Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

“ҚАҢТАР ҚЫРҒЫНЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ” ШЫМКЕНТ
САПАРЫ-1
Есімім Надибек Айжан, анам Досмамбетова Ляззат Хайролла қызы қазір бір айдан
аса СИЗО-да қамауда отыр. Анам белсенді, бейбіт шерулерге шығып жүрген. 4-5
қантарда митингке шықтың деп айыптап отыр. Оған 269, 308 баптарды қойып отыр. Адам
жинадың, митинг ұйымдастырдың, қарумен жүріп, полицияға күш көрсеттің, акиматқа
кіріп, өрттедің, көрме сауда орталығын өрттедің деп айып тағып отыр. Әйел адамға қару
ұстадың, өрттедің деп қалай айып тағып отырғанын білмеймін. Ол негізсіз. Оған ешқандай
дәлел жоқ, себебі 4 қантар күні анам үйде болды. Оған дәлеліміз бар, куәгерлер болды.
Сотқа да апардық. 5 қантар күні бейбіт шеруге шықты, бірақ акиматқа жақындай алмады,
ол жақта атыс болып жатты. Көз алдында қасында тұрған жігітті атқан жүрек тұсынан.
Анам медик болғандықтан, оған алғашқы көмегін берген, сол жерден қайтып кеткен.
Бейбіт шеруге қатыса алмады, атыс болып жатыр деді. 8 қантар күні үйден алып кетті.
Жалғыз басты әйелге 20-шақты қарулы полицейлер үйге баса-көктеп кіріп, алып кетті. 3
күн таба алмадық анамды, қайда екенін айтпады. 3 күннен кейін адвокатпен жүріп, тауып
алдық “Сәуле” СИЗОсынан. Екі айға санкция беріпті. Аппеляцияға бердік. Сотқа барлық
дәлелдерді бердік, куәгерлерді апардық. Сот жабық түрде өтті, анамды да қатыстырмады,
куәгерлерді кіргізген жоқ, журналистерді кіргізген жоқ. Дәлелімізге де қарамады, бізді
тыңдаған жоқ. Сот әділетсіз өтті деп ойлаймын. Кінәсіз адамды ұстап отыр қамауда. Мен
қоғамдық қорғаушы ретінде, қаулы алып, кіріп, сөйлесіп жүрмін. Тергеу жүріп жатыр
деді. Дауысының экземплярын алыпты, сұрақтар қойыпты, бірақ ешқандай нәтиже көріп
жүрген жоқпыз. Жай ғана жазықсыз адамды ұстап отыр. Анам жалғыз басты ана, үйде
төртеуміз. Екеуі кәмелет жасқа толмаған. Біреуі мектеп оқушысы, біреуі студент.
Асыраушысы енді менмін, қазір үйдемін. Жазықсыз адам қамауда отырғаны дұрыс емес
деп есептеймін. Күнде анама барып тұрамын, тамақ апарып тұрамын, себебі тамақтары
адам жейтін тамақ емес. Итке беретін тамақ сияқты дейді. Жағдайы жоқ. Прокурордан
сұрадық тағып отырған айыбының дәлелін көрсетіңіз деп, ол дәлел бар дейді, фото-видео
бар дейді акиматқа кіргені жайлы, бірақ көрсетпейді, тергеулік құпия деп. Көрсетпейтіні
түсінікті, себебі анам ол жерде болмаған, алаңға барғанмен, акиматқа жақындай алмаған.
Адвокаттар хат жазды жоғары сотқа, Тоқаевка, видеоүндуе жазған, бірақ оны оқып, жауап
беріп жатқан ешкім жоқ. Белсенді болған үшін ғана сотталып отыр. Бір жыл бұрын үйге
келіп, тінту жүргізген полиция, 405 бап қойылған. Бір жыл бойы ешбір бейбіт шерулерге
шықпаған, себебі оған 2 жыл 6 ай сынақ мерзімін берді. Бірінші сот процессі түнгі онда
өткен екен, оны ешкім білмеді, анам да білмеген. Сондықтан адвокаттар аппеляцияға
берген. 7-8 күннен кейін екінші сот өтті. Оған мен қатыстым, адвокаттар, прокурор скайп
арқылы қатысты. Анамды қатыстырған жоқ, куәгерлерді кіргізген жоқ, журналистерді
кіргізген жоқ. Осылай 3 адамның қатысуымен жабық сот болды. Шешімі екі ай санкция
деді. Үйді кепілдікке қойып, анамды үй қамаққа ауыстырсын дегеніме қараған жоқ. 3 сот
қатарымен өтті: Досмамбетова Ляззат Хайролла қызына, Сұлтанбек Қайрат, Аштаев
Жанмұрат – үш белсенді. Үшеуінің де сот шешімі бірдей болды. Шешімін оқып жатқанда,
сот аттарын шатастырып айтып тұрды, сот қауылысы бірдей болғасын, бір стандартпен
жазылғасын. Сұрақ болды- үш түрлі адамның, үш түрлі жағдай, үтіріне дейін бірдей, бір
мәтін жазылған үкім болама екен деп.

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары