Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

https://youtu.be/GUI6XsHpe-k

Қаңтар-2022,
Тараз қаласы-1

Мен, Бекешова Амангүл Оралбек қызы, Тараз қаласының тұрғынымын.
Балам Көмеков Әбілқайыр Талғат ұлы 1995-жылы туған。 8- қаңтарда баламды үйден келіп алып кетті, оны үш күннен кейін әрең таптым. Баламды ұрып-соғып, азаптаған, ауыр жарақаттанған. Оны 269-бап 2-бөлігімен айыптап, СИЗОға С-13ке қамаған. Мен балама 25 қаңтарда ғана кезіге алдым. Екі ай бойында бір ақ рет сұраққа барды. Мен қанша мәрте прокуратураға және барлық құзырлы орындарға арыз жаздым, бірақ арыздарыма ешқандай жауап жоқ. Үйге де шығарып бермеді. Енді тағы да бір айға созып, 3 айға қамауда ұстамақшы. Менің балам ешнәрсе қиратпаған, ешқандай кінәсы жоқ, бар болғаны видео түсірген екен, сол бір видеоға бола оны азаптап, қамап отыр。
Талабым: жазықсыз баламды дереу босатсын Үйге жіберсін! Бостандық сұраймын!!!

Бұл видео наурыздың басында жарияланған, қазіргі жаңа деректер бойынша, Көмеков Әбілқайыр Талғат ұлы 18 наурыз 2022 жылы кепілмен үйқамаққа жіберілген, анасының айтуынша 10 сәуір 2022 жылы сот отырысы болады.

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары