Атажұрт

Қаңтар қырғынына ұшырағандар

Шымкент-5

Қаңтар қырғынын зерттеу орталығының Шымкент сапары-5

Менің атым Исақұлова Баян, Шымкент қаласының тұрғынымын. Балам Сәрсенбек Дияс, 19 жаста,Алматыға жұмыс істеуге кеткен еді. Қазір қамауда жатыр, оған статья 191-бап 3- тармағы бойынша айып тағып отыр. Балам өзі Шымкентте қамауда жатыр, ал олар Алматыда тергеп жатырмыз дейді. Ешқандай тергеу болып жатқан жоқ, ешкім ештеңе білмейді, баламды іздеп ары да бері де барам, ештеңе айтпайды, не баламды көрсетпейді, балам ауырып жатыр дейді. Қатты қиналып кеттім. Өзім жалғыз басты анамын,жалғыз перезентім осы бір ұлым еді.
Қазір осы “Сәуле” изоляторда жатыр. Адвокат жалдадым,есімі Кулипә, бірақ әліге дейін адвокаттың қолына да ешнәрсе бермеді, ешқандай тергеу де болып жатқан жоқ. Болмаса баламды шартты түрде үйге жіберсе деп сұрап отырмын, бірақ оған да жауап жоқ.
Өтінемін баламды тезірек босатып берсінші!!!
Көмектесіңіздерші!!!

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары