрекет, қоныстану, баспа сөз, жиналыс ашу, ұйымдарға ұйысу бостандығын заң бойынша қамтамасыздандыру;

5). Жерлік автономияны жүзеге асыру. Оның шаралары төмендегідей:

(1). Көтерліс жасаған аудандарда тәртіп қалпына келтірілгеннен кейінгі үш ай ішінде ауыл-қалашықтарда Баужия сайлауын өткізіп болып, демократиялық саясиды жүзеге асыру;

(2). Аудандық кеңес құрылып болғаннан кейін, аудандық кеңестің ұйымдық заңындағы белгілемеге сай, оның жергілікті халықтың игілік істері жөнінде ұсыныс беру құқығы болу, жергілікті әкімшілік қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері жөнінде әшкерелеу, бақылау құқығы болу;

(3). Аудандық кеңес құрылып алты айдан кейін, жергілікті халық арасында беделді, білімді, көшелі екі адамды көрсету, үкімет оның біреуін әкім етіп тағайындау;

(4). Үкімет әкімінің қызметіне көмектесетін бір орынбасар тағайындау;

(5). Аймақтардың уәлиін өлкелік үкімет көрсетіп, орталық тағайындау және ол жергілікті адам болу, басқа әкімшілік қызметкерлердің көбін жергілікті адамдардан таңдап алуды принцип ету;

(6). Бұдан былай үкімет алман-салықты жеңілдетуді шынайы ескеру, жаймалап салық салуға қатаң тиым салу, халықтың тұрмыс өмірін өсіру үшін, олардың ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті, сауданы белсене дамытуына көмектесу;

(7). Әр дәрежелі мектептерді жаппай құрып, қоғамдық оқу-ағартуды жалпыластыру арқылы білім қабілетті жоғарылату, бастауыш мектептерде түгелдей әр ұлттың өз тілін, жазуын қолдану;

(8). Көтерліс жасаған өңірлердегі барлық әскери қимылдарды тоқтату. Оқиға туылудан бұрынғы жағдайды және тәртіпті бір ай ішінде қалпына келтіру, оқиға туылған кездегі барлық заңсыз ұйымдарды күшінен қалдыру;

(9). Оқиғаға қатынасқан қарулы ұйымдарды қаражат беріп, өз мекеніне қайтарып, тыныш кәсіппен шұғылданатын ету;

(10). Оқиғаға қатысушыларды қузастырмау және олардың бас амандығы мен тұрар жай амандығын қорғау;

(11). Оқиғаға қатысты болып қолға алынғандарды өзара анықтау арқылы босату, мал-мүлкі тәркіленгендердің мал-мүлкін анықтап иесіне қайтару;

(12). Заңсыз ұйымдарға қатынасқандардан өз жеріне қайтуды тілегендерге қаражат беріп жолға салу. Қалғандарын үкімет тексеріп істету, олардың мемлекет үшін қызмет етуіне орай беру;

***

19.10.1945

Рақымжан Сабыр Қажиев қатарлы үшеуі батыс ғимаратта Масғұтпен алғаш кездесті.

***

19.10.1945

Түстен кейін сағат бесте Жаң Жыжуң Лю Зыруңды ерекше күтіп алу орнына апарып, «Орталық Шинжяңдағы ішнара уақиғаны шешу жөніндегі ұсыныс жобасын» Рақымжан Сабырхажиевтерге қол екі тапсырып беруге жіберді. Рақымжан Сабырхажиев Лю Зыруңға бұл жолы Үрімжіге Шығыс Түркістан Республикасының уәкілі болып келіп едік, орталықтың бізді көтерлісші халықтың уәкілі деп қарауы бұған сәйкес келмей отыр. Келіссөз уәкілдеріміз бұл іске жауапты бола алмайтындықтан, Құлжаға қайтып барып нұсқау алған соң, Үрімжіге қайтып келіп кеңессек деп отыр дегенді білдіре келіп, соңында «министр Жаң Жыжуңның ұсыныс жобаны бізге бергеніне рахмет айтамын. Сондай-ақ ендігәрі соғысты қойып, мәселені бейбіт жолмен сәтті шешуді үміт етемін»-деді. Ахметжан Қасми да қазір дүние жүзінде бейбітшілік орнады, біз әрқандай жерде қан төгіп, бейбітшілікті бүлдіруді әсте қаламаймыз дегенді білдірді.

***

20.10.1945

Рақымжан Сабырхажиевтер жаңа ғимаратта Жаң Жыжуңмен екінші рет кездесті. Жаң Жыжуң «Орталық Шынжаңдағы ішнара уақиғаны шешу жөніндегі ұсыныс жобасы» туралы олардан пікір сұрады. Рақымжан Сабырхажиев: «Біздің пікіріміз дербестік талап ету, яғни Жуңго территориясынан айырылмай сыртқы істер, ағымдағы істер жағында орталыққа бағыну, ал жергілікті әкімшілік, оқу-ағарту сияқты жақтарды жерлік өзі бір жақтылы ету. Біз бұл жолы Үрімжіге келіп, өз көзімізбен көріп, естіп орталықтың Шығыс Түркістанға жасаған қамқорлығына қатты әсерлендік. Ұсыныстағы 12 түрлі жобаға келсек, оны Құлжаға ала қайтып, Үкіметімізбен және халық бұқарасымен ақылдаса отырып шешім жасамақшымыз»деді. Іле-шала, Жаң Жыжуң мемлекетті жақтау, үкіметке бағынуды» негізгі мақсат еткен сөз сөйледі. Жаң Жыжуң сөзінде былай деді: Тарихтан алғанда мынадай екі айқын факт бар: бірінші, Шынжаң екі мың неше жылдың алдында Жуңго территориясы еді. Мұны бүкіл дүниежүзі мойындайды. Екінші, Орталықтың мұрсасы келмей қалған кездерде, Шинжяңда екінің бірінде ұсақ бекіністер көбейіп, өзара қырқысып, халық қатты азап шекті. Кейде шетелдің шапқыншылығына ұшырап, халық бұрынғыдан бетер азап шекті. Ол мынаны үміт ететіндігін білдірді: Халық жағынан алғанда, Шынжаң ата-бабаларымыз қан төгіп, тер ағызып жүріп ашқан жер екенін сөзсіз білу керек. Орталық Шынжаңнан әсте безбейді. Үкімет жағынан алғанда, өткендегі уақиғалар өзара қайшылықтан туылғанын, басым көбін қате саясат тудырғанын сөзсіз түсіну керек.

    Рақымжан Сабырхажиевтер Жаң Жыжуңға мәселені ендігәрі қан төкпей отырып бейбіт әдіспен сәтті шешуді үміт ететіндіктерін байсалды түрде білдірді. 

***

21.10.1945

Жаң Жыжуң уәде бойынша Иевсейевпен кездесті. Иевсейев Шығыс Түркістан Қытайдан бөлініп кетпейді. Бұл негізгі принцип. Бірақ «Орталық Шынжаңдағы ішінара уақиғаны шешу жөнінде ұсыныс-жобасы» Шығыс Түркістан халқының талабын қанағаттандырып кете алмауы мүмкін. Уәкілдерді алдымен Құлжаға қайтарып, кеңесті олар қайтып келген соң жалғастырса да болады дегенді білдірді. Сондай-ақ ол Жаң Жыжуңға Шығыс Түркістан келіссөз уәкілдері ертең Үрімжіден аттанып, келген жолдарымен Құлжаға қайтатын болды деді. 

***

21.10.1945

Жаң Жыжуң батыс ғимаратта Рақымжан Сабырхажиевтерге қонағасы берді. Рақымжан Сабырхажиевтер қонағасыда Жаң Жыжуңға мыналарды білдірді: Бұл жолы Шығыс Түркістан мәселесін қан төкпей, бүкілдей бейбіт жолмен шешу үшін келіп отырмыз. Бұдан былай орталықтың демократиялық саясаты мен Жаң министрдің 12 түрлі ұсыныс жобасы егер бір жола іске асатын болса, онда біз мәңгі бейбіт өтеміз, бақытты тұрмыс қамтамасыздандырылатын болады.

***

22.10.1945

Рақымжан Сабырхажиев қатарлы үшеуі Манас арқылы Құлжаға қайтты.

***

22.10.1945

ШТР уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №113 қаулы мақұлдап,  әр жылдың 12-қарашасын төңкеріс мерекесі етіп белгіледі.

***

22.10.1945

ШТР уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі қаулы мақұлдап, мыналарды ұйғарды: 

1). Маршалдық шен беріледі.

2). Әскери істер комитеті құрылды, Әлихан төре төраға, генерал лейтенант Ысқақбек Мононов, генерал майор Иван Григоривч Палинов, полковник Ахметжан Қасми, подполковник Керім Ажылар оған мүше болды.

3). Әлихан төреге маршал шені берілді.

4). Әскери істер комитетіне әскери істерге біртұтас басшылық ету құқығы берілді.

5). Иван Григоривч Палинов орта линия соғыс майданына басшылық ететін болды.

6). Бұдан былай барлық әскери қимылдармен оған қатысты істер әскери істер комитеті бекіткеннен кейін барып орындалады.

***

29.10.1945

Алтай уәли мекемесі №15 қаулы мақұлдап, Алтай аймақтық почта-телеграф мекемесін құруды, аймақ бойынша почта-телегаф кәсібін тез қалпына келтіруді белгіледі.

***

30.10.1945

Алтай уәли мекемесі №18 қаулы мақұлдап, шығарып, мынаны ұйғарды: 

1). Алтай аймағындағы қазақ, моңғол, орыс ұлттары арасында бұрын белгіленген жұнуаң, бейсі, тайжы, үкірдай, залың, зәңгі лауазымдары жалғаса береді және оған мирасқорлық етіледі. Жұнуаң мен бейсіге Алтай уәли мекемесі тікелей басшылық етеді. Тайжы, үкірдай, залың, зәңгілерге өздері тұрған ауданның аудандық үкіметі басшылық етеді. 

  2). Қазақ арасында Зәкихан Әленұлы Жұнуаң, Ежен Бұқатұлы сарсүмбе, Бурылтоғай, Шіңгіл аудандарына бейсі, сондай-ақ қосымша базарқұл руына тәйжі болды. Ол жоғарғы аудандардағы бес тәйжі, тоғыз үкірдай және он екі залың, жиырма сегіз зәңгіні басқарады. Қибат Сағдоллаұлы Зәкәрия қаба, Буыршын, Жеменей аудандарына бейсі, сондай-ақ жоғарғы үш аудандағы бес тәйжі және сегіз үкірдәй, он бір залың, он тоғыз зәңгіні басқарды.

3). Моңғол ұлтының ру басшылары бұрынғы орнын сақтап, өз жеріндегі аудандық үкіметтің тікелей басшылығында болады.

4). Мақаров Орысұлының үкірдайы болып, төменде залың, зәңгі тағайындайды.

5). Жоғарыда белгіленген әр ұлт басшылары өздеріне қарасты руларды мықты басқарып, үкімет тапсырған барлық міндетті ойдағыдай орындауы керек.

***

1945-жыл, күз айы. 

ШТР уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі «Әр дәрежелі үкіметтердің ұйымдық ережесін» бекітіп жариялады. 

    Ереженің бірінші бөлімінде Уақыттық үкіметтің және оған қарасты меңгермелердің құқығы мен құрылымы жөнінде мынадай егжей-тегжейлі белгілеме жасады:

1). Халық құрылтайы ашылудан бұрын, Уақыттық үкіметтің жоралар мәжілісі ең жоғары билік органы болады.

2). Уақыттық үкімет жоралар мәжілісінің бұйрықтары, ұқтырулары қаулылары заң есептеліп, халық бұқарасы, мекемелер оған бағынуы және атқаруы қажет.

3).  Уақыттық үкімет Діни істер меңгермесін, Әскри істер меңгермесін, Ішкі істер меңгермесін, Қазына, Денсаулық, Оқу-ағарту, Жер-су меңгермесін құрды. Әрқайсы меңгермелер өз құқық көлемінде аудандардағы сәйкесті тарауларға тікелей бұйрық түсіріп, нұсқау беруіне болады. Кейін аймақтардағы сәйкесті тараулар арқылы бұйрық түсіріп, нұсқау беруі тиіс.

4). Уақыттық үкіметтің қаулылары мен заңдарының атқарылу ахуалын бақылап отыру үшін, үкіметте бақылау тараулары құрылады. Аудандарда қазірше құрылмайды. Қажет болғанда Уақыттық үкімет уәкіл жібереді. Ең жоғары сот мекемесі заң көлеміндегі маңызды істерді шешім етеді. Аймақтар мен аудандардағы сот мекемелерінің қызметіне басшылық етеді. Ереженің екінші, үшінші бөлімінде уәли мекемесінің және оған қарасты басқарма, мекемелердің, аудандық үкіметтерің және оларға қарасты бөлімдердің құқығы мен құрылымы жөнінде егжей-тегжейлі белгілеме жасалды.

***

03.11.1945

Жаң Жыжуң Кеңес Одағынан Үрімжіге енді ғана қайтып келген Иевсейевке қонағасы беріп, Кеңес Одағы үкіметінің «Құлжа уақиғасын» бейбіт жолмен шешуді қолдағандығына және оған көмектескендігіне алғыс айтты.

***

03.11.1945

Оспан Исламұлы Алтай аймағының уәлилігіне тағайындалды.

***

03.11.1945

Тасқорғандағы Кеңес Одағының ақылшылары мен Кеңес Одағының әскери қарулы адамдары бұйрық бойынша ауыр типтегі құралдарын алып еліне қайтты. Саяси, ұйымдық, үгіт-насихат жұмыстарына жауапты кісілері ғана қалды.

***

06.11.1945

Сопахұн Сауыров бастаған атты партизандар атреті Қорғаннан Мұзарт асуын асып, Моңғолкүреге қайтып келді. Атты партизандар атреті бұйрық бойынша Текес 12-атты әскер полкіне өзгертіліп құрылды. Бұл оңтүстік линия соғысы аяқталғанға дейін осылай аталады.

***

13.11.1945

Рақымжан СабырХажиев, Әбілхайыр төре, Ақметжан Қасми Құлжадан екінші рет Үрімжіге келді.

***

14.11.1945

Ақметжан Қасмилар Жаң Жыжуңға «Құлжа жақтың орталықтың ұсыныс-жобасы жөніндегі пікірін және қойған талабын» тапсырды. Оның басты мазмұндары мынадай:

1). Орталықтың Шығыс Түркістандағы кейбір оқиғаны шешу жөніндегі ұсыныс-жобасын біз ақылдасып көріп, мұсылман халықтарының арман-тілегіне мүлде назар аударылмаған және біздің талабымызды қанағаттандырмаған деп есептедік. Ұсыныс-жобадағы «Жуңгодағы ұлттардың терезесі тең, мемлекет атасының үш мұратта жариялаған принципіне негізделіп, орталық мемлекет атасының тәлімі бойынша, Шинжяңдағы ұлттардың саяси, экономика, мәдениет істерінің дамуына біркелкі көмек береді, ұлттар теңдігін жүзеге асыруды өзінің дәйекті саясаты етеді деген сөздерді Шығыс Түркістандағы мұсылман халықтары бұрыннан қанық біледі. Бірақ дәл қазірге дейін бұлар жүзеге аспай отыр. Бұрын атқарып келген зұлым саясатты, демократиялық саясат деп әсте айтуға болмайды. Біз комитет бастығы Жяң Жиеші қолбасшының 1945-жылғы 24-тамыз күнгі мемлекет қорғанысы ең жоғарғы комитеті мен гоминдаң орталық тұрақты комитетінің уақыттық бірлескен мәжілісінде айтқан нұсқауын оқығанбыз. Бұл нұсқау бізді әбден қанағаттандырады.   »       

2). Шығыс Түркістандағы мұсылман халықтары жоғарыдағы нұсқауға негізделіп, өздерінде өзін-өзі басқарудың мол тәжірибесі бар деп сенеді. Сондықтан, Шығыс Түркістандағы мұсылман халықтары басым көп санды ұстайтын аймақтардың нағыз толық автономия құқығын талап етуі заңды қылық деп есептейді.

