Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Posted on

“ҚАҢТАР ҚЫРҒЫНЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ” СЕМЕЙ САПАРЫ-9 02/03/2022

Мен 1971 жылы туған құқық қорғаушы Райгүл Жомартқызы Садырбаеваның анасымын. 3 топтағы мүгедек, диагнозы жүйелі қызыл жегі (systemic lupus erythematosus). Райгүл 3-4 қантар күндері  митингтер туралы білмегендіктен үйде болды. 05.01 күні оған телефон соғып, әкім мен тұрғындардың кездесуі болатынын айтты. Құқық қорғаушы ретінде ол осы кездесуді бақылауға барды.

2022 жылдың 12 қаңтарында полицияның үлкен тобы оның үйіне бірнеше көлікпен (5-7) келіп, үйді тінтіп, содан кейін оны 2 сағатқа ұстайтынын айтты. Операцияны майор Ашханов Мұрат басқарды, ол адвокаттың немесе басқа да заңгерлік көмектің қызметін пайдалануға мүмкіндік бермеді. Екі сағаттан кейін уақытша ұстау изоляторына телефон соқтым. Сол жерде маған Райгүлді таңға дейін жібермейтінін айтты. Таңертең қызымды Семей қаласының барлық ИВС мен УВД-де іздегенімнен еш нәтиже шықпады. Барлық жерде автоматшылар болды, олар ғимараттарға кіргізбеді. 19 қаңтарға дейін коменданттық сағат біткенге дейін қызым туралы еш хабарым жоқ еді. Сол уақытта қызым  азаптау мен қорлық көрген. Олар оның басына капюшон кигізіп,  буындырған. Офицер Оқапов оны дубинкамен зорламақ болған. Оған су бермеген. Камерада матрацсыз жалаңаш темір кереует, оның жанында суы жоқ унитаз болатын. Бұл жағдайда қызым аштық жариялады, ол сол жағдайда  тамақ іше алмады. Камера өте суық, бөлмелер жылынбаған. Осы адамгершілікке жатпайтын қиянаттардан кейін қызымның  созылмалы ауруы қайта қозды,  түрме дәрігерін шақырды. Дәрігер ревматологты шақырудан бас тартты, себебі ол мүгедектігін жасыру үшін ауруына байланысты арнайы есепке тұрғызбаған. Оған ешқандай жеңілдіктер берілмеді. Дәрі-дәрмекті бердім, оларды, алдық деп  қол қоймастан алып кетті. Әлі күнге дейін оларды қызымның алған-алмағанын білмеймін. Ауруы асқынып барады. Үкімет неге бұлай істеп жатқанын түсінбеймін. Халық бейбіт митингіге шықты. Ол әкіммен кездесуге келіп, кешкі сағат 19.00-де Әлия Исеновамен бірге денсаулығына байланысты митингтен шығып кеткен. 06 қаңтарда қажетті дәрі-дәрмегін қабылдап, кейін алаңға шықты. Ол барғанда  алаң қоршауда болды. Полиция ешкімді ішке кіргізбеді. 05.01.2022, Райгүл алаңға шыққанда бәрі тыныш болатын, жұрт ән айтып жүрген. Таңертеңнен  алаңда болған Әлия Исенова айтқандай, 06.01. 2022 жылы таңертең әкім Садырбаев алаңда халықпен сөйлесіп жатқанда, кенеттен қара киімді адамдар  оның қолтығынан ұстап, сүйреп әкетті. Содан кейін, Әлияның айтуынша, полиция оқ жаудырды, иттерді  алып келген, содан кейін иттерін алып кеттті, кейін белгілі болғандай, газ бомбасын қолдануға дайындалып жатқан екен. Адамдар тұншыға бастады, көздері жасаурады. Содан кейін солдаттар  ата бастады. Бұл шын оқ болуы мүмкін деп ешкім ойлаған жоқ. Барлығы әкімдікке жүгірді. Исенова сол жерде қолынан жарақат алған. Оған 2 ота жасалып, енді үшінші ота жасалып жатыр. Түсінбедім, егер 20 мың террорист болса, бейбіт тұрғындарды неге атып жатыр? Семейде бұзұшылық болған жоқ, әкімшілік ғимараты бұзылмаған,өртенбеген. Митинг бейбіт түрде өтті. Наразылық білдірушілер арасында азаматтық киім киген полицейлер де болды, оларды барлығы таниды, сондықтан, ұрылар мен қарақшылар ол жерде болмайды. Неліктен рецидивистер митингілер алдында босатылды, ал саяси тұтқындар амнистияға түспей қалды. Мүмкін олар арнайы босатылған шығар? Бәрі алдын ала белгілі болдыма екен? Біздегі жағдай дәл  Жаңаөзендегідей болды, ауқымы кеңдеу болмаса. Мен өтінбеймін, мен талап етем  түрмеде отырғандардың барлығын босатуын. Оларды азаптап жатыр! Олар қорлауда! Көп адам  қайтыс болды. Неліктен біздің Қазақстанда адамдардың өмірі  бағаланбайды! Бұл сұмдық! Билік халықтың қамын ойласа, олай жасамауы керек! Еуропада барлық түрмелер бос. Тек қауіпті қылмыскерлер, зорлаушылар, қанішерлер отырады. Ал біз митингке келсек, барлығын террорист деп жариялайды. Біз террорист емеспіз! Халық террорист емес! Адамдарды қорлауды доғарыңдар! Тек фашистер ғана оккупация кезінде Гитлер жергілікті халықты террористер деп жариялаған, олар бірнеше адамнан топ болып жиналғанда, оларды полиция ұстап алатын. Үкіметті тағы да ақылға шақырамын, халықты түрмеден босатсын! Адамдарды емдеу керек! Оларды  азаптау жалғасуда! Жаралы!!! Мен тағы талап етемін – Халықты түрмеден босатсын. Бұл сұмдық. Митингке шыққандары үшін Жазалау МАСҚАРА ! Бізде демократиялық мемлекет бар дейді, сол демократия қайда?

Click to comment

Ең танымал

Copyright © 2020 Atajurt . Атажұрт еріктілері .

Exit mobile version