Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Posted on

Семей сапары 7

Мен, Құсайынова Шолпан Жұмабайқызы.1983 жылы дүниеге келдім. Семей қаласының тұрғынымын. Бауырым Рахметов Жандарбек 1989 жылы туған. Семей қаласының тұрғыны. 8ші қаңтар 2022 жылы өз үйінен полицияның машинасын тонадың деген айыппен алып кеткен. 5ш3 қаңтар күні ол шеруге қатыспаған, машинасын қағып алып, соның жұмыстарымен ДВДда жүрген. Әйелінің айтуы бойынша бауырымды бейне камераға түсірген. Әйеліне түсірген бейнені Жандарбектің класстасы жіберген. Жанында екі кісі, біреуі маска киген, бетінің бәрін тұмшалаған, біреуі бейнеге түсіріп тұрған. Жандарбек сайманды алған да кетіп қалған. Сол баладан бейнені сұрасақ жұмыстан шығып қалам деп бермей тұр. Ол бала сол Затонскийде участковый болып істейді. Есімі Асқар. Бауырыма ұрлық жоқ, 272 бапты шеруге қатысқансың, әкиматқа шабуыл жасағансың деп айып тағып отыр. Кеше соты онлайн болды. Қайтіп бір айға созып тастады. Сотына кімдер қатысқанын білмеймін, әйеліне адвокат айтыпты. Адвокат қана қатысыпты қорғаушы ретінде, қағазын әлі ала алмай жүрміз. Бауырымның екі кішкентай баласы бар, оларды асырайтын ешкімі жоқ. Мен өзім апайы боламын. Жағдайым жоқ адвокат жалдауға. Бауырым жуас, жетім өскен бала. Ұрлыққа баратын бала емес. Өзімен барып кездесіп сұрасам, неге қол қойдың деп. Ұрды ғой мені дейді. Бүкірейеді бір жағына қарай, күрсінеді ауырсынып. Денсаулығынан түкте қалмаған. Ыстық тамағы жоқ ештеңе жоқ. Өзі жетім бала әке-шешесі жоқ ерте қайтыс болған. Менен басқа іздеп жүгіретін ешкімі жоқ. Полицияның машинасын тонағаның распа десем айта алмайды, қорқады. Ұрып қорқытып тастаған. Егер бір нәрсе жазатын болсаң, жанұяңа кесірі тиеді депті. Мені де өміріңе қауіп төнеді деп еш жерге бармауымды айтып отыр. Сіздерден өтінем көмектесіңіздерші, осындай қаншама жазықсыз адамдар жатыр абақтыда. Ата-аналары қорқып айта алмай, баратын жерлерге бара алмай жүр. Семейде осындай жағдайлар өте көп. Көмектесулеріңізді сұраймын.

Click to comment

Ең танымал

Copyright © 2020 Atajurt . Атажұрт еріктілері .

Exit mobile version