    Жоғарыдағы принциптерге негізделіп, біз мыналарды талап етеміз:

(1). Жоғарыдағы толық автономия көлемінде мұсылман халықтарынан өздері сенім артқан жергілікті қайраткерлерді әкімшілік мансапқа сайлайтын сайлау құқығы берілсін.

(2). Дінді кемсіту күшінен қалдырылсын және дінге сену еркіндігі толық берілсін.

(3). Мемлекеттің әкімшілік органдары мен заң органдарының хат-қатынасы мұсылман халықтарының байырғы жазуымен жазылсын.

(4). Бастауыш мектеп, орта мектеп, жоғарғы мектепте оқу мұсылман халықтарының байырғы жазуымен оқытылсын және бұқаралық ағарту кең өріс алдырылсын.

(5). Ұлттық мәдениет пен көркемөнердің еркін дамуы белгіленсін.

(6). Баспасөз, жиналыс, сөз еркіндігі берілсін.

(7). Әр халықтың іс жүзіндік өндіргіш күшіне және күш-қуатына қарай, бажы мөлшері белгіленсін. Біз халықтың үкімет экономиясы жағындағы арқалауға тиісті борышын айқын білген соң, өз күш-қуатымызға қарай оны өтейміз. Бірақ, мұндағы салық санын белгілеуде Шығыс Түркістандағы мұсылман халықтары мен басқа да халықтардың тұрмысына және экономиясының дамуына кедергі жасамау өлшем етілсін.

(8).  Саудагерлерге мемлекет іші-сыртында сауда жасау еркіндігі берілсін.

(9). Әр аймақта ұлттық армия ұйымдастыруға жол берілсін. Осы жолғы оқиғаға қатынасқан әскери бөлімдер мемлекет армиясының құрылымы бойынша өзгертілсін. Бірақ, ұлттық форма сақталсын.

(10). Шынжаң өлкелік үкімет ұйымында Шығыс Түркістандағы мұсылман халықтарының халық саны бойынша, Шығыс Түркістанда мұсылман халықтарының уәкілі болсын.

(11). Бостандық үшін оқиғаға қатысқан Шығыс Түркістан мұсылман қайраткерлері бүкілдей қузастырылмасын және бұдан кейін әрқандай сылтаумен оларға зянкестік жасауға болмайтындығына шынайы кепілдік етілсін. Қарулы қақтығыс оқиғалары шешілген соң, бостандық үшін күреске қатысып түрмеге жабылғандардың барлығы түгелдей үш күнде босатылсын.

***

15.11.1945

Жаң Жыжуң Рахымжан Сабырхажиевтерге мынадай жауап берді:

1). Әкімді халық сайлауға болады. Ал әкімнің орынбасарын жоғарғы орын тағайындауы керек. Өлкенің төрағасын халық сайлауға бола ма дегенге келсек, Гоминдақұй негізгі заң жариялаған соң, негізгі заңды белгілеме бойынша атқаруы керек.

  2). Үкіметтің хат-қатынасында ханзу жазуы мен ұйғыр жазуы тең қолданылады. Халықтың мекемелерге айтатын істерін мұсылмандар жазуында жазуына жол беріледі. 

3). Бастауыш мектепте мұсылмандар тіл-жазуы қолданылады. Орта мектептерде мемлекеттік тіл-жазуымен оқытылуы керек. Жоғары мектептерде, қажетке қарай ханзу тіл-жазуы мен мұсылман тіл-жазуы қатар қолданылады.

4). Сауда еркіндігіне жол беріледі. Алайда сыртқы саудада орталықтың сыртпен сауда жасасу келісіміндегі белгілеме бойынша істеу керек.

5). Ұлттық әскери бөлімдердің нақ саны алынғаннан кейін, амандық сақтау полк бөлімдеріне өзгертіледі. Онан қалғандары мемлекет армиясына өзгертіледі. Мұнда полк ең үлкен орын бірлігі етіледі. Кемін жерлік адамдардан толықтауға жол беріледі. Алайда мемлекет армиясы құрамына өткен соң, қай-қашанда бұйрыққа бойсынуы керек.

    Жаң Жыжуң соңында «бұл орталықтың ең үлкен жол беруі» деп мәлімдеді.

***

15.11.1945

Иевсейев Жаң Жыжуңға: Шығыс Түркістанкеліссөз уәкілдері тапсырған «Құлжа жақтың орталықтың ұсыныс-жобасы жөніндегі пікіріне және қойған талабына» сіздің қайтарған жауабыңызды мәселенің негізі етуге болады дегенді білдірді.

***

15.11.1945

  «Шығыс Түркістан төңкерісшіл жастар одағы» Құлжада құрылды. Әбдікерім Аббасов орталық одақ комитетінің төрағасы, Сейдолла Сайфоллаев* төрағаның орынбасары, Сайпиден Әзези қатарлылар орталық одақ комитетінің мүшесі болып сайланды. «ШТ төңкерісшіл жастар одағының уақыттық уставы» жасалды. Ол бес тарау болды. Оны жалпы принцип, міндет, одаққа кіру құжаты, құқық, борыш, тәртіп сияқты тармақтары бар. ШТ төңкерісшіл жастар одағы құрылғаннан кейін, Іленің аудандарында аудан, район дәрежелі ұйымдар арт-артынан құрылды.

***

17.11.1945

Алтай уәли мекемесі ханзу бұқараларының мүддесін қорғау жөнінде мынадай алты тармақты белгілеме жасады:

1). Мекемелердің, әскери бөлімдердің, жекелердің ханзу бұқараларын еңбекке салуына тиым салынады.

2). Ханзу бұқараларын өз еркінен тыс жұмысқа салу адамдық құқыққа қол сұғушылық болып, заңдық жауапкершілікке тартылады.

3). Аудандық үкіметтер өз ауданындағы ханзуларды санаққа алу, олардың арызын қабылдап, ойдағыдай шешім етуі керек.

4). Ерекше жағдайда аудандық үкіметтер ханзу бұқарасын ықтиярсыз еңбекке салуға құқылы. Бірақ, үкіметтің белгілемесі бойынша істеген еңбектеріне ақы төлеуі керек.

5). Әрқандай жағдайда, мекемелердің ханзу бұқарасының мал-мүлкін өз еркінше тәркілеуіне тиым салынады. Егер ханзуларда үкіметке тапсыруға тиісті мал-мүлік болса, сот мекемесі қаулы шығарған соң барып тәркіленуі керек.

6). Бұл қарардың атқарылуын аймақтық ішкі істер басқармасы мен сот мекемесі бақылауы керек.

***

17-18.11.1945

Рақымжан Сабыр хажиев қатарлы үшеуі Жаң Жыжуңмен екі күн кеңесу арқылы, көп тармақтар жөнінде бірауызды танымға келді. Бірақ, Рақымжан Сабырхажиевтер мынада берік тұрды:

1). Толық бостандық беру. Өлкенің төрағасынан ауданның әкіміне дейінгі әр дәрежелі мансаптыларды халық өзі сайлау.          

2). Үкімет органдарының хат-қатынастарында ұйғыр тіл-жазуын қолдану. Бастауыш, орта, жоғарғы мектептерде ұйғыр тіл-жазуын қолдану.

3). Саудагерлер сыртқы саудамен еркін шұғылдану.

4). Ұлттық армия ұйымдастыру, ұлттық форманы сақтау.

     Жаң Жыжуң оған мынадай жауап қайтарды:

1. Өлкелік үкіметті ұйымдастыру жөнінде: А. Өлкенің төрағасын халықтың сайлау-сайламауын Гоминдахұй негізгі заңды жасап жариялаған соң негізгі заңдағы белгілеме бойынша шешу керек; В. Өлкелік үкімет орталық тағайындаған төрағаның бұйрығын атқаруы керек; С. Орталык өлкелік үкімет құрамындағыларды тағайындағанда әр ұлттың қадірменді адамдарының өлкелік үкіметке сайлануына толық орай жарату керек. Жоғарыдағы принциптер бойынша мынадай нақты әдістерді ортаға қоямын:

1). Өлкелік үкіметтің жоралар санын қазіргі 13 адамнан 25 адамға көбейту;

2). 25 адамның 10 адамын орталық тікелей тағайындау, қалған 15 адамын аймақтар көрсетіп, орталық тағайындау;

3). Орталық тікелей тағайындайтын 10 адам мыналар: Төраға, бас хатшы, халық істер меңгермесінің бастығы, қазына меңгермесінің бастығы, әлеуметтік істер меңгермесінің бастығы және оқу-ағарту меңгермесі бастығының орынбасары, құрлыс меңгермесі бастығының орынбасары, денсаулықсақтау басқармасы бастығының орынбасары және екі арнаулы жора; D. Аймақтар көрсетіп, орталық тағайындайтын 15 адам мыналар: Төрағаның орынбасары, Оқу-ағарту меңгермесінің бастығы, Құрлыс меңгермесінің бастығы, Денсаулық сақтау меңгермесінің бастығы, Бас хатшының орынбасарлары, Халық істері меңгермесінің орынбасары, Қазына меңгермесі бастығының орынбасары, Әлеуметік істер басқармасы бастығының орынбасары және 7 арнаулы жора. Е. Оқиға туылған ШТР өлкелік үкіметке 6 жора көрсетеді. Мұның ішінде бір меңгерме бастығы, бір меңгерме бастығының орынбасары, бір басқарма бастығы немесе орынбасары болады. Қалған жеті аймақ қалған жеті аймақ өлкелік үкіметке 9 жора көрсетеді. Мұның ішінде төрағаның бір орынбасары, бас хатшының бір орынбасары, бір меңгерме бастығы немесе орынбасары, бір басқарма бастығы немесе орынбасары болады. Осылардың барлығын орталық тағайындайды.

2. Мекемелердің хат-қатынасы жөнінде, әр дәрежелісі органдардың барлығы да мемлекетке қарасты болғандықтан хат-қатынаста мемлекет жазуын қолданбай болмайды. Екі жазуды қатар қолданған жөн. Алайда халықтың мекемелерге жазған қағазында өз ұлттық жазуын қолданса болады. Жоғары мектептерде қажетке қарай әр түрлі жазу қолданса болады. Жоғары мектептерде қажетке қарай әр түрлі жазу қолдану керек.

3. Еркін сауда жасау мәселесі жөнінде, үкімет саудасымен шұғылданушылардың шет елмен сауда жасасуына жол береді, алайда Жуңго мен шет елдің сауда жасау жөнінде жасасқан әдістері бойынша істеуі керек.

4. Әскери бөлімдерді өзгертіп құру мәселесі жөнінде, оқиғаға қатынасқан әскери бөлімдерді амандық сақтау полк-қосындары етіп құруға жол беріледі, мемлекет армиясы болам десе болады. Бірақ, бұйрыққа бойсынатын болуы тиіс, адам саны кемейсе өз ұлтынан толықтыруға, тәлім-тәрбиеде және бұйрықта байырғы тіл жазуды қолдануға жол беріледі.

***

20.11.1945

ШТР уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №136 қаулы мақұлдап,  қазына меңгермесінің басқаруындағы мемлекет банкін Уақыттық үкіметке тікелей қарасты етуді бұйырды. Б анк бастығы етіп Құсайын Талановты* тағайындауды, мемлекет банкіне үкімет органдарының меже есеп, кіріс, шығыс жағдайын тексеру, бақылау құқығын беруді ұйғарды.

***

22.11.1945

ШТР уақыттық үкіметінің үгіт бөлімі діни үгіт үйірмесін құру жөнінде бұйрық жариялап, діни үгіт үйірмесінің аймақтардағы діни істер тарауы мен үгіт тарауының басқаруында болатындығын белгіледі.

***

27.11.1945

Рақымжан Сабырхажиев қатарлы үшеуі «өзгеріс енгізілген жобаны» алып Құлжаға қайтты.

***

1945-жыл, қараша.

Алтай уәли мекемесі Алтай қағаз ақшасын басу комиссясын құрып, Алтай аймағында ғана жүретін 100, 500, 1000, 3000, 5000 юандық қағаз ақшаларды таратты.

***

05.12.1945

ШТР уақыттық үкіметінің жоралар мәжілісі №158 қаулы мақұлдап, мынаны ұйғарды: Оқу-ағарту меңгермесі орта мектеп оқушыларының алты айлық курстарын ашады. Оған әр қайсы мектептердегі оқушылар мен белгілі білім қабілеті бар, оқытушылық қызметті қалайтын әр ұлт жастары ер-әйел демей түгелдей өндірістен қол үзіп, қатынасуы қажет. Курста діни сабақ өту қажетін шешу үшін, діни істер басқармасы дін сабағы оқытушыларының қысқа мерзімді курстарын ашады.

***

06-16.12.1945

Тасқорған төңкерістік армиясы желтоқсанның 6- күні Алатасты басып алды. 7-күні Шажынды, одан ары төрт тәулік сұрапыл соғыс жасап, Томсалыны басып алды. Онан соң екі бағытқа бөлініп, Поскам, Қағлық аудандарына шабуылға өтті. Қағылыққа шабуыл жасаған бағыттағылар 12-желтоқсан күні Қағылық ауданынан 80 км қашықтықтағы Шипаншанды алды. Поскамға шабуыл жасаған бағыттағылар 16-желтоқсан күні Поскам қалашығына шабуылға өтіп, Поскамдағы гоминдаң әскерлері мен сақшыларының қатты қарсылығына ұшырап, амалсыз кері қайтты.

***

08.12.1945

Тарбағатай уәли мекемесінің орган газеті – «Халық ауазының» моңғолша нұсқасы тоқтады. Қызметкерлері Құлжаға ауысып кетті.

***

11.12.1945

Алтай уәли мекемесі бұйрық жариялап, аудандық үкіметтерден аудандағы ханзу бұқарасының аты-жөнін тізімдеу, санын мәлімдеу жұмысын тезірек аяқтауды талап етті.

***

15.12.1945

  ШТР уақыттық үкіметінің орган газеті – «Азат шығыс Түркістан газетінің» моңғолша нұсқасы Құлжада жарық көрді.

***

15.12.1945

  ШТР уақыттық үкіметі Оқу-ағарту меңгермесінің жыл соңындағы санағына қарағанда, желтоқсан айына дейін: 

1). Іленің аудандарында 303 бастауыш мектеп және орталау мектеп ашылған. Мұның ішінде қазақ мектеп 147, ұйғыр мектеп 106, моңғол мектеп 10, орыс мектеп 13, сібе мектеп 11, хұйзу мектеп 9, қырғыз мектеп 3, өзбек мектеп 2, татар мектеп 1, ханзу мектеп 1. 

Бұл оқу орындарында оқып жатқан оқушылардың жиыны 35516 балаға жеткен. 

Тарбағатай аймағы 114 бастауыш және орталау мектеп ашқан. 

Алтай аймағы 12 бастауыш және орталау мектеп жұмысын бастаған. 

