Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Мен Жүсіпова Қарлығаш Катпушев Айдынның анасымын. Менің баламды алтыншы қаңтарда алаңнан аяғынан атып ұстап әкеткен. СИЗОға апарып ұрып соғып қорлаған. Балам басынан ауыр жарақат алып есінен танып құлаған. Жиырма күн басы қатты ауырып жатқан. СИЗОға бізді екі айдан бері кіргізбеді. Балама 269 және 369 бап 3 тармағы бойынша қылмыстық іс ашып айыптап қамап отыр екен. Баламның басы қатты ауырғаннан қандай қағазға қол қойғанында білмейді. Баламның жағдайы өте ауыр. Басын МРТға түсіртпей жатыр және медициналық тексеру немесе емдеу шараларын ешкім жасамай жатыр. Сіздерден өтініп сұраймын баламды босатуға көмек беріңіздер. Баланың қандай күнәсі бар? Қандай да балама қарсы дәлел барма, бірдеңені сындырған өрттеген деп сұрасам жоқ дейді. Камераларды сол жердегі ұрлап кеткен дейді. Баламның еш жазығы жоқ көмектесіңдер балама, ақтап шығарып берулеріңізді өтінемін.

https://youtu.be/krXHV_Vlglw

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары