Қаңтар арызы 09.04.2022.
Мен, Жұмабеков Ербол Албанұлы. Ұлтым қазақ, елім Албан, Нарынқол өңірінің тумасымын. 13ші ақпан 2022 жылы қаңтар оқиғасына байланысты үйінен ұлымды қамауға ұстап әкетті. Ол күні біз ұлым екеуміз мал базарда нәпақа табу үшін, мал сойып жүр едік. Әйелім хабарласып баламды іздеп 3 адам келді, үйді тінтіп, балалардың оқу құралдарына дейін тексеріп, баламды қамауға алып кетті. Содан бері ешқандай хабар жоқ, не жағдай екенін осылай болды, осындай кінә артып жатырмыз деп айтпады. Ол балам бейбіт шеруге шықты халықпен бірге. Оның жаман ойы болған жоқ. Денсаулығынан айрылып отыр қазір. Мен президентімізден, Ішкі Істер министрімізден, бас прокуратурадан осының ақ қарасын шешіп беруін сұраймын!
