Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Шымкент сапары -3

Қаңтар қырғынын зерттеу орталығының Шымкент сапары-3

Менің аты-жөнім Тұрғынбаева Қайнияш Тасболатовна, Түркістан облысы Жетісай аудан тұрғынымын. Менің балам 1998 жылы туылған, аты-жөні Ергеш Мұрат, Алматыда жұмыс істеймін деп барып жүріп осыған жолығып отыр, балам өте жуас, ол өздігінен баруы мүмкін емес, оны басқалар қудалап апарды ма деп ойлаймын. Баламның арқасының 3 жерінен оқ тйген. Жетісай прокуратурасына барған едім, олар маған балаңыз ондай істеген,бұндай істеген деп қорқытты. Видео дәлелін көрсетіңдер десем көрсете алмады. Тек баланың аузынан жазып алдық дейді, балам өзі қатты қорқып қалғандықтан ешнәрсе айтпай отыр. Баламның алдынғы күрек тісі сынған, ұрды ма не істеді,ештеңе айта алмайды. Қатты қорқытып тастаған.
Талабым баламды тез арада босатсын, жазықсыз баламды қорламасын!!!

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары