Ассалаумағлайкүм, қадірменді ағайын!
Маған яғни Serik Azhybai Серік Ажыбай ұлына Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы тарапынан арыз келіп түскен. Таққан айыбы: 10 науырыз күні Қытайдың Алматы қаласындағы консулының алдына шеруге шығыптым-мыш. Тіптен қызығы айғақ ретінде көрсетілген видеоларда мен жоқпын. Негізінде, менің аталмыш Қытай консулының алдында, Қытай билігі тарапынан жазықтан-жазықсыз зардап шегіп отырған аналарға көмектесу мақсатында шығып жүргенім дүйім жұртқа белгілі.
Ал, менің кейуаналардың зар-мұңын халыққа тіптен күллі әлемге пәш ету үшін, аққа жақ болған харекетім қылмыс болып табылатын болса, онда, мен бұл қылмысты арқалауға дайынмын. сөз соңында айтарым: ұлт мүддесі жолында, мен Серік Ажыбайұлы әр қашанда күресуге дайынмын. артқа шегінуге жол да, себеп те жоқ!

