Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Менің аты-жөнім Жазира. Шымкент қаласының тұрғынымын. Қайтыс болған ұлым Ислам Аңсар. Ол Алматы қаласында 5ші қаңтар күні оққа ұшты. Үйленгеніне 2 ай болған еді. Алматы қаласында ағасы екеуі таксист болып жұмыс жасайтын еді. Жаңа жыл күні ауылда болды. 4 күн қонақ болып, қаңтардың 4-і күні түсте үйден шығарып салдық Алматыға. 4 қаңтарда түнгі сағат 22:30-23:00 шамасында сөйлестім. Үйге аман-есен келдік. Ертең жұмысқа шығамыз деді. Митингі болып жатқанынан хабарсыз болды. Тіпті бізде хабарсыз болдық. Бірақ Жаңаөзенде митингі болып жатқанынан хабардар едік. Әр 3, 4, 5 ай сайын болатын нәрсе деп ойладық. 5-і күні сағат 12:30-13:00 шамасында хабарластым. Анашым қазір 16:00-17:00 кейін 2-3 сағат айналып таксилеп қайтамыз деді. Машина майын ауыстырамыз деді. Олар Алтын Орда маңындағы машина жөндейтін орталыққа барған. Сол маңда аударылған машиналарды көрген. Топалаң басталып кеткен. Соғыс болып жатқандай болған. Үрей, қорқыныш болған соң машинаны тасалау жерге апарып үйге жаяу қайтпақ болады. Машинаны қойып артқа қарай шығып келе жатқанда топырлаған адамдар арасына түсіп қалған. Сол кезде оқ ата бастаған, газ шашқан. Үлкен ұлым газдан көзін аша алмай лотокқа құлаған. Бір кезде көзін ашса 30 метрдей жерде оқ тиген інісі Аңсарды көреді. Жүгіріп бара жатқан адамдар Аңсарды тасалау жерге сүйреген. Сол кезде де оқ тоқтаусыз атқылаған. Сол маңда жатқан қалқанды қалқалап Аңсардың қасына барып күртесінің жағасынан тартып, талдың тасасына апарып, үстін қалқанмен жауып машинаға жүгірген. Машинаны таба алмай, інісі Аңсарға қайтып келеді. Аңсарды біреулер алып кеткен. Сол жерде екеуі айырылысып қалады. Машина тоқтатып ауруханаларды аралап інісін іздей бастайды. Соңғы 5-ші ауруханаға келгенде суретін көрсетеді інісінің. Иә, осы жерде 4 қайтыс болған бала келді, қазір моргте дейді. Моргтің ішінде адамдардың денесі бір бірінің үстіне шығып кеткен. Інісін таба алмаған соң басқа да моргтерді тексере бастаған. Алғабас ауданындағы моргке барғанда бас дәрігер 60 адам жатыр депті. Бәрін көріп шығуға қорықпайсың ба деген. Балам 24 жаста, інісі Аңсар 22 жаста еді. “Жоқ. Қорықпаймын. Көремін” деген. 15 шақты мүрдені көрген. Өлмеген шығар деген үміт болған. Бірақ ортасына тамандағанда аяқ киімінен інісін танып қалған. Сол жерде алып кетемін дейді. Бас дәрігер алсаң алып кете бер. Қазір ешқандай жедел жәрдемде, дәрігер шақырсаңда келмейді деп қағаз толтырып берген. Снайпердің оғы екі жерден тиген деген. Мойыны мен шап тұсына. Оқ тиген тұсын қысып көрген бірақ оқ қалмаған. Сол жерде жуындырып, шайындырып інісінің денесін беріп жіберген. Сөйтіп бізге хабар келді. Шымкентке алып келіп, 7ші қаңтар күні жерледік. 19шы қаңтардан бастап тергеушілер бізге хабарласа бастады. Мүрдені моргтен қалай алдыңдар экспертиза жасалмай деп. Не үшін экспертиза жасалуы керек. Дәрігер алып кете беріңіз деп рұқсатын берген. Моргтің берген қағазын көрсеттік. Эксгумация жасалуы керек деді. Мен анасы қарсымын. Өлетін бала өлді. Қырқын бердік. Кімнің қолынан өлгенін бес саусақтай білеміз. Тоқаевтың өзі ескертусіз ат деген бұйрық берді. Жоғарығада жаздым. Жауап жоқ. Күні кеше Алматыға барып келдім. Алматының прокуратурасы таң қалып отыр. Неге Шымкенттің тергеушілері балаға бірнеше жерде жарақаты бар, денесінде көгерген жері бар, ұрылған, басында гематомасы бар деп жазып берген. Балама оқ тиіп сөзге келместен қайтыс болып кеткен. Эксгумацияға қарсымын. Судың да сұрауы бар. Үкімет тауып берсін кім атқанын. Әскер ме әлде шетелден келгені ме. Бәрі біледі Тоқаевтың ескертусіз оқ ат дегенін.

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары