Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Менің есімім Жаңғаскина Орынкүл. Менің балам Жаңғаскин Талғат 5ші қаңтар күні жұмыстан өз машинасымен келе жатып плошадтың жанынан өте берген кезде, оны полициялар тоқтатып, ұстап әкеткен. Машинасын сол жердегі военный прокуратураға тастап кеткен. Жанында бірге жұмыс істейтін бала болған. Менің ұлым құрылысшы, жасы 50де. Сол күні үйге қонған жоқ. Екеуінде қамап қойған. 6сы күні үйге қасындағы бала таксимен келіп кетті. Таксидің ақшасын төледім. -“Талғат екеумізді полициялар қамап қойды. Мен бір түн сол жерде болдым” деп  қалай ұрып-соққанын айтты. Өзі екі бүктеліп қалған. Ол бала Новосточныйда, біз тұрған жерде тұрады. 6сы күні мен Дәулет қайніме қоңырау соқтым, Талғат осылай, полициялар қамап тастапты деп. РОВД-ға бардық, онда жоқ. Содан бері бір жұма іздедік, таппадық. 112ге хабарлассақ Затонскидегі РОВДда отыр дейді. Онда барсақ, ол жерде де жоқ. Бармаған РОВД қалмады. 14 күні 112 тағы хабарлассам,Өскеменнің СИЗОсында отыр деді. Өскеменде қайнағамның баласы тұрады. Мен соған хабарластым. “Қайрат, Талғатты Өскеменде полициялар қамап қойыпты, барып білші деп қоңырау соқтым. Сөйтсем сол жерде отыр екен. 6сынан 14не дейін іздеп таппаған баламыз Өскеменде СИЗО да отыр екен.14не дейін біз оның Өскеменде СИЗОда отырғанын білген жоқпыз. Бізді ары сандалтып, бері сандалтып қаңғыртып қойды, жасым 70ке келгенде. Баламның алаңға барғаны шын. Баламды ұстап алғанда, алдымен телефонын тексергенде  Аблязовты тыңдайтынын білген, сосын ол намаз оқиды, сақалы бар болғандықтан терорист деп  жауып тастады. 2айға қамаққа отырды ,енді кеше тағы бір айға ұзатып жіберген. Неге бізді сотқа шақырмайды. Адвокат жалдауға менің шамам келмейді. Күйеуімнің қарындасы Айгүл Өскеменде тұратын адвокатты жалдады. Ол менің балама  төрт-бес рет кіріп хат апарып тұрды. Баламның хатында ешқандай жазығым жоқ, қорықпаңыздар, мен ешнәрсе істемедім деп жазып жіберген. Соның алдында  кеп жүрген достары айтады: Бір кісі дубинкамен полицияның машинасының алдыңғы әйнегін ұрып сындырмақшы болып жатқанда, Талғат оларға, не істеп жатсыңдар біз  бейбіт шеруге шықтық қой деп  таяғын алмақ болғанда, қасында басында каскасы бар бір кісі, каскасын шешіп алып Талғаттың басына бір қойған. Есін жоғалтып ала жаздаған Талғат, есін әрең жиып үйге қарай қайтқан. Баламның бейбіт шеруге барғаны рас, Аблязовтың сайттағы сөздерін тыңдайтыны рас. Бейбіт шеруге шыққан себебі, біздің елде барлығы қымбатшылық болып кетті. Осыны бір қалыпқа келтіріңіздер деген оймен шықты. Жұмыс жоқ, белшемізден батпаққа батып құрылыс жұмысын істейміз. Табатынымыз 50-60 мың ақша, онымен бала шағаны қалай асыраймыз деген оймен шыққан. Бар болғаны осы. Мендегі қорқыныш сақалы болғаннан кейін, сайттағы Аблязовтың сөздерін тыңдағаны үшін жала жауып соттап жіберема деген қорқыныш. Өкімет қаншама аналардың көз жасын, қаншама жас балалардың қанын мойнына артып отыр. Бұның бәрі жоғарғы отырған биліктің ісі деп ойлаймын. 70тен асқанда қайғыға салып қойды. Қан қысымым көтеріліп ауырып қалдым, баламды ойлай. Сот болғанда Қайрат айтқаны: оны дубинкамен ұрған, соққан. Тағы жүздерін жасырып бетперде киіп алып ұрады екен. Жазығы болса, жүздерін жасырмай ақ, сен мынандай бүлдірдің деп айыбын айтып ұрмай ма? Мен ана ретінде талап етемін ” Бұл СИЗОда отырған балдардың барлығы жазықсыз, бұлардың барлығы бостандыққа шықсын!

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары