Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Семей сапары 5

Мен, Иманбаева Бақытқан Қатенқызы. Муханбекова Бибігүл Қатенқызының апайымын. Ол кісі Семей қаласында қоғам белсендісі болған. Халықтың мұң-мұқтажын, қымбатшылықты, биліктің заңсыздықтарын әр жерде шығып айтып жүрген. Ол 6шы қаңтарда ұсталып Затонскийдің полиция орталығына барған. Сол жерде ұсталған халықтармен бірге үлкен кішілерге қатты қысым жасалған, ұрған,соққан,үстеріне секіріп, үлкен-кішісіне қарамай азаптаған. Соның ішінде Бибігүлді де жасы 50де болса да ұрып-соққан, қинаған, басқаларды да қинағандай. Біз ұсталды деген күннен кейін ертесінен бастап іздеу салдық. Өйткені бұрында ұстап әкететін, сұрап-тергеп қайтып жіберетін. Бибігүлдің бар екенін біз іздеп жүріп 10шы қаңтар күні ғана анықтай алдық. РОВД-ға бардық, сотқа бардық, полиция орталықтарына бардық, моргқа дейін бардық, өліп қалдыма екен деп ойладық. Соңында прокуратурадан бірақ білдік тірі екенін. Тірі екенін білгендіктен біз ары қарай іздедік. Ешқандай кіруге мүмкін болмағандықтан, қоғам қорғаушысы бір туысының кіруіне әрең дегенде рұқсат алдық. Қызына рұқсат берді. Анасын көргенде түрінен түр қалмаған 20 күннің ішінде. Азаптаған, ұрған,соққан. Ешнәрсе айта алмаған. Бибігүлдің ешқандай жазығы жоқ, ол тек халық үшін, солардың мұңдарын жеткіземін деп шындықпен шырылдаған жан. Сіздерден абақтыдан бостандыққа шығаруын талап етемін!

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары