Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Шымкент сапары-4

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ-4. #ҚАҢТАР АРЫЗЫ-4 #ШЫМКЕНТСАПАРЫ
Мен, Байжанов Асылхан, Шымкент қаласының тұрғынымын. Менің ұлым, Байжанов
Аслан, бейбіт шеруге шықтың, әкімшілікті өртедің, полицияға шабуыл жасағансың деп,
жала жауып отыр, 255 статьяның 4 бабы және 293-нің 2 бабымен айыпталды. Прокуратураға арыз
жазғасын, террорист деген 255 статьяны алып, енді 272 статьяның 2 бабымен 293-нің 1
тармағы, 1-2 бөлімін тағып, қазір Шымкент қаласындағы тергеу изоляторында жатыр. Ол
жерге 9 қантар күні кешкі сағат 22:30 автокөлігімен таксист жұмысымен жүргенде, төрт
прокуратураның қызметкерлері, іздеуде жүрсің деп, автотұрақтан ұстап, содан бері
қамауда отыр. Осы уақытқа дейін (18 ақпан), бір айдан аса, ешқандай тергеу
жүргізілмеген.
Мен өзім митинг болған күні Алматыдан үйге 7:50 шамасында келдім, балам 9
шамасында үйге кірді, атыс болып жатыр деп, сонда қай уақытта балам әкімшілікті өрттеп,
полицияға шабуыл жасап үлгергенін түсінбедім.
Бұл болып жатқан бассыздық, заңсыздық қашан бітеді?

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары