Атажұрт

ҚАҢТАР ҚЫРҒЫНЫНА ҰШЫРАҒАНДАР

ҚАҢТАР ҚЫРҒЫНЫН ЗЕРІТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕМЕИ САПАРЫ 4

Мен Мұқанов Ферхан, Ферханұлы Ернардың әкесімін. Ұлым 1996-жылы туған, үйленбеген, үйдің жалғыз асыраушысы еді, біз ата-анасы зейнеткерміз.
Ұлымның айтуы бойынша қаңтардың 5сі күні азанда жұмыста болып түстен кейін алаңға келген, ол бұрында осы елімізде болып жатқан түрлі әділетсіздікті, қымбатшылықты, витилизация ғалымдарының проблемаларын үнемі айтып жүретін, осы өзінің көзқарастарын айтпақшы болып площадқа келген болар. Кешкісін сағат 8:30 да ол жерден кетіп, сағат 9:10 кезінде өзінің жұмыс орнында, кафеде жүрген видео дәлелдері бар, қасында бірге жұмыс істейтін 4-5 адам куәлік беріп отыр. Сол күні түнгі сағат 2:30 кезінде үйге келіп бізбен бірге үйде қонды. Ертесі үйден шыққан сағат бір мөлшерінде оны полициялар көшеден ұстап алып кеткен. Содан бері біз қаңтардың 6-7-8-і үш күн бойы іздемеген жер қалмады, барлық жерге бардық, өліп қалдыма деп те іздедік. Бізді Затонский РОВДға, Әуезоский РОВДға сотқа да жіберді, ақыры 8ші қаңтар күні қабарын білдік, бірақ бізді кезіктірмейді, не тілдестірмейді, не қандай себеппен қамағандарын да айтпайды. Ол қазыр Семейдің (уақытша ұстау изалияторында ) жатыр.
18-ші қаңтарда Өскеменге жіберді оған деиін көрмедік, біз ұлымызға 22-ші қаңтарда жолықтық, ұлымның айтуы бойынша 6-шы қаңтардан бастап аяусыз ұрған, қатты қорлаған, бүтін денесі көгерген, екі көзі ауыр жарақаттанған, бір көзі мүлдем ашылмай қалған. Бастарына қап кигізіп, жатқызып қойып ұрғанын, тепкенін,белгісіз қағаздарға қол қойғызғанын айтқан, бірақ ұлым ештеме істемегенін айтып мойындамаған.
Міне қазір екі ай бойы еш кінәсіз ұлым қамақта отыр, не тергеу, не тергеуші жоқ, қандай баппен қандай айып тағып отырғанын, қандай дәлел факттері бар екендігін де айтпайды. Міне тағы да бір айға созып отыр, бізді мүлдем тыңдамайды, соттары онлайн өтеді, бізді қатыстырмайды.
Кінәсіз қамалғандардың азапталып жатқандығын, ауыр дене жарақаттары бар екендігін сол жердегі орган қызметшілері, мемілекеттік адвокаттар, сот, прокурорлар көріп біліп отырсада, ешқайсысы ол жайлы ештеңе айтпайды.
Президент Тоқаевтің алаңға бейбіт шеруге шыққан адамдарды босатыңдар деген бұйрығын орындамай отыр.
Біз басында баламның дене жарақаттарын фотоға түсіру алу мүмкіншілігі болмады. Қазір міне 2-3 ай өтіп кетті,бәлкім ол жарақаттар жазылған да болар.
Қазір қаншама қан жылаған ата-аналар осы мәселені көтеріп жатыр.
Енді менің талабым барлық қатысты орындардан кінәсіз ұлымды дереу босатуын талап етемін !!

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары