Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Posted on

ҚАҢТАР ҚЫРҒЫНЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ, СЕМЕЙСАПАРЫ-2
02.03.2022ж

Мен Султанбеков Кенжебек Сейтбековичтің жұбайы Султанбекова боламын, ол 1964 жылы туған, Семей қаласында.
6 қаңтар күні таңғы сағат 8.00-де қаладағы тәртіпсіздік туралы арыз жазу үшін үйден шығып, прокуратураға барған.
Арыз жазғанда оған ешкім жауап бермеген, содан ол алаңға қарай беттейді, ол жерде полиция майоры шенін көріп: «Неге қалада мұндай тәртіпсіздіктер болып жатыр деп сұрайды, ол полицей өз кезегінде менің күйеуімді ұрып жібереді. Бетін жерге басып, лақтырады, ересек адам 58 жастағы, күйеуімді орталық полиция бөлімінде ұрып-соққан, қолдарын басып, іздерін қалдырған, басынан, бүйрегінен таяқпен ұрған, арқасына, омыртқасына, аяғына, содан кейін оны Семей қаласынан қамаған, мен бір ай бойы көрмедім, қайда екенін ешкім айтпады. 27ші қаңтарда Өскемен қаласының тергеу изоляторында мен оны көрдім, әліде
көгерген жерлері бар және 41размердегі аяқ киімі сыймайды, өйткені аяғы
қатты ісіп кеткен, оған 45 размердегі аяқ киім берген.
Ал жақында сот болды, екі күн бұрын, қамауы тағы бір айға ұзартылды.
Судья 5-сі күні митингіде болғанын, куә ретінде үш полиция қызметкерімен екі
анықтаушының болғанын айтты. Олар менің күйеуіме куә бола ала ма, оны
митингте көрдік, ол Назарбаевқа, билікке қарсы бірдеңе деді дейді. Осы
баптарға қарағанда, оған Назарбаев туралы айтқандары себеп болып отыр.
Меніңше Қазақстанда барлығы айтады, жалғыз менің күйеуім ғана емес
Назарбаев туралы айтып тұрған. Осы үшін оған 269 баптың 3-бөлігі, 262-
бабының екінші бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Әкім өзі оны алаңда
көрген. Ол Семей қаласы әкімдігінің ҚСК төрағасы болып жұмыс істейді, оны
әкімнің орынбасары күндіз алаңнан көрген. Менің күйеуімді көргенін айтып,
күйеуіңіздің дұрыс сөйлеп тұрғанына куәлік бере аламын, керісінше ол
халықты тыныштыққа шақырған, бәрі тыныш өтсін, бұзақылықтарға жол
берілмесін деп сөйлеген дейді.
Оның еш қателік жасамағанын әкімдік қызметкерлерінің өздеріде растап
отыр.
Күйеуімнің шығарылуын талап етемін, ол созылмалы қант диабетімен
ауырады, ол 1ші қалалық емханада есепте тұрады.
Тергеу изоляторында отырғандардың ата-аналарынан естігенімше СИЗОда
отырғандардан күйеуімнің атына теріс сөздер жазғанын, оны барлығын ұйымдастырушы деп айыптамақшы екен, ал олардың жазасын әкімшілік
жазаға ауыстырамыз деп отыр дейді. Ол әлі қамауда.
Онда ештеңе жоқ, бейнекамерада, ешқандай дәлелі жоқ. Бұл құқық қорғау
органдары менің күйеуімнің үстінен куәгерлерді қалай тапқанын түсінбеймін,
ешбір дәлелсіз ауызша жала жауып отыр.

8 комментариев

Ең танымал

Copyright © 2020 Atajurt . Атажұрт еріктілері .

Exit mobile version