2). Екі рет оқушылар курсы ашылып, әр ұлт оқушыларынан 570 адам тәрбиеленген.

3). Қазақ, ұйғыр, моңғол, сібе тілдерінде оқулық құрастырылған.

***

15-17.12.1945

  ШТР үш аймақтың ұлттар құрылтайы Құлжада ашылды. Құрылтайда алдымен Рақымжан Сабырхажиев бейбітшілік келіссөзінің ахуалы жөнінде баяндама жасады. Одан соң меңгермелердің бастықтары қызметтерінен есеп берді. Соңында Әлихан төре қортынды сөз сөйледі.

    Құрылтай пантюркизімдік ұстанымды жалғасты атқарды. Сондай-ақ Шығыс Түркістан Республикасы уақыттық үкіметі дегенді «Шығыс Түркістан Республикасы үкіметі»-деп өзгертті. Әлихан Төрені төраға, Әкімбек Қожаны төрағаның орынбасары, Әбдіров Мақсұмды үкіметтің бас хатшысы етіп тағы сайлады.

***

16.12.1945

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №172 қаулы мақұлдап, мүгедек әскерлер ісі комитетін құрып, мүгедек әскерлер мен құрбандар семиясындағыларды лайықты орналастыруды ұйғарды.

***

24.12.1945

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №176 қаулы мақұлдап,  мынаны ұйғарды: Мемлекет органдарындағы қызметкерлердің еңбекақысы 10 дәрежеге бөлінеді. Айлық еңбекақы 2500 юаннан он мың юанға жетеді. Сонымен бірге, қызметшілер мен олардың үй ішіндегілер қамдау тізіміне енгізіледі. Үйіндегілердің аз-көптігіне, үлкен-кішілігіне қарай қамдау өлшемі белгіленеді. Қызметшілер мен олардың үй ішіндегілерді қамдайтын тұтыну бұйымдары Өнеркәсіп, сауда даму серіктестігінің қызметшілер дүкеніне өткізіліп беріледі. Ай сайынғы қамдалатын тұтыну бұйымдарының бағасы базар бағасынан 50% төмен болады.

 ***

25.12.1945

Рақымжан Сабырхажиевтер Құлжадан Үрімжіге үшінші рет қайтып барды.

***

26.12.1945

Рақымжан Сабырхажиевтер Жаң Жыжуңмен кеңес өткізіп, «өзгеріс енгізілген жобаны» принцип жақтан тағайындайтындарын білдірді. Бірақ, тағы мынадай үш талап қойды:

  1. Саяси сақшыны күшінен қалдыру.
  2. «Құлжа оқиғасына» төтеп беру үшін Шынжаңға ауыстырылған әскери бөлімдерді келісімге қол қойғаннан кейінгі бір ай ішінде дереу қайтарып әкету;
  3. Жерлік сақшыларды мұсылмандардан қою.

Жаң Жыңжуң жаңа қосылған үш тармаққа әсте қосылмады. Қайта-қайта кеңесу, Иевсейевтің иландыруы арқылы, Шығыс Түркістанның келіссөз уәкілдері жаңа қосылған үш тармақты әзірше қоя тұрып, алдымен өзгеріс енгізілген 11 тармақты ақылдасуға мақұл болды.

***

26-28.12.1945

26-желтоқсан күні бұйрық бойынша Москваға келіссөзге бара жатқан Шығыс Солтүстік Жуңғо Сыртқы істер ерекше уәкілі Жяң Жиңго Евсеевпен кеңес өткізді. Онан соң Жаң Жыжуңмен бірге Рақымжан Сабырхажиев, Әбілхайыр Төре, Ахметжан Қасмилерді қабылдады. 28-желтоқсан күні Үрімжіден ұшаққа отырып, Алматы арқылы Москваға кетті.            

***

27.12.1945

АҚШ, Англия, Кеңес Одағы елдерінің сыртқы істер министрлері Мәскеуде мәжіліс ашып, «Жуңго мәселесі жөнінде мазмұндама» жариялап, «Гомин үкіметінің басшылығында, Жуңгоның ынтымақтасуы және демократиялануы қажет. Гомин үкіметінің әр дәрежелі құрылымдарына демократияшылдарды көп қабылдау, сонымен бірге, ішкі егесті сақтау керек» деп жар салды. Кеңес Одағы үкіметі «Жуңгоның ішкі істеріне араласпау саясатын» қайталай айтты.

***

29.12.1945

Рақымжан Сабырхажиевтер Жаң Жыжуңмен қайта-қайта кеңесу, ақылдасу және ресми келіссөз өткізу арқылы, Шынжаң өлкелік үкіметінің ұйымдастырылуын және ұлттық армия бөлімдерін өзгертіп құруды өз алдына екі қосымша құжат етуге бір ауыздан қосылды.

***

1945-жыл, желтоқсан айы.

Ұлттық армияның орта линия штабы 13-атты әскерлер полкін (полк командирі Иванов, саяси комиссары Патих Муслимов) Сандаухызыға барып орналасуды бұйырды.

***

1945-жыл, желтоқсан айы.

Гоминдаң үкіметі халқаралық уәкілдер үйірмесі келіп «Алтай оқиғасының» нақты мән-жайын тексеруді талап еткендіктен, Кеңестік бас ақылшы Темірхан, бас ақылшының орынбасары Әлихан және Алтай аймағында уәлидің орынбасары болып істейтін Кеңес ақылшысы Әріппай, сондай-ақ Алтай уәли мекемесінің мекеме басқармаларында міндеи өтейтін Кеңес ақылшылары, Алтай 3-атты әскер полкіндегі Кеңес Одағының әскери адамдары бұйрық бойынша еліне қайтты.

    Осы ай Дәлелхан Сүгірбаев Алтай уәлиінің орынбасарлығына тағайындалды.

1946 – ЖЫЛ   

***

01.01.1946

Рақымжан Сабырхажиев қатарлылар ерекше күтіп алу орынында «бейбітшілік шартының» қытайша түп нұсқасы мен ұйғырша нұсқасын салыстырып Шихуға Жаң Жыжуң жіберген Уаң Зыңшян, Лю Мыңшүндерге тағы мынадай бірнеше талап қойды:

1. Шығыс Түркістан келіссөз уәкілдері әкелген пікірдегі «Ұлт азаттық қозғалысы» және «Қарулы қақтығыс» деген сияқты тақырыптарды сақтап қалу;

2. Көтерліс туылған райондарға Ақсу, Қашқар аймақтары да қамтылуы керек;

3. Сақшы мекемесінің бастығы, газет мекемесінің бастығы, жергілікті мұсылмандардан сайлануы керек;

4. Нұсқадағы «қазіргі әкімшілік мансаптылар қызметін істей береді, сондай-ақ өлкелік үкіметтің тексеруінен өткізіп, жоралар қосылады» деген сөздерге өзгеріс енгізу керек;

5. Шарттың ресми нұсқасының соңында мынадай мәлімдемені қосуды талап етеміз: Орталық әскери бөлімдерінің шегінуі, сақшы органын күшінен қалдыру, өлкелік үкіметтің төрағасын халық сайлау жөніндегі үш пікір алға қойылғаннан кейін, Орталық үкіметтің уәкілі Жаң Жыжуң генерал бұдан бас тартты. Бірақ, халық уәкілдері жоғарыдағы үш шарттың күшін жойғанын мойындамады. Осыдан кейін орталық үкіметтің уәкілі Жаң Жыжуң генерал халық уәкілдеріне пікірлерін үкіметке айту еркіндік құқығын берді.

    Жоғарыдағы талаптарды екі жақ төрт сағат талас-тартыс жасап, ақыры келісімге келе алмады.

***

01.01.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі «Кадрларды басқару ережесін» жариялады. Ереже жиыны 29 тармақ болып, кадрлардың құқығы және міндеті, оларды басқару, істету, бағалау өлшемі және силау-жазалау әдістері жөнінде нақты белгілеме жасалды.

***

01.01.1946

Рақымжан Сабырхажиев қатарлылар мен Жаң Жыжуң келісімінің негізгі нұсқасы мен қосымша нұсқасына (1) ресми қол қойды. Әскери бөлімдерді өзгертіп құру жөніндегі қосымша нұсқаны (2) кейін қайта кеңесуге қалдырды. 

   Негізгі нұсқа:

«ОРТАЛЫҚ ҮКІМЕТ УӘКІЛДЕРІ МЕН ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӨТЕРЛІС ЖАСАҒАН ӨҢІРДІҢ ХАЛЫҚ УӘКІЛДЕРІНІҢ ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ БЕЙБІТ ТӘСІЛМЕН ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ 

БІТІМІ»

     1. Үкімет Шығыс Түркістан халқына өздері сенетін жерлік қайраткерлерді сайлау құқығын береді. Бұл құқықты жүргізудің тәртіптері төмендегідей болады:

     Оқиға шешілгеннен кейін үш ай ішінде, аудандардағы халық аудандық кеңес мүшелерін сайлап, аудандық кеңесті құрады. Аудандық кеңес аудан әкімін сайлайды. Әкімнің орынбасарын және аудандық үкіметтің бөлім бастығынан жоғары қызметкерлерін аудан әкімі тағайындайды. 

     Бұл сайлаудан бұрын оқиға туылған аймақтар мен аудандарда қазіргі әкімшілік мансаптылары қызметтерін істей береді.

     Аймақтың әкімшілік бақылаушы уәлиі мен оның орынбасарларын сол жердегі халық көрсетіп өлкелік үкіметке бекіттіреді. Уәли мекемесінің қызметкерлерін уәли тағайындайды.

     Аудандық кеңестер құрылғаннан кейін, заң бойынша өлкелік кеңес мүшелері сайланып, өлкелік кеңес құрылады. Олар халық еркіне уәкілдік етіп, өлкелік үкіметті қайта құру әдісі 9-тармақтағыдай болады.

2. Үкімет дінді кемсітуді жояды. Сондай-ақ халыққа дінге сенуге толық еркіндік беріледі.

3. Мемлекеттің әкімшілік органдары мен заң органдарының құжаттарында қытайша мен ұйғырша тең қолданылады. Халықтың үкімет органына жазған хатында жеке өз ұлтының тіл-жазуын қолдануына рұқсат беріледі.

4. Бастауыш мектеп пен орта мектепте өз ұлтының тілінде сабақ өтіледі. Бірақ, орта мектепте қытай тілі міндетті түрде оқытылады. ЖОО-да оқыту қажетіне сай, сабақ өтуде қытайша мен ұйғырша тең жүргізіледі.

5. Үкімет ұлттық мәдениет пен көркемөнерді еркін дамытуды белгілейді. 

6. Үкімет баспасөз, жиналыс өткізу, сөз сөйлеу бостандығын белгілейді.

7. Үкімет халықтың іс жүзіндік өндіргіш күшіне сай, сондай-ақ оның шамасын көзде ұстай отырып салық жинауды белгілейді. Халық үкіметке деген экономикалық жақтағы борышын айқын танып, ауыртпалығын өзі көтереді. Бірақ мұндай ауыртпалықтың мөлшері халық тұрмысы мен шаруашылығын дамытуға кедергі болмауды өлшем етуі тиіс.

8. Үкімет саудагерлерге ел ішінде және халқарада еркін сауда жасау бостандығын береді. Алайда шетелдермен сауда жасайтын саудагер орталық үкімет пен шет ел қол қойған сауда шарттарындағы белгілемелерге бағынуы керек.

9. Шынжаң өлкелік үкіметін құруды орталық толықтайды. Оның жораларының саны 25 адам болады.

    Өлкелік үкіметтің 25 жорасының 10 жорасын орталық тікелей белгілеп жібереді. Қалған 15 жорасын райондағы халық уәкілдері көрсетіп, орталық тағайындайды.

Орталық тікелей белгілеп жіберген 10 адам мыналар: Төраға, Бас хатшы, Халық істер меңгермесінің бастығы, Қазына меңгермесінің бастығы, Әлеуметтік істер меңгермесінің бастығы және Оқу-ағарту меңгермесі бастығының орынбасары, Құрлыс меңгермесі бастығының орынбасары, Денсаулықсақтау басқармасы бастығының орынбасары және екі арнаулы жора болады.

     Аймақтар көрсетіп, орталық тағайындайтын 15 адам мыналар: Төрағаның екі орынбасары, Оқу-ағарту меңгермесінің бастығы, Құрлыс меңгермесінің бастығы, Денсаулық сақтау меңгермесінің бастығы, Бас хатшының орынбасарлары, Халық істері меңгермесінің орынбасары, Қазына меңгермесі бастығының орынбасары, Әлеуметік істер басқармасы бастығының орынбасары және 5 арнаулы жора болады.

(Қалғанын қосымша хұжаттан «1» қараңыз)

10. Ұлттық армия құруға жол беріледі. Мұның адамдарын ислам дініндегілермен толықтау принцип етілуі тиіс.

     Бұл армия осы реткі оқиғаға қатынасқан әскери бөлімдерден мемлекет армиясының штаты бойынша өзгертіледі.

     Бұл армияның адам саны мен тұратын орны бөлек талқыланып, қосымша нұсқа (2) етіліп қол қойылғаннан кейін күшке ие болады.

     Бұл армияның жаттығуы мен бұйрықтарында қазақша мен ұйғыршаны қолдану принцип етіледі. Бұл армияның әр дәрежелі командирлері бұрынғы мансабын сақтап, командирлер мектебіне барып білім толықтайды және қажетті әскери тәлім-тәрбие алады.

     Бұл армияның тәлім-тәрбиесіне көмектесетін тәрбиешілерді үкімет жібереді.

     Орталықтың Шинжяңдағы әскери бөлімдері бұл армиямен бір жерде тұрмайды. Сондай-ақ өз-ара достық қарым-қатынасты сақтайды. Бір-біріне жаулық көзқараста болмайды.

(Қалғанын қосымша хұжаттан «2» қараңыз)

11. Оқиға туылғаннан қазірге дейін екі жақ қолға алған қайраткерлерді оқиға шешілгеннен кейінгі 10 күн ішінде босатады. Әрі алдағы жерде әрқандай себептермен жәбірлемеуге кепілдік береді.

 (Қосымша құжат «1»)

     Орталық үкіметтің уәкілдері мен Шығыс Түркістандағы көтерліс болған райондардағы халық уәкілдері қол қойған «қарулы қақтығысты бейбіт тәсілмен шешу бітімінің» 9-тармағында белгіленген Шинжяң өлкелік үкіметін құрудың әдісі жөніндегі тармақшаға екі жақтың мақұлдауымен төмендегідей қосымша белгілеме қосылады:

     1. Әрқайсы аймақтың уәкілдері көрсетіп, орталық тағайындайтын өлкелік үкіметтің 15 жорасының 6 жорасын оқиға туылған үш аймақ  көрсетсе болады. 

     2. Осы 6 жораның ішінде төрағаның бір орынбасары, бас хатшының бір орынбасары, оқу-ағарту меңгермесінің бастығы, немесе құрлыс меңгермесінің бастығы, халық істер меңгермесі бастығының орынбасары, немесе қазына меңгермесінің орынбасары, денсаулық сақтау басқармасының бастығы немесе әлеуметтік істер басқармасыны бастығының орынбасары және арнаулы тағайындалатын бір жора болады.

    3. Қалған жеті аймақ 9 жора көрсетеді. Оның ішінде төрағаның бір орынбасары және орталық тікелей белгілеген жоғарыдағы үш аймақ көрсеткен адамдардан басқалары тағайындалады.

***

01.01.1946

Тасқорған төңкерістік армиясы Қағлық қалашығын алып, Қағлық аудандық төңкерістік үкіметін құрды. Сауыт Қарыны аудан әкімі етіп тағайындады. Сондай-ақ, Оңтүстік Шынжаң ұлт азаттық комитетін құрды.

***

03.01.1946

Жаң Жыжуң бұйрық бойынша Шұңшиңге қайтатын болып, Пың Шяушян, Уаң Зышян, Лю Мыңшундерді Рақымжан Сабырхажиевтермен үздіксіз кезігіп тұруға арнаулы қалдырды. Әуежайда Жаң Жыжуң аттандыра келген Рақымжан Сабырхажиевтермен әңгімелесіп, сіздердің, сөз жоқ, Жуңголықтардың майданында тұрып, отанды қорғайтындарыңызға сенемін. Бұл дәуірдің сіздерге жүктеген міндеті деді. 

Рақымжан Сабырхажиев қатарлылар: біз жуңголықпыз, отанды сөзсіз қорғаймыз деді.

***

04.01.1946

Тасқорған төңкерістік армиясынан 500 ден аса адам Қағлықтан Поскамға шабуылға аттанды. Келесі күні  Поскамды басып алып, Поскам аудандық төңкерістік үкіметін құрды. Құрбан Мүптиді әкім етіп тағайындады.

***

06.01.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі Тарбағатай аймақтық банкін мемлекет банкінің бөлімшесі етіп өзгертіп, қазынадан 50 млн юан қаражат босатуды ұйғарды.

***

06.01.1946

Жяң Жиеші «Орталық Үкімет уәкілдері мен Шинжяңның төңкеріс жасаған өңіріндегі халық уәкілдерінің қарулы қақтығысты бейбіт тәсілмен шешу жөніндегі бітімін» бекітті.

***

08.01.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі таралып отырған сүзек ауруын қалай тоқтату жөнінде №191қаулы мақұлдап, мынаны ұйғарды: 

(1) Сүзек ауруы мен басқа жұқпалы аурулардың алдын алу үшін, сақтық уколын салуға аймақтарға, аудандарға, райондарға емдеу атреті жіберіледі. 

(2) Аудандарға, көшелерге дизинфекцялау, орта тазалығы жұмыстарын өрістету тапсырылды. 

(3) Қажетті қаражатты, дәрі-дәрмекті, жабдықтарды үкімет береді. 

(4) Аудан әкімдеріне, қоғам қауіпсіздік мекемесінің бастықтарына емдеу атретінің қызметіне зор күшпен көмектесу тапсырылды.  

***

09.01.1946

У Жұңшин, Пың Шяушян, Уаң Зышян, Лю Мыңшундермен бірге ерекше күтіп алу орнына барып, Тасқорған төңкерістік армиясының ілгерінді-кейін Қағлық, Поскам қалашықтарын басып алғандықтары жөнінде Рақымжан Сабырхажиевтермен жолықты. 

У Жуңшин былай деп көрсетті: «Бейбітшілік бітіміне» қол қойылды, Шығыс Түркістан келіссөз уәкілдерінің Оңтүстік Шынжаңдағы әскери қимылдарды амалын тауып тез тоқтатып, келіссөздің жалғасуына тиімділік жасауды Іле жаққа айтып қоюларыңызды үміт етемін. 

Рақымжан Сабырхажиев қатарлылар: Құлжа төңкерісінің алғашқы кезінде, Оңтүстік Шынжаңға Іле жақ нұсқау беретін, кейін келе екі жақтың байланысы үзілді. Оңтүстік Шынжаңда жуырда туылған істерді Шығыс Түркістан келіссөз уәкілдері түгелдей білмейді-деді.

***

09.01.1946

Тарбағатай уәли мекемесі №80 бұйрық жариялап, түрлі қылмысты әрекеті барларды сот мекемесінен сырт, басқа тараулар мен діни істер органының шешім ету құқығы жоқ деді.

***

10.01.1946

Рақымжан Сабырхажиев қатарлы үшеуі Үрімжіден Құлжаға қайтты. Әуежайға аттандыруға шыққандарға бейбітшілік келіссөзінің болашағы жөнінде мыналарды айтты: Бұл жолғы келіссөз өте сәтті әрі келісті болды. Бірақ, Іледегі халық бұқарасы мен әскерлері бұған разы болмауы мүмкін. Біз оларға Орталық үкіметтің бейбітшілікті көздейтін сенімі мен тілегін білдіріп, ойдағыдай шешеміз деген үміттеміз.

***

10.01.1946

Тарбағатай уәли мекемесі 39-мәжілісін ашып, аймақтық ойын-сауық үйірмесіне аймақтық оқу-ағарту мекемесі басшылық етеді. Аймақтық үгіт бөлімі бас болған, газет мекемесі мен оқу-ағарту мекемесі қатынасқан аймақтық әдебиет-көркемөнер жасампаздығы кеңсесі құрылады-деп ұйғарды.

***

11.01.1946

Пың Шяушян Лю Зыруңмен бірге Тасқорған төңкерістік армиясының Оңтүстік Шинжяңда әскери қимылды күн сайын ұлғайтқандығы жөнінде Евсеевпен кеңес өткізіп, Шығыс Түркістан жақпен бұдан былайғы келіссөзге ықпал жеткізбеу үшін, оқиғаны ұлғайтпай Кеңес Одағы жақтың бұл істі шешуге көмектесуін үміт етті.

***

12.01.1946

Шығыс Солтүстік Жуңгодағы сыртқы істер ерекше уәкілі Жяң Жиңго Кеңес Одағынан ұшақпен Үрімжіге келіп, У Жұңшинге Кеңес Одағында өткізілген кеңестің қатысты ахуалын жеткізді. Жяң Жинго У Жұңшинге Мәскеудегі бұл жолғы кеңесте Шынжаң мәселесі сөз болғанын, Кеңес Одағының көмектесетінін білдіргенін айтты. Ал орталықтың Шынжаңдағы әскери бөлімін шегіндіріп әкету жөніндегі Іле жақтың талабын Сталин білмейтіндігін аңғартып, сыртқы істер министірі Молотовтан осындай істің болғандығын сұрап ұғысып, өйтпегені жөн деді. Кеңес Одағы Шынжаңмен экономикалық істестікті жасауды, әсіресе Майтау мұнай кенін, вольфрам кенін ашуда, теміржол жасауда істес болуды үміт етті. Тарбағатай уәлиі Пың Руң бастап Кеңес Одағына қашып өткен 1207 адамның Кеңес Одағы берген есімдігін У Жуңшинге тапсырды.

***

12.01.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №197 қаулы мақұлдап, үкімет алуға тиісті салық түрлерін белгіледі. Олар: сауда салығы, өнеркәсіп салығы, аралап тасу салығы, тұяқ салығы, мал шаруашылық салығы, қан салығы, ағаш материялдары салығы, астық салығы, жер салығы, посылка салығы, почта салығы, тасымал салығы, көмір қазу салығы, кино-театрханалардың тижарат салығы, куәлік салығы, кеден салығы, тұз салығы, арақ-темекі салығы сияқты 16 түрлі салық, сондай-ақ салық мөлшері, салық алу әдістері және айып төлету жөннінде егжей-тегжейлі белгілеме жасалынды.

***

12.01.1946

  Үш Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №198 қаулы мақұлдап, мынаны ұйғарым жасады: топтасып қарақшылық істегендердің бас атамандарына, құралды тонаушыларға өлім жазасы беріледі. Кәнігі баугеспе ұрыларға үш жылдан жоғары қамау жазасы беріледі. Тергеу қызметі екі апта ішінде жүргізілуі керек, Іле аймағындағы аудандар ең жоғары сот мекемесінің үкім шығаруына, Тарбағатай мен Алтай аймағы өз өңірлеріндегі сот мекемелерінің үкім шығаруына тапсыру керек.

***

13.01.1946

  Үш Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №199 қаулы мақұлдап,, мынадай ұйғарым жасады: (1) Мемлекеттік Ән-би театр үйірмесі құрылады. Зя Самеди* үйірме бастығы, Жәлелден көркемөнер жетекшісі етіп тағайындалды. Оған қарасты Әдебиет-көркемөнер, музыка ән-би үйірмелері құрылады. Қазақ,ұйғыр тілінде қойылатын театрларды оқу-ағарту меңгермесі тексеріп бекітеді. Ойындарды үгіт бөлімі бекітеді.

***

13.01.1946

  Үш Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №1203 қаулы мақұлдап,, Құлжаны, Шәуешекті, Сарсүмбені 1-дәрежелі аудан; Сүйдіңді, Дөрбілжіңді, Шихуды, қорғасты, Тоғызтарауды, Бұраталаны, Жеменейді, Буыршынды, 2-дәрежелі аудан, Сауанды, Қобықсарыны, Шағантоғайды, Нылқыны, Арасанды, Сүмбілді, Күнесті, Текесті, Жыңды, Жұлдызды, Қабаны, Көктоғайды, Моңғолкүрені 3-дәрежелі аудан деп белгіледі. 1-дәрежелі аудандардағы үкімет қызметкерлеріне Үкіметтің №185 қаулысында белгіленген еңбекақы дәрежесі атқарылады. 2-дәрежелі аудандарда 90% бойынша, 3-дәрежелі аудандарда 80% бойынша атқарылады. 

***

14.01.1946

  Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №204 қаулы мақұлдап, өнеркәсіп бөлімін өнеркәсіп сауда даму серіктігінен бөліп алып, өз алдына өнеркәсіп басқармасы етіп құруды ұйғарды. Мемлекет банкіне ұсақ өнеркәсіп өндірісшілерінің неғұрлым жақсы, неғұрлым мол өнеркәсіп бұйымдарын өндіріп, халықтың қажетін қанағаттандыруын қолдау үшін, ұсақ өнеркәсіп өндірісшілеріне қарыз ақша беруді тапсырды.

***

16.01.1946

  Үш Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №206 қаулы мақұлдап, алдыңғы шептегі әскерлерге көмектесу үшін экономикалық жылу жинау комиссясын құруды ұйғарды.

***

    16-27.01.1946

Қағлық, Поскам аудандарын басып алған Тасқорған төңкерістік армиясының бес жүздей адамы Яркен қалашығына шабуыл жасап, қалашық сыртындағы әуежай мен сауда серіктігін иеледі. Яркен уәлиі, қосымша амандық қорғау қолбасшысы Жоу Фаңгаң Яркендегі армияға қолбасшылық етіп, қатты қарсылық көрсете отырып, Үрімжіге телеграмма беріп көмек сұрады. 27-қаңтар күні Қашқардан көмекке келетін Гоминдаң әскери бөлімдері Яркенге жетіп келіп, Яркендегі армиямен бірге Тасқорған төңкерістік армиясына сұрапыл шабуыл жасады. Тасқорған төңкерістік армиясы лажысыз Поскам жаққа шегінді.  

***

22.01.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №210 қаулы мақұлдап, Жер-су меңгермесі мен Іленің аудандарындағы аудандық үкіметтердің 4406 гектар егістік жерді, 15 жеміс бақшасын құрбандар мен мүгедек әскерлер семиясына, жері жоқ диқандарға бөліп беруін және 292 гектар егістік жерді мекемелердің қосымша өндіріспен шұғылдануына бөліп беруін, 47 жеміс бақшасын жекелерге сатып беруін ұйғарды.

***

27.01.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №213 қаулы мақұлдап, әйелдер қоғамын құруды, діни істер меңгермесі мен оқу-ағарту меңгермесінің әйелдер қоғамына бақылау жасауын, басшылық етуін ұйғарды.

***

29.01.1946

  Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі 216-номерлі қаулы мақұлдап, Басбай Шолақұлы Бапиынды Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жорасы етіп толықтауды ұйғарды. 

***

29.01.1946

Яркен уәлиі қосымша амандық қорғау қолбасшысы Жоу Фаңгаң әскери істер мәжілісін ашып, Яркен қаласы қорғанысын орналастырды және 36-атты әскери полкінің командирі Гуан Жы-Юнға әскери бөлімді бастап барып, Поскам мен Қағлықты қайтарып алуды бұйырды.

***

30.01.1946

Гоминдаң 36-атты әскер полкі ілгерінді-кейін Поскам мен Қағлық қалашықтарын басып алды.  Тасқорған төңкерістік армиясы тасқорғанға шегініп кетті. 31-қаңтар күні Қашқар, Яркен аймақтарының тыныштандыру қолбасшысы Жаң Шйляң Жоу Фаңгаңға телеграмма арқылы әскери күшті топтап, қуа соққы беріп, асуларды тосып, одан соң Тасқорғанға шабуыл жасау жөнінде бұйрық берді. Сонымен бірге аудан әкімдерінің насихат айтуды, көңіл аулауды жеделдетуіне қузау салу керек деді.

***

1946-жыл қаңтар айы

Оспан Исламұлының тапсыруымен Мұхамеджан Мұрсалиұлы Үрімжідегі Жанымханға хат жазып, адам жіберіп «Біз Гоминдаң үкіметіне бағынбақшымыз» деді.

***

30.01.1946

Шығыс Түркістан Төңкерістік жастар одағы орталық комитетінің орган журналы «Шайқас» Құлжада жарық көрді. Бас редакторы Әбдікерім Аббасов болды.

***

1946-жыл қаңтар айы

  Шығыс Түркістан Төңкерістік жастар одағы ұлттық армия комитеті құрылды. Бұл комитетке Әбдікерім Аббасов қосымша төраға болды, әрі лүй (бригада) полк, баталион, роталарда оған қарасты ұйымдар құрылды. 

***

1946-жыл қаңтар айы

  Солтүстік Шынжаңдағы бұрынғы торғауыт руының ханзадасы Жяужап Қобақсарға қайтудан бас тартқандықтан, Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі оның қызы Баржытты ханзадалыққа ресми тағайындады. 

***

01.02.1946

Жяң Жиеші Жушауляңға телеграмма беріп, 8-соғыс районының күшінен қалғанын, Батыс солтүстік әкімшілік мекемесі құрылғанын оған Жаң Жыжуң меңгеруші болғанын айтты.

***

04.02.1946

Шығыс Түркістан Әйелдер қоғамы Құлжада құрылды. Паша Әзез* төрәйім етіп тағайындалды.

——————–

Паша Әзез* – Әйел. Әлихан төренің қызы.

***

04.02.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №218 қаулы мақұлдап, Мұқабай Құлжақановты* Оқу-ағарту меңгермесінің орынбасары етіп тағайындады.

—————————–

Мұқабай Құлжақанов* – Қорғас ауданынан. Ұлты Қазақ. Ұлттық жоғары жіктегі адам. Шығыс Түркістан Республикасы Оқу-ағарту меңгермесі төрағасының және Іле аймақтық Оқу-ағарту мекемесі бастығының орынбасары болған. 1951-жылы атылды.

***

05.02.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің Ең жоғарғы соты №164 бұйрық жариялап, Тарбағатай аймақтық сот мекемесінің 1945-жыл, 12-желтоқсан күні және 29-желтоқсан күні шығарған ханзу бұқарасының мал-мүлкін тонаған Мұқаш Темірбайұлы, Өмірғали Бежекұлы, Отарбек Кенжеұлы – үшеуіне өлім жазасын беру жөніндегі үкімін тұрақтандырды.

***

06.02.1946

 Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі «мемлекет банкесінің уставын» бекітіп жариялады. Банк құрылымдарын құру, функцясы және қарыз беру, аманат қою, ақша айналым кәсіптері жөнінде егжей-тегжейлі белгілеме жасады.

***

07.02.1946

Гоминдаң 36-атты әскер полкі бұйрық бойынша Тасқорған ауданына шабуыл жасады. Тасқорған төңкерістік армиясының күшті қарсылығына ұшырап, екі жақ Құншырап, Кашун өңірінде қатты тіресті.

***

11.02.1946

Тарбағатай уәли мекемесінің орган газеті – «Халық пікірі» Әбдікерім Аббасовтың ШТР Төңкерістік жастар одағын құрудың маңызы жөнінде сөйлеген сөзін жариялады. Онда былай делінген: «ШТР төңкерістік жастар одағы үш аймақтағы барлық жастарды ұйымдастырып және тәрбиелеп, халықтық төңкеріс үшін тың күш баулитын қасиетті борышты арқалайды».

***

12.02.1946

Жу Шауляң ұшақпен Ланжоудан Шуңшиңге барып, Гомин үкіметі орталық әскери істер комитеті штаб бастығының орынбасарлығына, қосымша кеңсе меңгерушілігіне тағайындалды.

***

12.02.1946

Гомин үкіметі Масғұтты бақылау мекемесінің Шынжаң раиондық бақылау мансаптысы етіп тағайындады.

***

12.02.1946

У Жұңшин мен Го Жишяу өлкелік сақшы басқармасының бастығы Ху Гожиндерді шақырып мәжіліс ашты. Оспан Исламұлын, Қапасты, тағы басқаларды шырғалаудың айласын кеңесті. Құсайынды Сарсүмбеге барып, Оспан Исламұлымен сөйлесуге, Нұрқожайды Құм отарындағы Қапасты көндіруге жіберуді әрі өлкелік сақшы басқармасының оларға көмектесу үшін бір тыңшы қосып беруін ұйғарды.

    ***

23.02.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №228 қаулы мақұлдап,  Оқу-ағарту меңгермесінде әдебиет-көркемөнер басқармасын құруды, Құсайын Әзезді басқарма бастығы етіп тағайындауды ұйғарды. 

Мемлекеттік ән-би театр үйірмесі түрлі қимылдарын алдымен әдебиет-көркемөнер басқармасына мәлімдеп нұсқау алып отыруды белгіледі.

***

24.02.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №229 қаулы мақұлдап, әдебиет-көркемөнер істерін кең көлемде дамытып, Оқу-ағарту меңгермесіне қарасты әдебиет-көркемөнер ұйымдарын құрып, ақын-жазушыларды, әдебиет әуескерлерін және өнерге бейімі барларды қатынастыруды ұйғарды.

***

24.02.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №230 қаулы мақұлдап, Қазына меңгермесінің мемлекет банкіне 100 млн юан кредит қаржы босатуын, үш аймақта жекелердің аманатқа ақша қоюы, қарыз алуы, перевод етуі кәсібін өрістетуді, кредит қаржысының егін шаруашылығына 20%, мал шаруашылығына, қол өнеркәсібіне 15%, саудаға 50% салыстырма бойынша жұмсалуын, мерзімсіз аманат ақшаның жылдық өсімін 3%, мерзімді аманат ақшаның жылдық өсімін 6% деп белгілеуді ұйғарды. Жекелердің қарыз ақша алу жөніндегі өтінішін 7 кісілік қарыз ақша беру комиссясының тексеріп бекітуін, әдеттегі қарыз ақшаны екі адам куә болса бере беруді, құнды бұйымдарын банкке кепілдікке қойып, қарыз алуға болатындығын, телегамма арқылы ақша жіберу кәсібін жолға қоюды белгіледі.

***

24.02.1946

Алтай уәли мекемесі Алтайдың аудандарындағы моңғол, қазақ ұлттарының ру басыларына құлақтандыру жариялап, ұлттар ынтымағын күшейтуді, ұлттар ынтымағына пайдасыз сөз әрекеттерге қатаң тиым салуды талап етті.

***

28.02.1946

Кеңес Одағының Қытайдағы елшіханасының ақылшысы Гомин үкіметінің сыртқы істер министірлігіне барып, Кеңес Одағының Құлжадағы консулының есебін жеткізді. «ШТР келіссөз уәкілдері Жаң Жыжұң Үрімжіге қашан келеді? Жуырда келмейтін болса, ШТР жақ келіссөз бұзылады. Қол қойылған бітімдер күшіне ие емес»- деп жатыр дегенді айтты.

***

01.03.1946

У Жұңшин Шуңшиңге барып қызметінен есеп берді және Гоминдаң партиясының 6-кезекті орталық комитетінің 2-жалпы мәжілісіне қатынасты, Ли Тиежун бірге барды. Аттанатын кезде, өлкелік үкіметтің бас хатшысы Зың Шаулуға өлкелік үкіметтің күнделік қызметін басқарасың, келелі істер жөнінде Го Жишяудан нұсқау аласың деп бұйрық берді.

***

01.03.1946

Кеңес Одағы жіберген бір топ әскери, саяси ақылшылар ұшақ ататын зеңбірек, алуан түрлі пулемет, мина, қамал бұзатын қару-жарақ алып, Тасқорған төңкерістік армиясы тұрған тағармаға келді. Олар Тасқорған төңкерістік армиясының алдыңғы бір мезгілдегі әскери қимылдарына мұқят қортындылады. Жаңа соғыс жоспарын жасап, Тасқорған төңкерістік армиясына қатаң жаттығу жасаттырды.

***

02.03.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №232 қаулы мақұлдап, біз мәселені бейбіт жолмен шешуді қуаттаймыз. Бірақ, бейбітшілік келіссөз тұсында әскери күшке де сүйенуіміз мүмкін деп көрсетті. Сондықтан мынадай ұйғарым жасалды: 

1). Аудандардағы 18 жастан 35 жас аралығындағы еркектер түгел әскерге қабылданып, қосынға қатынастырылуы керек. 

2). Әскерге алу бір түтіне бір еңбеккүш қалдыру принципі бойынша жүргізіледі. 

3). Үкімет аймақтар мен аудандарға уәкіл жіберіп, әскер алу қызметіне басшылық етеді және оны бақылап отырады.

***

02.03.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі ШТР-дағы негізгі жолдарды тез жөндеп, жұмысты наурыздың 15-күнінен бұрын бітіріп, машина жүретін етуді; негізгі өткел көпірлерді сәуірдің 1 күні  іске қосуды; барлық жолдарды бөлектерге бөліп, құрлыс атреттерін ұйымдастыруды ұйғарды. Жол жасауға жұмылдыру жұмысына Ішкі істер меңгермесі жауапты болды.

 ***

02.03.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №233 қаулы мақұлдап, ШТР Мүгедек әскерлер қоғамын құруды ұйғарды.

***

03.03.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №234 қаулы мақұлдап, 1944- жылдан бұрынғы Қытай үкіметі билеп тұрған кездегі «сатып алынатын астықты» мұқят жинауды және 1944 жылғы, 1945 жылғы салық астықты алуды ұйғарды. Сонымен бірге, үкімет тәркілеген жерден 361 гектарды мекемелерге қосымша өндіріспен шұғылдануға, он мың гектар жерді мүгедек әскерилерге бөліп беруді, 64 гектар жерді жекелерге сатып беруді, 20 гектар жерді үкімет бодаусыз басқаруды, одан қалған жерді жер бөлу комиссясы экономикалық қиыншылығы бар жұмысшы-қызметшілер мен кедей дихандардың пайдалануына бөліп беруді тапсырды.

***

05.03.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі әскери шенді өсіру жөнінде №235 қаулы мақұлдады.

***

05.03.1946

  «Көрікті» Әдебиет-көркемөнер қоғамы Құлжада құрылды. Бұл қоғам ұлттық әдебиет-көркемөнерді жинап, реттеп, осы заманғы әдебиет-көркемөнерді дамытуды басты мақсаты етті. Оған оқу-ағарту меңгермесі басшылық етенін болды.

***

1946-жыл, наурыз айының басы.

  Го Жишяу 9-номерлі бұйрық жариялап, 42-корпустың командирі Яң Дыляңды Оңтүстік Шынжаңның қорғаныс қолбасшысы атымен Ақсуда тұрып, Ақсу, Қашқар, Яркен, Қотан әкімшілік райондарына және Қашқар, Шарқылық, Шершен дербес полктеріне, аудандарға қарасты қарулы қосындарға біртұтас қолбасшылық етуге жіберді.

***

12.03.1946

Жаң Жыжұң Гоминдаң партиясының 6-кезекті орталық комитетінің 2-жалпы мәжілісінде «Шынжаң мәселесін шешу жобасы» деген тақырыпта арнаулы баяндама жасады. Ол былай деді: Шынжаң ішкі өлкелерге ұқсамайды. Орталық тек мемлекет қорғанысын, сыртқы істерді, ақшаны, жол қатынасын, заң істерін ғана біртұтас басқаруы, қалғандарын түгел сол жердегі ұсақ ұлттардың өздерінің басқаруына беріп, оларға көмектесіп және оларды сүйемелдеп, өз істерін өздері жасауына біртіндеп мүмкіндік беру керек. Сонда ғана Шынжаң мәселесін түбірімен шешуге болады. Сонымен бірге, баяндамада Шынжаң мәңгі Қытайдың территориясы, Шынжаңдағы әр ұлт халқы мәңгі Қытай халқы екені дәріптелді. 

***

12.03.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің Қазына меңгермесі мен Ішкі істер меңгермесі бірлесіп жалпы құлақтандыру шығарды. құлақтандыруда бұрынғы Қытай үкіметінің ШТ өңірінде таңба басылмай істетіліп жүрген көне қағаз ақшасын әр қайсы аймақтағы банктердің сәуір айының 15 күнінен бұрын жиып алуын, сәуірдің 15-күнінен бастап оның жұмсалуына тиым салынатындығын айтты.

***

12.03.1946

ШТР Әйелдер қоғамы 6 тарау, 41 тармақтан тұратын «Қоғам ұставын» мақұлдап, мыналарды белгіледі: 

1). ШТР Әйелдер қоғамының орталық комитеті бір бастық 1-2 орынбасар қояды; ұйымдастыру бөлімін, хатшылар бөлімін, үгіт бөлімін, оқу-ағарту бөлімін, өндіріс бөлімін құрады. 

2). ШТР Әйелдер қоғамы аймақтар мен аудандарда алқа құрады.

***

14.03.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №241 қаулы мақұлдап,  «Бақыт» атты 6 млрд юандық өсімсіз зайом таратуды ұйғарды.

***

14.03.1946

ШТР Төңкерістік жастар одағы орталық комитетінің №25 бұйрығына сай, ШТР Төңкерістік жастар одағы Тарбағатай аймақтық комитеті құрылып, Әбілмиіт Қажиев төраға, Балқаш Әлімғазыұлы, Әубәкір Османи төрағаның орынбасарлары болды. Соңынан аудандар мен райондарда оған қарасты ұйымдар құрылды.

***

14.03.1946

Алтай уәли мекемесі Қаба аудандық үкіметіне хат жазып, тұрмыс қиыншылығы бар ханзу бұқарасын құтқаруды талап етті. 

***

15.03.1946

Ян-Анда шығатын ҚКП орталық комитетінің орган – «Азаттық газеті» жеке-жеке «Үкімет ұсақ ұлттарды езіп, Шынжаңда дау-жанжал тудырды», «Қытай-Кеңес Одағы достығын қуаттаймыз, Шынжаңда жергілікті автономия жолға қойылсын!» деген тақырыптарда мақала басып, Шынжаңның Үш аймақ төңкерісінің жаңа ауқымын хабарлады. 

***

16.03.1946

ШТР үкіметінің жоралар мәжілісі «ШТ-дағы әр ұлт мәдениет қоғамдарының уақыттық ережесін» жариялады. 22 тармақтан тұратын бұл ережеде әр ұлт мәдениет қоғамдарының міндеті және функцясы, қаржысы, ұйымы, штаты, оған қарасты құрылым жөнінде нақты белгілемелер жасалды. 

Ережеде әр ұлт мәдениет қоғамдары Оқу-ағарту меңгермесі мен үгіт бөлімінің бас қолбасшылығында болады; ең жоғары құрылымы әр ұлт мәдениет бас қоғамы болады, оған қарасты аймақтарда, аудандарда сол ұлттың мәдениет қоғамдары болады деп белгіленді.

***

17.03.1946

Гоминдаң партиясының 6-кезекті орталық комитеті 2-мәжілісінің 19-реткі мәжілісі «Шекара мәселесін шешу жобасын» мақұлдап, мыналарды атап көрсетті: «Моңғол, заңзу, хұйзу, (ислам дініне сенетін ұсақ ұлттар да меңзеледі) бауырластар ұлы жұңхуа ұлтының мүшелері. Ал, олар қоныстанған өңірлер территориямыздың ажырамас бөліктері». 

Сондықтан, мынадай ерекше ұйғарым жасалды: 

1). Біртұтас демократиялық мемлекет принципі бойынша, негізгі заңда шекарадағы ұлттардың автономия құқығын қамтамасыздандыру айқын белгіленуі қажет. 

2). Қайта құрылғаннан кейінгі мемлекет үкіметінің жоралары мен әкімшілік кеңесінің кеңес жоралары арасында моңғол, заңзу, хұйзу ұлттарынан жоралар болуы керек. 

3). Моңғол, заңзу, хұйзу ұлттары кеңес, министірлік, комитеттердің іс жүзіндік қызметтеріне қатынасатын толық орайға ие болуы қажет. 

4). Халықтық жиналыстың жаңадан толықтырылған уәкілдері арасында Моңғол, заңзу, хұйзу ұлттарының уәкілдері есімдігі болу керек. 

5). Моңғол, заңзу комитетін шекара өңір әкімшілік министірлігі етіп өзгертіп құрып, моңғол, заңзу, хұйзу ұлттарын іс жүзіндік қызметке араласатын, іс жүзіндік жауапкерлікті арқалай алатын ету керек. 

6). Ұсақ ұлттар қоныстанған шекара өңірлеріндегі әр дәрежелі мектептерде оқуды өз ұлтының тіл-жазуымен оқытуға мән беруі керек. 

Ханзу тіл-жазуын міндетті сабақ ретінде оқытуды Оқу-ағарту министірлігі жағдайға қарай атқаруы керек. 

Әр дәрежелі органдардың хат-қатынасында ханзу тіл-жазуы мен өз ұлтының тіл-жазуын қатар қолдану принцип етіледі. 

7). Орталық шекара өңірлерінің автономия түзімі жөнінде сол жерлердің іс жүзіндік жағдайларына қарай, үйлесімді белгілеме жасауы керек. Шынжаң көлемінде, Шынжаң өлкесіндегі шінара оқиғаларды шешу жөнінде белгіленген әдістер бойынша атқару керек.

***

18.03.1946

Алтай уәли мекемесі бұрынғы гоминдаң үкіметінің иелігіндегі жерлерді диқандардың егін салуына беруді, сондай-ақ егіншілікпен шұғылданатын ханзу бұқарасына да жер бөліп беруді, диқандардың көктемгі егістіктегі тұқым қиыншылығын шешу үшін 192 тонна бидай тұқымын, 3 тонна тары тұқымын аудандарға бөліп беруді белгіледі. 

***

19.03.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №245 қаулы мақұлдап,  «Республика» орденін жасап, ерекше үлес қосқандарды марапаттауды ұйғарды.

***

19.03.1946

Тарбағатай аймағының сауда қоғамы құрылды. Мифтахұн Көлінхақов төраға болып тағайындалды. 

***

20.03.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №246 қаулы мақұлдап,  Иван Григоривч Палинов пен Ысқақбек Мононовты жоғары дәрежелі «республика» орденімен марапаттауды ұйғарды. 

***

20.03.1946

Ұлттық армияның бас штабы Ысқақбек Мононов бастаған төрт жүздей қолы бар қарулы қосынды 240 мылтықпен, 16 зеңбірекпен қаруланып, Іледен Кеңес Одағы арқылы Тасқорған ауданына барып, тиімсіз жағдайда тұрған Тасқорған қарулы күресін ұйымдастыруға және оған басшылық етуге жіберді. Ысқақбек Тасқорғанда мынадай ұйғарым жасады: 

1). Оңтүстік Шынжаң азаттық ұйымы бас штабын құрып, өзі бас жауапты болды. 

2). Тасқорған төңкерістік армиясының бас штабын Тағармадан Шилікүмбезге көшірді. 

3). Тасқорғандағы төңкерістік армияның әр дәрежелі командирлеріне кіші лейтенант және аға полковник шенін берді. 

***

22.03.1946

Тарбағатай аймағының Діни істер басқармасы туылғандарды, өлгендерді, некеленгендерді, некеден ажырасқандарды тізімдеуді бастады. 

***

23.03.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №249 қаулы мақұлдап,  8-сәуір күнін Ұлттық армия құрылған мереке күн етіп белгіледі. 

***

23.03.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметі Арасан ауданын Бұратала ауданына қосты. Арасан ауданының әкімі Ниманы Бұратала ауданы әкімінің 2-орынбасары етіп тағайындап, Арасанның қызметіне жауапты болады деп белгіледі.

***

25.03.1946

Рақымжан Сабырқажиев қатарлы үшеуі Құлжадан төртінші рет Үрімжіге келді. 

***

28.03.1946

Гомин үкіметі жарлық шығарып, Жаң Жыжұңды Гомин үкіметі орталық әскери істер комитеті батыс солтүстік әскери әкімшілік мекемесінің меңгерушісі етіп арнайы жіберді. 

Келесі күні тағы мынадай үкімет жарлығын шығарды: 

«Шынжаң өлкелік үкіметінің жорасы және төрағасы У Жұңшин басқа міндетке тағайындалатындықтан, Шынжаңдағы міндеттерінен алынды. Төрағалық міндетті Жаң Жыжұң қосымша өтейді». 

***

30.03.1946

Шұңшиңде шығатын ҚКП орталық комитеті оңтүстік бюросының орган газеті – «Шинхуа газеті» «Үкімет пен Құлжа жақ кеңесіп белгілеген келісімді Құлжа уәкілдері құптады. Үкіметке қатынасатындардың есімдігін ортаға қойып ақылдасты. Әскери бөлімдердің реттелетін саны мен тұратын орнын кеңесуге қалдырды» деген хабар басты. 

***

1946-жыл, наурыз айы

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі «Шығыс Түркістан көлеміндегі дін мен мәсхаб ұйымдары тегіс тізімге алынсын, үкімет тізімделген дін мен мәсхап ұйымдарының құқығын және дінге сену еркіндігін қамтамасыздандырады» деген белгілеме шығарды. 

***

1946-жыл, наурыз айы

Іледегі ханзу, хұйзу, моңғол, қазақ-қырғыз ұлттарының Мәдениет қоғамдары Құлжада арт-артынан құрылды. 

Ян Жыншан ханзу мәдениет қоғамының бастығы, Бука моңғол мәдениет қоғамының бастығы, Әни қазақ-қырғыз мәдениет қоғамының бастығы, Му Моза хұйзу мәдениет қоғамының бастығы болып тағайындалды. 

***

1946-жыл, көктем

  Алтай аймағында ашаршылық болды. Алтай уәли мекемесі апатқа ұшыраған халықты құтқаруға 2000 қой, 3000 сиыр беруді, шұғыл қажетке бола Кеңес Одағынан 1000 тонна бидай импорт етуді ұйғарды. Сарсүмбеде, Буыршында әлеуметтік асхана құрып, апатта қалған халықты құтқарды. Сондай-ақ, ақшасы барлар астықты сатып алуды; қайтаруға шамасы барлар астықты қарызға алуды; қайтаруға шамасы келмейтін кедейлерге тегін қамдауды белгіледі. 

***

01.04.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі «кедей диқандардың биылғы көктемгі егіс жұмысына ойдағыдай көмектесу жөнінде қаулы» мақұлдап, мынаны ұйғарды: 

Мемлекеттік банк 20 млн юан өсімсіз қарызды Іленің аудандарындағы кедей диқандардың көктемгі егіс өндірісіне жұмсауына береді.

Тарбағатай, Алтай аймақтарының көктемгі егіс өндірісіне айырым ерекше көмек беріледі. 

Қарыз ақшаны Қазына меңгермесі мен Мемлекеттік банк жауапты болып, 4 айда таратып болады. 

Бұл қаулыны Діни істер меңгермесі жауапты болып, дәйекті атқарады.

***

01.04.1946

Алтай уәли мекемесі өз аймағындағы уаң, гүң, бейсі, тайжы, үкірдай, залың, зәңгі сияқты әр ұлт ру басыларына қатысты мәселелер жөнінде белгілеме шығарды. Оның басты мазмұндары мынадай: 

1). Алтай аймағындағы ұлттар арасында бұрыннан келе жатқан ру басыларының уаң,  гүң, бейсі, тайжы, үкірдай, залың, зәңгі сияқты мансап аттары мен орны сақталуы керек. Уаң, гүң, бейсі, тәйжілер өздері тұрған аудандардағы аудандық үкіметтің басшылығында қызмет істейді. Егер қызметке атүсті қарағандар болса, сол аудандағы аудандық үкімет қузастырып басқарады. 

2). Қазақ арасында Зәкихан Әленұлы жұнуаң, Әбілмажін Өміртайұлы гүң, Ежен Бұқатұлы, Сағдолла Зәкәрияұлы бейсі болып тағайындалды және 10 тәйжі, сондай-ақ бір топ үкірдай, залың, зәңгілер де тағайындалды. Моңғолдар арасында Қомбы Серінжап гүң, Сынжа бейсі болды. Орыстар арасында Макаров үкірдай болып, оған екі зәңгі қарады. 

3). Әр қайсы аудандардағы халық бұқарасы тек өз ауданы көлемінде ғана өндіріспен шұғылданады және сол ауданға салық төлейді. Ру басылардың қандастық қатынасқа аудан аттап салық жиюына болмайды. Бірақ, сүйектік салық жинауына болады. Егер шекарадан өтіп мал бағушылар болса, салықты өз ауданына тапсырады және өз ауданындағы ру басыларының басшылығында болады. 

4). Жоғарыда тағайындалған ру басылар өз руының халық бұқарасын ойдағыдай басқаруы, үкімет тапсырған барлық жұмысты ойдағыдай орындап отыруы керек. 

***

02-04.04.1946

Ілегідегі өзбек, ұйғыр, татар ұлттарының мәдениет қоғамы Құлжада арт-артынан құрылды

***

04.04.1946

Жаң Жыжұң Шұңшиңнен ұшақпен Үрімжіге келді. 

***

05.04.1946

Рақымжан Сабырқажиев қатарлылар мен Жаң Жыжұң қосымша нұсқа (2) – ШТ Ұлттық армиясын өзгертіп құру мәселесі жөнінде келіссөз өткізді.

Рақымжан Сабырқажиевтер алдымен Жаң Жыжұңның қосымша Шынжаң өлкесінің төрағасы болғанын қарсы алатындықтарын білдірді және Гоминдаң әскери бөлімінің атты әскер полкі мен жаяу әскер полкі жөнінде құрастырылған материялды көріп, нақты сан мен штатты онан соң айтуды талап етті. 

Өлкелік үкіметтің ұйымдастырылу мәселесі сөз болғанда, олар Үрімжіге келетін кезде Жаң Жыжұңның қосымша төрағалыққа тағайындалғандығынан хабарсыз екендіктерін, сондықтан әзірленген есімдіктерге өзгеріс енгізуге тура келетінін, оны бірнеше күннен кейін ортаға қоятындықтарын айтты.

***

06.04.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі орталықта көктемгі егіс өндірісі комиссясын құруды ұйғарды, Әкімбек қожаны оған төраға етіп тағайындады. Аймақтарда, аудандарда, ауылдарда, қыстақтарда көктемгі егіс өндірісі комиссясын құруды белгіледі. Оның негізгі міндеті – тұқым және егіс көліктерін бөлу, егіс саймандарын лайықты орналастыру және пайдалану, сондай-ақ мекеме орындарын астықпен қамдауға жауапты болу. 

***

06.04.1946

Го Шиңшяу Үрімжіден аттанып, жаңа міндет алуға кетті. 

***

07.04.1946

Рақымжан Сабырқажиев қатарлылар мен Жаң Жыжұң қосымша нұсқа (2) жөніндегі кеңесті жалғастырды. Олар мынаны алға қойды: Қашқар мен Құлжада бірден атты әскер полкі мен жаяу әскер полкін тұрғызу. Ақсу, Күшар, Қарашар, Үрімжі, Сүйдің, Күре, Шиху, Сарсүмбе, Шәуешектерде бірден атты әскер полкін тұрғызу. Дөрбілжінде бір жаяу әскер полкін орналастыру. Сонда жиыны 10 атты әскер полкі, 3 жаяу әскер полкі орналасады. Мөлшермен, 21 мың адам болады. 

Жаң Жыжұң мынаны аңғартты: Шығыс Түркістан жақ Ақсу, Күшар, Қарашар, Үрімжі,Қашқар сияқты оқиға туылмаған аудан-қалаларда әскери бөлім тұрғызбаса да болады. Әскери бөлімнің жалпы саны тым көп болып кеткен, екі атты әскер полкі мен үш амандық қорғау үлкен атретін өзгертіп құрған жөн. Мықтағанда үш амандық қорғау атретін, үш атты әскер полкіне немесе екі атты әскер полкіне, бір жаяу әскер полкіне өзгертіп құрса болады. Өзгертіп құрылғаннан кейін оқиға туылған үш аймаққа ғана бөліп орналастыруға болады. 

Рақымжан Сабырқажиевтер ұлттық армияны 13 полктен тек 10 полкке ғана өзгертуге болады дегенде берік тұрды. Сонымен келіссөз бітімсіз күйінде қалды. 

***

08.04.1946

Жаң Жыжұң өлкелік үкіметке қызметті көзден кешіруге барып, батыс солтүстік әскери, әкімшілік мекемесінің бас хатшысы Лю Мыңшұнға өлкелік үкіметтің бас хатшылық міндетін уақытша өтеу; өлкедегі меңгерме, басқарма бастықтарына өлкелік үкімет қайта ұйымдастырылғанға дейін өз міндеттерін өтей беру жөнінде бұйрық берді. 

***

10.04.1946

Тау Жыюң* Шынжаңның қорғаныс бас қолбасшысы болды. Үрімжіде Шынжаң қорғаныс бас штабын құрды. 

***

13.04.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №260 қаулы мақұлдап, Оспан Исламұлы мен Дәлелхан Сүгірбаевқа азаттық орденін беруді ұйғарды. 

***

15.04.1946

Жаң Жыжұң уағда бойынша Евсеевпен жолығып, оның Шығыс Түркістан жаққа иландыру қызметін істеуін өтінді. Евсеев: «Ұлттық армияны бес бөлікке қысқартуды Шығыс Түркістан жақ қабылдай қоймайды, алты полк болса, қалай?» деді. Жаң ЖыжҰң: 6 полк деген күнде де, 3 полк мемлекет армиясы, қалған 3 полк өлкелік амандық қорғау үлкен атреті болады. Оның үстіне бір жылдан кейін, мемлекет армиясы болған 2 полкі мен 3 амандық қорғау үлкен атреті қысқартылып кетеді. Сонда ғана үкімет белгілеген санға үйлеседі деді. 

***

16.04.1946

Оспан Исламұлы Дәлелхан Сүгірбаевтан армия құқығын тартып алмақшы болып, Кеңес Одағы ақылшысымен арасында қайшылық туылғандықтан, тауға барып «күтіну» дегенді сылтауратып, үйін Көктоғай ауданының Арал жайлауына көшіріп әкетті.

***

17.04.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі №267 қаулы мақұлдап, Күнес ауданының егістік жерінің бір бөлігін Жұлдыз ауданындағы моңғол бауырластардың егін салуына бөліп беруді ұйғарды. «Өнеркәсіп – сауда даму» серіктігі Жұлдыздағы моңғол халқын қажетті таварлармен қамтамасыздандырып тұруға жауапты болды.

    ***

21.04.1946

Рақымжан Сабырқажиев қатарлы үшеуі Құлжаға қайтып, әскери бөлімді өзгертіп құру мәселесі жөніндегі кеңес жағдайынан мәлімет бермек болды. Олар аттанарда Жаң Жыжұң: Шығыс Түркістан армиясын 3 полк мемлекет армиясы, 3 мемлекет амандық қорғау полкі етіп құрудың өзі ең үлкен және ең соңғы жол беру екендігін білдіре келіп, олардың Үрімжіге тез қайтып келіп бітімге қол қоюын, сонымен бірге, өлкелік үкіметті өзгертіп құруға кірісу үшін өлкелік үкіметтің жоралар есімдігін ортаға қоюларын үміт етті. 

***

22.04.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметі жоралар мәжілісін ашып, Рақымжан Сабырқажиевтің ұлттық армияны өзгертіп құру және өлкелік үкіметті ұйымдастыру мәселесі жөніндегі келіссөз жағдайын берген мәлімдемесін тыңдап, №271 қаулы мақұлдады: 

1). Шығыс Түркістан Республикасы Ұлттық армиясын 6 бөлікке қысқартуға болады, жалпы саны 12700 адам болса, болады. 

2) Шығыс Түркістан жақтың өлкелік үкіметке жіберетін адамдары мен олардың міндеттері мыналар: 

Өлкелік үкіметтің жорасы, қосымша төрағаның орынбасары Ахметжан Қасми; 

Өлкелік үкіметтің жоралар және халық істер меңгермесі бастығының орынбасары Рахымжан Сабырқажиев; 

Өлкелік үкіметтің жорасы Дәлелхан Сүгірбаев; 

Өлкелік үкіметтің жорасы және Алтайдың уәлиі Оспан Исламұлы; Өлкелік үкіметтің жорасы және Қашқардың уәлиі Ысқақбек Мононов; Өлкелік үкіметтің жорасы және Іленің уәлиі Әлихан төре; 

Өлкелік үкіметтің жорасы және бас хатшының орынбасары Әбдікерім Аббасов; 

Өлкелік үкіметтің жорасы және оқу-ағарту меңгермесінің бастығы Сәпиден Әзези; 

3). Рақымжан Сабырқажиев, Ахметжан Қасми, Әбілхайыр төрелерге Гоминдаң үкіметімен келіскен жоғарыдағы келісімге қол қою құқығы берілді. 

***

24.04.1946

Рақымжан Сабыр Қажиевтерқұлжадан Үрімжіге бесінші рет келді. 

***

26.04.1946

Рақымжан Сабырқажиевтермен Жаң Жыжұң кеңесті бастады. Олар Ұлттық армияны 10 полк етіп өзгертіп құру, тұратын жерлеріне Қашқар, Ақсу қатарлы жерлерді қосу дегенді айтқанда, Жаң Жыжұң қолма-қол бас тартты. Кеңес тағы ымырасыз күйде қалды. 

***

1946-жыл, сәуір айы

Ысқақбек Мононов Тасқорған төңкерістік армиясын соғыстан бұрын аттанысқа келтіріп былай деді: Қазір ШТР мен Гоминдаң орталық үкіметі келіссөз өткізіп жатыр, біз Яркенді басып ала алсақ, мұның өзі келіссөзді пәрменді қорғағандық болады. Бұдан сырт, Яркен Қашқар мен Қотан аралығындағы байланысты үзіп тастап, Қотанды тез арада басып алып, артқы шеп қамдау қиыншылығы жағдайын шешуде, солтүстікке жорық жасап, Қашқарды алуда қолайлы болады. 

***

1946-жыл, сәуір айы

Шилиян батыс солтүстік әскери-әкімшілік мекемесінің штаб бастығы болып тағайындалды. 

***

01.05.1946

Жаң Жыжұң Кеңес Одағының Үрімжіде тұруға тағайындаоған бас консулы Савилевпен кездесіп, оның Ұлттық армияны өзгертіп құру мәселесі жөнінде Шығыс Түркістан жақты иландыруын өтінді. Сависев 7 полкке қысқартылса болар, бірақ, Үрімжі мен Қашқарда бір полктен орналассын дей келіп, егер Қытай үкіметі мұны да мақұлдамаса, өзінің ендігәрі жарастыра алмайтынын айтты. 

***

03.05.1946

Рақымжан Сабырқажиевтер Жаң Жыжұңмен кеңес төкізіп, мынаны алға қойды: 

1). Ұлттық армияны 3 жаяу әскер полкі, 4 атты әскер полкі етіп өзгертіп, бұдан Қашқар, Үрімжі, Ақсуларға бірден полк орналастыру.  

2). Қойылатын қолбасшыларды Шығыс Түркістан жақ көрсету. Оны қосымша өлкелік ең жоғарғы әскери істер мекемесі мансаптысының орынбасары етіп тағайындау. 

3). Мемлекет армиясын үш аймаққа орналастырмау. 

4). Саяси сақшыны күшінен қалдыру, жер-жердегі сақшыларды жерлік халықтан толықтау. 

5). Шынжаңдағы мемлекет армиясын қысқартып, 1944 жылдан бұрынғы санға түсіру керек. 

Жаң Жыжұң Савилевке иландыру қызметін көбірек істеттіре отырып, белгілі дәрежеде жол берілген саяси жобаны айтты: 

1) Жарымын жаяу әскер полкі, жарымын атты әскер полкі етіп, Ұлттық армияны 6 полк етіп құру. 

2). Орналасатын жерді үш аймақпен шектеу. 

3). Ұлттық армиядан қолбасшы қоюға болады. Оған өлкелік амандық қорғау басшысының орынбасарлығы шенін беріп, 6 полкке қолбасшылық еткізумен шектеу.

***

04.05.1946

Шығыс Түркістан Республикасы жоралар мәжілісі Тарбағатай аймағының 1946-жылғы меже есебін бекітті.

***

04.05.1946

Шығыс Түркістан Республикасы жоралар мәжілісі №277 қаулы мақұлдап, мұсылман еместерге қажетті арақ пен сыраны үкіметтің екі арақ заводында өндіріп, үкімет арнаулы басқарып, арнаулы сатады; наша, апиын, боза өндіруге, сатуға қатаң тиым салуды; ішкі істер меңгермесі мен қазына меңгермесінің бұған нақты жауапты болуын ұйғарды.

    ***

05.05.1946

Әбдікерім Аббасов Құлжада құпия ұйым – «Халықтық төңкерістік партияны» құрды. Әбдікерім Аббасов төраға болған 7 кісілік орталық комитетті сайлап шықты. Қауіпсіз және қызыметке қолайлы болуы үшін, орталық комитеттің барлық мүшелеріне жанама ат қойды. Ләтип (Әбдікерім Аббасов), Ижат (Асхат Ысқақов), Нұр (Сәпиден Әзези), Елдан (Сейдолла Сейфллаев), Нижат (Мәмтімин Иминов), Шолпан(Әнуәр Ханбаба*), Ылғар (Абдолла Зәкіров). 

***

07.05.1946

Тарбағатай аймақтық Әйелдер ұйымы құрылды. Бастығы Күләндәм Әбістай Хабиоллина, орынбасары Мәкеш Қабитина болды. Осыдан кейін, аудандар мен райондарда оған қарасты осындай ұйымдар құрылды. 

***

07.05.1946

Гомин үкіметі бұйрық шығарып, Дың Шяңхайды Шынжаң өлкелік үкіметінің жоралығынан және халық істер меңгермесінің бастығы міндетінен алып тастады. 

***

11.05.1946

Рақымжан Сабырқажиевтер Жаң Жыжұңмен кеңес өткізіп, Жаң Жыжұң алға қойған сәйкесті жобаны қабылдайтындықтарын, бірнеше күн ішінде нұсқасын реттеп жазып шығып қол қоюды үміт ететіндіктерін айтты.

***

14.05.1946

Тарбағатай аймағында қазақ, ұйғыр, татар, өзбек ұлттарының ұлттық мәдениет қоғамы құрылды. Юсуп Қажы Сейіт ұйғыр мәдениет қоғамының бастығы, Арымбай Қожамжанов қазақ мәдениет қоғамының бастығы, Ескендір қажы Өзбек мәдениет қоғамының бастығы, Бақауден Садырин татар мәдениет қоғамының бастығы болды. 

***

21.05.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралар мәжілісі мынадай ұйғарым жасады: Су құрлысын жөндеуге басшылық ететін комисся құрып, диқандарды және Құлжадағы тұрғындарды жұмылдырып, Ақтоған, Шапшал тоғаны және басқа аудандардағы тоғандарды мамыр айының соңынан бұрын жөндеп болу, егісті сумен қамтамасыздандыру.

***

22.05.1946

Рақымжан Сабырқажиевтер Жаң Жыжұңмен қосымша нұсқаның (2) мазмұны жөнінде бір ауыздан пікірге келіп, жобаны жасады. 

***

24.05.1946

Рақымжан Сабырқажиевтер Үрімжіден Құлжаға қайтты.

***

25.05.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің жоралары мәжіліс ашып, Ахметжан Қасмидың бейбітшілік келіссөзінің барысы жөнінде жасаған мәліметін тыңдады. №287 қаулы мақұлдап, Шығыс Түркістан келіссөз уәкілдеріне «Бейбітшілік бітімінің» қосымша нұсқасына (2) қол қою құқығын берді.

***

25.05.1946

Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің Қазына меңгермесі құлақтандыру шығарды: 

300 юандық қағаз ақшадан қолдан жасалған ақша байқалғандықтан, мамырдың 25-күнінен бастап, 300 юандық қағаз ақша айналымнан мүлде тоқтатылады. Банктер оны ауыстырып береді. Ауыстыру уақыты Іленің аудандарында мамырдың 25-күнінен бастап, шілденің 1-күніне дейін жалғасады. Алтай, Тарбағатай аймақтарында құлақтандыруды тапсырып алған күннен бастап, бір ай ішінде ауыстырылып болу ұйғарылды.

***

30.05.1946

Шығыс Түркістан Республикасы жоралар мәжілісі №291 қаулы мақұлдап, 1944-жылғы және 1945-жылғы түрлі салық түрлерін тапсырмағандардың, тапсыруға шынында дәрмені жоқтарын салықтан кешіруді, 1946 жылғы егіннің салығын бұрынғы Қытай үкіметі белгілеген салық мөлшерінің 50% -ті мөлшерімен алуды; 1946-жылғы мал салығын ұсақ малдан 3% бойынша, ірі қарадан 2% бойыеша алуды, 1946 жылғы сауда салығын бұрынғы өлшем негізінде 25% кемейтіп алуды ұйғарды. 

***

     1946-жыл, мамыр айының соңы

Оңтүстік Шынжаңдағы Тасқорғанға барған Ысқақбек Мононов Яркенді алу жөнінде мынадай соғыс жоспарын жасады: 

1). Тасқорған төңкерістік армиясының қолбасшылық штабының орнына өзі бас қолбасшы болған «Мұзтау атасы» атты бас қолбасшылық штабын құру. 

2). Тасқорған төңкерістік армиясын тұрақты армия бойынша ретке салып, үш соғыс лүйі етіп құру. Яркен соғыс лүйін Яркенді алу үшін Кашунға орналастыру. Қотан соғыс лүйін Қотанға соғыс жасау үшін, Шәрек, Мүдәлік сияқты жерлерге орналастыру. Ойтау соғыс лүйін Қашқарға шабуыл жасау үшін, Иылсуға орналастыру. 

3). Имин Сатуайды Ұлықшат ауданының әкімі етіп тағайындап, Ұлықшат аудандық қызмет үйірмесін ұйымдастырып, оны әскери бөлімдермен бірге Ұлықшат ауданына жіберу.

***

1946-жыл, мамыр айы.

Шығыс Түркістан Республикасы жоралар мәжілісі қазынадағы ауыр қиыншылықты көзде ұстай отырып, өлкелік үкіметтен бұрынғы берілмеген Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарының қазына қаражатын алып келуге Үрімжіге уәкіл жіберуді ұйғарды. 

***

1946-жыл, мамыр айы.

42-корпустың командирі Яң Дыляң Шынжаң қорғаныс бас қолбасшысының орынбасарлығына және Оңтүстік Шынжаң қорғаныс қолбасшылығына тағайындалды. Сондай-ақ, бұйрық бойынша ол Ақсу қаласынан Қашқар қаласына көшіп баратын болды. 

***

01.06.1946

ШТР үкіметінің жоралар мәжілісі №307 қаулы мақұлдап, Қайнам, Патих Мүсілімов екеуіне «Халық қаһарманы» деген атақ беруді ұйғарды.

***

04.06.1946

Рақымжан Сабырқажиевтер Құлжадан 6-рет Үрімжіге келді.

***

05.06.1946

Жаң Жыжұң Лю Зырұңды өзгертіп құрылғаннан кейінгі Шынжаң өлкелік үкімет мүшелерінің жоба есімдігін Ахметжан Қасмиларға тапсырып беруге бұйырды. Ахметжан Қасмилар бұл жөнінде Лю Зыруңға мынадай үш пікір айтты: 

1). Жаң Жыжұң өлкелік үкіметтің 25 жорасының біреуі болуы керек. 

2). Мұхаммед Иминнің өлкелік үкімет төрағасының орынбасары болуына қарсымыз. 

3). Ахметжан Қасми өлкелік үкімет төрағасының орынбасары болуы қажет. 

Жаң Жыжұң Ахметжан Қасмилармен кеңесе отырып, өзінің өлкелік үкіметтің жорасы болатындығын, Мұхаммед Иминнің орнына Бұрхан Шаһидыны қоюды, Ахметжан Қасмиды өлкелік үкімет төрағасының орынбасары етуге қосылатындығын білдірді.

***

05.06.1946

Жаң Жыжұң әлі де 380 саяси қылмыскердің абақтыда жатқанын ескертіп, өзінің «Бейбітшілік бітімін» атқаратын адал ниетін білдіру үшін уәлилерге, әкімдерге, сақшы мекемесінің бастықтарына: «Ілгері өлкемізде саяси себептермен абақтыға қамалған адамдарды тезірек босату үшін, басқарушы органдар олардың үкім етілген-етілмегеніне қарамай тексеріп анықтап мәлімдеуі» жөнінде бұйрық берді. 

***

06.06.1946

Рақымжан Сабырқажиевтер мен Жаң Жыжұң «Бейбітшілік бітімінің» қосымша нұсқасына (2) ресми қол қойды. Қосымша нұсқа (2) жиыны мынадай 6 тармақ: 

1). Оқиғаға қатынасқан ұлттық әскери бөлімдер мемлекет армиясының штаты бойынша 3 атты әскер полкі, 3 жаяу әскер полкі болып өзгертіледі. Жалпы адам саны 11 мыңнан 12 мыңға дейін болады. Бұл 6 атты әскери полкінің 2 атты әскери полкі, бір жаяу әскер мемлекет армиясы, 2 жаяу әскер полкі, бір атты әскер полкі осы өлкенің амандық сақтау бөлімі болады.

2). Үкімет Құлжа жақтың сол жердегі мұсылмандардан бір адамды Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарындағы әскери бөлімдердің қолбасшылығына көрсетуін жөн көрді. Ол жоғарыдағы 6 полкке ғана қолбасшылық етеді. Ол қолбасшы батыс солтүстік әскери-әкімшілік мекемесі бекіткен штат бойынша штап құрады. Ол қолбасшы Шинжяң қорғаныс бас қолбасшысының және өлкелік амандық сақтау қолбасшысының бұйрығына бағынады. Үкімет ол қолбасшыны қосымша өлкелік амандық сақтау қолбасшысының орынбасары етіп тағайындайды. 

3). Жоғарыдағы 6 полктің тұратын орыны Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтарымен шектеледі. Бұл үш аймақтың амандығын үкімет осы қолбасшыға қарасты 6 полктің сақтауына ғана тапсырады. Мемлекет шекарасы қорғанысына орталықтың шекара қорғаныс армиясы жауапты болады. Ол оқиға туылғаннан бұрынғы әдіс бойынша істеледі. 

4). Бұл қолбасшы бекітілгеннен кейін, үкімет оның Ақсу, Қашқар аймақтарының амандық сақтау бөлімдерін дереу өзгертіп құруы туралы кеңесіне жол береді. Ол сол жердегі ол сол жердегі мұсылман халықтарынан толықтырылады. 

5). Бұл 6 полктің игілігі, қамдау және қарулануы былай болады: мұндағы мемлекет армиясы 3 полк Шинжяңдағы мемлекет армиясының ережесі және өлшемі бойынша басқарылады. Оны өлкелік үкімет амандық сақтау штабына беріп толықтайды. 

6). Оқиғаға қатынасқан ұлттық әскери бөлімдерді өзгертіп құру жұмысын осы қолбасшы үкімет алдында жауапты бола отырып істейді. Бұл бөлімдер 6 полк болып құрылғаннан кейін, олардың тұратын орындарын Шинжяң қорғаныс бас қолбасшылық штабы мен өлкелік амандық сақтау қолбасшылық штабына бекіттіреді. Бұл 6 полктің адам санын, ат-көлік, қару-жарақ санын қорғаныс бас қолбасшылық штабы мен өлкелік амандық сақтау қолбасшылық штабына мәлімдеп естелікке алдырады. 

***

06.06.1946

Рақымжан Сабырқажиевтер Жаң Жыжұңмен мына мәселелер бойынша кеңесті: 

1). Өлкелік үкімет сақшы басқармасын өздігінен тарату. 

2).  Өлке бойынша сақшыларды халық арасынан таңдап алып толықтау мәселесі кеңес естелігіне алынды. 

Сонымен, ШТ үкіметі мен Гоминдаң орталық үкіметі өткізген бейбітшілік келіссөзі толық аяқталды.

***

08.06-18.07.1946

«Бейбітшілік бітімінің» белгілемелері бойынша Шығыс Түркістан үкіметі жіберген соғыс тұтқындарын өткізіп беру комиссясы Манас өзенінің бойында Гоминдаң армиясынан қолға түскен төрт мың тұтқынды бес топқа бөліп, өлкелік үкімет жіберген соғыс тұтқындарын қабылдау группасына тапсырып берді. 

***

09.06.1946

Құлжада он мыңнан аса адам қатынасқан бұқаралық жиналыс ашылып, «Бейбітшілік бітіміне» қол қойылғандығын құттықтады. 

***

11-15.06.1946

ШТР Төңкерістік жастар одағы орталық комитеті Құлжада құрылтай ашты. 11 кісіден ұйымдасқан жаңа орталық комитеті сайланды. Сейдолла Сайфоллаев төраға, Абдолла Зәкіров төрағаның орынбасары болды. 

***

15.06.1946

Ахметжан Қасми бейбітшілік келіссөзінің мән-жайы туралы ШТ үкіметінің жоралары және әрқайсы меңгермелердің жауаптылары қатынасқан мәжілісте ұзақ сөз сөйледі. Ол былай деп көрсетті: 

1).  Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтары бұрынғы әр дәрежелі органдарды қалпына келтіруі керек, бұдан былай органдарды қамадау мәселесін өлкелік үкімет шешеді. Қазына меңгермесі жылдық қазына есебін тез арады жасауы керек. 

2). «Бейбітшілік бітіміндегі» белгілемелер бойынша ШТ Ұлттық армиясын 12 мың адамға қысқарту керек. 

3). Маусым айының 10-күнінен 20-күніне дейін түрмедегі қылмыстылар мен соғыс тұтқындарын босату керек. 

4). Манас өзенінің батысындағы жолды тез арада жөндеп, Үрімжіден барыс-келісті қалпына келтіру керек. 

5). Денсаулық сақтау меңгермесі мен әскери ауруханалар дәрі-дәрмекті дәріханаларға тез арады жеткізіп беруі қажет. 

6). Қазына меңгермесі мұхажырлардың* қайтарылу жұмысын ойдағыдай істеуге жауапты болады. 

7). Әрқайсы органдар ұйымдық істерге қатысты қолданбаны біз аттанудан бұрын дайындап болып, әкеліп тапсыруы керек. 

***

15.06.1946

Шығыс Түркістан республикасы үкіметінің орган газеті – «Азат Шығыс Түркістан» газеті «Әскери бөлімдердегі діни қызметкерлердің міндеті» деген тақырыпта мақала жариялап, былай деп көрсетті: әскери бөлімдегі дін қызметкерлерінің міндеті жауынгерлерге діни сенім, мораль, мұрат, осы заманғы ғылым-білімдер тәрбиесін беру болып табылады. 

***

16.06.1946

Тарбағатай уәли мекемесі 68-реткі мәжілісін ашып, Дубек Шалғынбаев, Әбдіқадыр Зұнын қатарлы 8 кісілік группа құрып, Тарбағатай аймағындағы оқулықты және сахналық шығармаларды тексеру қызметіне жауаптандыруды ұйғарды.    

***

18.06.1946

Гомин үкіметі бұйрық шығарып, Шынжаң өлкелік үкіметін өзгертіп құруды, Шынжаң өлкелік үкіметінің жораларын және олардың қосымша міндеттерін жариялады: 

Жора әрі төраға – Жаң Жыжұң.

 Жора әрі төрағаның орынбасары – Ахметжан Қасми. 

Жора әрі төрағаның орынбасары – Бурхан Шахди.

Жора әрі халық істер меңгермесінің бастығы – Уаң Зыңшан.

Жора әрі халық істер меңгермесінің бастығының орынбасары – Рақымжан Сабыр Қажиев.

Жора әрі қазына меңгермесінің бастығы – Лу Лююн.

Жора әрі қазына меңгермесіні бастығының орынбасары – Ма Тиңшиян.

Жора әрі оқу-ағарту меңгермесінің бастығы – Сайпиден Әзези.

Жора әрі оқу-ағарту меңгермесіні бастығының орынбасары – Сәй Зуңшян

    Жора әрі құрлыс меңгермесінің бастығы – Мұхаммед Имыйын. 

    Жора әрі құрлыс меңгермесіні бастығының орынбасары – Гушянжы.

    Жора әрі бас хатшы – Лю Мыңшун.

    Жора әрі бас хатшының орынбасары – Әбдікерім Аббасов.

    Жора әрі бас хатшының орынбасары – Сәліс*.

    Жора әрі әлеуметтік істер басқармасының бастығы – Жау Жянфың. 

    Жора әрі әлеуметтік істер басқармасыны бастығының орынбасары – Ердени.

    Жора әрі денсаулық сақтау басқармасының бастығы – Дәлелхан Сүгірбаев.

    Жоралар: Шүй У (Үрімжі қаласының бастығы), Гуан Зыляң, Ысқақбек Мононов (өлкелік амандық сақтау қолбасшысының орынбасары), Әлихан төре (Іленің уәлиі), Оспан Исламұлы (Алтайдың уәлиі), Айса, Әбдікерімхан Мақсұм, Жуң Дихуа. 

***

15.06.1946

Шығыс Түркістан үкіметі «Бейбітшілік бітімінің» рухына сай, Шығыс Түркістан жақ тұтқындаған бұрынғы Гоминдаң жаңа 45-дивизиясының командирі Го Ши, 2-атты әскери дивизиясының командирі Уан Лиңюун, Алтай уәлиі Гау Боүй қатарлы Гоминдаңның аудан, полк дәрежеліден жоғары әскер, үкімет мансаптыларынан оншақты адамды ұшақпен Үрімжіге жеткізіп салды.

***

18-30.06.1946

Шығыс Түркістан мемлекеттік ән-би театр үйірмесі Сүйдің, Қорғас аудандарына барып «Ғарып-санам», «Саудагер жігіт», «Гүлниса» қатарлы әйгілі театрлер мен төңкерістік мәнге ие тақырыптағы 25 ән-биді аралап жүріп қойды. 

***

20.06.1946

«Бейбітшілік бітімінің» белгілемелеріне және Жаң Жыжұңның нұсқауына сай, өлкелік бірлескен үкімет түрмедегі саяси қылмыстылармен соғыс қылмыстыларын босата бастады. Шілде айының 23-күніне дейін, Үрімжіде ілгерінді-кейін 490 нан астам адам, басқа аймақтарда 130 дан астам адам босатылды. 

***

1946-жыл, маусым айының орта шені.

Әлихан төре және Ахмет Ажы, Райымжан, Үсен қариялар бастаған бір топ пантюркизмшілдер Құлжадан Кеңес Одағына қайтарылды. 

Ахметжан Қасми, Әбдікерім Аббасов қатарлы алғабасарлар басшылық құқықты иелеп, саясатты бірте-бірте жөнге салып, бұрынғы қателіктерді қайталамауға тырысты.

    ***

1946-жыл, маусым айының орта шені.

Шартты белгісі «1-номерлі үй», «2-номерлі үй» деп аталған Құлжадағы Кеңес ақылшылары үйірмесі, Шығыс Түркістан үкіметінің меңгерме, мекемелеріндегі Кеңес ақылшылары және ШТР Ұлттық армиясының бас қолбасшысы Иван Григоривч Палинов бұйрық бойынша еліне қайтты. 

***

1946-жыл, маусым айының орта шені.

Тарбағатай аймағында қызмет істейтін Кеңес Одағы ақылшысы Мансұр Розиев қатарлылар бұйрық бойынша еліне қайтты. 

***

21.06.1946

Жаң Жыжұң «Бейбітшілік бітімін» атқаруға жол ашу үшін бұрынғы Бақауыл мекемесі тәркілеген халықтың мал-мүлкін анықтау комиссясы құрылды. Мұхаммед Иминді меңгеруші, Жау Жянфыңды, Жанымханды меңгерушінің орынбасары етіп тағайындауды бұйырды. 

Жарым жылда анықтап болуды алдымен архивтерді ақтарып, мал-мүлік құқығын тұрақтандырып, арт-артынан қайтаруды айтты. Жаң Жыжұң бұл жұмысты техникалық жақтардағы қиыншылықтарға бола тоқтатып қоймай, оған саяси мәні тұрғысынан қарау керек деп дәріптеді. Осыдан кейін «Бұрынғы Бақауыл мекемесі халықтан тәркілеп алған тұрақты мал-мүлікті қайтару әдісі», «тұрақты мал-мүлік дау-шарын шешу әдісі» арт-артынан жарияланды. 

***

21.06.1946

Жаң Жыжұң өлкелік Сақшы басқармасын маусым айының 30-күніне дейін күшінен қалдырып, оның жұмыстарын халық істер меңгермесінде кеңсе құрып басқару, аймақ, аудандардағы сақшы мекемелерін шілде айының 1-күнінен бастап өздері тұрған жерлердегі уәли мекемесінің және аудандық үкіметтің басқаруына өткізу жөнінде бұйрық берді. 

***

23.06.1946

Шығыс Түркістан үкіметі мен өлкелік үкімет «Бейбітшілік бітімінің» рухына сай, Ахмеджан Қасми, Рақымжан Сабырқажиев, Уаң Зыңшандарды Манас өзенінің бойына барып, екі жақтың әскери бөлімдерін шегіндіру жұмыстарын орналастыруға, яғни Ұлттық армияны Манас өзенінің батысындағы Шыхызыға, Гоминдаң жаңа 46-дивизясы 1-полкінің 1-баталионын Манас қалашығының сыртындағы тексеру пунктіне шегіндіруге жіберді. Сондай-ақ Шығыс Түркістан Ұлттық армиясы бас қолбасшысының орынбасары Зонұн Тейповпен сол жердегі гоминдаң армиясының полк командирі Ие Жыңхаң бастаған бірлескен әскери бақылау группасын құрып, екі жақтың әскери бөлімдерін шегіндіру қызметін бақылауға жауапты болуды ұйғарды.

***

25.06.1946

Алтай аймағы аудандық үкіметтер дін мәселесіне қатысты істерді басқарғанда аудандардағы дін істер бөлімі белгілеген молдаларды қатынастыруды белгіледі. 

***

26.06.1946

Гоминдаң үкіметі ҚКП-мен қол қойған «соғысты тоқтату келісімін» және саяси кеңес келісімін ашықтан-ашық жыртып тастап, ҚКП-ның басшылығындағы орта жазық азат районына зор көлемді қоршап шабуыл жасады. Бүкіл ел көлемінде ішкі соғыс бұрқ ете түсті. 

***

27.06.1946

Шығыс Түркістан үкіметі Шығыс Түркістан Егін-мал шаруашылық банкін құруды ұйғарды. 

***

27.06.1946

Шығыс Түркістан  үкіметінің жоралар мәжілісі №324 қаулы мақұлдап, мыналарды белгіледі: 

1). «Шығыс Түркістан республикасы» үкімет комитеті «Шығыс Түркістан» Іле аймақтық кеңесіне өзгертіледі. 32 адам мүше болады, кеңес бастығы Әкімбек қожа, орынбасары Әбілхайыр төре. 

2). Бұрынғы меңгерме, мекеме органдары Іле аймағының мекеме дәрежелі органдарына өзгертіледі. 

3). Сайлау жүргізілуден ілгері, Әкімбек қожа уәли, Әбілхайыр төре уәлидің 1-орынбасары, Әнуәр Мұсабаев уәлидің 2-орынбасары міндеттерін өтейді. 

4). Тарбағатай, Алтай аймақтары маусым айының 28-күнінен бастап жаңа құрылған өлкелік үкіметтің емеуріні бойынша үйлесімді тексеру жүргізеді. 

5). Іле аймағындағы мекемелер, банк, сот мекемесі, әскери сот мкемесі сияқты орындардың 28 басшысы қайта тағайындалады. 

6). Ысқақбек Мононов ұлттық армияның бас қолбасшысы, Дәлелхан Сүгірбаев бас қолбасшының 1-орынбасары, Зонұн Тейпов бас қолбасшының 2-орынбасары болып тағайындалды. 

7). Шығыс Түркістан үкіметінің орган газеті – «Азат Шығыс Түркістан газеті» Іле уәли мекемесінің орган газетіне өзгертіледі.

***

28.06.1946

Шығыс Түркістан үкіметінің орган газеті– «Азат Шығыс Түркістан газеті» Іле уәли мекемесінің орган газетіне өзгертілгеннен кейін, ұйғыршасы «Төңкерістік Шығыс Түркістан газеті», қазақшасы «Төңкеріс таңы», ханзушасы «Демократия газеті», моңғолшасы «Халық газеті», орысшасы «Халықтың бағдар газеті» деген аттарға өзгертілді. 

***

29.06.1946

Шығыс Түркістан жақтан қатынасқан өлкелік үкіметтің жоралары Үрімжіге барды.

***

30.06.1946

ҚКП орталық комитеті оңтүстік бюросының Шұңшиңде шығатын орган газет – «Шинхуа газеті» Шығыс Түркістан келіссөз уәкілдері мен Жаң Жыжұң қол қойған «Орталық үкімет уәкілдерімен Шынжаңның көтерліс туылған өңірлеріндегі халық уәкілдерінің қарулы қақтығысты бейбіт тәсілмен шешу жөніндегі бітімінің» толығын басты. 

***

30.06.1946

Ахмеджан Қасмидың ортаға қоюымен, өлкелік бірлескен үкіметтің жоралар мәжілісі Әбдікерімхан Мақсұмды Қашқар аймағының уәлиі етіп тағайындады. 

***

30.06.1946

Шығыс Түркістан жақ қазақ, ұйғыр, орыс, татар, моңғол жазушылары мен тілшілерінің әңгіме мәжілісін ашып, жазушы, тілші қоғамдық ұйымдары дайындық комиссясын құруды, Алқам Ақтамды меңгеруші етіп тағайындауды ұйғарды. 

***

1946-жыл, маусым айының соңғы шені.

Шынжаң коммунизмшілдер одағынан Ли Тәйиүй, Шын Шихуалар Үрімжіге келген халық төңкерістік партиясының төрағасы Әбдікерім Аббасовпен қарым-қатынас жасады. 

***

1946-жыл, маусым айының соңғы шені.

Өлкелік бірлескен үкімет төрағасының орынбасары Ахмеджан Қасми Тарбағатай аймағына №5 бұйрық түсірді. Мазмұны мынадай: Жапон басқыншыларына қарсы соғыс кезінде Шығыс Солтүстің Қытайдан Совет одағы арқылы Тарбағатай аймағына келіп қоныстанған ханзу бұқарасын ішкі өлкедегі мекендеріне кеткісі келгендерін Үрімжіге тез жеткізу керек. Ол үшін газетте жалпы хабарландыру шығарып, сіздер тез арада Үрімжіге жетіңіздер, жолдағы қауіпсіздіктеріңізге және барлық шығынға әрқайсы аудандық үкімет жауапты болады. 

***

01.07.1946

Шыңжаң өлкелік бірлеске үкімет ресми құрылды. ӨҮ-тің жоралары Үрімжідегі батыс ғимаратта мәнсапқа отып, ант беру салтын өткізді. Гомин үкіметі бақылау мекемесінің бастығы юи юрын бақылаушылық етті. Кеңес Одағы, АҚШ, Англия елдерінің Үрімжіде тұратын бас консулдары салтқа қатынасты.

***

02.07.1946

 Іле уәли мекемесінің орган газеті – «Төңкерістік Шығыс Түркістан газеті» «Шығыс Түркістан Республикасының таратылуы жөнінде екі ауыз сөз» деген тақырыпта мақала жариялап, былай деп көрсетті:

«Бүгіннен бастап «Шығыс Түркістан Республикасы» үкіметі таратылды. Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарын Өлкелік үкімет төте басқаратын болды. Үш аймақтағы органдар, ұйымдар қызмет орнында берік тұруы, тапсыру-өткізіп алу жұмыстарын мұқият жақсы істеуі керек!».

(Соңы)

Дайындаған 

Ауыт Мұқибек

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары