Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Posted on

Мен, Алимбаева Г.Е.,1970 ж.т., баламды Амангелдиев Ш.Ш. 2002 ж.т., 10.02.2022 үйден ұстап алып кеткені туралы жазып отырмын.

Шындос М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде 2 курс студенті, Заң факультеті, күндізгі бөлімде оқиды. Таразда жалдамалы пәтерде тұратын еді. 10.02. дейін біз, яғни ата-анасы қатары Шындостың осындай жағдайға шалдығып қалғанын білген жоқпыз. Тараз қаласы РОВДның алдына: қару жарақ оқ дәрі үйіп тастапты, полициядан, өкіметтен бірде бір адам болмады ол жерде. Бөтен адамдар қорқытып “мынау қаруларды алыңдар” деп айтқан. Шындостың айтуынша: “Мен қолыма ілінген қаруды, оқтарды алып, пәтерге қарай жүгіріп кеттім. Ауылдағы көрші таксиге қоңырау шалып оны шақырып алдым да, үйге бара сала қару менен оқтарды аулаға көміп тастадым. Өткізуден қорқтым, өйткені өз еркімен өткізгендерді де қамаққа алып жатқанын естідім. Болған мән-жағдай осындай”.

Енді Шындосты 287 бап 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғап, оны террорист жасамақшы. Қылмыстық істі Меркі аудандық Полиция Департаменті қозғады.

Біз Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылы тұрғынымыз.

Осы күні Шындос Шолпанұлы Амангелдиев Тараз қаласында СИ-13 қамауда жатыр.

Сіздерден өтініп сұрайтыным: адал тергеу жүргізіп, қаруды қасақана қараусыз қалдырған және жастарды қорқытып қару алуға мәжбүрлеген әскерилерді тауып, олардың жасаған қылмысын әшкере ете отырып, нағыз кінәлі адамдарды жауапқа тартып, жазықсыз менің ұлымның ақталыуна болған әділ заң аясында жәрдем беріңіздер.

Bloody January 2022 in Kazakhstan
Click to comment

Ең танымал

Copyright © 2020 Atajurt . Атажұрт еріктілері .

Exit mobile version