Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Posted on

Қаңтар -2022
Тараз қаласы-2

(Масқара! Мүгедек террорист)

Мен, Тілегенова Бейбіт, Тараз қаласының тұрғынымын. Менің балам Жәнібеков Ерғали Шұғайбекович, 1985-жылы туған. 2-топтағы мүгедек, баламның оң аяғы жоқ, сол аяғында темір бар, екі қолында балдағы бар, 5 баланың әкесі.
Баламды 25-қаңтар күні полиция өкілдері алып кетіп, 28-қаңтарда соттың шешімімен 272-бап 2-бөлігі бойынша айыптап, 2 айға қамаған. Баламның машинасын айыппұл тұрағына кіргізіп тастаған, және қалтасында болған ақшаларының барлығын алып алған. Келіншегі арыз жазып барды, бірақ оған жауап бермеді. Келіншегінің аяғы ауыр.
Менің балам террорист емес ,ешқандай кінәсі жоқ, жазықсыз бейкүнә адам.
Менің талабым: баламды босатсын! Жазықсыз мүгедек адамды қорламасын! Қамаудағы барлық кінәсіз отырғандарды дереу босатсын деп қатаң талап етемін !!!!

Click to comment

Ең танымал

Copyright © 2020 Atajurt . Атажұрт еріктілері .

Exit mobile version