Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Семей сапары-10.

Мен Терсекбаев Серікжан Ырысбайұлы. Семей қаласында тұрамын, Акиматтың маңайында.

Шолпан Бектакимова Жаңбырбайқызының жездесі боламын. Бектакимова Шолпан бала күнінен әкесіз, шешесі өсірді, оқытты. Шешесі 15 жыл бұрын қайтыс болды. Жетім боп өсті. Жоғарғы білімді 2-3дипломы бар. Өзінің жеке кәсіби жұмысы бар.Қол астында жұмысшылары бар.

Бала күнінде  аварияға ұшырап,аяғына алты рет ота жасатқан.

6 қаңтар күні кешінде әкиматқа кірді, әскери техникаларға зақым тигізді, полицияларды соқты, терорист деген 4 айыпты баппен қамауға алынған. Біз 20 күндей білмедік, қайда жатқанын, не боп жатқанын. Адвокат та кіре алмады. Комендаттық сағат деді, Өскеменге әкетті деді, қайта алып келді. Сөйтіп адвокат жалдап кіргенде, ұрды, қорқытты, қинады деген сөздер айтқан.  Өзі бейбіт шеруге барғаным рас, қойыңдар дегенім рас. Бірақ ешқандай полицияларды соқпағанын, ешқандай әскери техникалардан бейхабар екенін, ешқандай террорист емес екенін  айтқан. Өзінің денсаулығы жоқ. Аяғын сылтып басады. Қазір сол төрт баппен Өскемендегі СИЗОсында отыр. Барлық РОВД ларды іздеп, 3 күнде әрең таптық Затонскийдегі РОВДдан.

Мен өзім орталықтағы  “Айдана” балабақшасында жұмыс істеймін. Өзім зейнеткермін. Бізді сол күні балабақша басшылары сағат 10 да тәрбиешілерді, жұмысшыларды үйлеріңе қайтыңдар деп қайтарып жіберді. Сағат 10 жарымда УВДның алдына 4-6 автобустар келді, ОМОНдар келді. Әскери полициялар орталықты қоршауға алды. Артынша сағат 11де атыс басталып кетті. Автоматпен атыстың дауысын естідім.  Кімді атып жатқанын білмедім. Мен әкімшіліктің жанындағы  үйде тұрамын. Сол үйге мен екі сағат айналып келдім. Үйімнің жанында орталық полиция ұстап тағы жібермеді. Осы жерде тұрамын деп әрең дегенде үйге келдім.

Қазір  Шолпан СИЗО да Өскеменде жатыр. Онда тергеп жатыр деп, ешкімді кіргізбейді. Адвокатты да кіргізбейді, прокурор да сөйлеспейді. Халық боп белсенділермен жиналып бардық. “Бұны біз шешпейміз, облыста шешеді деп, біреуі анда, біреуі мында жібереді. Екі ортада халық кімге барарын білмей дал болды. Өкімет бейбіт шеруге рұқсат дегенмен, полициялар ұстап әкетеді. Тероризм дейді. Түсінбедім биліктің заңын. Мен сіздерден сұрайтыным жазықсыз қамалып жатқандардың бәрін босатуларын сұраймын.

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары