Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Семей қаласы-11

Мен,Тастанбекова Шынар Райқанқызы,1983 жылы 1ші мамырда ШҚО, Үржар ауданы, Жарбұлақ ауылында дүниеге келдім. Қазіргі тұрып жатқан жерім ШҚО, Үржар ауданы Қабанбай ауылының тұрғынымын.

Осы елімізде болған қаңтар айының басындағы жағдай меніңде отбасымды айналып өтпеді. Менің отбасым, ата-анам ұлынан айрылды. Інім Тастанбеков  Шыңғыс Райханұлы 1987 жылы 30шы тамызда туылған. ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылында туған. Ол Алматыда жұмыс істейтін Арлан базарында. 5ші қаңтар күні қаза тапты, ол таңертең анамның телефонына хабарласып “Мама алаңдамаңыз менде бәрі жақсы, балдармен бірге алаңда жүрмін. Көп кешікпей үйге қайтамын. Халықтың бәрі алаңға шығып жатқаннан соң, мен үйде жалғыз отыра алмадым”. Жарты сағат өткеннен кейін біз ұялы телефонымен күні бойы хабарласамадық. 6-7-8 күндері де еш хабарласамадық. Сосын 1414 ке байланыс орталығына хабарласып іздеу салдық. 10 қаңтар күні бауырым егіздің сыңары Шынар дегенге хабарластық. Сонан соң кешкі сағат 5тер шамасында Әуезов РОВДсынан хабар келді. “Бауырыңыз 5ші қаңтар күнгі болған оқиғадан қаза тапты, Мәйітханаға келіп танып алуларыңызды сұраймыз” деген. Туысқандарымыз барып бауырымыздың мәйітін танып алып қайтты. Бауырым елім-жерім деп жүретін ақкөңіл жан еді. Осы оқиғаға байланысты оқ атқызған, кінәлі адамдарды жазалауларыңызды сұраймын!

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары