Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Семей сапары 6

Мен, Раушан Мукашевна Хусайынова. Ұлым Айдос Казиров Сырым ұлы. Жасы 19да. 6 қаңтар күні жұмыстан қайтып келе жатқанда полициялар ұстап әкеткен. Телефонында болып жатқан жағдайды түсіргені үшін. Оны соншалықты ұрып, тепкілеп. Мен оны қаншама күн таппай жүрдім моргтарды, больницаларды аралап. Ешкім маған оның қайда екенін айтқан жоқ. Тек 21 күннен кейін ғана таптым. Оны ұрған, оған зорлық-зомбылық жасаған, ісіктері қайта бастағаннан кейін ғана мен оны көрдім. Бұндай жағдай Қазақстан бойынша Семейде де болып жатыр, мен өзім Семейде тұрамын. Екі баланы өлтірді Семейдің ИВС-да. Ол барлығына мәлім. Қазіргі жағдайда менің балама миға қннбайтын статьяларды қойып отыр, мен оған келіспеймін. Мен Тоқаевтан сұрайтыным: менің баламды босатуын талап етемін! 19 жасар ұлымның ешқандай жаман қылықтары жоқ, еш жаман қылық жасайтындай жерге тіркелмеген. Бұл көтеріліске қатысы да жоқ. Екі ай болды ұстап отырғандарына. Тергеушілер жұмыс жасап жатқан жоқ, 3ші айға созып отыр. Бұл оқиғаларда ешқандай халықтың жазығы жоқ, өкіметтің, биліктегілердің өзінің қақтығыста жасаған тірліктері. Жазықсыз қамауда отырғандарды босатуын талап етемін!

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары