Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Мен Тастанбекова Шынар Райханқызы. 1983 жылы 1 мамырда ШҚО, Ұржар ауданы, Жарбұлақ ауылында дүниеге келдім. Қазіргі тұрып жатқан жерім ШҚО, Ұржар ауданы, Қабанбай ауылының тұрғынымын. Осы елімізде болған қаңтар айының басындағы жағдай менің де отбасымды айналып өтпеді. Менің отбасым, ата-анам ұлынан айрылды. Інім Тастанбеков  Шыңғыс Райханұлы 1987 жылы 30 тамызда туған. ШҚО, Ұржар ауданы, Қабанбай ауылында туған. Алматыда жұмыста болатын Арлан базарында. 5 қаңтар күні қаза тапты. Таңертең анамның телефонына хабарласып “Мама, алаңдамаңыз менде бәрі жақсы, балдармен бірге алаңда жүрмін. Көп кешікпей үйге қайтамын. Халықтың бәрі алаңға шығып жатқаннан соң, мен үйде қалай, жалғыз отыра алмадым” Жарты сағат өткеннен кейін біз ұялы телефонымен күні бойы хабарласамадық. 6-7-8 күндері де еш хабарласамадық. Сосын 1414 ке байланыс орталығына хабарласып іздеу салдық. 10 қаңтар күні бауырым егіздің сыңары Шынар дегенге хабарластық. Сонан соң кешкі сағат 5тер шамасында Әуезов РОВД сынан хабар келді. “Бауырыңыз 5ші қаңтар күнгі болған оқиғадан қаза тапты, мәйітханаға келіп танып алуларыңызды сұраймыз” деген. Туысқандарымыз барып бауырымыздың мәйітін танып алып қайтты. Бауырым елім жерім деп жүретін ақкөңіл жан еді. Осы оқиғаға байланысты оқ атқызған, кінәлі адамдарды жазалауларыңызды сұраймын!

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары