Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Қаңтар қырғыны Тараз-3

Мен, Жақыпбекова Айгүл, ұлым Қойбағар Ернұр Әлиұлы 19.08.2001 ж.т., ол осы күні
14ші қаңтардан бері С-12 тергеу изоляторында қамауда отыр. Ұлыма тағып отырған бар айыбы бейбіт шеруге шыққанда, сол алаңда болып жатқан оқиғаларды видеоға түсірген дейді. 14-қаңтарда ұстап алып кетіп, 15-күні көптеген қағаздарға зорлықпен қол қойдырып алған. Ұлым ешқандай қылмыс істемеген, қолына қару да алмаған, ешкімге тиіспеген, болғаны өзгелерге ілесіп барып, сол жерде жүріп видео түсірген. Бұрын сотталмаған, мінездемесі де тәртібі де өте жақсы. Арақ ішпейді,шылым шекпейді.
Менің талабым ұлымды дереу босатсын!Жазықсыз жас балаларды қинап, ұрып-соғып, істемегенді істеген етіп қол қойғызғандарын доғарсын! Барлық қамаудағы жазықсыз отырғандарды тез арада босатсын !!!!

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары